«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың «Бетпе-бет» бағдарламасындағы сұхбатын қарап шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз:
Қазақстандық білім беру жүйесіне жаңартылған білім беру бағдарламаларын енгізуге не себеп болды? Оның ерекшеліктері қандай?
Қолданыстағы орта білім беру оқу бағдарламасына толық талдау жасау және қайта қарастыру керектігі. Академиялық пәндердің артық санын; теорияға тым артық назар бөлінуіні. Бірқатар пәндер бойынша тереңдетілген оқытуды қамтамасыз ету үшін оқу бағдарламасын қайта қарастыру қажеттігі, әсіресе жоғары сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламаның.
Болашақта еңбек нарығында қандай өзгерістер орын алады? Оған не себеп болуы мүмкін?
Цифрландыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы еңбек нарығының құрылымын өзгертеді. Кәсіби білікті мамандарға сұраныс жоғарылайды. Аса үлкен білім мен білікті қажет етпейтін жұмыс орындары қысқарады. Сондықтан еңбек нарығында сұраныстан түсіп қалмас үшін, маман жан-жақты, еңбекке икемді болуы тиіс.
«Құндылықа негізделген білім» дегенді қалай түсінесіз? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз:
Құндылықтар негізінде оқыту жаңа заманның талабына сай тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге, салауатты өмір дағдыларын негіз жасауға бағыттайды.
2 тапсырма Оқу бағдарламасы, оқу жоспары, бағалау құралдары және қысқа мерзімді жоспардың арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
1.Оқу бағдарламасы
2.Оқу жоспары
Оқу бағдарламасы – оқу пәнінен берілетін білім мен игерілетін дағдылардың мазмұны мен көлемін және оқу жылындағы орнын белгілейтін құжат. Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады. Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқудың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеуді қамтамасыз ету – қысқа мерзімді жоспарда жоспарланады. Яғни, Қысқа мерзіміді жоспар – жеке, дербес сабақ жоспары болып табылады. Білім беруді бағалау құралдары оқушылардың күткен білім мен дағдыларды игерген-алмағанын тексеруге арналған оқу құралдары. Бұл сан алуан түрлі ресурстардан құралған категория, олардың кейбіреулері нақты жағдайға байланысты таңдалады.
4.Қысқа мерзімді жоспар
3.Бағалау құралдары
***Ескерту: Жауабыңызды ойланып, жүйелеп жазуға және мейілінше толық жеткізуге тырысыңыз.