1-Зертханалық сабақ



бет1/8
Дата08.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#118606
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 зертхана Химиялық технология
физио тест, 1335600621377, cfa311f7-96e8-493b-ae89-4e4d166aefe5

1-Зертханалық сабақ
Қауіпсіздік ережелері. Бірінші медициналық көмек
Зертханада жұмыс жасау барысында тазалық, тыныштық, сақтық керек. Ретсіздік, асығыстық және ебедейсіздік жұмыстың дұрыс шықпауы мен қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан зертханада жұмыс жасап жатқан студентті сырттан мазалауға немесе бөтен адам кіруіне тыйым салынады.
Зертханада су, тамақ ішуге болмайды. Тоққа қосылған заттарды қараусыз тастауға болмайды.
Газ, су және электр қуатымен жұмыс жасайтын заттарды қолданған соң суды өшіріп, тоқтан ажыратып өшіру керек.
Раковинаға қышқыл, сілті, күкіртті қосылыстардың, өртке қауіпті заттарды төгуге болмайды. Бұл заттарды өзіне арналған қалдық құятын склянкаға төгу керек. Раковинаға қағаз, құм және басқа да қатты заттарды тастауға болмайды.
Егер су құбырлары, электр тоқ көзі, газ, зертханалық құрылғы немесе аналитикалық таразы т.б. бұзылып тұрғаны байқалса, тез арада лаборант немесе оқытушыға хабарлау керек.
Бір лабораториядан екінші лабораторияға лаборанттың рұқсатынсыз заттар тасуға болмайды.
Кез-келген жұмысқа оқытушының рұқсатынсыз кірісуге болмайды. Оқу бағдарламасына қатыссыз жұмыстарды зертханада жасауға тыйым салынады.
Бекітілген құты мен қондырғыларды қыздыруға тыйым салынады. Пробиркада белгілі бір сұйықтық қыздырған кезде пробирканың басын өзіңе немесе көрші адамға қаратуға, пробирканың ішіне қарауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет