1. Тыңдалым. Менің Қарқаралы ауылына сапарым 1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар



Дата24.02.2020
өлшемі21,46 Kb.
#58957
Байланысты:
1 оқылым
1 оқылым
1. Тыңдалым.
Менің Қарқаралы ауылына сапарым
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар.
Мен биылғы жазда Қарқаралы ауылына достарыммен қыдырып бардым. Ол Қарағанды қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Қарқаралы көне тарихы бар, көрікті таулы мекен екен. Бұл жер Кеңгірсу өзеніне құйылатын қайнарлар мен жылғаларға бай. Қарқаралы тауының құлама беткейлерінде әдемі биік қарағайлар, сондай-ақ қайыңдар өседі. Бұталардан – қарақат, долана, мойыл, жидек теруге болады. Тау етегінде ескі қорғандар көп.

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде екі рет – 1855 және 1863 жылдары болған. Бұл өңірде Құнанбай қажы салдырған мешіт әр келген қонаққа есігін айқара ашып тұр. Жазғы демалыс кезінде жан-жақтан келетін демалушыларға арнап салынған «Шахтер», «Тасбұлақ» демалыс үйлері бар. Әсем тау басындағы «Шайтанкөл» көлдері таңқалдырмай қоймайды. Қонақжай халқы ат басын тіреген елге қымызы мен құртын, бауырсағын салып, дастарқан жасайды. Жазғы демалысым көңіліме шаттық пен қуаныш ұялатты.




  1. Қашан Қарқаралы ауылына барды?

А) биыл жазда

В) биыл жазғытұры

С) былтырғы жазда

Д) келесі жазда

Е) былтыр жазда
2. Не үшін барды?

А) достарымен серуендеп барды.

В) достарымен демалуға барды.

С) достарын көруге барды

Д) достарымен қыдырып барды.

Е) достарымның демалысы




  1. Қарқаралы ауылы қай жерде орналасқан?

А) Қарқаралы қаласынан 200 шақырым

В) Қарағанды қаласынан 300 шақырым

С) Қарағанды қаласынан 200 шақырым

Д) Қарқаралы қаласына 300 шақырым

Е) Қарқаралы қаласынан 100 шақырым


  1. Бұл жер неге бай?

А) қайнарлар мен бұлақтарға

В) қайнарлар мен жылғаларға

С) бұлақтар мен жылғаларға

Д) өзендерге

Е) қайнарларға


  1. Ескі қорғандар таудың қай жерінде көп?

А) Қарқаралы тауының жоғарғы жағында

В) Қарқаралы тауының оңтүстігінде

С) Қарқаралы тауының солтүстігінде

Д) Таудың құлама беткейлерінде

Е) Қарқаралы тауының етегінде


6. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов бұл жерде неше рет және қашан болған?

А) екі рет – 1854 және 1863 жылдары болған

В) екі рет – 1855 және 1865 жылдары болған

С) екі рет – 1855 және 1863 жылдары болған

Д) екі рет – 1853 және 1873 жылдары болған

Е) екі рет – 1835 және 1863 жылдары болған




  1. Бұл өңірге келген қонаққа қай ғимарат есігін айқара ашып тұр?

А) Құнанбай қажы салдырған қонақүй

В) Құнанбай қажы салдырған мешіт

С) Құнанбай қажы салдырмаған мешіт

Д) Құнанбай қажы салдырмақ болған мешіт

Е) Құнанбай қажы салдырған кесене


  1. Демалушыларға арнап салынған қандай демалыс үйлері бар?

А) «Шахтер», «Тасбұлақ»

В) «Шахтер», «Тасбалық»

С) «Шахтер», «Майбұлақ»

Д) «Шактер», «Тасбулақ»

Е) «Шахтр», «Тайбұлақ»


  1. «Шайтанкөл» көлі несімен таңқалдырады?

А) көркем тау етегінде орналасқандығымен

В) әдемі тау шетінде орналасқандығымен

С) сұлу тауда орналасқандығымен

Д) әсем тау ортасында орналасқандығымен

Е) әдемі тау басында орналасқандығымен


  1. Қонақжай халқы ат басын тіреген елге қымызы мен құртын, бауырсағын салып, дастарқан жасайды. Қай халық туралы айтылған?

А) неміс Д) қазақ

В) ағылшын Е) татар

С) орыс




2. Оқылым.

Шәкен Айманов сомдаған бейнелер.

Шәкен Айманов – Қазақстан кино өнерінің дамуына үлкен еңбек сіңірген дарынды режиссер, ұлы актер. 1933 жылы Қазақ драма театрына жұмысқа орналасты. Жиырма жасында Қазақ драма театрында басты рөлдерді үлкен табыспен орындайтын. Алғашқы рөлі - Погодиннің «Менің досым» пьесасындағы Граммофонов. Шәкен сахнада өте сұлу, әрі шынайы дауыспен сөйлейді. Оның сахнадағы қозғалысының өзі музыка ырғағымен, музыка сазымен қозғалғандай әсем болатын. Ал актерлік орындаушылық шеберлігі өте ғажап еді.

Шәкен Айманов орындаған рөлдердің кейбірі мыналар: Исатай батыр-Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» пьесасындағы, Ақан сері – Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» пьесасындағы, Петручио – Уильям Шекспирдің «Асауға тұсау» пьесасы тағы басқалары. Ол көптеген кинофильмдерде тамаша ойнайды. Мысалы: «Алдаркөсе» фильмінде Алдаркөсе рөлі аса жоғары бағаланды. «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Дала қызы», «Туған жер», «Махаббат туралы аңыз» деген көптеген көркемсуретті фильмдерді қойды. Сонымен бірге ол сомдаған күрделі тұлғалар: Қодар, Керім («Абай әні»), Досанов («Алтын мүйіз») , т.б. 1967 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды.


  1. Шәкен Айманов кім?

А) атақты актер.

В) дарынды режиссер емес, ұлы актер.

С) дарынды режиссер, ұлы актер емес.

Д) дарынды режиссер, ұлы актер.

Е) Граммофонов.


  1. 1933 жылы қайда жұмыс істеді?

А) Орыс драма театрында

В) Қазақ театрында

С) Қазақ-орыс драма театрында

Д) драма театрында

Е) Қазақ драма театрында


  1. Неше жасында үлкен табысқа жетеді?

А) 28

В) 21


С) 20

Д) 22


Е) 25


  1. Алғашқы рөлі - ... .

А) Граммофонов

В) Погодин

С) «Менің досым» пьесасында

Д) Ақан сері

Е) Махамбет


  1. Мәтін бойынша сәйкес келетін ақпаратты табыңыз.

А) Ол көп кинофильмдерде тамаша ойнамайды.

В) Шәкен сахнада өте әсем және шынайы дауыспен сөйлеген.

С) Кейіпкерлерді табыспен орындаған емес.

Д) Ол бірнеше кинофильмдерде тамаша ойнайды.

Е) Оның сахнадағы қозғалысының өзі музыка сазымен қозғалғандай әсем болмаған.


  1. Шәкен Айманов Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» пьесасында кімнің рөлін ойнаған?

А) Исатай-Махамбет

В) Ілияс батыр

С) Махамбет батыр

Д) Исабай батыр

Е) Исатай батыр


  1. Қашан Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды?

А) 1967 жылы

В) 1968 жылы

С) 1969 жылы

Д) 1966 жылы

Е) 1965 жылы

8. Шәкен Аймановтың қойған киносын анықтаңыз.

А) «Ақан сері - Ақтоқты»

В) «Асауға тұсау»

С) «Алтын мүйіз»

Д) «Дала қызы»

Е) «Алдаркөсе»
9. Мәтін мазмұны бойынша берілген сөздерді сәйкестендіріңіз.

1. Алғашқы 1. алды А) 1-2, 2-1, 3-4, 4-3

2. Музыка 2. шеберлігі B) 1-3, 2-4, 3-2, 4-1

3. Орындаушылық 3. рөлі С) 1-4, 2-3, 3-2, 4-1

4. Сыйлық 4. сазы D) 1-2, 2-4, 3-1, 4-3

Е) 1-4, 2-3, 3-1, 4-2


10. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз.

А) Ол көптеген кинофильмдерде тамаша ойнайды.

В) 1967 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды.

С) «Қазақфильм» киностудиясы Шәкен Айманов атында.

Д) Шәкен сахнада өте сұлу, әрі шынайы дауыспен сөйлейді.

Е) 1933 жылы Қазақ драма театрына жұмысқа орналасты






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет