2 Дәрiс. Тақырып: Ашыту өндiрiсінің негiзгi шикiзаты. Құрамында крахмалы бар шикізат



бет1/10
Дата07.02.2022
өлшемі111,15 Kb.
#97039
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ba0f43ba-3250-11e3-9d7d-f6d299da70eeлекции брод 3 курс каз
Home work, Home work, 11 сынып 2 токсан.1 СОР, 11 класс Олимпиада, 10 кл 1 урок Подготовка к проекту

2 Дәрiс.
Тақырып: Ашыту өндiрiсінің негiзгi шикiзаты. Құрамында крахмалы бар шикізат.
1. Картопқа сипаттама.
2. Дәндi-дақылдарға сипаттама.
3. Несоложеное шикiзат.
Картоп.
Картоп – спирт өндiрiсiнiң таралған шикiзаты. Картоп спирт заводтарының қатарында спирт және крахмалды құрамалы өңдеулерге ұшырайды.
Картоп түйнек жемiстiлердiң тобына жатады. Картоп түйнектерiнің сырты қабықпен қапталған (эпидермиспен). Қабықта көзшелері бар кішкене қуыстар болады. Қабық астында түйнектерді ылғалсызданудан қорғайтын клеткалардың жіңішке тоз қабаты болады. Түйнектер теріс формалы жеке клеткалардан тұрады. Тікелей тоз қабаттың астында орналасқан клеткалар ақуызды заттардан тұрады және құрамында крахмалы жоқ. Түйнек ортасына жақындаған сайын клеткадағы крахмал құрамы арта түседі. Клеткадағы крахмал әр түрлi культураларда, әр түрлi формасы болатын дән түрiнде болады. Картоптың крахмалды дәндері эксцентрлiк дөңгелек түрінде болатын қабаттардан тұрады.
Картоптың химиялық құрамы тұрақсыз, себебі ол сортқа, өсу жағдайына, тыңайтқыштарға және тағы басқа себептерге байланысты. Картоптың орташа химиялық құрамы (%): су – 75; ұрғақ заттар - 25, соның iшiнде азотсыз зкстрактивтiк заттар - 20, 8; азотты заттар - 2, 0, клетчатка - 1, минералды заттар - 1, 0, тағы басқа заттар - 0, 2.
Картоптың негiзгі бөлігін крахмал құрағандықтан оның құрамы оның сортына байланысты болады. Асханалық ерте пiскен сорттың құрамында 12-15%, орташа пiскен сорттың құрамында - 15-18% крахмал бар. Картопта қанттың құрамы 1% кем. Спиртті алу барысында крахмал және қант бастапқы заттар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет