2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. «Поезд» жаттығуы



Дата27.03.2020
өлшемі21,53 Kb.
#60925
Байланысты:
АЙЗА


  1. Амандасу.

2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.


3. «Поезд» жаттығуы.

Ұйымдастыру: 1. Амандасу.

Жақыннан амандасу.

Алыстан амандасу.
2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.
«Егер мен композитор болсам...»
3.«Поезд» жаттығуы.
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады. 

5.«Өз жұбыңды тап» жаттығуы.


Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді. 

 6 жаттығу «Жасырын хат, ойлан тап!»
Қажетті құралдар: ватман, түрлі түсті фломастерлер, қарындаштар, өшіргіш, сызғыш
Уақыты: 20 минут
Барысы: Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Жүргізуші:  Ерте-ерте-ертеде . . . әлі адамдардар әріп танымаған уақытта да, олар 
бір- біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті. Бүгін біз соны үйренеміз. Өзқарсыластарыңызға сурет арқылы қысқаша ғана ойларыңызды жеткізіңіздер. Әр бір топқабелгілі бір сөйлемдер беріледі:
  «Бүгін маған сағат кешкі 6-да телефон соқшы» - 1-ші топқа арналған хат;
   «Бүгін жұмыстан кейін кинотеатрға барайық» - 2-ші топқа арналған хат;
«Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел» - 3-ші топқа арналған хат.
Мұғалімдер  өздеріне берілген тапсырманы ватманға сурет арқылы салып, өзара алмасады.Келесі топтың мұғалімдері, суретте берілген сөздерді анықтаулары қажет.


3.«Сурет салайық» жаттығуы Жүргізуші: «Қолыңызға дәптер (парақ, қағаз) алыңыз, оны төбеңізге қойыңыз. Екінші қолыңызға қалам алыңыз. Параққа үлкен шеңбер сызыңыз. Осы шеңбердің ортасына кішткентай арал салыңыз. Аралдың қасына екі-үш пальма салыңыз. Сол жағына жүріп қайықтың суретін салыңыз. Енді қайтып келіп пальманың қасына өзіңізді жатқызып салыңыз. Сонан соң парақты қолыңызға алыңыз. Айтылған нұсқауға сәйкес сурет сала алдыңыз ба? Кімнің суреті нұсқауға сәл болса да ұқсайды?» Ойынның (әзіл) қорытындысы: егер кімде-кімнің суреті нұсқаулыққа ұқсайтын болса, онда ол семинар барысында айтылып жатқан мәселелерді зейін қойып, назарын соған аударып тыңдап отырған

Ертегі

Ерте-ерте-ертеде, ешкі жүні бөртеде бір бақытты отбасында (металлофон) кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың өздерінің сүйіспеншілікпен жасайтын жұмыстары болыпты. Кемпірі еден сыпырып (маракас) үй жинаса, шалы етік жөндеп (барабан) ән айтыпты (металлофон). Бір күні кемпірі әдеттегідей үй сыпырып (маракас) жүрсе, біреу есік қаққандай (барабан) болады, кемпірі үй сыпыруын (маракас) тоқтатып, есікті ашса (металлофон), ешкім жоқ екен, сөйтсе, балғамен (барабан) етіктің тақасын қағып отырған шалы екен. Кемпірі қолына сыпырғышын алып қайтадан үй сыпыруын (маракас) жалғастыра береді. Бір кезде үй сыртынан әсем ән (металлофон) естіледі. Кемпірдің жүзі жадырап, әсем әнге (металлофон) қосылып, билеп кетеді. Оны көрген шалы қолындағы балғасын (барабан) қоя салып, әуенге (металлофон) елітіп билей жөнеледі. Кемпірдің сыпырғышы (маракас) бір жерде, шалдың балғасы (барабан) екінші жерде, жасап жатқан жұмыстарын бір сәтке ұмытып, өздері өмірлеріне мәз болып, билеп (металлофон) көңілдерін (металлофон) көтереді. Бұл отбасының күнделікті тірлігі осы, кемпірі таңертеңнен кешке дейін еден сыпырып (маракас), үй жинайды, ал шалы балғасымен (барабан) етік қағып, (металлофон) ән айтып уақытын өткізеді екен.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет