1.Қатынастардан пропорция құрындар. 18-дің 20-ға қатынасы 9-дың 10-ға қатынасына тең



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі2,69 Mb.
#123654
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
9.вектор
7 сынып.есептоп

2018 жыл.
1.Қатынастардан пропорция құрындар.
18-дің 20-ға қатынасы 9-дың 10-ға қатынасына тең
4,2-нің 7-га қатынасы 1,2-нің 2-ге қатынасына тең
2.Пропорция түрінде жазыңдар 8·4=16·2 12·6=9·8
4. Ажар мен Ақниет 2,5 кг смородинадан варенье пісіреміз деп шешті. Рецепт бойынша 2 кг смородинаға 3 кг қант қажет. Ажар 3,75 кг қант керек дегенде, Ақниет 3,25 кг қант керек деді. Кімнің айтқаны дұрыс?
2:3=2,5:х
2х=2,5*3
2х=7,5
х=7,5:2
х=3,75 Жауабы: Ажар дұрыс айтты.
5. 1,5 л чай дәмдеу үшін 30 г заварка керек. Шәйнекте 0,39 л ғана сыяды. Қанша заварка керек?
1,5:30=0,39:х
1,5х=0,39*30
1,5х=11,7
х=11,7:1,5
х=7,8 Жауабы: 7,8 г заварка керек.
6. 4 порция бидай ботқасына 220 г бидай, 1 л сүт, 30 г қант керек. 14порция ботқаға қанша бидай, сүт, қант керек?
2:220=14:х
2х=3080
х=1540
4:1=14:х
4х=14
х=3,5
4:30=14:х
4х=420
х=105 Жауабы: 1540 г бидай, 3,5 л сүт, 105 г қант.
7. Кітапханада 400 кітаптар мен журналдар бар. Оның 26%-ы математикаға арналған кітаптар. Кітапханада математикаға арналған неше кітап бар?
8. Қарбыз массасының 98%-ы су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
9. Товарлың бағасы 120 теңгеге арзандатылған,бұл бастапқы бағасының 15%-ын құрайды. Товардың бастапқы бағасы қандай?
10. 400 г ерітіндіде 20г тұз бар.Тұздың ерітіндідегі проценттік қатынасын табыңдар?
11. Айдағы дененің салмағы жердегі осындай дененің салмағының 16 %-ын құрайды. Егер ғарышкер жерде 70 кг салмағы болса, айдағы салмағы қанша болады?
12. Барлығы 600теңге бар.Осы теңгенің 1/ 4- і жұмсалды.Қанша теңге жұмсалды?
13. Баласы 10 жаста.Оның жасы әкесінің жасының 2/7-сін құрайды.Әкесі неше жаста?
14. Өрікті кептіргенде өзінің массасының 0,3-ін жоғалтады.4,8 кг кептірілген өрік жинау үшін неше кг өрік жинау керек?
15. 35 саны 55 санының қандай бөлігін құрайды?
16. Кітапханада 2400 кітап бар, оның 8%-і шетел тілінде. Шетел тілінде қанша кітап бар?
17. Үйдің нақты ұзындығы 12 м, ені 10 м. Осы үйдің жоспарын сыз, егер масштабы 1:100.
18. Ауылды аймаққа газ құбыры өткізіліп жатты. 32 тұрғын 45 күн ішінде құбырларға арналған жерді өз қолдарымен орды. 24 тұрғыны бар дәл осындай ауылға құбыр өткізу үшін жерді оруға неше күн қажет болар еді?
19. 5 кг тауар үшін 325 теңге төленді. Осындай тауардың 11 кг-ы үшін қанша ақша төледі?
20. 16 солдат 21 сағат ішінде ор қаза алады. Осы жұмысты 12 сағатта орындау үшін тағы қанша солдат қажет болады?
21. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3- кг болды,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
22. Төрт қойдың неше аяғы бар?
23. Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі?
24. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
25. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атыпалады. Торғайдың қанша сықалады?
26. Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қандай сан?
27. Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?
28. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? 
29. 1 т мақта ауыр ма, 10 ц темір ауыр ма? 
30. Кенжетай 1968 –жыл 29-ақпанда дүниеге келген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады?
31. Қалаға 100 турист келді, олардың 10-ы немісше де, французша да білмейді. 75-і тек немісше, ал 83-і тек французша сөйлейді. Неше турист екі тілде де сөйлейді?
32. Немересінің жасы неше ай болса, әжесінің жасы сонша жыл, ал олардың жастарының қосындысы 52-ге тең. Немересі нешеде? Әжесі ше?
33. Сіріңке шиінің ұзындығы 4,5 см.13 шиден метрді қалай құру керек?
34. 8 лақ пен 9 қазды 5 қораға аяқтарының саны 10 және әр қорада лақ пен қаз болатындай етіп қалай орналастыру керек?
35. Кез келген амал мен 6 цифрын 3 рет қолдану арқылы 30 санын жазыңдар.
36. Күндізгі 12-де жаңбыр жауып тұр, ал 36 сағат өткенде күннің көзі жарқырап шығады деп тұжырымдауға бола ма?
37. Құрбақа тереңдігі 50 метр құдыққа түсіп кетті. Бір күнде ол 18 метр жоғары көтеріліп, содан кейін 12 метр төмен түседі. Сол орнында келесі күнге дейін қалады. Келесі күні де осы қайталанады. Құрбақа неше күннен кейін құдықтан шығады? (7 күнде)
38. Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты 3-тапсырма: Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
40. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан ?екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық үхынылған балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан ;«соңғы» ретте, әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ - үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабак тоғыз, бекіре он сегіз, ал шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабак он екі, бекіре жиырма төрт, шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.
1. 3 сазан, 9 шабақ, 18/ бекіре, 11 шортан.

  1. 4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.

41. Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
Жұмбақтың жауабы: х+(х+6)+(х+12)+(х+18)+(х+24)=1005х=40, х=8 балық. 
42. Бір кісінің 2 қыз, 3 ұлы бар. Балалардың бәрінің жастарының қосындысы 26. Ұлдарының жастарының орталамасы (орташа саны) 7. Бір қыз қосылса орташа жас 6-ға түседі. Ендеше ең кіші қызының жасы қаншада?
Жауабы: 2 жаста
43. Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
Жауабы: Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
44. Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
34+х=2(11+х)
34+x=22+2x
-2x+x=22-34
-1x=-12
x=12/1
x=12
45. Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?
Жауабы: Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі. 
46. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? Жауабы: 30 жылқы
47. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? 
Жауабы: 23 асық, 3 немере 
48. Серік әкесінің бүгінгі жасына жеткен кезде, қарындасының жасы қазіргі жасынан 2 есе үлкейеді. Ал қарындасы әкесінің бүгінгі жасына жеткенде, Серіктің жасы бүгінгі жасынан 2 есе үлкейеді. Үшеуінің жастарының қосындысы 100 болса, әр бірінің жасы қаншада? 
Жауабы: Серікпен қарындасы 25 жаста, әкелері 50 жаста.
49. Айдос 5 дүкенге кіріп, қалтасындағы бүкіл ақшасын жұмсайды. Әр дүкенде, сол дүкенге кірер кездегі ақшасының жартысынан 1 теңге артығын жұмсайды. айдостың үйінен шығар кезде қалтасында қанша теңге бар еді?
Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.
4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге
3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге
2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге
1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге
50. Бала қорапқа жалпы саны 8 өрмекші және қоңыз салды. Олардың аяқтарының қосындысы 54 екен қорапта неше өрмекші неше қоңыз бар?
Жауабы: 12 балапан, 23 көжек.
51. . Бір қарияның бір үйір жылқысы болады. Жылқыларын бағып жүрген қарияға бір топ бала кездеседі. – Ата жылқыңызды біз бағып келейік – дейді. Сонда қария жылқының бір басын жоғалтып, аяқтарын сындырып алмаңдар дегенде, бір бала жылқыларыңыз бен өзіміздің басымызды қосып есептегенде бас саны 26 және аяқтар саны 82 болды деген екен. Сонда жайылымда неше жылқы және оны бағып неше бала жүр?
Жауабы: 11 бала, 15 жылқы.
52.. Қорадағы тауықтар мен қояндар саны 19, ал аяқтарының саны 40, қорада неше қоян неше тауық бар?
Жауабы: 18 тауық 1 қоян
53. Бір кесе қымыз бен бір килограмм бауырсаққа 24 теңге ақша төленді. Жарты кесе қымызбен бір килограмм бауырсаққа 18 теңге ақша төленсе, бір кесе қымыз және 1 килограмм бауырсақ қанша тұрады?
Жауабы: 12 теңге; 






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет