153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейі «Балауса» шағын тәрбие орталығы Ұйымдастырылған оқу қызметі



Дата15.09.2017
өлшемі37,04 Kb.
#32397
153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі

«Балауса» шағын тәрбие орталығы

Ұйымдастырылған оқу қызметі
Тәрбиеші:Абдреева Мейрамкул Умиралиевна
Білім беру саласы: Коммуникация

Білім беру аймағы: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі (Сахналақ қойылым)

Мақсаты: Ертегі мазмұны бойынша ертегіні сахналай білуге дағдыландыру, достарына көмектесуге, сый-құрмет көрсетіп және достарына қамқор болуға үйрету.Бір-біріне мейірімді болуға тәрбиелеу.

Қажетті заттар және көрнекіліктер: Зал іші мерекеге сай безендірілген.үн таспа, ағаштар,құстардың суреті, ертегі кейіпкерлері, ертегі кейіпкерлерінің костюмдері ,гүлдер,шарлар.

Билингвалды компанент: қарлығаш – ласточка, қарға – ворона, көкек - кукушка.

Дәуіт-богомол, Жылан- змея.




Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық


Балаларды ертегіні сахналауға дайындау


Балалар қойылымға дайындалады.





Ұйымдастыру-

Іздестіру



«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісінің театрландырылған қойылымы.

- Қарлығаш-адамның досы, жанашыры, қамқор, адал құс. Қазақ баласы қарлығаштың ұясын бұзбайды.(балалардың ертегі қойылымы)
Қарлығаш пен дәуіт(ертегі)
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапандар шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.
Қарлығаш: - Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!-дейді. 
-Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді көкек. 
Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. 
– Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:-«Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!»-дейді маңғазданып. 
Қарлығаш амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт – Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. Олай болса, мені тезірек жеткіз, - дейді дәуіт. Екеуі ұяға жетеді. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Екеуі осылайша дос болып кетіпті. Содан бері екі дос бір ұяда тұрып, өмір сүретін болған.

Балалар ертегі мазмұнын тыңдайды.




Рефлексивті-

түзетушілік


Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді ертегідегі кейіпкерлердің аттарын қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде айтайық:

Автор -Айнамкөз

Қарлығаш –Ұлар

Қарға- Айзере

Көкек- Еркеназ

Жылан- Ақниет

Дәуіт- Каусар.

Қарлығаш- ласточка- swallow(суаллоу)


Қарға- ворона- crow(кроу)
Көкек- кукушка- cuckoo(кукю)
Жылан- змея- snake(снейк)

Дәуіт-богомол-mantis(мантс)


Тәрбиеші: - Балалар, ертегіде Қарлығаш өз балапандарын қалай құтқарды?

Тәрбиеші: - Дұрыс айтасыңдар. Қарлығаш өз балапандарын Дәуіттің көмегімен аман алып қалды. Енді Қарлығаш пен Дәуіт нағыз достар. Бізде дәуіт сияқты достарымызға көмектесуіміз керек. Достарымыз қиналған кезде қамқор болып, көмек беруіміз керек.

Сонда біз нағыз дос боламыз.Бір-бірімізді сыйлаймыз,бір-бірімізге мейірімді болайық.

-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

-Бұл ертегіде не түсіндіңдер?


Тәрбиеші : Ендеше, Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде 130 дан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз. Ертеңгі 1 мамыр – халықаралық ынтымақ мерекесі . Мерекеміз құтты болсын!.



Балалар озі ойнаған кейіпкерлерінің аттарын үш тілде айтып береді.

-Дәуіттің көмегімен құтқарды.



-Ұнады

-Достық туралы түсіндік



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Ертегі кейіпкерлерін ажырата білу.

Нені игерді: Бір-біріне көмек беруді,сыйлай білуді

Нені біледі: Ертегіні сахналауды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет