12: 27 Категориясы



Дата08.09.2017
өлшемі0,75 Mb.
#30783
Ш дыбысы мен әрпі

Жарияланды 9-11-2012, 12:27 Категориясы: Бастауыш сынып 

Пән мұғалімі: Жаназилова А.М.

Сауат ашу


Сабақтың тақырыбы: Ш ш дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ш дыбысы мен әрпін меңгерту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Ш дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету. Ш дыбысының орнын анықтату, сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, шана, шортан, шар, шахмат, шегіртке, шаян суреттері, кеспе әріптер


Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау-жинақтау, сөздік, көрнекілік, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру. 27-бетіндегі буындарды оқып, сызба бойынша сөйлем құрау. 1-слайд. Сабақты жұмбақ жасырумен бастау.
Үрлеп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (Шар)

Мұғалім оқушылардан шар сөзін бірнеше рет қайталату арқылы жаңа дыбысты шығарып алуға болады (Ш-ш-ш-ар). Сөйтіп, оқушылардың өздеріне тапқызып, дыбыстату арқылы жаттығу жұмыстарын бастау керек. Дыбыстың әрпімен таныстыра отырып, оқулықтың 28-бетіндегі суреттерге байланысты сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар сөздің алғашқы екі дыбысын жалғастыра оқу арқылы келесі дыбыстарды табады. Мұнда жаңа сабақ тақырыбы назарда болу керек.

2-слайд. Оқулықтың 28-бетіндегі баған түрінде берілген буындарды оқу және оларға дыбыстық талдау жасау. Мазмұнды суретке байланысты мәтінді оқыту.
3-слайд. Дәптермен жұмыс:
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық

4-слайд. Жазу дәптерінің 25-бетіндегі Ш ш әрпінің жазба, басна түрін салыстыра отырып, графикалык талдау жұмыстары жүргізіледі. Осы беттегі тапсырмалар мұғалімнің басшылығымен жүйелі орындалады.


Оқуға жаттықтыру үшін берілген буындар мен сөздерді оқыту арқылы мұғалім оқушыларды сөздерді тұтас оқуға үйретеді.
Сызба үлгісіне қарап, сөйлем құрау, оны талдау жұмыстары ұйымдастырылады.
Тапқышбектің тапсырмасы орындалады.

Сергіту сәті


Отырып -ақ орнымда
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.
5-слайд. Оқулықтың 29-бетіндегі баған түріндегі берілген буындар мен сөздерді оқушыларға оқытып, жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі. Мұнда сөздердің дыбыстық құрамына қарай айтылуындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына баса назар аударылады. Сызбаға сәйкес сөйлем құрау.

Тапқышбектің тапсырмасын орындау. Жауабы:


Ол - көгершін. Ол – шаян. Ол - қайшы. Ол - шегіртке.
Сөз, сөйлемдерді талдау жұмыстарын жүргізу.
Дәптердің 26 –бетіндегі үлгі бойынша Ш ш әрпін жазуды үйрету. Олардың ішінде шапан, шие сөздеріне байланысты шығармашылық бағытта жұмыстар орындалады. Дыбыстық, буындық талдау орындау.
«Әліппе серігіндегі» «Шие тергенде» мәтінін оқып береді. Ш дыбысы кездескен сөздерді тапқызу.
Сабақ әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқталады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.



Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіртіп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: кеспе әріптер, текшелер.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.











          1. Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Балаларға өткен оқу іс-әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.

  • Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

    1. Негізгі бөлім.

1. Ш дыбысы және әрпімен таныстыру.

  1. Жұмбақ жасырады.

Мысалы:

Зулап түсіп төменге,

Шыға алмас менсіз бөгенге.

(Шана)

Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.


  • Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.

Ш дыбысын ауада жазып көрсетеді.

  1. Сергіту сәтін өткізу.

Отырып-ақ орнымда, Айдын көлді кешемін. Сен білмесең егер де, Былай ескек есейін.

(Қимылмен көрсету).

Тіл ұстарту жаттығуы.

Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.




    1. Дәптермен жұмыс.

Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ,ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.

Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.

Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөз жұмбақ шешкізу.




    1. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.

Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.

Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.

Тікен-тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте. (Шырша)

III. Қорытындылау.



  • Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?

  • Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?

Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.

  • Шана сөзінде қанша буын бар?

Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.

«Дүкен» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар кеспе әріптермен шдыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мысалы: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар, т.б. заттар болады.



ауат ашу сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ш дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Ш дыбысын басқа дыбыстар ішінен ажыра білуге, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Заттың атын сурет арқылы айту, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жұмбақ шешу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жаттығу жасату арқылы оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. Өткенді еске түсіру. 
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? 
- Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі? 
- Дыбыс түрлерін атаңдар?
3. Жаңа сабақ. Балаларға "Ш" дыбысынан келетін сөздерге суреттер көрсету.
- Барлық сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- Ш - дыбысынан.
- Өте дұрыс. Олай болса бүгінгі танысатынымыз - Ш дыбысы мен әрпі.
Мынау Ш дыбысының баспа және жазба түрлері.
- Ш - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Әліппе - дәптерімен жұмыс.

4. Сергіту сәтін жасату.

5. Жұмбақ жасыру:
- «Ш» дыбысынан басталатын сөздерге жұмбақтар жасыру:
- Үрлесең жеп-жеңіл, елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл бұлтқа да жетеді. /шар/
- Қыстай жегіп қос атты, 
Көктем шыға босаттым. /шаңғы/

6. Тапсырмалар:
1. Әріптер арасынан Ш- әрпін тауып көрсету.
2. Шана, шабадан, шаңғы.
Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.
3. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
ша-па-лақ, шал-ғы, шо-пан. 
4. Тақтада әр – түрлі суреттер ілінген (шаңғы, шапан, шалбар, т.с.). Осы суреттердің ішінен – Ш – дыбысы бар суреттерді тауып, атын атап буынға бөлу.
- Балалар, барлық тапсырмаларды орындадық.
5. - Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ш - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.

К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің мектепалды даярлық сынып мұғалімі Кошкимбаева Айнур Сайлаубекқызы 
Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы











а)  Ол өсіп әуре, ел кесіп әре.                             (ШАШ)

                                                ә)  Қызыл, жасыл домалақ, әуеде ұшар домалап.  (ШАР)

                                                б) Тікен тікен тік пісте, қысы жазы бір түсте.     (ШЫРША)





Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Сауат ашу.


3-тоқсан. №7 Сабақ: Ц ц дыбысы мен әрпі

Саяхатқа не аламыз?



Мектеп: №15 М. Жұмабаев атындағы мектеп- гимназиясы.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алтыбаева.Н



Сынып: 1 сынып

Қатысқандар

Қатыспағандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

ТА.1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.2.6.1.Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтау.





Табыс критерийі

Барлық оқушылар орындай алады

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Сөздегі буын санын анықтай отырып,әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай өз бетінше анықтай алады.

Алдыңғы оқу:

«Жер туралы не білеміз?» тақырыбымен танысқан.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Басы 0-1 минут

1-5 минут

6-10 минут

11-20 минут

21-25 минут

26-32 минут

33-37


минут

38-42 минут

43-45 минут



Психологиялық дайындық.
Балалар бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше болмақ.Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Олар біздің сабаққа деген ынтамызды, ойымызды,тәртібімізді қадағалап отырады.Сондай-ақ бүгінгі сабақты тек мен ғана емес, сонымен қатар сендер де білгендеріңді ортаға салып отырыңдар. Сонымен қатар біз мынадай ережелерді мұқият сақтауымыз керек.

1.Уақытты тиімді пайдалану.

2.Сыныптарыңның ойын жеткізуіне кедергі жасамау.

3.Тапсырмаларды дұрыс орындауға тырысу.

Алфавит әні.

Көкейкестілік.

Аяғын жерге тірей салып,

Шеңбер сызды шыр айналып.

(циркуль)


-Бізге таныс емес қандай дыбысты естіп тұрсыңдар?

-Ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц-ц

-Біз қайттік?

-Көзбен көрдік,құлақпен естідік,ауызбен айттық.

-Дауысымызды созып айта аламыз ба?

-Олай болса, Ц дыбысы дауыссыз, яғни қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.

-Ц дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Демек Ц дыбысын көк үйге орналастырамыз.

-Ц дыбысы негізінен орыс тілінен енген сөздерге тән. Қазақтың төл сөздерінде кездеспейді.

-Мынау Ц дыбысының әріп таңбасы. Бұл баспа түрі. Кітап,газет,журналдар осы баспа түрімен жазылады. Мынау жазбаша түрі. Бұлай дәптерге,тақтаға жазылады.


Ц дыбысының жазылуы туралы түсінік беретін шағын бейнефильм.
-Қане алдымыздағы дәптерді көлбеу қойып,денемізді тік ұстап, әдемі әрі көркем етіп жазамыз.
-Балалар, бүгін бізге сайқымазақтар мынадай сыйлықтар беріп жіберді.

Бұл сыйлықты сабаққа белсене қатынасып, жазуды өте әдемі жазған, сұрақтарға жылдам жауап берген алғыр балаларға ғана беруімді өтінді.


Жаңаны ашу.

Ц ц дыбысына кім көп сөз айтар екен?



-Циркте кімдер қызмет етеді?

-Нан мен кәмпитті көп өндіретін орын?



-Құрғақ,ұнтақ,тез қататын құрылыс материалы?

-Санның таңбалануын не дейміз?

-Әскери адам дәрежесі?

-Әншілер ән орындайтын орын?

-Ауаға ұшақтарды ұшыру орталығы?

-Тәртіп сақшысы кім?


Жаңаны қолдану.
Топтық жұмыс.

Әр топқа бір қатар беріледі.Өздеріне тиесілі қатарда неше буын бар екенін бірінші тапқан топ жеңімпаз болып табылады.


Цирк-те жұрт сам-са-ған,

Мәз бол-са деп жан са-лам.

Ду күл-дір-сем о-лар-ды,

Қу-а-на-мын мен со-ған.


-Бірінші қатарда неше буын бар?

-Екінші қатарда неше буын бар?

-Үшінші қатарда неше буын бар?

-Төртінші қатарда неше буын бар?


Мақсат қою/проблемалық жағдаят.
Сайқымазақтың іс-әрекеті, бейнесі, киген киімі,бет әлпеті туралы бейне ролик көрсетіледі.Әр сурет көрсетілген сайын топтағы оқушылар жеке-жеке бір сөйлемнен айтып отырады. Нәтижесінде шағын мәтін құралып шығады. Бұл мәтіннің қандай түрі екенін өздеріне әңгімелеу арқылы тапқызамыз.


Оқып меңгергенін тексеру
-Балалар біз сайқымазақтардың өте жылдам әрі денелері өте иілгіш екенін көрдік.

-Өзіміз осы сайқымазақтарша қозғала аламыз ба?

-Ендеше қазір мына қорапта төрт сөз жасырулы жатыр.Қазір топбасшылар келіп біреуін таңдайды.Бірақ жазылған сөзді ешкімге жарияламау керек.Өзінің тобымен осы құпия сөзді денелерін иіп,әріптің нобайын көрсету керек.Құраған сөзін өзге топтар дәл тауып оқыса үш ұпай беріледі.

Бағалау.
Балалардың әр берген ұтымды жауаптарын бір шармен бағалаймын.Әр шар екі ұпаймен есептеледі. Шарды әр баланың орындығына орналастырамын.Нәтижесінде топты бір,әр баланы жеке-жеке санау арқылы бағалай аламын.
Рефлексия.
-Балалар сабақтың негізгі кейіпкері кім болды?

-Ц дыбысына туралы түсінігің қаншалықты?

-Осы дыбысқа неше сөз мысал келтіріп айта аласың?

-Өз жазған жазуыңа қандай баға бересің?




Алфавит әні.


Жұмбақ.

Ц дыбысының баспа және жазбаша түрі

Кеспе әріптер.

Слайд

Жұмыс дәптерлері



Түрлі-түсті шарлар.

Ц дыбысына арналған тапсырмалар.

Шағын мәтін.

Бір шумақ өлең.


Слайд

Жасырын сөздер.




Қосымша мәліметтер:




Саралау- оқушыларға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз ?

Суретте берілген заттардың атауын айтқызып,сол жердегі Ц дыбысының орнын анықтатамын.



Қабілетті оқушыға қалай түрлендіресіз?

Ц дыбысы сөздің басында,ортасында келетін үш сөз ойлап,ондағы Ц дыбысының орнын анықтатамын.



Бағалау – оқушылардың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Ц ц қандай дыбыс?

Ол сөздің қай жерінде кездеседі?

Оқушылардың жауаптарын тыңдап,

бақылаймын.





Пәнаралық байланыс.

Дүниетану,жаратылыстану математика.



Денсаулық және қауіпсіздік.

Жазу барысында қаламсаппен дұрыс жұмыс жасау ережесін сақтау.



АКТ мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементтері)

Бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау,өз пікірін ашық білдіру.






Жетістік критерилері


Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Оқушы оқу мақсатына жетуге талпынады, себебі

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.

Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтай алады.

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.

Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін ерекшелігіне қарай анықтауда

қиналады.




Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер және неге?




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет