2 сыныпқа арналған жазба сын жұмыстарының түрлері.



Дата18.12.2021
өлшемі19,2 Kb.
#102862
түріОқулық
Байланысты:
2-synypa-arnalan-zhazba-zhmystary (1)
annotation143288, SCHOOL QUIZ, Матанализ.емтихан. 2022-2023, зима

2 – сыныпқа арналған жазба сын жұмыстарының түрлері. (Диктант түрлері)

Сөздік диктант:

1-нұсқа.

Сөздерді алфавит ретімен жаз.

Оқулық, мектеп, жиен, әже, парта, әуе, көрпе, сызғыш, ата, бала, балық, вагон, дала, жаубыр, зығыр, ине, сағат, ғарыш, тау, өзен, арна, футбол, шар, цирк, лашын, нағашы, радио, етік, ілгіш, хат, цирк, қоян.



2-нұсқа.

Сөздерді буынға бөліп жаз.

Жұмысшы, құлпынай, қуырдақ, құрылысшы, долана, жазба, тракторшы, жүзім, қайық, жайын, қияр, қауын, асқабақ, шие, қарақат, бүлдірген, алма, өрік, жиде, күнбағыс, қызылша, сәбіз, қырыққабат, пияз, тауық, мектеп.



3-нұсқа.

Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.

Өзен, балық, әуе, олар, дала, әже, жол, қас, шаңырақ, алты, бөбек, жаға, еден, қиық, ел, ет, егеу, тиін, орындық, қар, қабақ, көз, алау, тау, баба, көл, таға, қыз, бақ, тақ, есік.



Шығармашылық тапсырма:

1-нұсқа.

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

  1. Жауды, далаға, жаңбыр.

  2. Кең ауласы, мектеп.

  3. Атам, су, малға, берді.

  4. Келді, далаға, көктем.

  5. Салды, құстар, ән.

2-нұсқа.

Тірек сөздерден әңгіме құрастыру.

Келді, көктем, сарғайды, қызыл, жапырақтар, көк, сары, алтындай, кілем, жаңбыр, бұлтты, суық, қызық.

3-нұсқа.

Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойып жаз.

  1. Қоңырау қайта-қайта ... .

  2. Еңбектің - ... тәтті.

  3. Жаңбыр ... жауды.

  4. Мектеп ауласына ... отырғыздық.

  5. Алақай, ауылға ... келді!

  6. Далада жапалақтап ... жауып тұр.

  7. Қоян - ... аң.

  8. Арыстан – аң ... .

  9. Аққу - ... құс.

  10. Бұлбұл орманда ... .

  11. Қызық ... оқыдым.

  12. Аулаға ... отырғыздық

  13. Аю ... жейді.

Бақылау диктанты.

1-нұсқа.

Күз


Күз түсті. Күн де суыта бастады. Жан-жануарлар қысқа дайындық жасауда. Құмырсқалар індеріне тән тасып жүр. Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар қысқы азығын жаз бойы жинайды.

Тапсырма:

  1. Дауысты дыбыстардық астын сыз.

  2. Құмырсқа сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2-нұсқа.

Тиін


Тиін орманда, тоғайда болады. Ол секіруге икемді. Бұтақтан-бұтаққа, ағаштан-ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін жаңғақпен қоректенеді. Тиінді көрсең тиме, қорғап жүр!

Тапсырма:

  1. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сыз.

  2. Мәтін неше сөйлемнен құралған, астын сыз.

3-нұсқа.

Егіз лақ


Алақай, Сәкеннің сары ешкісі егіз лақ туды! Екеуі де өте әдемі! Жүндері бұйра. Лақтар тез аяқтанды. Сәкен лақтарына су берді. Олар суды ішті де, бастарын сілкіді. Бәріміз оған мәз болдық.

Тапсырма:

  1. Лепті сөйлемдердің астын сыз.

  2. Соңғы сөйлемдегі тасымалданбайтын сөздерді тауып сыз.

4-нұсқа.

Қыс


Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді. Жапалақтап қар жауып тұр. Айнала ақ күмісией жарқырайды. Үйлердің мұржасынан түтін шығады. Адамдар жылы киімдерін киген.

Тапсырма:

  1. Мәтінде неше сөйлем бар, жаз.

  2. 2 -3 сөйлемнің байланысын сызба арқылы көрсет.

5-нұсқа.

Ішік


Асанның анасы ішік тігеді. Ішік суық күндері киіледі. Ішік киген адам суықта тоңбайды. Оның тысы қымбат матамен қапталады. Анасы асанға қасқырдың терісінен ішік тігіп берді.

Тапсырма:

  1. Не? сұрағына жауап беретні сөздерді көрсет.

  2. Көптік жалғауы бар сөздерді сыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет