1612 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2017 тарих



Дата08.09.2017
өлшемі112,63 Kb.
#31920


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ



СҰРАҚ КІТАПШАСЫ
1612 - НҰСҚА

Аты-жөні ___________________________________________________________


Қала (Облыс) _______________________________________________________
Аудан ______________________________________________________________
Мектеп ______________________________Сынып _________________________
Талапкердің қолы _____________________

2017
ТАРИХ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Тест құрылымы:

- 1 - 10 тест тапсырмалары – Қазақстан тарихы пәнінен;

- 11 - 20 тест тапсырмалары – Дүние жүзі тарихы пәнінен

1. Шығыс Африкада Олдувэй шатқалында табылған ең алғашқы адам:

A) Саналы адам

B) Үңгір адамы

C) Қытай адамы

D) Епті адам

E) Тік жүретін адам


2. Сарматтар өмірінде әлеуметтік теңсіздік болғандығының дәлелі:

A) Жазба деректер

B) Ертегілер

C) Халық аңыздары

D) Археологиялық ескерткіштер

E) Тастағы таңбалар



3. Найман мемлекетінің орталығы болған қала:

A) Балықты

B) Талхир

C) Қоялық

D) Ілебалық

E) Күлтөбе



4. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі аталды:

A) Съезд


B) Мәжіліс

C) Кеңес

D) Жиналыс

E) Құрылтай



5. Ноғай Ордасының орталығы:

A) Отырар

B) Сауран

C) Сарайшық

D) Түркістан

E) Сығанақ



6. Қалан cалығының мағынасы:

A) жер көлеміне байланысты егіншілерге салынады

B) мұқтаж адамдар үшін мешітке беретін салық

C) балықшыларға салынады

D) еңбекке жарамды адамдар табысынан алынады

E) еңбек құралын пайдаланғаны үшін алынатын салық



7. XIX ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның шығысындағы Қытаймен сауда байланысындағы орталыққа айналған бекініс:

A) Орал


B) Өскемен

C) Торғай

D) Орынбор

E) Верный



8. КСРО-да саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдегі дағдарысқа ұшырау себептеріне талдау жасалынды:

A) 1993 жылғы заңда

B) 1985 жылғы XXV сьезде

C) 1990 жылғы ІІ сьезде

D) 1989 жылғы І сьезде

E) 1995 жылғы референдумда



9. 1362 жылдың тамыз айы. Италияның оңтүстігіндегі әсем қала Венециядағы қасиетті храмдардың бірі Әулие Марк ғибадатханасына Қайта өрлеу дәуірінің атақты ақыны Петрарка Франческо көптеген кітаптармен бірге өзі оқып түсіне алмаған, сыртқы мұқабасында ____ деп латынша жазылған қолжазбаны сыйға тартты. Онда автор ретінде белгілі бір адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қолжазба готикалық көне жазумен ХІV ғасырдың басында, дәлірек айтқанда, 1303 жылы Қара теңіз бойын жайлаған қыпшақтар арасында жазылған еді. Көлемі 82 парақ. .....

«...Оның бірінші беті мен соңғы беттеріне Венеция мен Франциядағы ұлттық кітапханаларының мөрлері басылған (алғашқы бетте үш рет, соңғы бетте екі рет). Қолжазбаның сырты терімен қапталып, ол астыңғы жағына Венеция республикасының мөрі ойып басылған. Венеция Наполеон жаулап алғанда ең алдымен осы ғибадатхананың жазулы мүлкін Париж қаласына көшіруге әмір еткен. Бірақ олар бірнеше жылдан соң Венецияға қайтып оралған. Соның салдарынан ____ те Венециядан Парижге барып қайтқан ».



Құрышжанов Ә., Белботаев А. Құманша-қазақша жиілік сөздік. А., 1978 , 216-217-б.

Мәтінде жазылған қолжазбаның атауы:

A) Хұсрау мен Шырын

B) Жүсіп-Зылиха

C) Мухаббатнама

D) Оғызнама

E) Кодекс Куманикус



10. «1992 жылы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Алматыда құрылтай болып өтті. Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкілдүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Осындай конгресті өткізу туралы идеяның өзі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Түркияға сапары кезінде туған. Атаулы қаулыдан кейін ұйымдастыру комитеті мен штаб құрылды. Әлеуметтік орта, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық құрылымдар ат салысты. Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар үшін кеңейтілген мәдени бағдарлама даярланды. Құрылтайға Түркия, Иран, Монғолия, АҚШ, Қытай, Австралия, Германия, Англиядан -30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді».

Қазақтар. 9 томдық анықтамалық. 1 том.-Алматы, 2003, 153-154-б

Құжатта сипатталған тарихи оқиға:

A) Қазақстан халықтары форумы

B) Тәуелсіздік туралы заңды қабылдау жөнінде құрылтай

C) «Қазақстан-2030» стратегиясын қабылдау

D) Дүниежүзі қазақтарының І құрылтайы

E) Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болуы



11. Б.з.б.IV ғасырда Грекияға қауіп төндірді:

A) Словения

B) Болгария

C) Хорватия

D) Македония

E) Сербия



12. ХІV ғ. басында Францияда құрылған өкілетті биліктің ресми атауы:

A) Парламент

B) Бас Штаттар

C) Сенат


D) Конгресс

E) Кортес



13. XV ғ. Еуропада құрылған белгілі университет

A) Мадрид

B) Гарвард

C) Оксфорд

D) Принстон

E) Ватикан



14. 1882 ж. Үштік одақ шартына қол қойған елдердің бірі

A) Голландия

B) Испания

C) Австро-Венгрия

D) Франция

E) Португалия



15. Физиктердің арасынан тұңғыш рет Нобель сыйлығын иеленген В.К.Рентгеннің ашқан жаңалығы:

A) электромагниттік толқындар

B) тартылыс заңы

C) стерилизация

D) Х-сәулелері

E) электромагнитік индукция



16. Англиядағы «Мемлекет ішіндегі мемлекет» сияқты ерекше құрылымға ие болған компания:

A) Кеден одағы

B) Вест-Үнді

C) Ганза одағы

D) Неміс сауда одағы

E) Ост-Үнді



17. 1920 ж. РКФСР үкіметі дербестігін мойындаған ел

A) Латвия

B) Албания

C) Монғолия

D) Чехия

E) Болгария



18. Қытай кеңестері туралы

Сан жағынан басым және жақсы қаруланған қарсыласымен азамат соғысы жағдайында Қытай Кеңестерінің қызметі қарулы күрестің басты мақсатына бағындырылды...

Қытай Кеңестерінің құжаттары ел аумағының бір бөлігінде Кеңестердің заң актілерінің көпшілігі алайда азамат соғысы жағдайында жүзеге асырылмағанына қарамастан, халық бұқарасының мақсаттарын көздейтін әлеуметтік өзгерістер болғандығын көрсетеді. Олар толығымен тек Орталық кеңес ауданының көлемінде толығырақ жүзеге асырылды.Көптеген ұсақ кеңес аймақтарының әлсіздігі, бір-бірінен бөлектігі, тұрақсыздығы мен олардың Орталық кеңес аудандарымен байланысы нашарлығы, кеңес қозғалысын жаншып тастау қаупі күн сайын төніп тұрған жағдайда бірыңғай заңды іске асыруға және оны жергілікті жағдайларға сай реттеп отыруға мүмкіндік бермеді...

Қытай революциясының кеңестік дәуірінде Қытай компартиясы өзінің қарулы күштерін-Қызыл Армияны құрды, ол коммунистік партияның басшылығымен шаруаларды елдегі революциялық қозғалысты дамытудың маңызды құралы есебінде топтастырды. Қызыл Армия бейбіт халықтың арасындағы ағарту және кеңес партия кадрларын дайындау, жергілікті жерлердегі өкімет органдарын, кеңестерді қайта құру, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге көмек, әлеуметтік-экономикалық шараларды жүргізуді ұйымдастыру, саяси және әкімшілік жұмыстарын өз мойнына алды... Кеңес қозғалысы өнеркәсібі дамымаған, жұмысшы табы жоқ, артта қалған ауылдық жерлерде өрістеді. Сондықтан да революцияның басты қозғаушы күші шаруалар, анығырақ айтқанда, олардың кедей топтары болды. Батырақтар, кулактар, майда қолөнершідер, кедей-шаруалар Қызыл Армияның, жергілікті революциялық өкімет органдарының негізін құрды. Коммунистік партия бізде негізінен алғанда сипаты жағынан шаруалық партия болды.



Қытай революциясының негізгі тірегі шаруалар болуының себебі:

A) Қытай аграрлы ел

B) Әлеуметтік қайшылықтар болмады

C) Жұмысшылар белсенділік көрсетпеді

D) Саяси партиялар болмады

E) Қытай индустриалды ел



19. Елшінің саяхаты

«У Дидің билігі тұсында Чжан Цзянь императорлық күзетте қызмет етті. Бұл кезде тұтқындағы ғұндар өздерінің юэчжи тайпасының билеушісін өлтіріп, бас сүйегінен сусын ішетін ыдыс жасағандары туралы айтты. Қашқан юэчжилер ғұндардан кек алмақ болды. Бірақ оларды қолдайтын одақтасы болмады. Бұл кезде Хань әулетінің билеушілері ғұндарды талқандамақ болды. Жағдайды естіген ол: «Менің юэчжилермен байланыс орнатқым келеді. Бірақ оларға жол ғұндар арқылы өтеді»,-деді. Елші болып барғысы келетіндерді іздеді. Чжан Цзянь күзет офицері ретінде юэчжи тайпасына Таньи руынан шыққан Ганьфу есімді құлмен бірге баруға тілек білдірді. Олар Шаньси провинциясынан шығып, тұп-тура ғұндарға тап болады. Ғұндар оларды тұтқындап өз көсемдеріне жеткізді...».



Мәтінде сипатталған юэчжи тайпасы ғұндардың қай аймағында өмір сүргенін анықтаңыз:

A) Солтүстігінде

B) Оңтүстігінде

C) Оңтүстік-батысында

D) Батысында

E) Шығысында



20. ...Біздің мемлекетіміз бен халқымыздың көптеген ашық және жасырын жаулары коммунистік қозғалысқа арсыздықпен қосылып алды. Соғыста жеңіліс тапқан олар, біздің мемлекетімізден соғыстан кейін кек алуды аңсап, біздің мемлекетімізде бүліктер ұйымдастырып, оларға іштей және сырттай көмек көрсетуде. Біреулері соғыста байығанына қарамастан, коммунистік партияға енуде; екінші біреулері өтірік пен жалаларды жариялап, халық арасында наразылық тудырушы газеттерді қаржыландыруда; үшіншілері шетелдермен байланыс жасап, шетелдік ақшаға қару-жарақтар сатып алуда; төртіншілері әртүрлі жолдармен елдегі жұмыстарға кедергі жасап, барлық қызметкерлер мен олардың қызметін дәлелсіз қаралауда. Барлығының мақсаты-елде бүлік шығару, мемлекетке немқұрайдылық пен өшпенділік туғызу...

Мәтін бойынша Кеңес еліндегі сипатталып тұрған кезеңді анықтаңыз:

A) Бірінші революциядан кейінгі

B) Индустрияландырудың барысы

C) Ұлы Отан соғысының барысы

D) Азамат соғысынан кейінгі

E) Ұжымдастырудың басталуы



Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

Тест құрылымы:

- 21 - 25 тест тапсырмалары – Қазақстан тарихы пәнінен;

- 26 - 30 тест тапсырмалары – Дүние жүзі тарихы пәнінен.

21. Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген сақ тайпа(-лары):

A) хаумаварга

B) аримаспы

C) тиграхауда

D) парадарайа

E) сармат

F) дай


G) аргиппей

H) исседон



22. Түргеш қағанатына жататын қала(-лар):

A) Тараз


B) Сауран

C) Янгикент

D) Суяб

E) Фараб


F) Жуара

G) Сығанақ

H) Қимақия


23. 1867-1868 жж. реформалар бойынша Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыс(-тар):

A) Ембі


B) Ырғыз

C) Омбы


D) Торғай

E) Атырау

F) Семей

G) Ақмола

H) Темір


24. 1946 ж. «Біржан-Сара» операсын қойған сазгер(-лер):

A) Е. Брусиловский

B) Е. Рахмадиев

C) Ғ. Жұбанова

D) Қ. Қожамияров

E) В. Великанов

F) Қ. Мусин

G) Ш. Қажығалиев

H) М. Төлебаев


25. Ауыл шаруашылығында И.Худенко енгізуге тырысқан басқарудың жаңа түрі(-лері):

A) совхоздарды құру

B) еркін еңбек етуге жағдай туғызу

C) фермерлік шаруашылықты құру

D) жер иелігінен айыру

E) колхоздарды ірілендіру

F) қағазбастылыққа шектеу қою

G) жоспарлық көрсеткіштерді көбейту

H) кәсіпорындарды интенсивтендіру


26. Б.з.б. 221 жылы ұлы билеуші – хуанди атағын алған қытайлық

патша(-лар):

A) Ван Ман

B) Чжан Цзяо

C) Ин Чжен

D) Сыма Сянжу

E) У Ди

F) Фан Чун



G) Шан Ян

H) Бань Чао



27. Ресейдің діни дербестігін нығайтып, патриархтың ролін арттырған

орыс патшасы (-лары):

A) I Петр

B) I Александр

C) Борис Годунов

D) Иван Грозный

E) I Николай

F) II Петр

G) Елизавета

H) Анна Иоанновна



28. XIX ғ. ортасында «шығыс мәселесі» төнірегінде «Осман мұрасын» бөлісу үшін саяси бақталастықты жандандырған ел(-дер):

A) Италия

B) Германия

C) Португалия

D) Франция

E) Ресей


F) Испания

G) Жапония

H) Англия


29. ХХ ғасырдың басында араб елдерінде тәуелсіздік алуды мақсат тұтып құрылған топ(тар):

A) «Жаңа османдар»

B) «Халықшылдар»

C) «Жас түріктер»

D) «Мұсылмандар лигасы»

E) «Жас Арабия»

F) «Байрақ»

G) «Отан»

H) «Республикалық реформалар партиясы»


30. Араб елдерінің Лигасы құрылған жыл:

A) 1950 ж.

B) 1988 ж.

C) 1961 ж.

D) 1953 ж.

E) 1966 ж.

F) 1980 ж.

G) 1945 ж.



H) 1973 ж.


ТАРИХ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Каталог: upload -> iblock -> 4be
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы
4be -> Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша тақырыптар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет