№101 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі



бет1/2
Дата19.12.2016
өлшемі2,62 Mb.
#4259
  1   2
№ 101 мектеп-лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Айдарханова Г.К.
Көркем әдебиет

(оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту)


Мақсаты: «Оқушыны жан-жақты жетілген,өз бетімен әрекет ете

алатын,шығармашыл-ізденімпаз тұлға болып қалыптасуына

жағдай жасау».


Міндеттері: 1.Шығармашылық белсенділік пен суреткерлік қиялын

жетілдіру.

2.Ұлттық ерекшелігін,дәстүрін зерделей білетін

оқушыларды тәрбиелеу.



3.Оқушының бойына өз халқының игілігін дарыту.

1-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспары.




Тақырыбы

Сағаты

1

Үлгі, сызба бойынша сөйлем құрастыру

2 сағ

2

Сурет бойынша сөйлем құрастыру

2 сағ

3

Адасқан сөзді орнына қою

2 сағ

4

Практикалық сабақ

1 сағ

5

Үлестірмелі тапсырамаларды орындау

2 сағ

6

Практикалық сабақ

1 сағ

7

Санамақ құрастыру

2 сағ

8

Өлең ұйқасын жалғастыру

1 сағ

9

Пратикалық сабақ

1 сағ

10

Жыл бойындағы материалды қарастыру

1 сағ


2-сынып бойынша күнтізбелік жоспары.




Тақырыбы

Сағаты

1

Жыл мезгілдерін ауызша суреттеу

1 сағ

2

Белгілі бір тақырып бойынша өлең құрастыру

2 сағ

3

Тақырыпқа мәтін құрау

1 сағ

4

Ұйқасын тап

1 сағ

5

Мақалдар мазмұнына әңгіме құрастыру

1 сағ

6

Салыстыра отырып сипаттау

1 сағ

7

Практикалық сабақ

2 сағ

8

Тірек сызба бойынша тапсырмалар беру

1 сағ

9

Берілген әңгімені оқи отырып,сурет салу

1 сағ

10

Практикалық сабақ

1 сағ

11

Ұйқасын келтіріп,өздігінен өлең құрастыру

1 сағ

12

Өз ойын тұжырымдау

1 сағ

13

Топтастыру арқылы мінездеме беру

1 сағ

14

Практикалық жұмыс

1 сағ

15

Ребус құрап оны жұмбаққа алмастыру

1 сағ

16

Сандардан сөз құрастыру

1 сағ

17

Практикалық сабақ

1 сағ

18

Жыл бойындағы өткен материалды қайталау

1 сағ


3-сынып бойынша күнтізбелік жоспары.




Тақырыбы

Сағаты

1

Мақал-мәтел мазмұнына сәйкес әңгіме құрастыру.

1 сағ

2

Оқыған ертегі мазмұнын өз қалауынша өзгерту.

1 сағ

3

Практикалық жұмыс.

1 сағ

4

Көркем шығарма тақырыптары бойынша сурет сала білу.

1 сағ

5

Әр тақырып бойынша өлең құрастыру.

1 сағ

6

Практикалық жұмыс.

1 сағ

7

Суретті диафильм құрастыру.

1 сағ

8

Мазмұндама түрлерін жазу.

1 сағ

9

Драмалау.

1 сағ

10

Практикалық сабақ

1 сағ

11

Сөзжұмбақ құрастыру.

1 сағ

12

Өз ойын тұжырымдау

1 сағ

13

Көркем шығарма тақырыптары бойынша шығарма жазу.

1 сағ

14

Практикалық жұмыс

1 сағ

15

Өзін зат орнына қойып,сипаттау.

1 сағ

16

Мақал құрастыру.

1 сағ

17

Еркін тақырыпта шығарма жазу.

1 сағ

18

Практикалық жұмыс.

1 сағ

19

Сюжеттік тақырыпқа қарай отырып,әңгіме құрастыру.

1 сағ

20

Танымдық ойындар түрлері.

1 сағ

Енді өкізілген сабақ жоспарынан үзінділер ұсынамын

2 «А» сыныбы №101 мектеп – лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Айдарханова Г.К.

Көркем әдебиет
Тақырыбы: Өлең құрастыру

Мақсаты: Оқушылардың ой шапшаңдығын дамытып,

шығармашылығын арттыру.



Міндеттері: 1. Оқушыларға ең алғаш «ұйқас» деген сөздің

мағынасын түсіндіру;

2. Шығармашылық әрекеттерді орындау арқылы

оқушының мүмкіндіктерін дамыту;

3. Оқушының өз күшімен, өз ойымен, қиындықты

жеңе білуге жағдай жасау;



Көрнекілігі: Ертегі кеіпкерлерінің суреті, сюжетті табиғат

суреттері



Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілі: Дайын ұйқастар беру, сұрақ-жауап алу
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе: Оқушылардың ой шапшаңдығын дамытып,

шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі –

өлең құрастыру.

1) Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп,

оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып

тұрғанын талдау.

2) Өлең құрастыруға жаттығу.

І. Мұғалім: а – а – а ...

Оқушылар: қызыл алма

Мұғалім: у – у – у ...

Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғастырады.

ІІ. Буындар арқылы

Мұғалім: - ға, - ға, - ға;

Оқушылар: шықты далаға немесе бардым ауылға – деген

варианттарда болуы мүмкін.

ІІІ. Дайын ұйқастар беру немесе ақындардың өлеңдерінің

соңғы ұйқастарын алып тастап, олардың орнына сөз

қоюды тапсыру.

Мысалы: Шаң, тозаң, лас

Болмасын ... (класс)

Немесе «барамын», «бағамын» - деген ұйқас сөздерді

қатыстырып екі жолды өлең құрау.

Жауабы: Ауылға ... (барамын)
Төлдерді ... (бағамын)

IV. Ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып, оларға тән іс-

қимылдарды ұйқас түрінде жазу.

Мысалы: Арыстан ... (ақырды)

Әтеш ... (шақырды)

V. Берілген тақырып бойынша өлең жазу

Мысалы: Мұғалім: Жаз келді алақай,

Оқушылар: Қуанды балақай.

Орманда, тоғайда,

Өсіпті қалақай – деген (мүмкін

басқаша) өлең жолы шығуы мүмкін.

VI. Сергіту сәті.

VII. Оқушылардың өздігінен өлең құрастыруы.

VIII. Құраған өлеңдерінен үзінді келтіру.

1) Көктем келді алақай,

Қуан сен балақай.

Далада, жылғада,

Су ақты алақай.

(Сағыныш)

2) Мектепке барамыз,

Оқып-білім аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

(Нұрдана)

3) Атам, әжем ауылда,

Құрт, майын дайындайды.

Мен барғанда ауылға,

Алдыма оны сыйлайды.

(Ерсін)

IX. Қорытынды: Оқушылардың құраған өлеңдерін оқу арқылы



қорыту.

X. Бағалау.




2 «А» сыныбы №101 мектеп – лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Айдарханова Г.К.

Көркем әдебиет
Тақырыбы: Драмалау

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған дүниеге деген көз-қарасын

қалыптастыру, шығармашылығын арттыру.



Міндеттері: 1. Драмалау деген сөздің мағынасын түсіндіру;

2. Оқушылар шығарманың кейіпкеріндей өздерін

сезіну арқылы тәжірибе жинақтауға

машықтандыру;

3. Оқушының сезімдерін, қабілеттерін, ойын, тілін

дамыту;


Көрнекілігі: Сюжетті суретттер

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ойын, сипаттама беру, қорытынды

жасау
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе: Драмалау – баланың қабілеттерінің дамытудың

негізгі кілттерінің бірі. Сондықтан бүгін біз

диалогтан құрылған кез-келген тексті рольмен

оқимыз. Ол үшін қатысушы адамдар санын

анықтайық. Рольмен оқушыларды белгілеп,

рольдерді бөліп беремін.

ІІІ. Рольмен оқу.

Диалогтан құралған кез-келген тексті рольмен оқыту.

Мысалы: Қоянның құлағы неге ұзын? (ықшамдалып

алынды)

IV. Мәтінге дейін жұмыс



V. Әңгімелесу сұрақтары

VI. Ертегіні драмалау

VII. Қорытынды жасау

VIII. Бағалау

3 «А» сыныбы №101 мектеп – лицейінің

бастауыш сынып мұғалімі

Айдарханова Г.К.

Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ойдан ертегі құрастыру

Мақсаты: Оқушылардың қиялын дамытып, шығармашылығын

арттыру.


Міндеттері: 1. Кейіпкерлерді мүсіндеу арқылы

шығармашылыққа үйрету;

2. Оқушылардың қиялын, сезімдерін,

байланыстырып, жазуын дамыту;

3. Еңбексүйгіштікке, досытққа, ұйымшылдыққа

тәрбиелеу;



Көрнекілігі: Суреттер жинағы

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ертегі құрастыру
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Сурет бойынша ертегі құрау:

Мысалы: Құмырсқа, шегіртке, ара суреттері.

Тақырыбы: Адасқан құмырсқа

Баяғыда бір құмырсқа өз достарына өкпелеп,кетіп қалып, шегіртке, арам мен дос болыпты.

Бір күні құмырсқа келе жатып, жолдан бір түйір дән тауып алады. Оны әрі қозғап, бері қозғап қозғалта алмады. Ол өзінің достарына келіп көмек сұрайды. Ара да, шегіртке де көмек бере қоймайды. Ренжіп келе жатқан құмырсқа, өзінің илеулес достарымен кездеседі. Олар мұның түрін көріп:

- Саған не болған, - деп сұрайды. Құмырсқа болған жағдайды айтты. Достары оған көмектесіп. Құмырсқа өз қателігін түсініп, достарынан кешірім сұрады.

(оқушылардың ертегісі әртүрлі болуы мүмкін)

ІІІ. Сергіту сәті.

IV. Оқыған ертегі мазмұнын өз қалауынша өзгерту.

(1, 2 оқушыға айтқызу)

V. Қорытынды: Сабақ барысында оқушылар мынандай

нәтижеге қол жеткізеді.

Алынатын нәтижелер:


  • Қарым-қатынас жасауға үйренеді;

  • Жауапкершілігі артады;

  • Практикалық іс-әрекетте болады;

  • Басқаларды тыңдай біледі;

  • Өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады;

  • Өзін - өзі бағалайды;

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан үзінділер. Бұл жұмыстардың барлығы да «Айгөлек» журналына, «Бала би» журналына, жергілікті «Ана тілі» газетіне жарияланған.


Анам.
Менің анам сүйкімді,

Сүйемін оны әрқашан

Күзетер түнде ұйқымды

Анамнан асқан бар ма жан

Ана мені аялаған

Құшағынан сая табам

Қанша жақсы болса-дағы

Сендей ана қайда маған.


№101 мектеп – лицейінің

2 «А» сынып оқушысы

Советбек Ерсін


Ана.

Айналайын анашым,

Сен бәрінен дарасың.

Дос, туысқа, бауырға

Қамқоршысың, панасың.

Жақсылардың ізісің,

Өмір сүрдің біз үшін.

Бар бақыттың есігі,

Ашық болсын сіз үшін.
№101 мектеп – лицейінің

2 «А» сынып оқушысы

Амирханова Камиkf

Ұстазым.

Біліммен сусындатқан шәкірттерін,

Ұстазға мың мәртебе бас иемін.

Үлгі етемін, өнегелі сөзін ұғып,

Ұстазымның жолына бақ тілеймін.

№101 мектеп – лицейінің

2 «А» сынып оқушысы

Жукина Сағыныш



Қарағанды қалам менің.
Қара алтыны елге мәлім,

Кеншілерін мақтан тұтқан.

Талай ақын жырға қосқан

Қарағанды қалам менің.

Мақтан тұтам мен де сені,

Туған жерім, кең қойнауым.

Баға жетпес бір өзіңе,

Қарағанды қалам менің.


№101 мектеп – лицейінің

2 «А» сынып оқушысы

Аркеева Айзия

Менің сыныбым.
Мен Қарағанды қаласындағы №101 мектеп – лицейінің 2 «А» сынып оқушысымын. Біздің сыныпта 27 бала білім алуда. Сыныбымыздың жетекшісі ақылды, әрі мейірімді ұстаз – Гүлбарам Құсайынқызы. Мен өз сыныбымды мақтан етемін. Өйткені біздің сыныптың балалары ұйымшыл және сабақты да жақсы оқиды. Оқушылар мұғалімнің түсіндірген сабағын ұғуға тырысып, айтқанын екі етпей орындап жүреді.

Мектепшілік сайыстарға да белсене қатысып, жүлделі орындар да алып жүрміз. Осының барлығы ұстазымыздың еңбегі. Ендеше біз өз ұстазымыздың еңбегін ақтаймыз. Менің сыныбым әр кезде де биіктерден көріне берсін!


Қарағанды қаласы

№101 мектеп – лицейінің

2 «А» сынып оқушысы

Мұратқызы Аруна




Келмейді тілек шектегім,

Мектепте өсіп көктедім.

Лицейде мені оқытқан,

Мейрімді ұстазым көп менің.

Қарағанды қаласы

№101 мектеп – лицейінің

3 «А» сынып оқушысы

Сакенова Урзана





Каталог: download -> umnpk -> teacher -> opyt
opyt -> А.Қ. Нұрғалиева. №101 мектеп-лицейі,Қарағанды қаласы
teacher -> 92 гимназия 3 «А» сынып жетекшісі Тлеубергенова Жанар Сайлаукызы Пән қазақ тілі Тақырыбы
opyt -> Ахметова З. С. №17 орта мектеп Жобалау әдісі
teacher -> Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың, тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу.Қайталау
teacher -> Сабақ тақырыбы: Еуразияның табиғат зоналары. Мақсаты: Еуразия материгіндегі табиғат зоналарының ерекшеліктерін
teacher -> Методическое пособие практических занятий по казахскому языку для детей подготовительной группы и учащихся 1 классов «Я бы язык учить пошел- пусть меня научат»
opyt -> Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»
opyt -> Занятие по модулю «Гармония», 6 класс Рахматулаева Н. В. «Действия над обыкновенными дробями»
opyt -> Семинардың тақырыбы: «Үлгермеуші оқушылармен жұмыс. Үлгермеушілік себептері және оны түзету жолдары»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет