2 Жүйке орталықтарының қасиеттері



бет1/11
Дата07.05.2020
өлшемі31,34 Kb.
#66531
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
сессия физио
10 Дәріс гликогеннің қорытылуы және сіңуі

2)Жүйке орталықтарының қасиеттері

Жалпы жүйке орталығы деп біріңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінің белгілі бір жерінде нейрондардың жиынтығы деп аталады.Жәнеде әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.Жәнеде осы жүйке орталығының бірнеше негізгі қасиеттері бар,мысалы:

Жүйке орталықтарының негізгі қасиеттері:

1) Біріншісі жүйке орталығының қозуды біржақты өткізуі.

Орталық нерв жүйесінде қозу тек бір жақты,яғни бір бағытта, сезімтал нейроннан эффекторлық нейронға қарай өткізіледі. Бұл қасиет орталық нерв жүйесіндегі нерв орталықтарында көптеген синапстық байланыстың болуына байланысты.

2)Екіншісі нерв орталықтары арқылы қозудың кідріп өтуі.

Рефлекторлық доға жүйесінде қозу орталық жүйке жүйесінің синапстары арқылы кідіріп өткізіледі. Әр түйіспеде 0,2-0,5 мс кідіріп,нерв орталығына баяу өтеді .

3)Үшінші жүйке орталықтарында қозудың жинақталу құбылысы.

Жинақталу құбылысын нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқап сипаттаған И.М.Сеченов (1863) болды. Жиынтықталудың екі түрін айырады: жүйелі, бірізді (уақыттық) және кеңістік. Уақыттық жиынтықталу деп –негізінен жүйке орталығына бір афференттік нерв талшығы арқылы қысқа интервалмен бірінен соң бірі келетін қозулар арасындағы өзара әрекеттесуден көрінеді. Кеңістік жиынтықталуды алу үшін бір рецептивтік алаңдағы екі немесе бірнеше рецепторлар бір мезгілде тітіркендіріледі. Сонда, бір ғана рецептор бір рет тітіркенгенде тумайтын рефлекторлық акт байқалады.

4) Қозу ырғағының трансформациясы.

Негізінен жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Жәнеде осы жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары келіп түседі.

5)Жүйке орталығының шаршауы.Яғни жүйке талшықтарына қарағанда жүйке орталығы тез шаршайды екен.

6)Дивергенция мен конвергенция.Қозудың орталық жүйке жүйесінде өтуі осы аталған екі құбылысқа байланысты.Конвергенция деп- бір нейронда әртүрлі жолдармен импульстар тоғыса алады.Ал дивергенция дегеніміз біздегі бір аксон тармақталып,көп нейронмен байланысып,түйспе құрайы.

7)Сонымен қоса окклюзияқұбылысыда жүреді.Окклюзия мәні-қозудың кеңістіктік жинақталуы рефлекстік жауапты күшейтеді,бірақ оның нәтижесі төмен болады.

8)Тағыда жүйке орталығыныңбасты қасиеттеріне ол –жүйке орталығының үздіксіз тонуста болуы. Яғни тонусы күшейсе,қозудың үдегенін көрсетеді,ал тонус төмендесе ол қозудың бәсендеп қалғаны .

9)Жүйке орталығы фармакологиялық заттарға өте сезімтал келеді екен.

10)Оттегі жетіспеушілігіне өте сезімтал болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет