1-ші тапсырма.Қызықты генетикалық есептер шығару 1



Дата09.02.2022
өлшемі41 Kb.
#131248
Байланысты:
user file 57d5474d8b008


1-ші тапсырма.Қызықты генетикалық есептер шығару
1.Қара көзділік гені доминантты, көк көзділік гені рецессивті.Әкесі де шешесі де гетерозиготалы қара көзді жұбайлардан көк көзді баланың дүниеге келуі мүмкін бе?
А -доминантты қара көзді
а– рецессивті көк көзді
Р Аа х Аа
Г А а А а
Ғ АА Аа Аа аа генотип :1 АА : 2 Аа :1аа
Фенотип : 3 қара көзді , 1 көк көзді
2.Адамда қой көзді белгі көк көздіге қарағанда басым , ал оңқайлық солақайлыққа қарағанда доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды.Бұл аталған жұп гендер әртүрлі генде орналасқан.Көк көзді оңқай қыз көк көзді солақай жігітке тұрмысқа шықты .Олардың төрт баласы болған , екеуі көк көзді оңқай ,екеуі көк көзді солақай .Шешесінің генотипі қандай?
А-қой көз В-оңқай
а-көк көз в-солақай
Р ааВв х аавв
Г аВ ав ав ав
Ғ ааВв ааВв аавв аавв
Генотип: 2 ааВв : 2 аавв
Фенотип : көк көзді оңқай ,көк көзді солақай .
2-тапсырма.Мына сөйлемдерді толықтырыңыздар.
Т. Морганның тіркесу заңы бойынша бір хромосомада орналасқан гендер....... гендер тіркесіп....... ..........қуалайды. Гомологті хромосомалардың ұқсас бөліктерінің айқасуы кроссинговер деп аталады. Екі жыныста да біркелкі ұқсас болып келетін хромосомалар аутосомдар деп аталады. Ал аталық және аналық жыныста екі түрлі болып келетін және ағзаның жынысын белгілейтін хромосомаларды жыныс хромосомалары деп аталады.
Адам жасушасында барлығы 46 хромосома немесе 23 жұп хромосома бар: 22 жұп хромосомалар аутосомалар және 1 жұп жыныс хромосомалары. Жыныс хромосомаларын Х және У ретінде белгілейді.


5-ші тапсырма.Генетика және халықтық педагогика
Бұл тапсырмамыздың барысында біз халықтық педагогикамен байланыстыра отырып мақалдар қоямыз соның жалғасын табуымыз керек.
1.Тектіден текті туар ......... (сараланып.)
2.Теріңді өзгерте алсаң да ...... (тегіңді өзгерте алмайсың.)
3.Аяғын көріп, асын іш ............ ( Анасын көріп, қызын ал)
4.Жеті атасын білген ер........... ( Жеті жұрттың қамын жер)
5.Жеті атасын білмеген ......... (құлағы мен жағын жер)
6.Жұртыңды ауыстыра алсаң да ...... (ұлтыңды ауыстыра алмайсың)
7.Салтыңды ауыстыра алсаң да ....... (халқыңды ауыстыра алмайсың)
8.Алып анадан туады ......... (арғымақ биеден туады)
9.Аурудың емін іздегенше, ........ (ауырмаудың жолын ізде)
10.Жақсы перзент сүйеніш ......... (жаман перзент күйініш)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет