2. С. Омаровтың өмірін, өмірлік ұстанымдарын жас ұрпаққа үлгі ет



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі1,06 Mb.
#55025
  1   2


Мақсатты:

1.Ардақты жерлесіміз Сейітжан Омаровтың шығармашылығын насихаттау, жасөспірім балаларды қаламгер туындыларының құндылығын түсіне білуге баулу.

2.С.Омаровтың өмірін, өмірлік ұстанымдарын жас ұрпаққа үлгі ету.

3.Жастарды білімге итермелеу,көшбасшылық қасиеттерін дамыту, патриоттық рухын асқақтату.

23 қарашада 7 «А» оқушыларымен кітапханада Сейітжан Омаровтың өмірі мен шығармашылығымен танысып өттік.

Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстық.

Қандай өркениет заманында да ешбір ақпараттық технология құралдары кітаптың орнын алмастыра алмайды. Кітап оқу жан дүниемізді байытады.

Омаров Сейітжан (22.06.1907-19.12.1985) - жазушы, ақын, аудармашы. Ақмола облысы Атбасар ауданы Керегетас ауылында дүниеге келген.

Әкесінен жеті жасында жетім қалған Сейітжан ауылдық бастауыш мектебінде оқып, Атбасар қаласындағы жетіжылдық орыс-татар мектебін білім алып, бастауыш мектеп мұғалімдері курсын,  Қостанай халық ағарту институтын бітірген.  Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастап,  жергілікті кеңес органдарында әртүрлі қызметтерге араласып, комсомол ұйымының хатшысы болған. 1932 жылы Қостанай халық ағарту институтының 2 курсына қабылданып, бір жылдан кейін журналисткалық қызметтер атқара бастаған. Cолтүстік Қазақстан облысының «Ленин туы» газетінің жауапты хатшысы, Атбасар, Алексеевка, Советский аудандық газеттерінің редакторының орынбасары жауапты хатшы, бөлім меңгерушісі болған. 1934-1935  жылдары облыстық, республикалық баспаcөз беттерінде ақынның жырлары  жиі басыла бастаған. «Тракторшы», «Колхоз шаттығы», «Нан » атты өлеңдерінде жаңадан құрылған қазақ  ауылдарының өмір-тіршілігі, шаруа ұжымдарының  қажырлы еңбектері туралы жырлаған. 1937 жылы Қазақ КСР Жазушылар Одағы аппаратына жұмысқа ауысады. 1937-1942 жылдары -  «Әдебиет және өнер» (қазіргі «Жұлдыз») журналының жауапты хатшысы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет журналы (қазіргі «Жазушы») редакциясының хатшысы болды. 1942-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс жылдарында  «Вперед, на врага» майдан газеті редакциясының қызметкері, рота командирінің саяси жұмыс жөніндегі   орынбасары болған. 1946-1960 жылдары -  «Жазушы» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Он жыл бойы Қазақ КСР Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болған. 1966-1985 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы балалар мен жасөспірімдер әдебиеті кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Алғашқы әңгімелер жинағы «Бақыт» 1938 жылы жарық көрді. Отыздан астам кітабы шыққан. Негізгі шығармалары балалар мен жасөспірімдерге арналған. Сейітжан Омаров туындыларының жас жеткіншектерді отаншылдыққа, қаһармандыққа, шынайы достық пен мызғымас ынтымаққа, рухани тазалық пен биік парасатқа тәрбиелеуде маңызы зор. Жазушының «Заман күші», «Әңгімелер», «Балзия», «Қайырлы жаз», «Алтын алқап», «Күншуақ», «Дала қызы», «Бақ жұлдызы», «Қиыр жол», «Қасиетті бұлақ», тағы басқа повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қызыл арай» романы жарық көрген.

Аударма саласында Лев Толстойдың, Сергей Баруздиннің балаларға арналған әңгімелерін, Антон Чеховтың, Максим Горькийдің шығармаларын, Валентин Катаевтың «Жалғыз жалау жалтылдап», «Полк баласы» повестерін, неміс филологтары ағайынды Гриммдердің ертегілерін, башқұрт жазушысы Сайфи Құдаштың повестерін, чех жазушысы Божена Немцованың «Алтын кітап», «Күміс кітап» ертегілерін қазақ тіліне аударған. Өзінің  көптеген туындылары да шет ел тілдеріне аударылған.

Қызыл Жұлдыз, Халықтар достығы, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.



 

Балалар жазушысының туындылары бірнеше шетел тіліне аударылған


Каталог: uploads -> doc -> 0868
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0868 -> Мустафина Гулсум Зияшевна Көкшетау қаласы №4 орта мектебі кмм


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет