1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-нұсқа Оқу мақсаттары



Дата08.02.2022
өлшемі18,17 Kb.
#121321
Байланысты:
БЖБ қазақ тілі №1 1-нұсқа
английский, эссе РЯ СРС, эссе РЯ СРС, эссе РЯ СРС, английский, 51830-sovremennyi-call-tsentr-vzgliad-iznutri-i-snaruzhi-polnoe-opisanie-raboty-sozdaniia-call-tsentra-besplatno, сұрақ, баяндама олқылықтарды түзету

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәңгілік Ел – мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


1-нұсқа
Оқу мақсаттары:
9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;


Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма. Мәтінді оқып, жанрын, идеясын, маңызды ақпаратты анықта. Кестені толтыр.
Қазақ ел болып, еңсе тіктегелі мемлекеттің ұлттық идеясы қандай болуы керек деген сауалдың жауабын көп іздеді. Әсіресе, тәуелсіздік алғалы бері бұл мәселенің өзектілігі артты. Елдің көксегенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында дөп басты. Ол – «Мәңгілік ел» идеясы. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, кемел келешекке сенім де осы ұғымның шеңберіне сыйып тұр. Демек, межеміз айқын. Ал бағытымыз ше? Мәңгілік ел болудың дұрыс жолына түстік пе? Материалдық байлықты қамдауға кірістік. Рухани байлығымыздың асығын қашан түгендейміз? Мәңгілік елдің ұлттық мәдениеті қандай болуы керек? Жуырда жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанәлі Балғабаевпен әңгімелескеннен кейін көкейде осы сауалдар көлденеңдей берді.
Ата-бабамыз әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атануды, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болуды армандады. Сол арманға бүгін ұрпағы жетіп отыр. Шаңырағы биік, керегесі кең егеменді елдің іргесін қаладық. Ендігі арман – Мәңгілік ел болу.
Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың айтуынша, Мәңгілік елге айналудың ең басты шарты – тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту. Өйткені тәуелсіздік – халқымыз қаншама ғасыр бойы аңсаған, Алаш арыстары аманаттаған асыл дүние. Ендеше оны нығайтудың жолы қайсы? Осы сауалдың тууына, өреміздің шеңберінен әлдеқайда асып кететін ауқымды тақырыпты қорықпай қозғауымызға түрткі болған қаламгер Сұлтанәлі Балғабаев көкейде қордаланып жатқан көп ойын ортаға салды. Біз қағаз-қаламымызды сайладық та, тыңдауға бекіндік.
1-тапсырма

Мәтін түрін анықта




Жанры




Негізгі идеясы




Маңызды ақпараттар




Көзқарастар





2-тапсырма. Мәтін бойынша кестені толтыр.

Орфографиялық принциптер

Мәтіннен мысал

Морфологиялық принцип




Фонетикалық принцип 




Тарихи-дәстүрлі принцип







Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға береді

1

Мәтін түрін анықтайды

1

Жанры

1

Негізгі идеясын

1

Маңызды ақпараттар

1

Сыни тұрғыдан баға беру

1

Мәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады



2

Морфологиялық принцип 

1

Фонетикалық принцип 

1

Тарихи-дәстүрлі принцип

1

Барлығы







8


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет