Сөж тақырыбы: Қарапайым физиотерапия Орындаған: Жумабекова Аяулым сд-09/17-11/18 Тексерген: Г. Тәңірбергеновна Алматы, 2018



бет1/5
Дата22.06.2022
өлшемі95,6 Kb.
#146961
  1   2   3   4   5
Байланысты:
мб ici СӨЖ .
Балалардағы пневмония

Алматы медициналық колледж “ДИМЕД”

СӨЖ
Тақырыбы: Қарапайым физиотерапия

Орындаған: Жумабекова Аяулым
СД-09/17-11/18
Тексерген: Г.Тәңірбергеновна

Алматы , 2018
Қарапайым физиотерапия ( Қыша, мұздатқыш, сүлік)

Компресс – дегеніміз –көп қабаттап орау.
Компрестің түрлері:
Құрғақ суық
Дымқыл ыстық
Жалпы жылы
Жергілікті дәрілік
12.4.Мұздатқышты қоюдағы мейірбикелік стандарт
Мақсаты:суықтың әсері терінің тамырларын жіңішкертеді және тереңдегі мүшелер мен тіндердегі ауырсынуды және қабыну процессін басады, нервтік рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді.
Көрсеткіштері:
· жедел қабыну процестері;
· қан кету;
· жарақаттану;
· дене қызуы көтерілуі;
· жәндіктердің тістеуі;
· іштің ауырсынуы.
Қарама – қарсы көрсеткіштері:
· созылмалы қабынулар;
· тері аурулары.
Жабдықтар:мұздатқыш, ұсақ мұзды кесіндер, су (14-160С), жеке орамал, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, дәке.
Процедура барысы:
-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;
- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;
-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;
-қолды жуып, құрғатыңыз;
-мұздатқышты ұсақ мұздармен ортасына дейін толтырып, суық су құйыңыз;
-көлденеңінен қойып, ауасын шығарып, бұрандасын жабыңыз;

12.4-сүрет: мұздатқышты қолдану әдісі
-сыртын құрғатып,орамалмен орап пациенттің керекті жеріне беріңіз;
- 20 -30 мин. ұстаңыз (аралығы 20 мин);
Ескерту:жалпы уақыты үзілістермен қоса екі сағаттан аспайды;
· мұздатқышты алып, суын төгіп мұздарды алып тастаңыз;
· пациентті ыңғайымен жатқызыңыз;
· мұздатқышты дәкемен кез келген дезинфекциялық ерітіндісі екі рет (аралығы 15 минуттн) өңдеңіз;
· қолды жуып, құрғатыңыз.
Ескерту:егер терісінің тұтастығы бұзылса мейірбике резенке қолғаппен жұмыс істеп оны кез келген дезинфекциялық ерітіндісімен зарарсыздандырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет