2 шағын орталықты орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі Есеналиева Гульжанның жұмысы бойынша сараптама тобының қорытындысы



Дата10.06.2017
өлшемі42,36 Kb.
#18482
2 шағын орталықты орта мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі Есеналиева Гульжанның жұмысы бойынша сараптама тобының қорытындысы
Есеналиева Гульжанның аттестаттау комиссиясына өткізілген құжаттары талапқа сәйкес жинақталған.

Бітірген оқу орны: М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Білімі: Жоғары

Еңбек өтілі: 10 жыл

Білім сапасы: 64%

Шығармашылық тақырыбы: «Биология сабағында зерттеу дағдысын дамыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу».

Марапаттары:

2015 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының мүшесі болып сайланды. (№6 хаттама). М № 00043

2015 жылы Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың алғыс хатымен марапатталды.

Жеткен жетістіктері:

2014 жылы халықаралық «Кеңестер Одағы Кеңістігіндегі ғылыми дискуссия: проблемалары мен келешегі» атты ғылыми-практикалық конференциясында «Дарынды, талантты ұрпақтың шығу жолы» тақырыбымен 10-сынып оқушылары Ә.Садық және Н.Уәлимен бірлесе жазған баяндамасы сараптау комиссиясының шешімімен жоғары бағаланып, I дәрежелі дипломмен марапатталып жинаққа енді.

2015 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясы және Орал мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына ұсынған «Биология сабақтарында оқушылардың іскерлік дағдысының дамуына жағдай жасау» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енді.

2015 жылы Тараз мемлекеттік Педагогикалық институтының ұйымдастыруымен өткен Қазақ Хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым – 2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Биология пән мұғалімдерінің инклюзивтік білім беру саласындағы рөлі» атты тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

2014 жылы республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына қатысып, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сертификатына ие болды.

2015 жылы «Өсімдіктер физиологиясы» атты авторлық бағдарламасы республика көлемінде таратылды.

2016 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған биология пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, III дәрежелі дипломмен және қола нәтиже номинациясымен марапатталды.

2013 жылы «Биолог анықтамалығы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының № 2 санында «Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны» тақырыбындағы сабақ жоспары «Үздік слайд-2013» айдары бойынша жарияланды.

2013 жылы «XXI ғасыр мектебі» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының №1 санында «Есту мүшесі» тақырыбындағы сабақ жоспары «Менің тәжірибем» айдары бойынша жарық көрді.

2013 жылы IX облыстық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 10-сыныпқа арналған «Өсімдіктер физиологиясы» бағдарламасы жүлделі II орын дипломымен марапатталды.

2013 жылы облыстық биология - химия пәндері мұғалімдерінің ғылыми-практикалық конференциясында биология пәнінен 8-сыныпқа арналған «Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы» деген тақырыпта іс-тәжірибесімен бөлісті.

2014 жылы облыстық биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасында I орынды иеленді.

2015 жылы оқушылардың облыстық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Садық Әлібек биология пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2014 жылы жаратылыстану - математика пәні мұғалімдеріне арналған облыстық «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі» тақырыбындағы педагогикалық оқуға қатысып, сертификат иеленді.

2015 жылы қазан айында «Физика пәнінен оқушыларды зерттеушілікке үйрету арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында өткізілген облыстық, аймақтық семинарда физика пәнімен кіріктірілген 11-сыныпқа арналған «Электромагниттік толқындар: пайдасы мен зияны» атты дебат сабағын өткізіп, іс-тәжірибесімен алмасты.

Оқушыларының жетістіктері:

2015 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған биология пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында 11-сынып оқушылары Садық Әлібек қатысып, «ауданның үздік нәтижесі» номинациялы сертификаттарын иеленді. (№573611)

2015 жылы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған биология пәні бойынша оқушыларға арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында 11-сынып оқушылары Уәли Нұрдаулет қатысып, «ауданның үздік нәтижесі» номинациялы сертификаттарын иеленді. (№573235)

2015 жылы оқушылардың облыстық пән олимпиадасында 11-сынып оқушысы Садық Әлібек биология пәнінен III дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген аудандық олимпиадада 9-сынып оқушысы Садық Әлібек III орынды иеленді.

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген аудандық олимпиадада 11-сынып оқушысы Садық Әлібек I орынды және 10-сынып оқушысы Ергеш Дана III орынды иеленді.



2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында өткізілген аудандық олимпиадада 10-сынып оқушысы Нұрғазыұлы Қуаныш I орынды иеленді.

Сараптама тобының қорытындысы:

аттестаттау комиссиясының қарауына ұсынылсын.

Сараптама тобының мүшелері:


  1. Н. Дарханбекова ...................................

  2. Г.Нұралиева ...................................

  3. Г.Жамалбекова ...................................

  4. Ж.Абатова ...................................

  5. Р.Мамбетиярова ...................................

  6. С.Скребец ....................................

  7. А.Қожакеева ....................................

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет