№159 «Еңбекші» қазақ орта мектебінде «Болашақ» шеттілдер пәндер бірлестігінің 12



Дата20.05.2020
өлшемі60.32 Kb.

№159 «Еңбекші» қазақ орта мектебінде «Болашақ» шеттілдер пәндер бірлестігінің 9.12-15.13.12.2019 аралығында «Тіл халық жанын танудың кілті» тақырыбында өткізілген апталықтың қорытындысы жайлы

Анықтама


«Болашақ» шеттілдер бірлестігінде 10 мұғалім жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың желтоқсанның 9-13 аралығында мектебімізде орыс тілі,ағылшын апталығы болып өтті.Апталықтың мақсаты :Оқушылардың тілге қызығушылықтарын арттыру,тілдік белсенділіктерін жоғарылатуға ынталандыру,ой-өрістерін кеңейту және мәдени деңгейлерін қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында апталықтың өн бойында жұмыстар атқарылды.9-желтоқсан күні апталық ашылып мақсаты ондағы жүргізілетін жұмыстар жайында оқушыларға таныстырылды.Сол күні Абуталипова Балжан 3 «А»сыныбымен «Our town» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылар 4- топқа бөлінді. «Clever» «Super» «Star» «The best». Жаңа тақырыпты бастамас бұрын оқушылардан үй тапсырмасы сұралып смайлик арқылы бағаланды.Сөздікпен жұмыс жасау барысында «Таза тақта» әдісі қолданылды.Топтық жұмысқа сәйкестердір және аудару берілді. Әр топтан бір оқушыдан Марғұлан,Зейнеп,Мөлдір,Ерасыл шығып тапсырманы орындады.Жұптық жұмыста кей балалар сөйлемдерді оқуда қиналғандықтан мұғалім жаңа сөздерді қайта қайталатты.Ұжымдық жұмысқа «Суреттер сөйлейді»әдісі қолданылды. Кітаппен жұмыс жүргізілді.Кері байланыс «Мен осындамын» әдісі арқылы жасалды.Сабақта оқушылар баяу болды. Ауызша ,дұрыс жауап арқылы,смайлик арқылы бағалау жүргізілді.

Осы күні түстен кейін Балабаева Лаура «Оқытудағы кері байланыстың тиімділігі» тақырыбында мұғалімдермен коучинг өтті. Коучинг мақсаты: Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әрекетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу жайында тиімді ұйымдастырылған кері байланыстың маңыздылығын ұғындыру,тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру. Келген мұғалімдерге коучинг мақсаты таныстырылып кері байланыс түрлері көрсетілді. Коучинг қызықты өтті.Мұғалімдер өздерін ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алды.Кері байланыс түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болатындығы да айтылды. Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір-бірлерімен ой бөлісті,жасаған жұмыстарын түрлі бағытта қорғады. Кері байланыс түрлері таныстырылым арқылы ашып түсіндірілді.Коуч кері байланыстың қандай түрлері болатыны жайлы ақпарат берді. Кері байланыс ұсынғанда және оны алғандағы ұстанатын басты ережелерімен таныстырды.Шығармашылық жұмысқа әр топқа ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу берілді. Коучинг соңында кері байланыс парағын толықтырды. Қатысушылар коучингтен өздеріне қажетті ақпаратты алғандығын және коучингтің қызықты өткізілгені жайында стикерге жазды.Тақырып кеңінен ашылды.

10-желтоқсан күні Дүйсебек Рабиға апай «Дикие животные» тақырыбында 1 «А» сыныбымен ашық сабақ өтті.

Осы күні «We like English,Russian languages» тақырыбында 5-10 сыныптар қабырға газеттерін шығарды.

11-желтоқсан күні «Types of films» тақырыбында Нысанбекова Қаламқас 6 «Ә» сыныбымен ашық сабақ өтті. Сабақ мақсаты: Кең ауқымды мәтін мазмұнын түсіну.Сабақ үш тілде сәлемдесумен басталды. Оқушылар екі топқа бөлінді .Сабақ мақсаты таныстырылып оқушыларға бағалау критерийі бар парақша таратылды және сол критеийлер бойынша сабақ соңында екі топ бір-бірін бағалайтындықтары айтылды.Үй тапсырмасына 7-жаттығудағы етістіктерді өткен шаққа қойып келу берілген.Үй тапсырмасы дұрыс жауап арқылы тексерілді.Үй тапсырмасы толық орындалған.Жаңа сабақ «Keep it,junk it,cloud it» әдісі арқылы жаңа сөздермен жұмыс жасаудан басталды. Сөздерді топпен және жекелей айтып шықты. «Суреттер сөйлейді»әдісі нде фильм түрлерін суреттермен сәйкестендіру орындалды.Мәтінмен жұмыс жасауда «Галерея» әдісі қолданылды.Оқушылар қабырғаға ілінген ақпараттардан өздеріне қажет мәліметтерді жазды кейбірі оқыды.Содан кейін алған ақпараттарымен топта талқылады.Талқылап болған соң мәтін бойынша өздеріне ұнаған тұсын екі сөйлеммен айтты . Жеке жұмысқа «Дұрыс,бұрыс немесе мәтінде айтылмаған» тапсырмасы берілді. Тапсырмаларды берілген уақыттан ерте орындап жатқан оқушылар болды.Қалыптастырушы бағалау жүргізілді.Кері байланыс «Ворд журналы» арқылы жасалды.Онда бүгінгі мәтіннен не түсінгені жайлы жазып берді.Сабақ соңында берілген критерийлер бойынша екі топ бірін-бірі бағалады.Оқушылар сабақта берілген тапсырмаларға белсеніп қатысып отырды.

Осы күні Жаханова Айсұлу апай «Все профессий хороши» тақырыбында 4 «А » сыныбымен ашық сабақ өтті.

10-желтоқсан 1020-1100 аралығында Әбдіхалықова Гүлназ апай «Метеорология-наука о погоде» тақырыбында 6 «А» сыныбымен ашық сабақ өтті.Сабақ көрнекілігі:суреттер,интерактивті тақтаСабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Сабақ мақсаты таныстырылды.Үй тапсырмасы тексерілді.Үй тапсырмасы стихотворение Ф.Тютчева«Чародейкою Зимою ».Жаңа сабақты бастамас бұрын оқушыларға сұрақтар қойылды,сұрақтарға жауап бере отырып балалар сабақ тақырыбын ашты.Көрсетілім көрсету арқылы жаңа сабақ түсіндірілді. Изменение глаголов по лицам и числам называется спряжением.В русском языке выделяют два спряжения:первое и второе.1-жаттығу берілген етістіктер қай спряженияға жататындығы ауызша сұралды.Жазылым дағдысын қалыптастыруда топтық жұмысқа 3-жаттығуды жазу берілді. Етістіктердегі қалып кеткен әріптерді қойып ,қай спряжения екенін айтты.Мәтінмен жұмыс орындалып,сергіту сәті жасалды.Жұптық жұмысқа «Кім жылдам» ойыны ойналды.Жеке жұмысқа тест жұмысы берілді. Сабақ қорытындыланып үй тапсырмасы берілді.Кері байланыс алынды.

Осы күні үлкен үзілісте Пернеева Маржан 3-4 сынып оқушыларымен ағылшын сөзжұмбақтары жайында көңілді үзіліс өткізді.

Осы күні сағат 16-00 де Нысанбекова Қаламқас 6- сынып оқушыларымен «Шай кеші» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс көрсетті.Сабақ 4- турдан тұрды.Таныстырылым арқылы шай тарихы баяндалып,ең алғаш шай ішу дәстүрін қай елде басталғаны айтылды.Бірінші турда «Кім жылдам» ойынында интерактивті тақтадан шайды көп ішетін елдердің пайызы көрсетіледі,елдерді ьабу керек.Дұрыс жауап берген оқушы лайк арқылы бағаланды.Келесі тур «Ерекше тұлғалар» деп аталды.Тақтадан тұлғаның суреті көрсетіледі, бір оқушыны шығарып сипаттау арқылы сол тұлғаның кім екенін табу.бұл тур шай ішу дәстүрін бастаған тұлғаларға арналды.Үшінші тур « Фоторепортаж» деп аталды.онда 20-елдің шай ішу дәстүрі жайлы парақшалар таратылды.Соңғы тур «Жарнама» бөлімі деп аталды.Төртінші бөлімде әр оқушы 20-елдің шайының біреуін таңдап жарнама жасады.Сабақ қызықты өтті.Оқушылар белсенділікпен қатысты. Тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Жеңімпаз оқушы 6 «Ә» сынып оқушысы Мырзахметова Ырысалды.

12- желтоқсан Жұмабаева Меруерт 1 «Ә» сыныбымен «Colours and size» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты жағымды ахуал қалыптастырудан бастады.Оқушылардан үй тапсырмасы сұралды.Сандарды қайталатты.Тақтаға шақырып оқушыларды түстерді айтқызу арқылы екі топқа бөлді . «Көк» және «Қызғылт» .Түстерге байланысты бейнежазба көрсетілді. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы суретпен жұмыс жүргізді. A car,a doll, a train, A kite, a plane, a bike. «stop» ойыны ойналды.Жаңа сөздерді слайдтан көрсетті. Жазылым дағдысын қалыптастыруда өтілген әріптерді тақтаға жаздырды.Сергіту сәті орындалды. Қалыптастырушы бағалау парақшалары таратылып, оқушылар түстерді айтып жатты. Сабақ қызықты өтті.Оқушылар белсенділікпен қатысты.

Осы күні Пернеева Маржан 4 «А» сыныбымен «Communicating around the world» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушыларға сабақ мақсаты таныстырылды.Сабақты жағымды ахуал қалыптастырудан бастады.Оқушыларды 3- топқа бөлді.Бейнежазба көрсету арқылы сабақтын тақырыбын балаларға ашқызды. «Таза тақта» әдісі арқылы сөздікпен жұмыс жасалды. Тақтаға жаңа сөздер мен суреттері ілінген. Сөздерді балаларға қайталатты.Жазылым дағдысын қалыптастыруда және сөздерді меңгергенін анықтау мақсатында «Dictation time» ойыны ойналды.Мұғалім сөзді айтып тұрды,тақтаға үш топ оқушылары түгел шығып реттілігімен айтылған сөздерді жазып жарысты.Жеңген топты мұғалім өзі бағалау парақшасы арқылы бағалады .Сын есімнің салыстырмалы формасын интерактивті тақтадан бейнежазба арқылы көрсетті.Қабырғаға ілінген тапсырмада оқушылар топ болып сын есімнің салыстырмалы формасын жазып жатты.Топтарды әр тапсырмадан кейін мұғалім өзі бағалау парақшасы арқылы бағалап отырды.Қалыптастырушы бағалау жүргізілді.Сабақ қызықты өтті.Сабақ соңында 1- топ жеңімпаз атанды.Сабақ сайыс түрінде өтті.Оқушылар белсенді болды.Сабақта жазылым,тыңдалым және айтылым дағдылары орындалды.

Осы күні түстен кейін Абуталипова Балжан 9 «А» сыныбымен «Welcome to Disneyland» тақырыбында сыныптан тыс жұмыс өткізді. Ханшайым,Эльнура,Нұрбақыт ,Ұлту үш тілде өздерінің тіл туралы толғауларын айтты. Backstreet boys жігіттері айтатын әнді Айтуған,Әділбек өз орындауларында керемет орындап шықты. «Ginderella» ертегісінің желісі бойынша керемет үзінді көрсетілді.Ағылшын билерін биледі.Балалар өздеріне берілген тапсырмаларды керемет алып шықты.Сабақ қызықты өтілді, соның ішінде Сағымбай Нұрбақыттың ағылшынша сөйлеу мәнері өте жақсы қалыптасқан.

Осы уақытта тағы сыныптан тыс жұмыс көрсетілді.Пән мұғалімі Нұрылла Жанат апай. «Зима в творчестве русских поэтов и художников» тақырыбында 5-6 сынып оқушыларымен сыныптан тыс сабақ өтті. Балалар алдын-ала берілген тақпақтарын,әндерін айтты. Бала қызығушылығын арттыратын тапсымалар берілді.Оқушылар белсенділікпен қатысты.

1 Барлық мұғалімдердің АКТ-ны қолдануы.

2 Сабақ барысында топтық,жеке,жұптық жұмыстардың орындалуы.

1 Ұсыныс



Уақытты тиімді қолданса

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет