1 Тапсырма.Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.
Жердің ішкі құрылысы
Жердің ішкі құрлысы жер қыртысы, мантия және ядродан тұрады. Осы аталған қабаттардың ең жұқасы-ол жер қыртысы. Мантияның жоғарғы және төменгі қабаттан тұрады. Мантиядағы заттар қоймалжың күйінде болады. Шамамен 100 км тереңдікте температура +50°С-ден ядромен шектескен аймағында +4000°С-ге дейін өзгереді. Мантиядағы заттар конвекциялық ағындардың әсерінен жер қыртысындағы литосфералық тақталарды қозғалысқа келтіреді. Конвергентті шекарада тақталар соқтығысады, дивергентті шекарада керсінше бір-бірінен ажырайды және трансформды шекараларда көлденең жанасады. Нәтижесінде деформацияға ұшыраған зоналарда тектоникалық жарылымдар пайда болып, жанартаулар атқылайды, магма жердің терең қойнауынан үлкен бүйірлік қысымның әсерінен жарылымдар бойымен, жанартаулар өңеші арқылы сыртқа атылып шығады. Жер қыртысы генетикасы бойынша материктік және мұхиттық қабаттан тұрады. Материктік қабат шөгінді, гранитті және базальт, ал мұхиттық қабат жұқа болғандықтан тез иілгіш және тек шөгінді мен базальт қабаттарынан ғана тұрады. Жердің өзегі ядро сыртқы және ішкі қабатқа бөлінеді. Сыртқы ядро мантияға жанасқандықтан балқыған күйінде, ал ішкі ядро тұтқыр күйде болса керек. Ғалымдардың геофизикалық болжамы бойынша ядро темір мен никель сынды химиялық элементтерден тұрады.
1-сұрақ: Мәтінді пайдаланып төмендегі сызбадағы дивергентті, конвергентті және трансформды шекараларды сәйкестендіріңіз:
4-сурет
3
Конвергентті
|
|
А
|
Дивергентті
|
|
В
|
Трансформды
|
|
С
|
Достарыңызбен бөлісу: |