1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы


Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады



бет20/25
Дата21.05.2020
өлшемі145.08 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Ойын өлеңдері балалардың өлең – жырға деген ықыласын, бейімділігін арттырады.

Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты ойындардың эстетикалық әсерін арттырып ,балалардың өлең-жырға деген ықыласын ,бейімділігін арттырады.

Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтеру үшін ,әрі еңбекке тәрбиелеп ,дүниетанымын арттыру үшін жүргізіледі.

Қуыр-қуыр қуырмаш ,

Бидай қуыр , қуырмаш .

Тауықтарға тары шаш

Бас бармақ ,

Балан үйркек,

Ортантерек ,

Шылдыр шүмек

Кішкенебөбек ,–

Деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап , жұдырыққа түиеді де,одан соң әр бір саусаққа қызмет беріпіске жұмсап ,балдырғанның жұдырығынжазады :

Сен тұр – қойыңабар !

Сентұр – жылқыңа бар !

Сен тұр – түйеңебар!

Сен тұр – сиырыңабар !

деп , төртсаусақты түлікмалға жұмсайдыда, ең кішкене саусақтыжалқау , жатыпішер деп :

Ал сен алаңдамай

Қазанның түбін жалап,

Үйдежат!-

дейдіде, оны жатқызып қойып , ойыншық ол бойынан қызық іздейді.

Мына жерде қант бар ,

Мынажерде жент бар ,

Мына жердеқатық бар,

Мына жердеқытық бар !-

Деп қытықтап ,балдырғанды еріксіз күлдіреді .



57. Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінің идеясы.

Кішкентай Аян жастайынан шешесінен айырылып, әжесімен бірге бір ауылға көшіп келеді. Осы ауылдың балалары ойнап жүріп жаңа баланы кездестіреді. Балалар Аянмен тез достасып, Аян екінші атаман атанады. Ол ақкөңіл,ақылды бала болған. Негізі ол ешкіммен төбелеспейтін бала еді. Бірақ бір күні Есікбай Аянға өзі тиісіп, төбелесе бастады. Бәрібір соңында Аян барлық күшін жинап, жеңді. Аян мектепте де өзінің зеректілігін бірінші күннен бастап көрсетеді. Ол ең бірінші хат танып, балаларға көмектескен. Бірде Аян өрісте мал қайырып жүріп тобығы тайып, одан кейін аяғы тайғыш болып қалды.

II бөлім[өңдеу]

Бұл бөлімде Аянның әжесінен айырылғаны, ертегілері баяндалады. Әжесі қайтыс болғаннан кейін оны Бапай атты туысы асырап алады. Бірақ оған дұрыс күтім жасамайды. Әжесі өмірден кетсе де, баланың қамықпауы бәрін таң қалдырады. Балалар күнде оның ертегісін тыңдауды әдет қылдырған. Ауа райы суық болса да Аянның ертегісін өткізуге болмайды. Ол күнде бір ертегі ойлап тауып, күннің батқанын күтіп, бәріне айтып береді. Оның ертегісінің қызық болғаны соншалық, оның ертегісін тыңдаған балалар ертегіге кіріп кетеді. Бұл кезде олар соғыстағы аға-әкелерін естеріне түсіріп, оларды тауып алып, бірге соғысуды армандайды.

III бөлім[өңдеу]

Аянның мінезі өте қызық еді. Бірде ол тұйық мінезді, бірде өзін мүлде танымай қаласың. Ол көп ойынға араласа бермеуші еді. Бірақ осы кеште ол бәрін таң қалдырады. Оның шанасына қанат біткендей болады. Осыны көріп Сайын Мұратбеков онымен бірге шана тепкісі келеді. Ол үйде шанасын іздеп жатқанда, әжесі оны ұстап алып, төсегіне жатқызады. Осы кештен кейін Аян дағдылы шана тебетін болды. Ол балаларға ертегісін айтып, тәмәмдаған соң, біреуімізден шана сұрап, сырғанақта жападан жалғыз түнге дейін ойнайтын болды. Бір күні барлық ауыл балалары Аянның ертегісін тыңдауға жиналғанда, Аян көкесінің, өзінің киімінен жусанның иісі шығатынын айта бастады. Оның көңіл- күйі өте жақсы еді. Одан соң балалар Аянға шана беру кімнің кезегі жөнінде килігеді. Аян осы түні ерекше қызықты: бір көзді дәу туралы ертегісін бастайды. Барлық балалардың үрейлері ұшады. Сөйтіп отырғанда шөптің арғы жағынан өрт шығады. Балалардың барлығы қора үстінен секіріп, қаша жөнеледі. Ең соңында Аян қалып қойып, қора үстінен секіріп жатқанда аяғын ауыртып алады. Осы кезде ауыл бригадирі Тұржан келіп, Аянды соққыға жығады. Ауыл адамдары Тұржанға наразылық білдіреді. Осыдан кейін Аян аяғынан тұра алмай төсек тартып, жатып қалады. Біраз уақыт өткеннен кейін Аян жазыла бастайды, бірақ ол енді бұрынғыдай мүлде ойнамайтын болады.

IV бөлім

Бөлімнің басында, әжесі қайтыс болып, Бапайдың қолына түскен Аянға, оның досы келеді. Аян қуанып өз ертегісін бастайды. Ертегісі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталушы еді. Бапай да, оның әжесі де олардың әңгімесіне құлақ салмайтын. Бірақ бусанған қарт рақаттана кекіріп қоятын да «Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?!» деп әзілдейді. Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болды. Бұл ойынға Аян да қатысқысы келген. Лезде жүгіре алмайтындығынан атаманның екеуі де оны алудан бас тартты. Бұған ашуланған Аян Асылбек шалдан тобығын салып беруді сұрайды. Асылбек шал баланың өтінішін орындайды. Бірақ, амал не, Аян мұнан кейін де тобығын тайдырып алады. Бұл – көктем кезі еді. Сонда Аян өгіз айдап өгізден домалап түскен кезде тобығы тағы тайды. Кейін Аянды балалар үйіне жібереді. Аян халықпен қоштасып «Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын» деп кетеді.

Кейіпкерлері

• Аян -қоңырқай жүзі тершіп, маңдайындағы біркелкі етіп қиылған кекіл шашы бар. Ешкіммен төбелесіп, сөзге келмейді. Әңгімеде өжет, қайсар, зерек, өте ақ көңіл, мейірімді, ақылды және де жетім бала болып суреттеледі. Тобығын шығарып алып, сол аяғын сүйретіп жүретін,шілбиген ақсақ қара бала. Өз ойынан балаларды таңғалдыратын ертегілер шығарады. Өте мейірімді бала. Сонымен қатар өте тапқыр, ақылды, білімді, зерек және ақ көңіл бала.

• Садық - Аянның досы. Ауылда "бірінші атаман" атанған.

• Есікбай -сидаң бойлы, қол-аяғы қара қайыстай қатқан ұзын, жүгіргенде алдына жан салмайтын, өзі төбелесқор, сотқар бала. Кейде қараптан-қарап келе жатып әркімге бір ұрынатын жаман әдеті бар. Әлі жеткенді аяқтан шалып қап, болмаса басынан тоқай алып жылатып жіберетін. Аян алғаш рет келген кезде, Аянмен төбелесіп, одан жеңіліп қалған еді.

• Бапай - әжесінің тумаласы. Аянның әжесі қайтыс болғанда, Аянды асырап алған. Әйелі екеуі Аянға дұрыс күтім бермеген.

• Тұржан- өте қатал, ауылдың бригадирі, аса қатыгез, мейірімсіз адам, жағымсыз кейіпкер

• Иманжанов- адамша дірілдей қалшылдаған,көзі қып-қызыл болатын Аян мен ауыл балаларының ұстазы.

• Сайын Мұратбеков- ақкөңіл,мейірімді, Аянның жақын досы .



58. Шешендік сөздер, оның түрлері.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.

А.Байтұрсыновтың шешендік сөзді 5 түрге бөледі:

1.саясат шешендік сөзі.

2.билік шешендік сөзі.

3.қошемет шешендік сөзі.

4.білмір шешендік сөзі.

5.молдалардың уағыз сөзі.

Рабиға Сыздықова 4-ке бөлген:

1.әлеуметтік саяси мазмұнды шешендік сөз.

2.әлеуметтік тұрмыстық мазмұндық шешендік сөз.

3.білім, ғылымдық мазмұнды шешендік сөз.

4.сотта қолданатын шешендік сөз.

              Г.З.Апесян 5 түрге бөледі:

1.әлеуметтік саяси шешендік.

2.академиялық шешендік.

3.сотта айтылатын шешендік.

4.әлеуметтік тұрмыстық шешендік.

5.діни қызметке қолданатын шешендік.

Шешендік арнау дегеніміз - адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді, халықтың көңіл-күйін бейнелейді.

Шешендік толғау дегеніміз - халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған қарттардың жас ұрпаққа өсиеті айтылады. Халықтық  үрім-бұтағына жеткіншектерге айтар ақылы насихаты толғау деп аталады. Жоқшылықтың азабын шеккен халықтың өмірі, қонысы, арманы айтылады. Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Дулаттың толғаулары бар.

Шешендік дау-заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.Ар, дау, адам намысын қорғайды, ел мен елдің арасында елшілік келісім болады. Ол елдің дербестігін жердің бүтіндігін қорғайды.Үстем таптың халық мүддесін пайдаланбауын талап етеді.

59. Батырлар жырындағы батырлар бейнесі

Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет