15 сәуір Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы



бет1/4
Дата11.01.2017
өлшемі306,45 Kb.
#6821
  1   2   3   4
Әзілхан Нұршайықов пен жарының мәңгілік махаббат жыры



15 сәуір - Ғашықтар күні қарсаңында махаббат хикаясының тілге тиегі әйгілі жазушы Әзілхан Нұршайықов пен оның сүйікті жары Халима Өзақанова жайлы болмақ.

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ оқырмандарының ішіндегі ғашық бола білген әрбір жүрек иесінің жастығының астына қойып, сүйіп оқитын кітабы бола білді. Ондағы кейіпкерлер, олар арасындағы кіршіксіз сүйіспеншілік, махаббат оқиғалары талай оқырманның көзіне жас алдырғаны белгілі. Шығармадағы Ербол мен Меңтай өмірде болғанымен, жазушының мұншама ғашықтықты қолдан жасап, құйып шыққан тұлғалары. Шын мәнінде Ерболдың (Әзілхан Нұршайықов) Меңтайға (Нұрғалима) деген сүйіспеншілігі, шексіз құрметі бөлек әңгіме. Ал негізінде бұл романдағы Меңтай образын сомдауда аяулы жары Халиманың болмысы әсер еткендігін жазушы сұхбаттарында да айтады. Енді осы қос ғашық жайлы әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Ғашықтардың танысуы әуелде былай басталыпты:

Әзілхан Нұршайықовтың өз әңгімесінде ең алғаш рет 1936 жылы он төрт жасында Орынкеш есімді қызға ғашық болғаны жайлы айтылады. «Үш жыл ішінде Орынкешке 100 хат жазыппын» дейді тағы бір әңгімесіне. 1939 жылдың соңына дейін ғашықтық сезімі үзілмеген бала ғашықтардың соңғы әңгімесі Әзілханның Халимамен танысуына мұрындық болады.



Халиманың оқушы кезі

Әзілхан Нұршайықов:

Қыркүйек айында оқу басталды. 5 қыркүйек күні қызымды іздеп, ол оқитын мектептің жатақханасына барсам, есіктің алдында отыратын кемпір: «Бұл араға келуге болмайды, аулақ кет», — деп ішке кіргізбейді. Не істерімді білмей тұрғанымда, мектеп жақтан шашы қиылған, аяғына детдомский бәтіңке киген бір аппақ қыз келіп қалды. Интернаттың киімін киген қызды тоқтатып, Орынкешті сұрадым. Ол Орынкешпен бірге оқитынын, бір бөлмеде тұратынын айтқанда: «Орынкешті шақырып жіберші» деп өтіндім. Дереу шақыратынын айтты. Шақырушы қыздан да жауап жоқ. «Не боп қалды екен?» деп дегбірсізденіп мен тұрмын. Әлден уақыт өткенде, аппақ қыздың өзі ғана шығып келеді. Тымпыңдаған аяғына тас байлап алғандай ілбіп басып, әрең қасыма келді де, басын төмен салып, үндемей тұрып қалды. «Орынкеш келе ме?» десем: «Жоқ. Енді келмесін, маған көрінбесін деді» деген сөзін әрең үзіп-үзіп айтты. Мынадай сөзді естіген мен еріксіз жылап жібердім. Сол үшін Алматыдағы оқуымды тастап келгенде, көрінбесін дегені несі деп жабырқадым. Жылап тұрып, қасымдағы қызға қарасам, ол да жылап тұр. 


Каталог: images -> stories -> kazfil -> vinegret
stories -> Исатай Кенжалиев
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> Емтихан сұРАҚтары
stories -> Бағдарламасы Тақырыбы: «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістері»
stories -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
stories -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Ақ Жайықтың Хамзасы
stories -> С. торайғыров атындағы павлодар
stories -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет