12 –дәріс Тақырыбы



Дата21.11.2019
өлшемі36,12 Kb.
#52177
Байланысты:
12-14
62298, 62298, ТП каз (2), байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
12 –дәріс

Тақырыбы: Сөзжасамды оқыту әдістемесі. Сөзжасамды оқытуға көрнекі, техникал. кұралдар мен сөздіктерді тиімді пайдалану. (1сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Мектепте сөз жасалымын оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен принциптері.
2. Сөз жасалымын сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыста оқыту.
3. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер және оларды қолдану жолдары.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сөзжасамды меңгерту жұмысында төмендегідей мақсат міндеттер алға қойылады:
1.Көзделген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылатын жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі.
2.Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерлігіне, дағдыларына машықтандырады, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары жасатылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден; ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйретіледі.
3. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен таныстырылады. Бұл білім терминді атамай-ақ тәжірибелік жұмыс арқылы беріледі.
4. Оқушыларға жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.
Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі тәжірибелік жұмыс жүргізу арқылы аңғартылады, содан соң грамматикалық белгісі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі, ақырында, жаттығулар арқылы танытылған ұғымдар, ережелер бекітіледі.
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады.
Сөз құрамын айтудан бұрын кейде қысқа-қысқа сөйлемдерді оқытып, әр сөйлемде неше сөз бар екенін, әр сөзде неше буын, әр буында неше дыбыс бар екенін таныту да өз нәтижесін береді. Осылай бүтіннен бөлшекке қарай талдау жасағанда, бала әр бөлшектен, керісінше, бүтін сөз, ал бүтін сөзден сөйлем құралатынын білгені жөн. Сөйлем – ойды айтудың негізгі формасы. Сондықтан сөзді сөйлемнен шығарып, сөйлемнің сөзден құралатынын оқушыларға жеңіл түрде түсіндіре алған мұғалім сөздің басты грамматикалық қызметін балаларға дұрыс танытуға жол ашады. Оқушылар түбір, туынды сөздерді салыстыра оқып, мағыналық айырмашылығын, соған лайық тұлғалық айырмашылықтарын айтуға тиіс. Бірақ оқушылар бірден сөздерді жүгіртіп оқып, тапсырманы тез орындай салмауы керек. Тақтадағы көрнекілік сызықшаның екі жағындағы сөздерді сыныптағы барлық бала бір-бір рет өздері оқып алғаннан кейін, бірнеше бала оларды дауыстап қайта оқып, әр сөздің мағынасын айтып беруі керек.
Одан әрі сөздің буын, дыбыс құрамының әр түрлі болатынын білдіру керек те, енді сөздің түбірі, қосымшасы болатынын білдірген дұрыс. Түбірдің негізгі мағына білдіретін сөз бөлшегі, қосымшаның түбірге жалғанып, оған мағына үстейтіні, түбірдің мағынасын өзгертетіні, сөз бен сөзді байланыстыратыны біртіндеп түсіндіріледі. Гүлдер далаға көрік берді сияқты сөйлемдерді көшіргеннен кейін, ондағы сөздерді оқушыға қосымшасыз айттырып көру керек. Сондай салыстырулар нәтижесінде оқушылар қосымшалардың не керегі барын, сөзге қосымшалардың керектігін, жалғауға тиісті екенін аңғарады. Немесе домбырашы – домбыра, балықшы – балық, қой – қойшы, ән - әнші сияқты сөздерді салыстырып, әрқайсысының түбірі бір, мағыналары әр басқа екенін, олай болу себебін оқушылардың өздері айтатындай етіп түсіндіру керек. Содан кейін түбір сөздің, қосымшалы сөздің, қосымшаның анықтамасын, ережесін оқытып, дәптерлеріне көшіртуге болады. Оқушыларға тақырыпты әбден меңгертіп алып, артынан дағдыландыру үшін оқулықта берілген жаттығуларды, әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды, кеспе қағаздар /карточка/ тарату арқылы жаттығу жұмыстарын орындатқан жөн. Негізгі түбір сөздің және оған жалғанатын бөлшегінің бар екенін, қосымша жалғанған сөздің қосымшалы сөз екенін түсіндіріп,оқушылар түбірден қосымшаны айыра алатындай болған кезде, жуан, жіңішке қосымшаларды сөздерге жалғатып машықтандыру керек.Ол үшін сөйлемдерді оқытып, олардан түбір сөздерді таптырамыз. Осы арада түбірге қосымша жалғатып айттыру керек. Енді оқушылар қосымшаның сөзге жалғанғандағы қызметін аңғаратын болады. Жуан дауысты түбірге жуан, жіңішке дауысты түбірге жіңішке қосымша жалғанғанын сынып оқушылары мүдірмей айта алатындай болуы керек.
Сөзге жалғанатынның бәрін қосымша деп танытқаннан кейін қосымшаның жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінетінін меңгерту керек. Міне, осы арада қиындық туатыны сөзсіз. Оқушыларға жұрнақ пен жалғауды айыра алатындай бастапқы білім берудің дұрыс жолдарын қарастырған мұғалім ол қиындықты да жеңе алады. Сөзге жұрнақ жалғанғанда, оның бұрынғы мағынасы өзгеріп, басқа затты білдіретіні, жалғау жалғанғанда, сөздер ондай өзгеріске ұшырамайтынын нақты мысалдар келтіре отырып, салыстыра түсіндірген жөн.

Дәрісті қорытындылау: Оқу жоспары мен бағдарламалық талапқа сәйкес жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі пәнінен сөз жасалымын оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен принциптері Сөзжасамды оқыту әдіс-тәсілдері. Қазақ тілінің сөзжасам тарауын оқыту жайында әдіскер ғалымдардың пікірі. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары. Жаңа технология страгегияларын қазақ тілінің сөзжасам сабақтарында тиімді қолдану жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөз құрамын талдау мен сөз жасамын талдау, бұлардың ұқсас және айырмашылық жақтары қандай ?
2. Сөз жасамын оқытуға қандай көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды, сөздіктерді пайдаланған тиімді болады деп ойлайсыз? Пікіріңізді қалай дәлелдей аласыз ?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004
4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001
11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесіАлматы, Ана тілі, 1996 ж.

13 –дәріс



Тақырыбы: Морфологияны оқыту әдістемесі. Оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны, құрылымы, принциптері. Морфологиян. негізгі ұғымдарын меңгерту. (1сағат)
Дәрістің жоспары:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде морфологияны оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, құрылымы мен принциптері.
2. Морфологияны оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер және оларды тиімді қолдану жолдары.
3.«Сөз таптары» ұғымын қалыптастыру әдістемесі.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Сөздің мағыналы бөлшектерінің (морфемалардың) ұғымын жетік меңгеру үрдісі оқушылардың абстракциялы ойлаудың дамуын, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Тіл ойдың мазмұны, тікелей шындығы. Сөздің мәні ойдан көрінеді. Ой тіл арқылы жеткізіледі, айтылады, сөз арқылы безендіріледі. Әрбір ой міндетті түрде белгілі сөздік материалда пайда болады. Сөз материалдық болмыстың баламасы. Ой пайда болса, ол белгілі, нақты сөздік формада білінеді, көрінеді. Тіл мен ойлау-адам миының үлкен жарты шарларының қабығында үздіксіз өтіп жататын анализдеу және синтездеу әрекеті. Сөйлеу мен тілдің дамуы танымдық іс-әрекет негізі.Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар мектеп оқушыларының сөз мәнінің қандай екендігіне қарамастан, сөздің дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады.Сөзді жетерліктей терең ұғына білу тек арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады. Тіл еліктеу үрдісінде дамиды .Ана тілін үйренудің заңдылығы қабілеттердің даму үрдісінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады:
1.Сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті, сөздің дыбысын артикуляциялау, интанация элементтерін моделдеу және оларды есту.
2.Дыбыс кешендері мен интанациялары тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну.
3.Сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау.
4.Сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрлерін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.
Ал морфемаларды оқып – білудің, толық меңгертудің маңыздылығы мынадай:
Біріншіден, сөзді морфологиялық құрамына талдау жұмысы және жаңа сөз жасау жаттығулары оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытады.
Екіншіден, сөз құрамы жөнінен теориялық материалмен бастапқы танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.
Үшіншіден, сөз құрамын зерттеу оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз болады.
Төртіншіден, сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру, оқушылардың сөз тануға деген назары мен ынтасын аударады. Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыландырады.
Сөз құрамын (морфемаларды) меңгерту жұмысында төмендегідей мақсат міндеттер алға қойылады:
1.Көзделген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылатын жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі.
2.Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерлігіне, дағдыларына машықтандырады, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары жасатылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден; ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйретіледі.
3. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен таныстырылады. Бұл білім терминді атамай – ақ тәжірибелік жұмыс арқылы беріледі.
4. Оқушыларға жазу ережелерінің негіздерін білдіріп, олардың өз сөздерінде өте жиі қолданатын қосымшаларды пайдалануға назар аударылады.
Сөз құрамы тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі тәжірибелік жұмыс жүргізу арқылы аңғартылады, содан соң грамматикалық белгісі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі, ақырында, жаттығулар арқылы танытылған ұғымдар, ережелер бекітіледі.
Сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады.
Грамматикалық морфология бөлімінің ең күрделі әрі көлемді тарауы – сөз таптары. 6-сыныпта сөз таптары жөнінде жалпы түсінік беріледі. Тіліміздегі сөздер мағынасына, сөйлемдегі қызметіне қарай негізгі, көмекші болып екіге бөлінетіндігі нанымды мысалдарды талдау жолымен таныстырылады. Ережелер түсіндіріледі.Сөз таптарына жеке тоқталып, оқыту әдістері, жолдары ұғындырылады. Грамматикалық талдау білімді бекіту, материалды қайталау мақсатында жүргізіледі. Мектеп тәжірибесінде талдау мазмұнына қарай: морфологиялық, синтаксистік; көлеміне қарай: толық, жартылай; тәсіліне қарай: ауызша, жазбаша; орнына қарай: сыныптық және үйде орындалатын болып бөлінеді.

Дәрісті қорытындылау: Оқу жоспары мен бағдарламалық талапқа сәйкес жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі пәнінен морфологияны оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, құрылымы мен принциптері. Морфологияны оқыту әдіс-тәсілдері. Қазақ тілінің морфология тарауын оқыту жайында әдіскер ғалымдардың /Б.Кәтенбаеваның, М.Нұрғалиеваның, Д.Әлімжановтың /пікірлері. Морфологияны оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары. Жаңа технология страгегияларын қазақ тілінің морфология саласын өтуде тиімді қолдану жолдары.

Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде морфологияны оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері, құрылымы мен принциптері.
2. Морфологияны оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер және оларды тиімді қолдану жолдары.
3.«Сөз таптары» ұғымын қалыптастыру әдістемесі.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004
4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001
11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесіАлматы, Ана тілі, 1996 ж.

14 -дәріс



Тақырыбы: Синтаксисті оқыту әдістемесі. Сөз тіркесі,

сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін меңгерту жолдары. (1сағат)


Дәрістің жоспары:
1.Мектепте сөйлемнің құрамын оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны мен принциптері.
2. Сөйлем мүшелері болудың шарттары, анықтамасын меңгерту.
3. Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Жалпы білім беретін орта мектептердің 8-сыныбына арналған қазақ тілі оқулығында (авторлары: С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова) сөйлем мүшелерін оқытуға 19 сағат уақыт берілсе, соның ішінде тұрлаулы мүшелерді оқытуға, яғни №1 модульге 7 сағат, тұрлаусыз мүшелерді оқытуға, №2 модульге 12 сағат берілген.
Модульдік әдіске келтіру барысында берілген сағат саны тақырыптарға байланысты екі модульге бөлінді. Бірінші модуль бойынша сөйлем мүшелері жайлы алғашқы кезеңде алған білімдерін жинақтап, жүйелеу, жалпы модуль жайлы түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың сөйлемнің тұрлаулы мүшелері болатын себептерін, бастауыш және баяндауыш болатын сөз таптарын, дара, күрделі және үйірлі бастауыш болып келуін, тұрлаулы мүшелердің сұрақтары мен сөйлемдегі орны жайлы, бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша жайлы түсінік беріліп, оларды бекіту үшін оқытудың түрлі интерактивті әдісі қолданылады.
Екінші модуль бойынша сөйлемнің тұралаусыз мүшелері, бірыңғай мүшелер меңгертіледі.
Модульді-интерактивтік оқыту технологиясының ерекшелігі деп оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуын жоғарыда атап өттік. Ендеше осыдан барып төмендегідей негізгі мақсаттар айқындалады:
Сауаттылық (грамматикалық жаттығулар негізінде):
Оқушыларға тақырыпты меңгерту, сауаттылықтарын дамыту; өз ой-пікірін сауатты қағаз бетіне түсіре білуді қалыптастыру.
Шығармашылық (шығармашылық бағыттағы тапсырмалар негізінде):
Заман талабына сай шығармашыл тұлға қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың әдеби тілді меңгеруіне жол ашу; сөздік қорларын толықтыру; ғылыми, арнаулы және қоғамдық-саяси мәтін түрлерін оқу және түсіну; мәтін құрылымын ойша талдау.
Тірек сигналдары, кестелер негізінде
Логикалық ойлау дағдыларын дамыту; өзбеттілікке, ізденімпаздылыққа баулу.
Интерактивті оқыту әдіс-тәсілдері негізінде
Жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы сабырлылыққа; ой бөлісе білуге баулу; алған білімдерін, қайталау бекіту; есте сақтау қабілеттерін дамыту; өзбеттілік қабілеттерін дамыту; жұппен, топпен жұмыстарды өзара бағалата отырып, әділдік пен адалдыққа баулу.
Берілген 19 сағат тұтастай практикалық оқытуға жатады.
Бақылау жұмысы.
Әр модульден кейін міндетті түрде білімдерін байқау мақсатында тестік бақылау жұмысы қарастырылған. Бұдан басқа деңгейлік тапсырмалар, «Брейнг-ринг» және «Бақытты сәт» сияқты оқыта үйрету ойындары да берілген, бұл тапсырамаларды орындатқызу арқылы да оқушылардың білімін байқап, бақылап отыру көзделген.
Материалды меңгеру барысында төмендегідей талаптар қойылады:
Оқушылар білуі керек:
қазақ тілінің ауызекі сөйлеудегі және жазудағы негізгі заңдылықтарын;
грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың қолданылуын және жасалуын;
меңгеруі керек:
алған ақпаратына сүйеніп, ауызша және жазбаша пікірін ортаға салуды;
сөйлемдегі әр сөздің синтаксистік қызметін анықтап, сөйлем мүшелеріне талдай білуді;
тірек сигналдары мен кестелерді қолдануды меңгеруі керек;
түсінігі болуы керек:
модульді-интерактивтік оқыту технологиясы жайлы;
тірек белгілері туралы;
Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер. Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші етістіктер, қаратпа, қыстырма сөздер.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
толық мағыналы сөз болуы керек;
сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.
3 кесте бойынша түсіндіру
Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз.
Ал күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені күрделі мүше дейміз.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан көп сөздерден құралып, бастауыштық- баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшенің күрделі мүшеге ұқсастығы-екеуінің де екі не одан көп толық мағыналы сөзден тұратындығы. Айырмашылығы – үйірлі мүшенің өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа және басқа мүшелерге жіктелетіндігі.
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауышты айтамыз.
Бастауыш – сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары : кім? не?
Баяндауыш - бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін тұрлаулы мүше. Сұрақтары: Не істеген? Не істеді? Қайтті? Не істемек?
Тұрлаусыз мүшелер деп өздігінен сөйлем құра алмайтын, тек сөйлемде берілген ойдың шеңберін кеңейтетін анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштарды айтамыз.
/Слаидтан көрсете отырып түсіндіріледі/
Интеғрактивті технологияның Синквейн әдісі /француз тілінен аударғанда «бес» - cinguains/ бес жолдан тұратын өлең. Бұл әдіс тақырыптан берілген теориялық материалдарды синтездеуде және оқушы білімін тексеруде қолданылады. Жүргізілу тәртібі төмендегідей: 1-тақырып; 2-екі сын есімнен тұратын тақырыптың суреттемесі; 3-үш етістіктен тұратын іс-әрекеті; 4-тақырыпты ашатын төрт сөзден құрылған сөйлем немесе фраза; 5-тақырыпқа өзек болатындай сөз, ол не синоним. /У қарағай. 37-жаттығу/.
2) 56-жаттығу. Сыйрақ – өз Отанының ұлы патриоты. Мәтін 286 сөзден тұрады. Мәтіннің соңындағы шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орындау үшін интерактивті технологияның Биопоэма әдісін қолдана аламыз. Ол қандай әдіс?
1. Аты. 1. Сыйрақ.
2. 2-3 сын есім. 2. Ақылды, батыр.
3. Халыққа қызметі. 3. Еліне деген ерекше махаббаты.
4. өзі сүйетін 3-4 нәрсе. 4. Өзінің елін, жерін, туыстарын, достарын сүйеді.
5. өзі басынан өткізген 2-3 сезім. 5. Тұтқындағы көрген қорлығы, дене жарақаты.
6. адам қорқарлық 2-3 жағдай. 6. Ештеңеден қорықпайды.
7.1-2 жетістігі. 7. Кек алуы.
8. Өзі қол жеткізгісі келген 2-3 нәрсе. 8. Жауды жеңу, елін азат ету.
9. Мекен-жайы. 9. Орта Азия, Қазақстан.
10. Тегі. 10. Сақ, қазақ.

Дәрісті қорытындылау: Болашақ мұғалімдерге 8-сынып оқушыларына сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдарын жаңа әдіс-тәсілдер арқылы түсіндіруге машықтандыра отырып меңгерту. Электронды оқулықты пайдалану барысында олардың таным әрекетін дамыту, оқушыларды тапқырлыққа баулитын тапсырмалар топтамасын әзірлеуге жетілдіру.
Бақылау сұрақтары:
1.Мектепте сөйлемнің құрамын оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны мен принциптері.
2. Сөйлем мүшелері болудың шарттары, анықтамасын меңгерту.
3. Сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. 1956
2. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.
3.Бұзаубақова К. Ж.Жаңа педагогикалық технология.А.,2004
4.Әбдікәрімова Т., Әбдіғалиева Т., Шәймерденова К. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.,1999
5.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.,1998.
6.Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. Москва, 2001.
7.Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999
8.Оразбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.
9.Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва – 1986.
9.Махмутов М. Современный урок. Москва,1985
10.Бейсембайқызы З. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001
11.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесіАлматы, Ана тілі, 1996 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет