12 тақырып. (Сапр) автоматты жобалау жүйелерi туралы ортақ мәлiметтер



Дата15.12.2023
өлшемі31,92 Kb.
#197191
Байланысты:
лекция-12


12 тақырып. (САПР) автоматты жобалау жүйелерi туралы ортақ мәлiметтер.
Автоматтандыру негіздері
Автоматтандыру дегеніміз – өндіріс процесстері кезінде адамның қатысуын азайтуға арналған ғылыми-техникалық прогресстің бір бағыты, нақтырақ айтатын болсақ: реттелгіш техникалық құралдар мен математикалық әдістерді өте қиын және қауіпті амалдарды орындауға қолдану.
Автоматтандыру облыстары:

  • Өндірістік процесстер;

  • проектілеуде;

  • ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

  • ғылыми зерттеулерде;

  • бизнес процесстері;

  • және адамның т.б. кызмет салаларында.

Автоматтандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің сапасын арттыруға, басқару процесстерін оптимизацияландыруға, адамды денсаулыққа зиянды жұмыстардан қатыстырмауға мүмкіндік береді.
Қойылған тапсырманы автоматтандыру комплексті жүйелі түрде қарауды қажет етеді. Автоматтандыру жүйелерінің құрамына датчиктер(сенсорлар), енгізу құрылғылары, басқару қрылғылары(контроллер), орындау құрылғылары, шығару құрылғылар және компьютерлер жатады.
Есептеулерде қолданылатын кейбір әдістер адамның жүйке және ойлау функцияларының жұмысына ұқсайды. Бұл құрылғылар комплексін жалпы түрде жүйелер деп атайды.
Автоматтандыру жүйелерінің негізгі түрлері:

  • Жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі (АСП)

  • Ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі (АСНИ),

  • Автоматтандырылған проектілеу жүйесі (САПР),

  • Автоматтандырылған эксперименттік комплекс (АЭК),

  • Икемделген автоматтандырылған өндіріс (ГАП)

  • Технологиялық процесстерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АСУ ТП),

  • Пайдалануды басқарудың автоматтандырылған жүйесі(АСУ)

  • Және автоматтандырылған басқару жүйесі (САУ).

Автоматтандырылған жүйелер дамуының негізгі тенденциясы келесі бағытты қамтыған, яғни болашақта алдыға қойылған тапсырманы адамның қатысуынсыз орындайтын автоматтандырылған жүйелер құру. Ал адамның жұмысы бастапқы мәліметтерді дайындау, тапсырманы орындайтын алгоритмді таңдау(шешу әдісі) және алынған нәтижені анализдеу ғана болып қалады.
Бірақ, кейбір өте қиын тапсырмалар мен процесстерде автоматтандырылған жүйенің жұмысын адам міндетті түрде қадағалап отыру керек, мысал ретінде аралық мәліметтерді енгізеді және т.б.
Автоматтандырылған процесстер уақытты жақсы үнемдеуге мүмкіндік береді, бірақ кейбір жағдайда стандартты емес процесстерде адамның тікелей қатысуы абзал.
Өндірістік автоматтандыру.
Өндірістік автоматтандыру – машиналық өндірістің дамуы барысында бұрын адам атқарып келген басқару және бақылау жұмыстарын приборлар мен автомат құрылғыларға жүктеу процесі. Өндірістік автоматтандыру – осы заманғы өндірісті дамытудың негізі әрі техникалық прогрестің ең басты бағыты. Өндірістік автоматтандырудың жарым-жартылай, кешенді және толықтай автоматтандырылған түрлері бар. Өндірісті жарым-жартылай автоматтандыру өте күрделі әрі тез өтетін процестерді адамның тікелей басқаруы мүмкін болмайтын жағдайларда пайдаланылады. Басқару жұмыстарын автоматтандыру өндірісті жарым-жартылай автоматтандыруға жатады. Өндірістік автоматтандыру процесі кезеңінде телім, цех, зауыт, электр станциялар өзара бір-бірімен байланысқан автоматты кешен ретінде жұмыс істейді. Кешенді автоматтандыру кәсіпорынның, шаруашылықтың, қызметтің негізгі өндірістік жұмыстарын түгелдей қамтиды. Адам бұл жағдайда жалпылама бақылау жұмыстарымен ғана айналысады. Өндірісті толықтай автоматтандыру өндірісті басқару мен бақылау жұмыстарын түгелдей автоматтандырылған жүйелерге жүктейді. Бұл процесс – автоматтандырудың ең жоғары сатысы. Өндірісті толықтай автоматтандыру іске қосылатын өндіріс рентабельді, жұмыс ырғағы ылғи бір қалыпты және әр түрлі ауытқуларды алдын ала болжап, есепке алу мүмкін болатын жағдайларда, сондай-ақ адамға қауіпті және денсаулығына зиянды өндірістерде іске асырылады. Өндірістік автоматтандырудың негізі басқарылушы нысанның заңдылықтарын тиімді түрде зерттеу әдістерін жасау, басқару әдістерінің экономиялық тиімділігін анықтау және автоматтандыру құралдарын жасаудың инжинерлік әдістерін табу секілді мәселелерден құралады. Белгілі мақсатқа жету үшін таңдалып алынған тиімді басқару әдістері мен оны іске асыратын техникалық құралдар автоматтандырылған басқару жүйесін (АБЖ) құрады. Осы заманғы АБЖ-ның құрамына сигналдар тудыру құрылғылары, логикалық және математикалық өңдеулерден өткен ақпаратты қабылдау және қайтарып беру, белгілі болған ақпараттарды адамға хабарлау, басқару сигналдарын тудыру және жұмыстық құрылғылар кіреді.

Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі


Ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Оқытылатын тарауларды оқытудың жобалау әдісімен оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін пайдалану оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. XXI ғасыр –ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту ең басты орын алады. Болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен қарым қатынасқа оқытып тәрбиелеуге жағдай жасайды. Елдерде қазіргі технологияның дамуы, қоғамды парасаттандыру, жаңа білімді туындату, игеру қабілетімен де анықталады. Жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде жаңа технологиялардың кең көлемде қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену үдерісі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Үйлестіру үдерістерінің қарқынды дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады. Осыны жүзеге асыру үшін электрондық оқулықтарды пайдалана білуімізді қажет етеді. Электрондық оқулықтар студенттің ойлау қабілетін, өзін-өзі реттеуді дамытады, өздігінен оқып үйренуге талпындырады. Мысалы, қазақ тілін нәтижелі үйрету, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, сұранысын туындыру-бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін кеңейтеді. Оқыту жүйесінің жан-жақтылығын көрсетеді. Компьютермен оқытудың мақсаты білім деңгейлері жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, студенттің тілге деген қызығуы, сабақ сапасы бұрынғыдан да арта түседі, диалогтік, монологтік тілдері кітаптағы берілген тапсырмалар арқылы дамытады. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Заман талабына сай мамандардың жоғары жетістікке жетуіне компьютердегі жұмыстың маңызы жоғары. Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазіргі білімнің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады. Компьютерге байланысты мамандықты игергендер үнемі білімін жетілдіріп, көш алдында болғаны жөн. Өйткені уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді. Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану оқытушыға дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Студенттерге білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттің танымдық белсенділігін арттырып, ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың ережелеріне сәйкес келеді. Студент әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі студенттің жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені студент электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды. Электронды оқулық – бұл студентке ғана емес, сонымен қатар оқытушыға да көмек. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге ықпалы үлкен. Сондай-ақ электронды оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттің бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр студентттер түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықтар студенттің бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл студент үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, студентке қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдайларында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге, ойын жинақтауғакөмектеседi. Электронды оқулықтар студенттерге: 
- бiлiм деңгейiн тереңдетуге;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттердiң сөздiк қорының молаюына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.
Оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Электронды оқулықты пайдалана отырып көрнекі түрде ақпарат ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік- жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу болашағы мен кейбір мәселелері.
Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісі сферасындағы рөлін жоғарлату үшін мемлекеттік ресурстық потенциалын толығымен жүзеге асыру қажет, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерден тәуелділік жағдай болмас үшін дайын өнім өндіретін салалардың ролін жоғарлату керек. Бұған, елге жаңа серіктестіктерді тарту жолы, сонымен қатар экспорттық-импорттық саясатты жақсарту және Қазақстанды ғылыми сыйымды өнімдер нарығына тарту арқылы жетуге болады.Жаңа серіктестіктерді іздеу. Қазақстан үшін капиталын тарту технологиялық артта қалушылықты жеңудің және т.б. кедергілерді жоюдың негізгі факторы болып табылады. Ол үшін тұрақты инвесторларды іздеу керек.
Қазіргі кезде Қазақстан мұнайлы аймақтарды игеру жөнінен шамамен 30 мұнай жобасы бар. Теңізден Қара теңіз портына дейін мұнай құбырлары салынуда. Иран Ислам Республикасының территориясы арқылы өтетін және мемлекет территориясында мұнай құбырларын салу туралы мәселелер қаралып жатыр. Мұнайдан түрлі өнімдер жасап шығаратын және қазіргі бар зауыттарды қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мысалы, ел экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгерте алатын және белгілі бір дәрежеде бар сәйкессіздіктерді жоя алатын Қарағанды металлургия комбинатын және басқа да ірі объектілерді қайта құру.
Республиканың көптеген елдермен экономикалық байланыстары бар: АҚШ-мен, Алманиямен, Франциямен, Австриямен, Турциямен, Оңтүстік Кореямен және басқалармен. Мұнай газ кен орындарын игеру үшін шетел капиталын қатыстыру көпшілік мақұлдаған дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес жүргізілу керек. Біздің қимылымыздың бастамасы дүниежүзілік ортақ ережелер, дүниежүзілік тәжірибе болу керек, әйтпесе біз өзіміздің байлығымызды жоғалтып аламыз. Осы ережелерден басқа, үкімет 1993 жылдан бастап сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы аймағында қатаң шараларды қолдана бастады. Инвестициялық саясатты жақсарту үшін, Қазақстан елдің экспорт және импорт баланстарын жасауы керек.
Экспорттық-импорттық стратегия. Экспорттық-импорттық стратегияны “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасына сәйкес дайындау керек. Оған сәйкес экспорт, импорт сферасында Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнын және рөлін өсіретін бағыттары бар. Республиканың экспорттық стратегиясын нақты бір нарықтардың ерекшеліктерін есепке ала отырып дайындау керек. Сондықтан, жаңа дүниежүзілік нарықтарға ену мүмкіндіктерін зерттеу кезінде ең алдымен коньюктуралық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Жаңа технологияны сатып алу және біріккен кәсіпорындар құру арқылы, өндірісті ұйымдастыру мүмкіндігі болса да, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің кейбір түрлерін, медициналық құрал-жабдықтарды және медикаменттерді сатып алуға мүмкіндік беру керек.
Екінші бағыт – республиканың халық шаруашылығының әрбір саласы импорттық саясатын дайындауы керек, әсіресе аграрлық секторда, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, машина жасау өнеркәсібінде.
Үшінші бағыт – бұл едәуір аз шығындармен өнім шығаруға және қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар импорты. Бізбің елімізде лизингті ұйымдастырып, дамыту қажет. Бұл мәселелерді шешу дүниежүзілік экономикалық жағдайға күрделі талдауды қажет етеді. Барлығын қымбатырақ сату және арзанырақ сатып алу саясаты – бұл люмпен саясаты.
Ғылыми сыйымы тауарлар импортымен ғана шектелуге болмайды, сонымен қатар халықаралық экономикалық қатынастарда мемлекетіміздің рөлін жоғарылатуға мүмкіндік беретін жаңа техника мен технологияларды шығару керек.
Қазақстан ғылыми-сыйымды өнімдер нарығында. Ғылыми сыйымды өнімдермен айырбас қызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, сатып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғалымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркәсіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер, лицензиялар, “ноу-хау”, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың терминологиясын қолдана отырып, заттай емес формадағы технологиялық айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер айырбасының объектісі болып өнеркәсіптік меншік, яғни изобретение, тауарлық белгілер және өнеркәсіптік үлгілер табылады.
Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін шеше отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет