4-тапсырма ЭжМ



Дата10.03.2022
өлшемі241,26 Kb.
#135063
Байланысты:
4-тапсырма ЭжМ
1-тапсырма. Науашқызы Қүлаш, 3ggCxlRkzpupoEMhA6wfw1aBVDTShO8XLOxpAC0G, ЭжМ 6-тапсырма, ЭжМ 7 тапсырма, ЭжМ 5 тапсырма, Дәрістер механика, Жалпы физика курсы 1-бөлім, 3-4 апта лекция, 3 срс 2, СӨЖ 1. Кулон заңы, 1-Электр және магнетизм, Жайна, Еп-19-3к4 Әлімбек Жайна, Казахстан тарихы 6-11 сынып алфавит

Нұрғожаева Айдана Бағдәулетқызы
ДОТ 502 математика-физика
Тұрақты токтың магнит өрісі. Токтардың өзара әсері


Уақыт ішінде өзгермейтін электр қозғаушы күштер (ЭҚК), токтар, кернеулер тұрақты деп аталады.
Осы шамалардың графиктері келесі суретте келтірілген.

Тұрақты ЭҚК тудыратын ол тұрақты тоқтың генераторлары, электр энергиясының химиялық көздері (аккумуляторлар, құрғақ элементтер, термопаралар, фотоэлементтер) және түзеткіштер-айнымалы токты тұрақты тоққа түрлендіргіштері.


Тұрақталған режимде тұрақты тоқтың тізбектерінде тек қана энергияның басқа түрлеріне (жылу, жарық механикалық) электр энергияның қайтарымсыз түрленуі өтеді, сондықтан тұрақты токтың кез келген тізбегін идеалдандырылған элементтерді -ЭҚК көздері Е және R кедергілерін қолданып көрсетуге болады, олардың шартты белгілері келесі суреттерінде келтірілген.

Магнит өрісі туралы ұғымға ғылымда магниттелген денелердің немесе тогы бар сымдардың бір біріне тартылуы немесе бір бірінен тебілуі, тогы бар сымдарының магнит тіліне әсері, электромагниттік индукция құбылыстарына байланысты магнит өрістерін ұзақ бойы бақылап және ұзақ уақыт зерттеулерінің нәтижесінде келді.


Магниттік құбылыстарды зерттеу және оларды іс жүзінде пайдалану мәселесімен көптеген орыс және шет елдік ғалымдар айналысты.Олардың қатарында орыс академигі Э.Х.Ленц (1804-1865), Б.С.Якоби (1801- 1874), француз физигі және математигі Ампер (1775- 1836) және т.б. болды.
Магнит өрісінің көзі – қозғалыстағы электрлік заряд, яғни электр тогы. Магнит өрісі – қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магниттік моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды. “Магнит өрісі” терминін 1845 ж. ағылшын физигі Майкл Фарадей енгізген. Макроскопиялық магнит өрісінің көздері – магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс –магнит өрiсiн туғызады.
Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды. Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсi тарапынан әсер ететiн күштi Ампер күшi деп атайды.
Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әсер ететiн күштi Лоренц күшi деп атайды. Магнит өрiсiнде қозғалатын электрондардың бастапқы бағытынан ауытқуына әкелiп соғатын Лоренц күшi, табиғаттың көптеген құбылыстарында кездеседi. Мысалы, «полярлық шұғыла» құбылысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет