1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы


Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі



бет21/25
Дата21.05.2020
өлшемі145.08 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

  • 1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;

  • 2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;

  • 3) батырға тән балалық шақ;

  • 4) алғашқы ерлік;

  • 5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);

  • 6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);

  • 7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.

Батырларға тән ерліктер:

  • 1) жаудың шабуылы туралы хабар;

  • 2) жорыққа аттану;

  • 3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);

  • 4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;

  • 5) жеңіспен елге оралу.

Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:

  • 1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);

  • 2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;

  • 3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;

  • 4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;

  • 5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;

  • 6) той.

Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”, “Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет