18 Атмосфера (көне грекше: ἀτμός — бу және σφαῖρα — шар) - Жерді қоршаған газ қабықшасы. Атмосфера 78% азоттан, 21% оттегіден және болымсыз мөлшердегі басқа газдардан тұрады.
Атмосфераның төменгі қабаты тропосфера деп аталады, ол 10-12 км биіктікке дейін (орта ендіктерде) созылып жатады. Одан биіктеген сайын температура төмендейді. Онан жоғары стратосферада температура тұрақты дерлік болып қалады (-40С маңында). Ал шамамен 25 км-дей биіктіктен бастап бұл қабат Күннің ультракүлгін сәулелерін жұтатындығынан температура баяу артып отырады.
Жер атмосферасының жоғарғы қабаттарында күн сәулелері күшті иондану туғызады. Атмосфераның ионданған қабаты ионосфера деп аталады. Атмосфера ғарыш кеңістігінен Жерге келетін сәулелерден басым бөлігін шағылдырады немесе жұтады. Мысалы, ол Күннің рентген сәулелерін жібермей, ұстап қалады. Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды.
Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да , инфрақызыл сәуле шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда.
Меркурий мен Шолпанда серіктер жоқ. Қалған планеталардың (Жерді қоспағанда) серіктері өз планеталарынан өлшеусіз кіші. Жердің бір ғана табиғи серігі бар, ол – Ай, бірақ ол Жердің өзімен салыстырғанда шамадан тыс үлкен. Ай диаметрі жағынан Жерден 4 есе ғана кіші. Юпитердің дискісінен аржағына тасаланатынын, не оның көлеңкесіне еніп тұратынын көруге болады.
Бәрінен серіктері көп ең ірі планета – Юпитер (он үшінші серік 1974 жылы ашылды). Ал массасы жағынан келесі планета Сатурнда 10 серік бар, оныншысы 1966 жылы ашылды, Уранда 5 серік, Нептун мен Марста 2-ден серік бар. Серіктердің ішіндегі ең ірілері: Титан (Сатурнның серігі) және Ганимед (Юпитердің 3-ші серігі). Олар диаметрі жағынан айдан 1,5 есе үлкен де, Меркурийден сәл үлкенірек. Мол атмосферасы бар жалғыз серік – Титан.
Начало формы
Конец формы
Начало формы
Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы азщ (ең аз Сатурнда – 0,7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір-біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.
Юпитер Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең ауыр планета, түрлі түсті. Юпитердің көлемі Жерден 1320 есе, ал салмағы 315 есе артық. Юпитер кішкентай жұлдыз болып қалар еді. Әйтсе де өзінің жеке жылу көзі бар, ол заттың радиоактивті ыдырауы және сығылуы кезінде бөлініп шығаратын энергия. Юпитердің орталық ауданындағы ток өткізетін метанды сутектің өте аз айналуының нәтижесінде қуатты магнит өрісінің өндірілуі мүмкін. Юпитердің магнит өрісінің Күн желімен өзара әсерлесуінен атмосферада полюстік шұғыла мен найзағай құбылыстары байқалады. Юпитердің үлкен қызыл дағы – өлшемі жерден екі есе үлкен болатын циклон. Үлкен қызыл дақ осінен 6 күнде бір толық айналып шығады. Сыртқы серіктері планетадан құралсыз көзбен көрінбейтін қашықтықта орналасқан, ал ең алыс серіктің бетінен қарағанда Юпитер Айдан да кіші болып көрінеді.
Сатурн Күн жүйесіндегі құралсыз көзбен бақылауға болатын соңғы планета. Оның тығыздығы Күн жүйесіндегі планеталар тығыздығының бәрінен де, тіпті қарапайым судың тығыздығынан да аз. Егер Сатурн сиятын мұхит табу мүмкін болса, онда ол мұхитта қалқып жүрер еді. Сатурн ені 275 000 км, ал қалыңдығы бір километрден артық емес, өзінің қуатты сақиналар жүйесімен ерекшеленеді. 5 млрд жыл бұрын Күннің айналасында да көптеген ұсақ денелер мен бөлшектерден тұратын осындай сақинаның бірігуі нәтижесінде планеталар пайда болады. Яғни, осы сақиналар планетаның пайда болу механизмін түсінуге көмектеседі.
Уран. Уран да барлық алып планеталар тәрізді жартылай сұйық, жартылай газ күйінде тұрады. Планетаның ішінде елеулі ірі ақтты ядросы бар. Газ қабығының астында қалындығы планетаның радиусының үштен біріндей жерде су, амиак және метаннан тұратын, температурасы бірнеше жүз градус болатын тғыыз мұхит орналасқан. Ондағы атмосфераның қысымы 200 мың жер атмоферасы қысымнан кем емес. Басқа алып планеталарға ұқсас Уранның атмосферасы, негізінен, сутегінен, гелийден және метаннан тұрады және олардың салыстырмалы қатынасы Юпитер мен Сатурнға қарағанда төмен. Уранның ту көгілдір, өйткені оның атмосферасының жоғарғы қабатында сутегі мен гелийдің түтіні бар. Уранның магнит өрісі жердікі сияқты күшті, бірақ магниттік полюс географиялық полюстан шамалы 500 – қа ауытқыған. Уранда 9 сақина бар. Олар: тығыз, жіңішке, сатурынның сақина – карина мың есе жіңішке, түстері көмірдей қара.
Нептун. Күннен 4,5 млрд км қашықтықта жатыр, бұл жерден 30 есе алыс деген сөз. Нептуннің өлшемі Ураннан аз ғана кіші және ал газды алып пленталар ішіндегі ең кішісі болып есептеледі. Оның жарықтануы жер бетінен 900 есе Юпитерден 30 есе кем. Нептун атмосферасының құрамы алып планеталарға ұқсас екенін өлеулер көрсетті: 13% гелий, 85% сутегі және басқа заттар мен метанның қапасы бар. Нептун атмосфераның жоғары қабаттарының қозғалысы әдеттегіден өзгеше жүреді. Планетаның өз өсінен шығысқа қарай айналуына қатысты алғанда атмосфералардың қозғалысы батысқа қарай бағытталған, оның үстіне экватордағы бұлт баяу қозғалады. Күн жүйесіндегі жерлердің күштісі Нептунда соғады, оның жылдамдылығы дыбыстың жылдамдығына жетеді.
19 Мен сияқты өскен кезде біз сияқты әрқашан 9 планета болатынын білетінбіз. Алайда, жақында шешімдер қабылданды және кенеттен 8 ірі планета және карликовый және кішігірім планеталар пайда болды.
А деп аталатын денені қандай физикалық ерекшеліктер ажыратады үлкен планета қарсы карликовая планета немесе кіші планета?