1. Тапсырманы жұппен орындаңыз



Дата23.12.2019
өлшемі23.84 Kb.
«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

1.Тапсырманы жұппен орындаңыз.

Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, мақсатты аудиториясы мен

көркемдегіш құралдардың рөлін талдап, өмірлік мәселелермен

байланыстырып, өз көзқарасыңызды сыни тұрғыда баға беріп айтыңыз.

Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын

2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға, пікіріңізді білдіріңіз. [10]

1-мәтін

Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент



лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан басталды. Біз де

сұхбатымызды осы игілікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр…

– Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды.

Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені.

Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. 

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі

топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер. 

Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын

мекенге тәу ету және ата-баба аруағына, аманатына деген құрмет болса, екінші

себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәстүрге,

эволюциялық даму сабақтастығына деген адалдықта жатыр. Мұндай сакральды

ұғым-түсінік пен дәстүрге адалдық тек өркениетті, өсіп-жетілген ұлттың ғана

қолынан келеді деп ойлаймын. 

Соның біздің заманымыздағы жарқын бір көрінісі – Елбасымыздың Түркістан

облысын құрғаны. Өңірге киелі мекеннің атын бере отырып, Тұңғыш

Президент тарихи әділеттілікті қалпына келтірді, мемлекеттің іргесін

мығымдап, жалпыұлттық сәйкестік пен береке-бірлігімізді еселеп нығайтты. 

Дархан Қыдырәлі: Сіз күні кеше облыс әкімдерімен өткен кеңесте әкімдерге

халыққа жақын болуды, жұртты мазалаған мәселеге жедел жауап қайыруды

тапсырдыңыз. Жалпы, елді бір ғимаратқа жинап, алдын ала сұрақтар

дайындатып, есеп беру деген форматты да өзгертетін уақыт келген жоқ па?
– Әкімдердің есеп беру форматының ескіргені, баяндамаларының жадағай

цифрларға құрылатыны, шын мәнінде халықты жалықтырды және

жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіреді деп ойлаймын. 

Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеуніктерімізге жетпей жататыны –

қарапайымдылық, адами қарым-қатынастар. «Әкім бол – халқыңа жақын бол»

деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс. 

Ал біздің шенеуніктер халықпен кабинетінің немесе қызметтік көлігінің

терезесінен ғана араласқанды қош көретіндей. 

http://www.akorda.kz/kz/special/speeches/internal_political_affairs/in_interviews/kaz

akstan-respublikasynyn-prezidenti-kasym-zhomart-tokaevtyn-respublikalyk-egemen-

qazaqstan-zhane-aiqyn-gazetterine-suhbaty
2-мәтін.
"НҰР ӘЛЕМ" БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ МҰРАЖАЙЫ
ЭКСПО-2017 көрмесі мұрасының туристік аймағының ең маңызды нысаны,

әрине, «Нұр Әлем» павильон-мұражайы болып табылады. Айта кетер болсақ,

шетелдік БАҚ-та елордамыздың жаңа символы туралы жиі айтылады.

«Болашақ энергиясы» мұражайы Париждің Эйфель мұнарасы, Лондонның

«Шыны сарайы» іспетті белгілі нысанға айналды.Бүгінде «Нұр Әлем»

туристердің ең көп баратын объектілердің бірі болып табылады. Астаналықтар

мен қала қонақтары көңіл көтеріп қана қоймай энергия туралы бірегей білім

алып, оның пайда болуы және пайдалану әдістерін біле алады. Сондай–ақ, «Нұр

Әлем» сферасы 2017 жылғы қараша айында ерекше қорғалатын мемлекеттік

сәулет объектісі болып танылды.«Нұр Әлем» павильоны 8 қабатты бірегей

сфералық нысан. Тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы»

мұражайы ретінде ұсынылды.


https://expo2017astana.com/kz/page_id=40

Оқылым Тапсырма

2. Мәтінді оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз,берілген тапсырмаларды орындаңыз.


EXPO-2017: Болашақ энергиясын дамыту

Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу

Қазақстан үшін маңызды жалпыұлттық жобалардың бірі болып табылады.

Аталмыш кең көлемді іс-шараны ұйымдастыру бастамасы Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаевқа тиесілі. 2012 жылдың 12 маусымында Париж қаласында ХКБ-нің

(Халықаралық көрмелер бюросы) 151-Бас Ассамблеясында Астана қаласының

ресми таныстыру рәсімінің басында Қазақстан Президенті делегаттарға арнайы бейне-үндеу жіберді. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жеңіске жетуі

жағдайында жобаның сәтті жүзеге асуы үшін бар күш-жігердің жұмсалатынына

кепілдеме берді. Астананың ұсынған тақырыбы – «Болашақ энергиясы»  –

баламалы қуат көздері мен «жасыл» технологияларға арналған.2012 жылдың22

қарашасында халықаралық бюроның 161 мүше-мемлекетінің жасырын дауыс

беруі нәтижесінде Астана қаласы  EXPO-2017 Халықаралық

мамандандырылған көрмесін өткізу орны деп тағайындалды. Астананың

өтінішін 103 мемлекет қолдады. EXPO-2017 бұрынғы кеңес мемлекеттерінің

бірінде өтетін жоғары деңгейдегі алғашқы көрме болмақ.Көрме 10-маусымнан

10- қыркүйекке дейін үш айға созылады. Оған әлемнің шамамен 100 мемлекет

және 15-тен астам халықаралық ұйым қатысады деп жоспарлануда. Көрмеге 5

миллиондай келіп кетушілер болады деп күтілуде.EXPO-2017 тақырыбы –

«Болашақ энергиясы»  әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды,

күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат

көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен  технологияларын тартуға

мүмкіндік береді. Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен

үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ. Сонымен қатар, көрме

мемлекеттің ғылыми базасы мен өндірістік қуатының технологиялық

жаһандануы және экономиканың жүйелік әртараптандыруы үшін қуатты түрткі

болмақ. Себебі энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін

жағдай туғызатын табиғи негіз. Энергия социумдар моделін сақтауды

қамтамасыз етеді, яғни, көптеген аспектілерді біріктіретін түсінік ретінде

ғаламзат, жекелей алғанда, адамзатқа қатысты қызықтырушы мәселелерді

тудырады.

http://mfa.gov.kz/kz/content-view/expo-2017-razvivaya-energiyu-budushchego
1) Көрмеге келіп кетушілер шамамен қанша болады деп күтілуде?

А)Оған әлемнің шамамен 100 мемлекет және 15-тен астам халықаралық ұйым

қатысады деп жоспарлануда.

Ә)Көрмеге 5 миллиондай келіп кетушілер болады деп күтілуде

Б)Көрмеге келіп кетушілер жаңа жасақтамалары мен  технологияларын тартуға

мүмкіндік береді.[1]



2) «Болашақ энергиясы»  әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік

технологиялары қандай жаңа жасақтамалары мен  технологияларын

тартуға мүмкіндік береді?

А)Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің

көрінісі үшін тиімді алаңға айналмақ

Ә)Энергия – адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай

туғызатын табиғи негіз.

Б)«Болашақ энергиясы»  әлемде қуатты үнемдеудегі ең үздік технологияларды,

күн, жел, теңіз, мұхит және жылы су энергиялары секілді баламалы қуат

көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен  технологияларын тартуға

мүмкіндік береді. [1]

3) Сіздің өңірде қандай баламалы қуат көздерін пайдалануға болады.

Өз пікіріңізді жазыңыз.

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_______________________________________________________________ [1]
3. Мәтіннен қажетті ақпаратты іріктеп, шын және жалған ақпаратты

анықтаңыз.




Ақпарат

Шындық

Жалған

1

Болашақ энергиясы-баламалы қуат көздері мен «жасыл»технологияларға арналған







2

2012 ж 22қарашасында халықаралық 100 мемлекет және 15-тен астам мүше-мемлекетінің жасырын дауыс беру нәтижесінде Астана қаласы ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесін өткізді







3

Астана аталмыш саладағы үздік әлемдік жасақтамалар мен үрдістердің көрінісі үшін тиімді алаң бола алмайды







4

Энергия-адам тіршілік әрекетін дамыту мен ынталандыру үшін жағдай туғызатын табиғи негіз







[4]

4.Көтерілген мәселеге оқырманның қарым – қатынасын анықтайтын үш

талқылау сұрағын құрастырыңыз.______________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]


Жазылым

Тапсырма


5. Төмендегі тақырыптың біріне эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,

көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылай

отырып, өз ойыңызды салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық

түрлерін ажыратып, түрлендіру арқылы дәлелдеп жазыңыз

(аргументативті эссе)

1. Тәуелсіздік маған қандай құқықтар берді?

2. Біздің еліміздегі мектеп жасындағы баланыңжалпыорта білім алуы міндетті

ме? [10]


____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма


Балл Грамматика мен лексиканы



дұрыс қолдануы
Балл Сұрақты түсіну мен толық

жауап беру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет