1сабақ Мектеп №11 Мерзiмі: 04. 02. 2017ж Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет!



Дата19.02.2017
өлшемі67,61 Kb.
#11110
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

1сабақ



Мектеп 11

Мерзiмі: 04.02.2017ж

Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет!

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, достық, бауырмалдық.

Мұғалiм: Акшолакова С.М

Сынып 7ә



Сабақ мақсаты: Оқушыларға «Мейірімділік», «Қайырымдылық» туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

Оқушыларды мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын үйрете отырып, бауырмалдық қасиеті туралы түсінік беру;


Оқушылардың бойындағы достық қаиетін дамыту;
Оқушыларды мейірімділікке, достыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: слайдтар, видеоролик, постер қорғау

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру оқушыларды топқа бөлу.



5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп


2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Көңіл-күйіміз қалай балар?
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

1. Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білеміз?

2. Сүйіспеншілік пен мейірімділікті қалай ажыратасыздар?

3. Мейірімділік қасиетін біз кімнен көбірек сезінеміз?



Сабақ барысын талқылау:

4 Дәйек сөз

«Мейірімділікті анадан үйрен»

/халық даналығы/

1. Халық даналығын қалай түсінесіздер?





5. Әңгімелеу

Видео «Жақсылық Бумерангі»

«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.


  1. Мейірімділік деген қандай қасиет?

  2. Ата-ана сүйіспеншілігінен қандай мейірімділікті көреміз?

  3. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңызы?




6. Шығармашлық іс-әрекет, топтық жұмыс

1 тапсырма постер

А) Мейірімділік шуағы

Б) Мейірімділік кестесі

В) Ананың бойында қандай қасиеттерді көреміз?



ІІ тапсырма

10 қадам (әр топтан екі оқушыдан ортаға шақырылып ойын ережесі түсіндіріледі)



ІІІ тапсырма :«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн) Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)

Таза мөлдір…. мейірімді! (су) Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам) Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем) Еркелеткен …. мейірімді! (атам)

Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым) Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)





7. Топпен ән айту «Ана туралы жыр»

Ана туралы жыр

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даланың әр гүлін жинадың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық қоштарың өзіңе арнаған


Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап өсірген жемісің

Самал жел саябақ құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын
Өтеуге борышын анашым жан сырым

Іздедім сен үшін әлемнің асылын

Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені

Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді


Қайырмасы:
Ете көр қанағат, әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым, қолдағы осы бар

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал






8. Үй тапсырмасы «Мейірімділік» туралы эссе жазу




9 Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қосылады. Бүгінгі сабақты есімізге түсірейік, қандай әсер алдыңдар? Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық.









Баяу әуен
Әдістемелік нұсқаулықтан алынады

Оқулықтан

Интернет желісі

Ватман, фламастер, қарындаш, өшіргіш,


Карточка

Е.Нұржановтың орындауынан

Баяу музыка




Каталог: uploads -> doc -> 02a2
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
02a2 -> Бауырмалдық және кеңпейілділік Құндылығы
02a2 -> Сабақ: География Мектеп: М.Әбенова атындағы жалпы орта мектеп Сынып: 10
02a2 -> Қызықты көңіл, студенттік өмір!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет