1. Төмендегі мәтіндерді жаңа дәптер бастап көшіріп жазып, диктант алғызыңдар



бет1/5
Дата08.02.2020
өлшемі2,26 Mb.
#57405
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сумка
angli test, г, 0002d3d8-e9c57b0b
1.Төмендегі мәтіндерді жаңа дәптер бастап көшіріп жазып, диктант алғызыңдар

2.Әр күні төрт рет минуттық оқу алып Үй дәптеріңе белгілеп жазыңдар (Болса ана тілінен басқа кітаптан)

3. Жазу элементтеріңді жөндеп қиғаш жолдың бас аяғына жеткізіп,әріптерді сүйретпей тік жазыңдар

4. Ана тілін аяғына дейін оқи беріңдер


  1. Сумка

Мынау менің сумкам . Менің сумкамның түсі сарғыш . Шолпан жаңа сумка алды. Шолпанның сумкасы қызыл . Апамның сумкасы үлкен .

  1. Сый

Асан атай сыйлы.Ол сатушы. Асыл суыр атты. Тоты, Шынарлар тайынша сатты. Алтын Айшамен сырласты. Ырыс сырнай тартты. Асан Айымға сырын айтты.

  1. Дарын

Анау- Дарын. Ол далада. Адал, Айдын, Айдана, Алдандар достар. Олар отын дайындады. Айдана мен Алдан отын аралады. Олар тату достар. Дарын достарын сыйлады.

  1. Достар

Мынау - Марал. Ол Алматыда тұрады. Ал, мынау-Манар. Ол момын, тамаша адам. Манар мал суарады. Манарды мамасы сыйлады. Ол мал сауа алады.

  1. Ермен

Ермен тауда мол. Онымен ауруды емдейді. Ердос ерменмен тамағын шайды. Атам таудан ермен алды. Мен суретте ерменнің суретін салдым

  1. Дойбы

Болат биыл бесте. Ол байсалды бала. Болат дойбы ойнай алады. Ол талай жарыста алда болды. Болат Барболмен дойбы ойнады. Бейсен де онымен дойбы ойнады.

  1. Доп

Аспан шайдай ашылды. Паратпен Шолпан достарына барды. Олар доп ойнады. Атасы олардың доп ойнағанын тамашалады. Олар допты шебер ойнайды. Атасы оларды сыйлады.

  1. Алғыс

Досжан қолына шелек алып, құдыққа қарай беттеді. Құдық басында кісі көп екен. Жетпістегі Қалтай атай бүкшеңдеп су тартып жатыр. Ол атайдың шелегін сұрап алды. Атын суарып берді. Атай Досжанға алғыс айтып, батасын берді.

  1. Таға

Ғалым атай таға соқты. Атай соққан тағаны ауылдағы барлық адам алады. Мен де таға соғуды армандаймын. Ағам тайымды тағалады. Тағалы тай таймайды.

  1. Қоңырау

Қоңырау соғылды. Қоңқай мен Оңғар сыныпқа барды. Олар оңаша партаға отырды. Олардың қасына Оңай да барды. Олар аңдардың суреттерін тамашалады. Сабақта да аңдар туралы айтылды.

  1. Ерлік жасаған екеу

Бақыт пен Қазбек есік алдында әңгімелесіп отыр еді. Бір кезде түтіннің иісін сезді. Орындарынан тұрып, жан-жағына қарады. Қазбек көрші үйдің ескі қорасы өртене бастағанын байқады. Екеуі солай қарай жүгірді. Үлкендер Бақыт пен Қазбектің ісіне риза болды.

  1. Әжемнің өнері

Маржан қалада тұрады. Жазғы демалыста ауылға келді. Ол әжесін сағынып қалыпты. Әжесінің түрлі оюлар ояды. Текемет басады. Өрнекті сырмақ сырады. Маржан әжесінің осы өнерлерін үйреніп алсам деп ойлайды.

  1. Тоғызқұмалақ.

Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның тақтасы ерекше болады. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып ойнай беретін. Тақтаның шұңқыры мен қазаны бар. Тоғызқұмалақ – математикалық ойын.

  1. Достық

Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар бір-біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықта бір-біріне көмекке келеді.

  1. Сабын

Сабынның иісі керемет. Сабынмен беті-қол жуады. Сабын көпіршіді . Сабынмен беті-қолыңды әдемілеп жу .

  1. Қобда өзені

Мынау Қобда өзені . Қобда өзенінің ағысы қатты. Қайрат Қобда өзеніне барды . Мынау көлдің аты Толбо көлі . Толбо көлі үлкен көл . Көлдің суы көп .

  1. Менің ағам

Мынау менің ағам Болат. Болат ағам қаладан келді. Менің ағам өте жақсы адам . Ағам алмұрт әкелді. Анау Болат ағамның кітабы. Ағам жаңа газет оқыды .

  1. Кітапбілім бұлағы

Мынау кітапхана . Кітапханада кітап өте көп . Кітапты көп оқу керек. Кітап көп оқысаң білімді боласың. Кітапты күтіп ұста. Бос уақытыңда кітапты көп оқы.

  1. Әдемі

Көктемде күннің жылынғаны әдемі . Жылы жақтан құстардың келгені әдемі. Бұлақтың сылдырын естіген әдемі . Малдың төлін көрген әдемі.

20.Ерлан

Ерлан жақсы окушы.    Ол бірінші сыныпта оқиды. Ерланның  сыныбы таза. Оқушылар қазақ тілін біледі.  


21.Түлкі

Түлкi– сұлу аң. Ол таулы жерде жүредi Түлкi қызыл түстi болады.Оның терiсi бағалы.Менiң  ойыншық  түлкiм  бар.


22. Ертіс
Ертіс- өзеннiң аты .Ертiс терең, әдемi өзен. Ертісте кеме жүредi.Өзеннiң суы өте суық. Мен Ертісті көрдiм.
23. Көктем
Көктем келді. Қар еріді. Ауа таза. Кеше жаңбыр жауды. Күн жылы. Балалар көктем айларын жаксы көреді. Менің анам көктем гүлдерін ұнатады.
24.Мектеп
Мынау біздің мектеп. Мектебіміз таза, жарық. Мен бірінші сыныпта оқимын. Біздің мектепте оқушылар көп. Менің досым да осы мектепте оқиды.           
25.Менің  әжем.
Менің әжем ауылда тұрады. Әжем жақсы адам. Әжемнің төрт баласы бар. Ең үлкен баласы менің әкем. Жазда мен әжеме барамын.
26. Қайрат.
Қайрат – оқушы. Ол жаксы оқиды. Кітап, дәптерін таза ұстайды. Таза киінеді. Қайраттың достары көп. Ол достарымен доп ойнауды ұнатады.
27. Саулық пен сымбат.
Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортшы. Ол ауырмайды.
28. Денсаулық күні.
Бүгін мектепте – денсаулық күні. Барлық оқушылар  мектеп алаңында. Ауа райы он бес градус жылы. Мен де достарыммен бірге қатысамын.

І. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.


Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, нан, көбелек, ине, теңге, ою. (10 сөз)
Мүйiз, май, Сәуле, бас, қағаз, белдік, жүгері, дәрі, отыр, жаз. (10 сөз)
ІІ. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.
Шық, отыр, бесік, доп, емен, жіп, қаз, қияр, еден, есік, көз, көл. (12 сөз)
Жарқанат, жүзім, үйрек, қияр, қауын, лақ, қант, тиын, нәресте, оймақ, піл, қол, тарақ, түйе, тау, үтік, сөз, сынып, қалам, тақта. (20 сөз)
ІІІ. Сөздерді буынға бөліңдер

Айгүл,алма,доп,  жолбарыс, балық домбыра, терезе, ат, айна, дәрiгер,әже,көкек,дұрыс, аллмұрт,шелек,піл,айран,сағат,бор, торғай,күн,май , қарбыз, дастарқан, қызыл, дәмді, сары, жасыл, жемеймін, жаңбыр, ұшты, жолға, тоқта, оңға, жапырақ, салқын,оқушы, мұғалім, кітап, терезе, дәптер, тақта, қалам, қарындаш, қабырға, бала, дүкен, кітапхана, дәріхана, балмұздақ, мектеп.


IV. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар
Түлкі, сүт, ұя, ыдыс, дәптер, көбелек, нан, ине, теңге, ою, ас, су, ақ, көк.  (15 сөз)
Шаңғы, әріп, бұзау, қызыл, қара, сынып, шам, кесе, іні, көше, бала, есеп, еңбек, сары, бет.(15 сөз)
Бор, шеңбер, шағала, ыдыс, жылан, қазақша, орысша, орын, ойна, демал.(10 сөз)
V. Төмендегі сөздерге сөйлем құрап жаз .
1. Бағдаршам,  алма, жер, қол, сұра, күн, сәлем, қағаз, жаңбыр, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс.

Есепті шығар

  1. Қорапта 8 асық бар. Марат қораптан 2 асық алды. Қорапта неше асық қалды?

  2. Аулада 10 бала ойнап жүр. 3 бала үйлеріне кетті. Аулада неше бала қалды?

  3. Ағаштың бұтағында 9 торғай отырды. Оның 2-уі ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды?

  4. Сөреде 7 шыны болды. Үстелге сөреден 2 шыны алып қойылды. Сөреде қанша шыны қалды?

  5. Болат бір бұтақтан 7 алма алды, екінші бұтақтан 3 алма алды. Болат барлығы қанша алма жиналды?

  6. Хорда 16 оқушы ән айты. Олардың 4-і қыздар. Ер балалар нешеу?

  7. 10 жәшік таңқурай және 3 жәшік қарақат жиналды. Барлығы неше жәшік жидек жиналды?

  8. Олжастың 19 теңгесі бар. Ол 10 теңгеге шар сатып алды. Оның неше теңгесі қалды?

  9. Аулаға 4 шырша, одан 3-еуі артық қайың отырғызылды. Неше қайың отырғызылды?

  10. Ақеркеде 10 қарындаш бар, ал Нұрланда одан 2 қарындаш кем. Нұрланда неше қарындаш бар?

  11. Әлия бір ай ішінде 12 кітап оқыды, Айдын 3 кітап кем оқыды. Айдын барлығы неше кітап оқыды?

  12. Спортзалда 13 қыз бала және 6 ұл бала болды. 7 бала кетіп қалды. Спортзалда неше бала қалды?

  13. Дүкенде 10 көк диван және  9 жасыл диван болды. 6 диван сатылып кетті.Дүкенде неше диван қалды?

  14. Дүкенге 6 қызыл шар және 14 көк шар әкелінді. 15 шар сатылды. Неше шар қалды?

  15. Табында 10 сиыр, одан 7-еуі кем бұзау бағылды. Табында барлығы неше сиыр мен бұзау бағылады?

  16. Аялдамада 7 әйел адам және 8 ер адам тұрды.10 адам кетіп қалды. Аялдамада неше адам қалды?

  17. Бір үйректің 7 балапаны бар, екіншісінің одан 5 балапаны артық. Екі үйректің неше балапаны бар?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет