1. Сөз мағынасы, оның түрлері. Омонимдер, синонимдер, антонимдер



Дата06.06.2020
өлшемі191,06 Kb.
#72511
Байланысты:
32 БИЛЕТ
,

№32 БИЛЕТ

1. Сөз мағынасы, оның түрлері. Омонимдер, синонимдер, антонимдер.

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын — семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған.


Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.

1. Синоним - мағынасы жағынан бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: Қысқа-келте-шолақ; мықты - берік-күшті; сыйлау-қадірлеу-құрметтеу.

2. Антоним - тіліміздегі кейбір сөздердің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер. М: ұзын-қысқа, жеңіл-қиын, қара-ақ, ыстық-жылы.

3. Омоним - тіліміздегі кейбір сөздердің дыбысталуы бірдей болғанымен, мағыналары бөлек сөздер. М: Ай - түнде жарық сәуле беріп тұратын планета. Ай- жылдың 12-ден бір бөлігін қамтитын мезгіл. Ара-жәндік, ара-құрал.



2. Әдістемелік талдау. Сабақтың мақсатқа жетуін, сабақтың тиімділігін анықтауда кері байланысты орнатуды көрсетіңіз. «Менің сәби кезім», 2-сынып «Әдебиеттік оқу», 19-21-беттер (1-бөлім).

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеумәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.1.2 - шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу

2.3.4.1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету



Менің сәби кезім тақырыбындағы сабақты ала отырып, сабақтың мақсатына жету үшін сабақтың соңында «Рефлексиялық шеңбер» жасауға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйлеріңіз қалай болды?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін жаңалық болған қандай жағдай болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

3. Лингвистикалық талдау.

1. Қонақ келмеген қара үйдің құлағаны игі.

2. Тәкаппарды тәңірі сүймес.

3. Отты жерді жергілікті түз құстары білер, тегіс жердің көгалын құлан білер.



4. Жігіт тірісінде қаратаудай қылып, бір тыным көрмей еңбек етеді. («Қорқыт ата» кітабынан)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет