17. Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралы



Дата08.03.2023
өлшемі192,61 Kb.
#171494
Байланысты:
Документ (14)
Документ 13

17. Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралы
Қазіргі уақытта оқыту нәтижесін бағалаудың әр түрлі заманауи нұсқалары өте көп. Оқыту нәтижесін бағалау арқылы оқушылардың қандай деңгейде түсінгенін, қалай түсінгенін білуге болады. Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралыдары: компьютер, телефон, интерактивті тақта.
Оқыту нәтижесін бағалаудың заманауи құралдары: тик-ток әдісі гугл әдісі, телефон әдісі, ұстазға хат, бағадаршам әдісі, алма ағашы, смайликтер әдісі, жетістік сатысы, бас бармақ, фри әдісі , бағалу парағы, білім поштасы, лифт әдісі, смарт сағат әдісі.
Тик- Ток әдісі.
Тик-ток» әдіс арқылы бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, ынталандырамыз.
Оқушылар жүрекше, коментарий, ұшақ осы үшеуінің біреуің таңдап сабақты қорытындылайды. Жүрекше ♡ сабақ ұнады, 🗨 коментарий арқылы оқушылар осы сабақта не ұнағанын, қандай ақпарат алғанын айта алады, ✈️ ұшақ арқылы оқушылар өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қоя алады.
«Алма ағашы» Оқушыларға арнай жасыл, сары, қызыл қағаз таратылады . Жасыл —сабақ ұнады , маған бәрі түсінікті. Сары-қиындықтар болды, Қызыл-сабақ ұнамады, түсініксіз болды.

«
Телефон» әдісі.


Оқу нәтижесін заманауи бағалау құралдары арқылы бағалау оқушыларды ынталандырады, қызығушылык туғызады, заманауи талапқа сай болады.
Қазіргі уақытта заман талабына сай мұғалім әдіс-тәсілдерді ақпараттық құралдарды меңгеру білу керек деп ойлаймын, сонда нәтижесі де заманауи талапқа сай болады деп ойлаймын!!
Заман талабына сай заманауи мұғалімдер.

1.Білім беру сапасы және тиімділікті бағалау
Бағалаудың түрлері: критериалды бағалау (алдын ала әзірленген критерийлерге сәйкес анықталады) формативті бағалау (оқыту үшін бағалау) суммативті бағалау (оқуды бағалау)
Кері байланыс ( бұл оқушы мен мұғалім арасындағы оқу барысы туралы, оқушылардың білімді меңгерудегі қиындықтары мен жетістіктері, дағдылар мен дағдыларды дамытудағы танымдық және басқа да қабілеттер, жалпы жеке қасиеттер туралы ақпарат алмасу.)
1. Критериалды бағалау жүйесінің негізі ретінде В.П. Беспальконың критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы шыққан Оның критериалды бағалау теориясындағы негізгі ережелер дәстүрлі білім беру процесінде оқу шарттарының параметрлері әрдайым тіркелген (барлығына бірдей оқу уақыты, ақпаратты беру амалы және т.б.), ал тіркелмеген болып оқу нәтижелері қалуда жүргені негіз ретінде алынған.
Американдық психологтар Дж. Керолл және Б. Блумның тұрақты, тіркелген параметр ретінде дәл осы оқу нәтижелерін бөліп көрсету қажеттігі туралы әзірленген ержелерін негізге алып, В. П. Беспалько бағалау жүйесіне көзқарастарды өзгертуге тырысқан. Бұл жағдайда, американдық психологтардың теориясына сәйкес, оқудың басқа шарттары білім алушылардың барлығымен берілген нәтиже-критерийге жетуі үшін өзгеріп отырады. Осындай көзқарастың негізінде критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясы әзірленген, оны сонымен қатар толық меңгеру технологиясы деп те атайды, себебі оның бастама беретін сәті ретінде барлық білім алушылардың қажетті оқу материалын меңгеруге қабілетті болатыны алынған. Барлық мектептегі пәндер бойынша ұсынылатын стандарттар меңгерудің анық критерийлерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Критериалдық-бағдарлы оқыту технологиясының тиімділігі тапсырмалар түрлерін, бақылау нұсқаларын, білім алушыға көрсетілетін түрлі көмектердің қолданылуы әр оқушыға оларды меңгермей жеке тұлғаның толыққанды оқуы мен дамуы мүмкін болмайтын білімділік критерийлердің белгіленген деңгейіне жетуге мүмкіндік беретінінде.
Критериалдық бағалау жүйесі келесі элементтерді құрайды:
1. Тақырыпты (сабақты) меңгеру критерийлері дәл анықталады, бұл нақты оқу нәтижелерінің тізімінде мәнін табады (білім беру бағдарламасының шеңберінде меңгеру деңгейлерін анықтаумен алынған оқу мақсаттары).
2. Тексеру жұмыстары әзірленеді – тестер, олардың негізгі тағайындауы ретінде негізгі тағайындалуы түзетуші оқу ресімдерінің қажеттілігін анықтау шығады.
3. Оқу материалы жеке үзінділерге (оқу бірліктеріне) бөлінеді, зерделеу барысында қол жеткізуге жататын нәтижелер (критерийлер) анықталады, ағымды тексеру жұмыстары құрастырылады, олар әрбір оқу бірлігін зерделеу мақсаттарына қол жеткізілгеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Сәйкес оқу әдістері таңдалады, білімділік тапсырмалар құрастырылады.
5. Әр тест сұрағы бойынша балама түзету материалы әзірленеді.
Критериалды бағалау критерийлерге сүйенеді, яғни баға оқушылардың олардың оқу-танымдық құзыреттілігінің дамуындағы түрлі бағыттар бойынша жетістіктерін бейнелейтін құрамдастардан (критерийлерден) қалыптасады.
Критериалды бағалау – шеңберінде бағалаудың және өз бетінше бағалаудың түрлері, нұсқалары мен әдістері қолданылатын көзқарас.
Критериймен бағалауда:
 оқушы өз оқуында шынайы субъект болады;
 оқушының мектептегі алаңдаушылық деңгейі төмендейді;
 мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, тьютор рөліне ауысады.
Осылайша, критериймен бағалау өз құрамында оқушылардың және мұғалімдердің денсаулығын сақтау әлеуетін алып жүреді.
Критериймен бағалау мұғалімге арналған түбегейлі мақсат тұтатын ережелердің бір қатарын қарастырады:
1. Баға көмегімен оқушының жеке тұлғасы емес, тек оның жұмысының ғана бағалануын.
2. Оқушының жұмысы өзге оқушылардың жұмыстарымен тікелей
салыстырумен емес, эталонмен (үздік орындалған жұмыстың үлгісімен) салыстырылуын.
3. Нақты тапсырмалардың түрлі формаларының қолданысын және мұратты орындалған тапсырмалардың нақты және анық сипаттамаларының болуын.
4. Эталонның оқушыларға алдын-ала белгілі болуын.
5. Оқушы өз бетінше өзінің жеткен деңгейін және өз бағасын анықтай алатын бағаны шығарудың нақты алгоритмінің әзірленуін. Өз бетінше бағалау, сонымен қатар, оқушылардың өз жұмысына рефлексиясын да қарастырады. Рефлексия білім алушы жеке тұлғасының дамуындағы міндетті шарт, оның оқушы ретінде дамуының қажетті құрамдас болып табылады.
6. Оқушылардың өз бетінше бағалауға өтуге бет алып, бағалау үрісіне қосылуын.
7. Бағалауға тек оқытып-үйретіп отырғанды ғана салуға болады, сондықтан бағалау критерийлері – бұл оқу мақсаттарының нақты мән табуы.
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың нақты осы пән бойынша жетістіктерін бағалауда критерий болып табылып, оқушының жеке жұмыстарымен айқындалған нәтижелерді жинақтауға мүмкіндік береді.
Осылайша, критериалды бағалау білім алушының оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдасып әзірленген, оқу процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критерийлермен салыстыруға негізделген, білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін. Білім алушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде дәріптеледі.
Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі басым көзқарас белгіленді. Критериалды көзқарасқа бірінші көзқарас оқу үрлісінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының ара-қатынасына негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді, бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.
Критериалды бағалауға екінші көзқарас білімді өңдеу - ұғынуды-қолданысты-жүйелендіру мен жинақтау деңгейлеріне және оларға сәйкес бағалау шкаласына негізделген. Ең алдымен білім алушылардың икемдерін қадағалайтын осындай бағалаудың нәтижелері олардың функционалдық сауаттылығына қол жеткізу қырынан толықтыруды талап етеді. Нақты көзқарас білімдегі күтілетін нәтижелерге жетудегі және оларды бағалаудағы қажеттіліктерді толық қамтымайды.
Критериалды бағалау жүйесі білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін, олардың шығармашылық және зерттеушілік аясын, оқудағы дербестігін және ақпарат ағынында бағдарлануын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау мақсаттарын анықтайды.
Критериалды бағалауда мақсаттарды анықтау технологиясы оқушылардың әрекетінде көрінетін, анықталатын оқу нәтижесі арқылы мақсаттарды құруды талап етеді. Аталмыш тәсіл өзінің жоғары қолданыстылығымен ерекшеленеді.
Әрекеттегі оқу мақсатының нақтылығы оқушылардан күтілетін белгілі бір әрекеттерді санамалауды талап етеді. Сонымен мақсат: «Ауа райы картасында белгілерді қолдана алу», келесідей түрде нақтылануы мүмкін: а) картада пайдаланылатын белгілерді ес арқылы жаңғырту; б) оларды тану; в) олардың көмегі арқылы картаны оқу; г) карта арқылы ауа райын болжау.
Былайша мақсатты нақтылау оқыту нәтижесі туралы жалпылама көріністен нақты өлшемдерге, оқушылардың табысқа жету критерийлеріне көшуге мүмкіндік туғызады.
Мақсатты нақтылау қызметі процессі кезінде педагог аталмыш сабақтың пәні болатын мазмұн элементтерін анықтайды; стандарт талаптарын, уақыт мөлшерін, оқушылардың ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып әр элемент үшін оның игерілу деңгейі мен жалпылама мақсатын анықтайды; мақсаттарды құрады және сәйкесіншесол мақсатқа жетуге қажетті әрекеттер әдәсә мен түрлерін таңдайды.
Оқытудың нәтижелерін тексеру және бағалау оқыту мақсаттарына бағытталған болуы тиіс. Педагогикалық практикада тексеру мен бағалауда мақсатқа барабарлық жоқ болатын құбылыстар белең алған. Мысалы, стандартқа сәйкес белгілі бір мазмұн элементі білім мен үлгілік дағды деңгейінде игерілуі керек (алгоритмдік деңгей), ал тексеру мен бағалау тестінің көмегімен, яғни дұрыс жауапты таңдау арқылы тану деңгейінде жүзеге асырылады. Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтау- ға , өзіндік тұжырым жасай білуге ,өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адам-ның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты – жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Әр білм беру ұйымының сапасы ол мұғалім оқушыға, студентке байланысты. Олардың көрсеткен нәтижесі арқылы сапасын білуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет