15 билет Математика бойынша факультативтік курстардың мақсаты, маңызы, мазмұны. Факультатитвтік сабақтарды өткізу әдістемесі



бет1/4
Дата23.06.2022
өлшемі31,64 Kb.
#147012
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Мұхтазар Аружан Анатомия СОӨЖ 9 ХБ-20-1, Мұхтазар Аружан Анатомия СОӨЖ 9 ХБ-20-1, 1класссник

15 билет

  1. Математика бойынша факультативтік курстардың мақсаты, маңызы, мазмұны. Факультатитвтік сабақтарды өткізу әдістемесі

1966 жылғы 10 ноябрьдегі «Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары» туралы қаулысында факультативтік сабақтар мектептегі оқу-тәрбие процесінің жаңа түрі ретінде қабылданғанды. Мектептегі факультативтік сабақтардың мақсаты – оқу-шаралардың математикалық білімдерін одан әрі тереңдету, қабілеттерін дамыту, матматиканың әр алуан қолданымдарын қөрсету, олардың пәнге ынтасын арттырып, кәсіптік бағдар беру. Бүгінгі таңда математиканың факультативтік сабақтары орта мектептерге жаппай енгізіп, оқушылардың жалы математикалық даярлығын арттыруда келелі орын алды. Факультативтік сабақтар Vlll – Xl кластарда жүргізіліп, Vlllскласта аптасына 1 сағат, lX класта 2 сағат, X класта – 4 сағат, Xlкласта – 4 сағат бөледі.
Факультативтік сабақтар оқушылардың бейімділігі мен ынтасын өрістейді. Факультативтік сабақтардағы тарихи даму сатыларын хронологиялық тәртіппен баяндауды, жеке фактілер мен ірі тұлғаларды ауық – ауық еске салуды көздейді. Мұндағы мақсат – оқушылардың пәнге ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту.
Факультативтік курстің пәрменділігін арттыру жолдарының бірі – практкалық жұмыстар орындау. Сабақтың бұл түрі оқу процесін білімді іс жүзінде қолданумен ұшырастыруға жол ашады. Мұнда мұғалім ең алдымен оқушыларды практикалық жұмыстың мақсатымен, жұмыс істеу тәртібімен таныстыруы, қажетті нұсқаулар беруі тиіс.
Факультативтік курс тк үлгірімі жақсы оқушыларға ғана арналған деген жаңсақ пікір бар. Енді бір мұғалімдр факультативтік сабақтарды үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін пайдаоанады. Үшінші біреулер жоғары оқу орындарына түсінушілерге арналған практикалық сабаққа айналдырады. Мұның бәрі дұрыс емес.
Факультативтік курс математикаға ынталы, пәнге ықыласы мол, өзінің математикалық мәдениетін көтеруге, білімін треңдетуге, ой – өрісін кеңейтуге ынталы оқушыларға арналған.
Әдетте факультативтік курстардың лекция, әңгімелеу, практикалық жұмыстар, қосымша әдебиет бойынша тапсырмаларды талқылау, оқушылардың баяндама жасауы, реферат жазу, экскурсия ұйымдастыру сияқты формалары мен әдістері кең пайдаланылады.
Факультатив курстың материалдарын терең игру жолдарының бірі – есеп шығару, Алайда, есептерді оқушылардың ынта – ықыласына сай іріктеп алса, оның пәрменділігін арта түспек.
Сонымен бірге, есеп шығару кезінде жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарында берілетін есетерді қарастырудың пайдасы мол.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет