138 Абай атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі Қиясова Ботагөз Өмірзаққызы



Дата04.08.2017
өлшемі258,08 Kb.
#22978






138 Абай атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Қиясова Ботагөз Өмірзаққызы

Тақырыбы: «Қыз еркем, ісімен көркем»

Мақсаты :

  1. Технология сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету және қазақ халқының

ұлттық өнерін дәріптеп, келешек ұрпаққа үйрету,

  1. Оқушылардың шығармашылық, бәсекелесу

қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға,

ойларын жинақтап, қорытынды жасауға,

шапшаңдыққа тәрбиелеу.


  1. Қыздарды әдемілікке, ұйымшылдыққа,

өнерге, шеберлікке, сұлулыққа баулу.

Көрнекілігі: слайд, қолөнер бұйымдары, сызба үлгілері, буклеттер,

Түрі: сайыс сабақ

Сабақтың жоспары 1. Ұйымдастыру бөлімі:

  • Сайыс сабақтың тақырыбымен таныстыру

  • Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру

  • Әділқазы алқаларымен таныстыру

  • Өнер көрсету сайысының шарттарымен таныстыру



2. Сайыстың барысы

3. Сайыс қорытындысы

Сабақтың барысы

-Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар!

«Қыз еркем, ісімен көркем» атты ашық тәрбиелік сайысымызға қош келдіңіздер!

Технология пәнінің мақсаты оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп,өндіруге бейімдеу болып табылады. Ата-бабамыз бала тәрбиесіне, тіршіліктің келешегіне ерекше мән берген. Баланы жас кезінен көзі көргенді көңіліне тоқып, қолы үйреніп, істей алатындай болуға бейімдеп өсірген. Ұлы мен қызының сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалады.

Өнерле өлшем жоқ. Өнердегі өлшем ептілік, үйрену және істеген ісінің көзге көрікті, әдемі болуы.

Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 6-7 сынып оқушыларынан құралған «_________________» және «_________________» топтары өз білімдері мен өнерлерін көрсетуге келіп отыр.

Сайысты бағалау үшін әділқазы алқасымен таныс болыңыздар

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін



  1. Таныстыру

  2. Үй тапсырмасы (Шығармашылық жоба қорғау)

  3. «Менің қолөнерім...» (шеберлік сайысы)

  4. Сұрақ – жауап бөлімі

  5. Пәтер интерьерін жасау (топтық жұмыс)

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетсе деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.





  1. Сайысымыздың 1-ші кезеңі бойынша топтың атымен, ұранымен таныстыру



  1. Үй тапсырмасы бойынша әр топтан бір қыз өзінің таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық жобасын қорғайды.



  1. Сайысымыздың үшінші кезеңі «Менің қолөнерім...» деп аталады. Бұл бөлімде топтағы қыздар бір-бір қолөнер бұйымын жасап көрсетеді және түсінік беріп өтеді.



  1. Киімді пішу және тігу

  2. Ілмекпен тоқу

  3. Аппликация

  4. Бисермен жұмыс

  5. Изонить (жіппен бейнелеу)

  6. Киіз матадан бұйым тігу



  1. Ақылдылық қыздарға жарасады, Көзі ашық, кім бүгін санасады, Тапқыр болсаң, тауып көр, сайыста. Ақылына көркі сай қыздарымыздың, Сыналар білімі мен парасаты- дей отырып, келесі кезекте сұрақ-жауап сайысы, топ мүшелері топтасып жауап береді.



  1. Сайыстың бесінші кезеңі «Пәтер интерьері» деп аталады. Қыздар берілген жиһаздардың суреттері бойынша бөлменің ішкі көрінісін жасайды (жиһаздың, тұрмыстық жабдықтардың, жарықтың айрықша орналастыруы және арақатынасы)

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Қорытындылау. Марапаттау.
Каталог: uploads -> doc -> 0538
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0538 -> Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет