1917 Жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы



бет1/3
Дата19.05.2020
өлшемі1.35 Mb.
түріҚұрамы
  1   2   3

1917 Жылғы Ақпан революциясы және Қазақстан Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы. Қазақстандағы саяси биліктің өзгеруі. Қазақ қоғамының саяси өзгерістерге қатынасы. Уақытша өкіметтің басқару органдарының құрылуы. Қазақ интеллегенциясының өкілдері Уақытша өкіметтің басқару орындарының құрамында. Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Тынышбаевтардың және басқалардың қызметі. Ақпан революциясынан кейінгі өзгерістердің тарихи маңызы. М.Тынышпаев Түркістан Уақытша үкіметінің комиссары. М.Шоқай Жетісу Уақытша үкіметінің комиссары. Уақытша өкімет және Қазақстандағы ұлт мәселесі. Облыстық және уездік қазақ съездері және оларда қойылған мәселелер. Патша өкіметінің құлауы және ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ комитеттерінің құрылуы және олардың қоғамдық саяси қызметі. Қазақ комитеттері – қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысының көрінісі.1917 жылғы дағдарыс. Шілдедегі І-ші жалпықазақ съезі. «Алаш» ұлттық-саяси партиясының құрылуы. Ә.Бөкейханов партия лидері. Алаш партиясының бағдарламасы. «Алаш» партиясының бағдарламасының «Қазақ» газетінде жариялануы. Алаш және большевиктер. Бүкіл Ресейлік Құрылтай жиналысына сайлау. Алаш партиясының жетістіктері. "Үш жүз" партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясының басшылары және олардың ұстанған саяси бағыты. «Үш жүз» партиясының жетекшісі. Уақытша өкіметтің мемлекеттік басқару жүйесінің ыдырауы. Большевиктердің саяси билікті қолына алуы. 1917 жылы Ақмолада құрылған ұйым. «Қара жұмысшылар Одағы» (А.Розыбакиев, Ж.Бабаев, Х.Фариденов). Желтоқсанда өткен ІІ-ші жалпықазақ съезі. Алашорда Халық Кеңесі үкіметінің құрылуы. Семей қаласы Алаш-Орда үкіметінің орналасқан орталығы. Алаш автономиясын жариялауға байланысты айтыстар. Ә.Бөкейханов Алаш үкіметінің жетекшісі. Түркістан (Қоқан) автономиясы ІҮ Бүкілтүркістан съезімен құрылған мемлекет. М.Шоқай Түркістан (Қоқан) автономиясының жетекшісі. Алашорда және Түркістан (Қоқан) автономиясы үкіметтері құрылуының Қазақстан тарихындағы тарихи маңызы.

  • Қазан төңкерісі
  • Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда қарашаның 7 Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.
  • Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннексиясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезе В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съез В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 15 қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы екіншісі 20 қарашадағы 3 желтоқсан Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин, К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов, А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев, Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет