2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп және 2009 жылға жоспар



Дата02.07.2018
өлшемі166 Kb.
#46019
2008 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы

мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы

Е С Е П және 2009 жылға жоспар
Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің есепті кезеңдегі қызметі Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасын, 2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, іс шаралар жоспарын: 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын, іс-шаралар бағдарламасын, мемлекеттік тілді енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын, ішкі саясат саласындағы іс-шараларды, мұрағат құжаттарын жариялау және басылымдар бойынша іс-шараларды, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының шешімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталды.

Басқарма бастығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпараттар министрлігі Алқасының отырысына және ҚР Ақпарат және мұрағат комитетінің облыстық мұрағат қызметтері басшыларының мәжілісіне қатысты.

ШҚО Әкімі аппаратымен және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет аясында ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішкі саясат саласындағы әрекетінің жоспары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 06 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан азаматтарының хал-ахуалының артуы – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын жүзеге асыру бойынша ісшаралар жоспары; 2007 жылға «электрондық басқару» құру бағдарламасын орындау туралы есеп, 2007-2010 жылдарға арналған «электрондық мұрағат» жасау бағдарламасын жүзеге асыру туралы, 2007-2009 жылдарға арналған ШҚО мұрағат ісі мен құжаттама жүйесін дамыту бағдарламасы; 2007 жылғы мұрағат қызметінің әрекеттері туралы есеп, 2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары, облыс мұрағат мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі жасалды, сонымен қатар келесі ақпараттар жолданды: облыстың мұрағат саласының өзекті сұрақтары (ШҚО мемлекеттік мұрағаты ғимаратының құрылысы), «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты» бағдарламалық-аппараттық кешенін жасау бойынша ашық конкурс өткізу туралы, ШҚО әкімінің 2007 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы, ШҚО әкімі сайтына материалдар тапсыру туралы, мемлекеттік тілді іс жүргізге ендіру туралы, мұрағатшылардың шет елдік іссапарлары туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы, Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мұқият жоспар-кестенің орындалуы туралы, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында электрондық құжат айналым жүйесін (ЭҚЖ) ендіру туралы, бюджеттік классификация мен жергілікті бюджет коды кесіндісіндегі еңбек ақы қоры бойынша, жергілікті бюджет қаражатын ШҚО мемлекеттік мұрағаттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағыттау туралы, заңды нормативтік-құқықтық актілер мониторингін өткізу туралы, мемлекеттік тілді оқыту туралы, мұрағатшылардың «Қайрымдылық жасау» қайырымдылық марафонына қатысу туралы және басқа ақпараттар.

Басқарма басшысы ШҚО әкімінің облыс активімен және Көкпекті ауданының халқымен есепті кездесуіне, Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетімен өткізілген практика жүзінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды қолдануды түсіндіру жөнінде кустолық семинар-мәжіліске, әскери міндеттілер есебі мен броньдауды ұйымдастыру бойынша семинарға қатысты. Басқарма басшысы және қызметкерлері Қазақстан халықтарының бірлік Күніне арналған «Ортақ шанырақ астында» атты достық Форумына, Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де өткен «Абай мен Шәкәрім мұрасының әлемдік маңызы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

2008 жылғы маусымда басқармада «Русский регистр» сертификациясы бойынша Ассоциацияның бас аудиторымен 9001:2000 ИСО ХС талаптарына сәйкес МЖС инспекциялық тексеру өткізілді, менеджмент жүйесінің сапасы талапқа сай деп танылды.

2008 жылы басқарманың барлық қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында компьютерлік теңсіздіктің төмендігін жою бойынша «электронды әкімдік» бағдарламасы шеңберінде компьютерлік білім алу курстарында оқыды.

Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық үкімет» мемлекеттік бағдарламасын орындау аясында электрондық қызмет орталығы (ЭҚО) құрылды, басқармада виртуалды қабылдау бөлмесі жұмыс істейді – бұл азаматтардың өтініштерін, сұрақтарын қабылдауды және жауапты тұлғалардың оларды өңдеуін қамтамасыз ететін электрондық қызмет көрсету.

2008 жылғы қаңтардан бастап басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (ААЖ ЕУОЛ) енгізілген, оның негізінде № 1-ОЛ нысанды «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» статистикалық есеп қалыптасады, өтініштер жөнінде мәліметтер ай сайын электронды түрде ҚР бас прокуратурасының ШҚО бойынша құқықтық статистика және арнаулы есепке алу басқармасына ұсынылады. 2008 жылы виртуалды қабылхана арқылы азаматтардан, олар: тұрған жерлерін куәландыру фактілері, жұмыс өтілі, еңбек жалақылары, марапаттау деректері туралы және т.б. 206 өтініш түсті, өтініштер қаралып, орындалуда, оның ішінде 95-сі заңмен белгіленген мерзім ішінде орындалды, 11-і орындалуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 06 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артыруы – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыс мұрағат ұжымдарында Жолдау қағидаларын зерделеу ұйымдастырылды. ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша облыстық ведомствоаралық ақпараттық-насихаттау тобының басшысы ретінде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының елді мекендерінде халықпен кездесу өткізді. Басқарма басшысы және қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 06 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артыруы – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын ҚР ауыл шаруашылық министрі А.К. Күрішбаев түсіндіру жөніндегі облыстық актив отырысына қатысты.

2008 жылғы мамырда облыс әкімінің ауысуына байланысты, жаңадан тағайындалған ШҚО әкімі А.С. Бергенев облыстық басқармалардың басшыларымен кездесіп, олардың қызметі туралы есебі тыңдалды, басқарма басшылары мен қызметкерлері штаттық құрылым, кесте, функционалдық міндеттері туралы айтты, бағдарламаларды және жоспарларды орындау барысында басқарма жұмыстарын меңгеру бойынша ұсыныстар енгізді.

Осы кездесуде берілген облыс әкімінің тапсырмаларын орындау жолында ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы ХҚО (ЦОН) арқылы «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыс өткізілді. Мысалы: халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тізбесіне барлық басқармаға қарасты мемлекеттік мұрағаттарды, мұрағаттар және құжаттама басқармасын енгізу туралы ШҚО бойынша әділет департаментіне хат жіберілді, № 1 ХҚО және № 2 Өскемен қаласының ХҚО басшыларымен мәжіліс және сұраным берушілерге теріс, негізсіз жауап беруді болдырмауға байланысты ХҚКО жұмыскерлері және олардың филиалдары үшін 4-күндік оқып-үйрену семинары өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі Ә.С. Бергеновтың 23.05.2008 жылғы №1/2177 халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, атап айтқанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мұрағат анықтамаларын беру туралы туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес белгілі жұмыстар атқарылды: ШҚО бойынша әділет депатарментіне мұрағаттар басқармасы мен оның құрылымдық бөлімшелерін ХҚК арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерт тізбесіне енгізу туралы хат жолданып, ХҚО қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларындағы мұрағаттарда ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы сабақтар өткізілді.

Біздің хатымызға ШҚО бойынша әділет департментінен ҚР Үкіметінің қаулысының жобасына мұрағат анықтамалын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді енгізу туралы және ҚР Үкіметі қаулысының жобасы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде оның бекуі туралы, ХҚО арқылы мұрағат анықтамасын беру бойныша мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты мен Кесіміне енгізу туралы хат келді. ҚР Үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдедегі Қаулысымен мұрағат анықтамасын беру бойынша қызмет «бір терезе» принципі бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізбесіне енгізілді. Әділет министрлігінің 2008 жылғы 26 қарашадағы №321 бұйрығымен «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты бекітілді. Осы уақытта ШҚО бойынша әділет департаментімен бірлесе отырып, бұл қызмет түрін ендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарын жаңалау үшін 2008 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттары, 2007 жылғы, 2008 жылғы І тоқсанға, 2008 жылдың І жартыжылдағы, 2008 жылдың 9 айындағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағаты ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп, облыс мұрағат мекемелерінің басшыларының облыстық мәжілісін өткізу туралы ақпарат және т.б. тапсырылды.

2008 жылы «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» web-сайты белсенді жұмыс істеді, онда облыс мұрағат мекемелерінің әрекеттері туралы материалдар, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының электрондық мұрағаты» бағдарламалық-аппараттық кешенін жасау бойынша мемлекеттік сатып алулар конурсын өткізу туралы, облыстық мемлекеттік мұрағаттарының 2008 жылғы 1-тоқсанға, 2008 жылғы І жартыжылғы, 2008 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы және т.б. ақпараттар орналастырылды. Жыл сайынғы облыстың мемлекеттік органдарының арасындағы «үздік web-сайт» конкурсында Мұрағаттар басқармасы құрметті 1 орйнды иеленіп, дербес компьютермен марапатталды.

Есепті кезеңде мұрағатшылар күшімен Шығыс Қазақстан облысының Әкімінің облыс активімен есепті кездесуіне, облыс мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісіне, Шығыс Қазақстан Халықтарының Достық Үйінің қабырғасында дивизия комиссары Е.П. Рыковтың құрметіне қойылған мемориалдық тақтаның ашылуына, «Полигон-29 тамыз» халықаралық қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы И.Н Половинкиннің қатысуымен және Орталық қалалық кітапхананың қызметкері А.К. Ахметжановамен жазушы А.С. Иванов туралы сұхбатқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі О.П. Маципулоның 60 жылдығына «Қызықты адамдармен кездесу» циклінен «Адам жанының жасампазы» кешіне, келесі шығармашылық кештерге: «Ертіс жеріндегі із» (жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 65 жылдығына, жазушы А.С. Ивановтың 80 жылдығына, Шемонаиха қаласында А.С. Ивановқа ескерткіштің ашылуы және оның жесірі Г.Л. Ивановамен кездесуі, ақын, философ, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлына 150 жыл толуына арналған), әйгілі қылқалам Аманкелді Шәкеновтың дербес көрмесіне, КСРО суретшілер Одағының мүшесі Е.П. Долбилкинге, облыстық «Рудный Алтай» газетінің 90-жылдығына арналған іс-шараларға, «Еркін музаларға қайырымдылық» атты өңірлік 4-ші конкурстың жеңімпаздарының шеруіне, соғыс ардагерлерінің кездесуіне, Кенигсберг қаласын алған қатысушыларға, ардагерлер кеңесінің Пленумына, Астана қаласының 10-жылдығына байланысты ҰОС ардагерлерін марапаттауға, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханада «18-ғасырдың аяғы 20-ғасырдың басында Шығыс Қазақстанда тау-кен істерінің дамуы» құжаттары жинағының тұсау кесеріне бейнетүсірімдер жасалды.

Мәдениет және ақпарат министрілігіне 2009-2011 жылдарға арналған Мәдениет министрлігінің салалық бағдарламасы аясындағы инвестициялық жобалар тізбесіне «Өскемен қаласындағы ШҚО мемлекеттік мұрағатының мамандандырылған ғимаратының құрылысы» жобасын енгізу туралы қолдаухат жолданды, ҚР Мұрағат және ақпарат комитетіне «2008 жылға арналған Шығыс Қазақстандағы мұрағат ісін дамытудң негізгі бағыттары», «2007 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы есеп», «01.01.2008 жыл жағдайындағы облыс мұрағат мекемелеріндегі мемлекеттік сақтаудағы мұрағат қорының төлқұжаты», 2008 жылға арналған мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы ғылыми проблемаларды қарау бойынша кеңестің және әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына енгізу үшін ұсыныстар, ШҚО Мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттардың тізбесі, ХІХ-ХХ ғасырларда Қазақстанда өмір сүрген латыш ұлтының азаматтарының өмірі мен қызметіне қатысты ШҚО мемлекеттік мұрағаттарында сақтаулы құжаттар тізбесі жолданды. «Мұрағаттық анықтамаларды беру» стандарты туралы пікір, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1400 қаулысын практикада қолдану туралы сұраным, арнайы Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарымен және мемлекеттік мұрағаттармен ҚР ҰМҚ құжаттарын пайдалану және есепке алу және басқа да мұрағаттық құжаттарды жинақтау, сақтау, есепке алуды ұйымдастыру ереже жобасына ұсыныстар.

Мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында 2008 жыл ішінде облыстық басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясының және ШҚО ҚТҚО СТҒӘК отырыстарында 15048 сақтау бірлігі басқарма құжаттамаларының және 20148 сақтау бірлігі жеке құрам бойынша құжаттардың, 775 сақтау бірлігі жеке бас текті құжаттардың, 333 ғылыми-техникалық құжаттамаладың, 25 киноқұжаттың, 14 бейнеқұжаттың, 342 іс ЕБҚ, 202 фотонегетивтердің, 138 есеп бірлігі фотоқұжаттардың, 38 фотопозитивтердің (45 позиция), басқару құжаттамалары тізімдемелерін қайта өңдеу қорытындысы 5854 сақтау бірлігі басқарма құжаттамаларына, 1359 жеке құрам бойынша құжаттарған, жетілдірілгеннен кейін басқару құжаттарының тізімі 665 сақтау бірлігіне көбейді және оларға ғылыми-анықтамалық ақпарат қаралып, бекітілді.

225 істер номенклатурасы: «Қазақстанның халық жинақтау банкі» АҚ ШҚО филиалының аудандық басқармаларының, Мамырсу ауылдық округі Әкімі аппаратының, Аягөз аудандық аумақтық инспекциясының, әр бағыттағы 4 колледждің, қылмыстық-атқару жүйесінің 4 мекемесінің, Шығыс әскери округінің әскери прокуратурасының және Семей қаласының прокуратурасының, қартайған және жұмысқа жарамсыз азаматтарға үйінде әлеуметтік қызмет көрсету тұрпатты істер номенклатурасы, Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің, Бесқарағай аудандық сотының, цемент зауытының, Ұлттық ядро орталығының, «Шығыс Қазақстан халықтар достығы Үйінің кіші ассамблеясы» КМҚК, оның ішінде: 29 – құпиялық іс жүргізуі, 1 – «Құпия» белгісімен, 7 – «ҚБПҮ» белгісімен, 86 – мемлекеттік тілде келісілді.

Әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды: ШҚОММ 5 филиалдарын және ШҚО ҚТҚО жинақтау көздерінің тізімдері, 2007 жылдың 1 қазанындағы облыс мемлекеттік мұрағат мекемелерін жабдықтау көздерінің және әлеуетті жабдықтау көздерінің Жиынтық тізімі, Тұрғазы Нұқайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітапшалар макеті, «Олар 1939-2008 жж., Шығыс Қазақстан облысын басқарған», «Біз біздің өлкенің тарихын сақтаймыз» көрмесінің тақырыптық-экспозияциялық жоспары, «Разақов Нұрсұлтан - әскер-интернационалист» (кеңес әскеріінң Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 17 жыл толуына арналған). Тізімдемелерді жетілдіру мақсатында Семей қаласы Калинин аудандық атқару комитетінің білім бөлімімен және Жоспарлы комиссияның қорына 201 сақтау бірлігі тарихи анықтамалар құрылды және бекітілді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің Ақпапараттар мен мұрағаттар комитетінің Әдістемелік кеңесінің қарауына аудандық және оларға теңестірілген соттардың құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу жөнінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызу бойынша, құжаттарды қорға біріктіру жөнінде әдістемелік кеңестер жолдады.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен ШҚО ҚТҚО директорлары Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының қабылдануына 10 жыл толуына арналған «Мәдени және ақпараттақ жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісінің заңнамалық базасының қызмет етунің көкейтесті проблемалы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. ШҚО ҚТҚО-ның ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайында өткен «АС-Музей» электрондық бағдарламасының тұсаукесер-семинарына қатысты.

Облыс мемлекеттік мұрағатына «Тұлғалардың өтініштерінің біртұтас есебі» автоматтандырылған ақпарат жүйесі орнатылды, ол жүйе бойынша ай сайын өтініштер саналып, №1-ОЛ формасындағы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» 1 жарты жылдағы және есепті кезеңдегі есеп жасалып, ШҚО бойынша Құқықтық сататистка және арнайы есеп орталығына тапсырылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттарының дирекция мәжілістерінде 2007 жылға арналған ұжымдардың жұмыс қорытындысы мен 2008 жылға қойылған міндеттер, істердің бар жоғы мен физикалық жағдайын тексеру кестесі, мемлекеттік мұрағаттардың өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарының орындалу барысы қаралды.

2008 жылғы жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты Зырян филиалының іс-әрекетіне кешенді тексеру жүргізді.

Басқарманың басшысы мен қызметкерлері Астана, Аягөз, Зайсан, Риддер, Семей қалаларына, Абай, Бородулиха, Глубокое, Катон-Қарағай, Көкпекті, Ұлан, Тарбағатай, Үржар аудандарына, Ресей Федерациясына (Барнаул қаласы) іссапарлармен барып қайтты.




  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.

2008 жылы облыстық мемлекеттік мұрағаттарында тұрақты түрде сумен, жылумен, электрмен қамту жүйесінің жұмыстары қатаң қадағаланып отырды. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларында желдету және дымқыл түрде сүртіп алу жолымен температуралық-ылғалдық режимді оңтайландыру бойынша іс-шаралар, құжаттарды мемлекеттік сақтауда бейімдеу, мұрағат қоймаларын дезинфекциялау, дезинсекциялау іс-шаралары (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді.

Облыс ҚТҚО-да ғимараттың 4 қабатындағы өртсөндіру жүйесін монтаждау жүргізілді, сақтау мерзімі өтіп кеткен өрт сөндіргіштер жаңаға ауыстырылды, бос алаңдарға жаңа стеллаждар жасалды, ағаш сөрелер отқа төзімді құраммен өңделді.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Крылов көшесіндегі ғимаратында апат жағдайынан – жылу жүйесінің вентилі сынып, су алу жағдайынан кейін қызмет бөлмелеріне ағарту, сырлау, сонымен қатар пластикалық терезелерді орнату жұмыстары жүргізілді. Потанин көшесі, 12а ғимаратында мұрағат қоймаларының, қызметтік жайлардың және бірінші қабаттың фойесінде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, Головкова көшесі, 26/1-дегі облыс мемлекеттік мұрағат ғимаратында ақпараттық технологиялар бөлімінде қуатты жабдықтар орнатуға байланысты электрмен қамту жүйесін жөндеу жұмыстары басталды.

2006-2008 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ жоспарына сәйкес мұрағатқоймаларында өрт сөндіргіштерге арналған аспалар орнатылып, мұрағат қоймаларының есіктері өз бетінше жабылатын айлабұйымдармен жабдықталды.

Мұрағат қоймаларында 193 449 сақтау бірлігіне құжаттарды шаңнан тазарту жүргізілді.

2008 жылы облыс мұрағат мекемелері қағаз негіздегі 10691 істе 30857 парақты қалпына келтірді, 15872 сақтау бірлігі тігілді, 431 іс тізімдемелерімен тігілді, 36 газет тігіндісі тігілді, 277 тізімдеме мұқабасы рәсімделді.

Облыстың мұрағат мекемелерінде 45003 сақтау бірлігі картондалды, 4514 қорап қолдан жасалды, 1272 қорап және 4901 қайта шифрленді, 1863 тозған жапсырма ауыстырылды, 3054 жаңа жапсырма жасалды, 1342 қорап шифрленді, 7356 бума қалыптастырылды, 141 931 парақ қайта нөмірленді, 12056 с.б. қайта картондалды, 1298 өшуге айналған мәтін парағы қалпына келтірілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты қораптарға 605 жапсырма жапсырып, мемлекеттік сақтауға қабылдау барысында 2052 с.б. қайта шифрледі.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты аз пайдаланылатын 1137 с.б. және 380 қорапты мөрдеді.

АҚҚ анықтау мақсатында 2008 жылы 37 қор бойынша 16217 сақтау бірлігі қаралды (парақ бойынша 3298 іс және тақырыбы бойынша 12555 іс): Семей мемлекеттік медицина академиясының, Өскемен аудандық ВКП (б) бақылау комиссиясы және жұмысшы шаруа инспекциясы, Шығыс Қазақстан облыстық Пушкин атындағы кітапхана, Еңбекшілер депутаттарының Киров аудандық Кеңесінің атқару комитетінің жоспарлау комиссиясы, ШҚ атқару комитетінің жергілікті және отын өнеркәсібі бөлімі, Үльбі және Октябрь аудандық кеңесінің еңбекшілер депутаттары, Таврия ауданының әкімі, Ұлан аудандық әкімшілігінің экономика басқармасы. Облыс мемлекеттік мұрағатымен 207 ерекше бағалы құжат анықталды, облыстық ҚТҚО Семей мемлекеттік медицина академиясы қорынан 20 ЕБҚ анықтады, ЕБҚ анықтау қорытындысы есептік құжаттарға кіргізілді, тізімдемелерге, істерге және қораптарға «АҚҚ» (аса құнды құжаттар) белгісі қойылды.

Лениногор филиалы тарихи-мәдени мұраны анықтау мақсатында «Лениногор қалалық статистика инспектурасының» 319 с.б. қарап шықты (35 с.б. бет бойынша, 284 с.б. тақырып бойынша). АҚҚ анықтауда «Риддер қаласының мәслихаты» қоырының 99 сақтау бірлігі қаралды (15 с.б. бет бойынша, 84 с.б. тақырып бойынша). АҚҚ мен тарихи-мәдени мұра объектілері анықталған жоқ.

Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ҚТҚО АҚҚ-ға сақтық қорын жасау бойынша жұмысты жалғастырылды, ары қарай электрондық түрде сақтау үшін 33 с.б. сканерленіп, лазерлі табаққа жазылды – 1528 парақ-1352 МБ – ШҚ облыстық статистика басқармасы қорынан: 1969, 1975 жылдардағы облыс кәсіпорындарындағы жұмысшылар инженерлік-техникалық қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру туралы құжаттар, 1969-1970, 1972, 1975-1976 жылдарға облыс халық шаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің орташа еңбекақысы және еңбекақы қоры, ауыл шаруашылық жағдайы туралы баянхаттар, 1970-1977 жылдардағы еңбек және еңбекақы статистика бойынша талдау анықтамалығы және священник Б.Г. Герасимовтың қорынан құжаттар лазерлі табаққа ауыстырылды. Жеке бас текті қорлардан ғылыми еңбектер жиынтығы, қолжазбалардан үзінділер және басқа аса құнды құжаттар сканерден өткізілді. Сақтандыру тізімдемелеріне 720 тақырып енгізілді. Облыстық ҚТҚО Семей губерниялық халыққа білім беру бөлімімен және Семей қалалық атқару комитетімен - 65 сақтау бірлігі, 11689 параққа сақтық қоры толықтырылды.

Жоспарлы түрде құжаттар мен істердің бар-жоғы және физикалық жағдайын тексеру бойынша 1, 2, 3 санатты қорлар қаралды. 220 494 сақтау бірлігі тексерілді. Сонымен қатар, 2007 жылы пайдалануда болған істер – 43042 сақтау бірлігі тексерілді және ішінара 8658 істің санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді: облыс мемлекеттік мұрағаты: 1556 с.б., Аягөз филиалы 1013 сақтау бірлігін, облыс мемлекеттік мұрағатының Зырян филиалы – 1252 сақтау бірлігін, Жарма филиалы - 1350 сақтау бірлігін, Зайсан филиалының мемлекеттік мұрағаты – 3487 сақтау бірлігін тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша құжаттардың есебі мен физикалық жағдайы бойынша карточкалар мен актілер толтырылды.

Сұраныстарды орныдау үшін, оқу залында жұмыс істеу үшін, тізімдемелерді қайта өңдеу, ҒАА жетілдіру үшін мұрағат қоймаларынан 2008 жылы 428 903 сақтау бірлігі, 40366 іс тізімдемелерімен берілді. Облыстық мемлекеттік мұрағаттары уақытша пайдалануға 214 іс берді.

Оңтайлы орналастыру мақсатында мемлекеттік мұрағаттар қоймаларында 106358 сақтау бірлігінің, 8390 бума мен қораптардың орны ауыстырылды.

«Электрондық мұрағатты» толықтыру үшін облыс мемлекеттік мұрағаты «Өскемен қалалық халық депутаттарының кеңесі мен оның атқару комитеті» қорының құжаттарын сканерледі. Барлық сканерленген құжаттар «Мұрғат тіркеушісі» мәліметтер базаасына енгізілді. Жиыны 109 сақтау бірлігі енгізіліп, 10489 сканерленді, оның ішінде АҚҚ 8350 Мб.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты кітапша және құжаттар жинағын басу үшін ақын, жазушы, өлкетанушы Тұрғазы Нұқаевтың, Кеңестер одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың жеке қорынан фотоқұжаттар, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Дидар» газеті редакторының орынбасары, Жамыл атындағы облыстық мектеп-интернатының бұрынғы директоры Байдельдинов Валиахмет Нұрахметовичтің, Қ.О. Сақабаевтың фотоқұжаттрын, ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі Г.Н. Пуссептің фотосуреттерін, №19 мектептің бұрынғы директорының және т.б. жеке бас текті қорынан 687 құжат және фотолар принтерде басылып шығарылды.

Әлеуметтік-құқытық сипаттағы сұраныстарды орындау үшін және облыстық мемлекеттік мұрағаттың оқу залында зерттеушілердің жұмысы үшін құжаттың 16 028парағы ксерокөшірмеленді.


Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры

құжаттарының мемлекеттік есебі
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттары 2007 жылы болған қор құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер, 2008 жылдың 1-қаңтарындағы облыстық мұрағат қорының жағдайы бойынша төлқұжат жасады.

Облыстық мемлекеттік мұрағатпен 68 жаңа қор парағын жасады 121 қор парағы жалғастырылды, 90 қорға өзгерістер енгізілді. 10 нысаны бойынша 118 карточкаға өзгерістер енгізілді. 108 қор карточкасы жалғастырылды және қайта жасалды. 24 жаңа қор карточкасы жасалды, оның 5 карточкасы АҚҚ-ға жасалды. Қор бойынша көрсеткілерге арналған 197 карточка, стеллаждық топографиялық көрсеткілерге 70 карточка жасалды, түсуді есепке алу кітабына 101 қор енгізілді, тізімдемелер тізіліміне 141 жаңа тізімдеме енгізілді, АҚҚ тізімдемелеріінң тізіліміне 5 іс тізімдемесі кірді, қор тізіміне 11 қор қосылды.

185 қорға есептік құжаттарымен салыстыырып тексеру жүргізілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағат облыстық мемлекеттік мұрағаттың және аудандардың мемлекеттік мұрағаттарының мұрағатшыларымен мемлекеттік мұрағаттардағы есептік құжаттарды жасау әдістемесі бойынша семинар өткізді.


2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомстволық мұрағаттарға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау және мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыру. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
2008 жылы облыстық мемлекеттік мұрағаттары мемлекеттік сақтауға басқару құжаттамаларының 13729 сақ.бір., жеке құрам құжаттарының 19211 ісі, 374 с.б. ҒТҚ, фотоқұжаттардың 350 с.б., бейне құжаттардың 41 с.б., 1 с.б. фоноқұжат, 25 с.б. киноқұжаттар қабылдады.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары есепті кезеңде 13570 тұрақты сақтау ісін (оның ішінде 99 с.б. құпия іс жүргізу), 40969 жеке құрам істері, 389 жеке бас текті істері, 266 с.б. ғылыыми-техникалық құжаттамаларын тәртіпке келтірілді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары 474 ұйымның құжаттаманы басқару қызметі және ведомствалық мұрағаттарына істер номенклатурасын жасау, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқаулық, фирмалық бланк, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (оның ішінде 24 ұйымға бару арқылы): Өскемен қаласы әкімінің аппараты, Глубокое, Ұлан, Зайсан аудандары әкімінің аппараттары, 10 ауылдық округ әкімдерінің аппараттары, облыстық энергетика және коммуналды шаруашылық департаменті, жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзаланың алдын алу және жоюды ұйымдастыру, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, кәсіпкерлік пен өнеркәсіп, денсаулық сақтау, әділет департаменттері; облыстық басқармалар: ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттігі, Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті және оның 13 мекемесі, сәулет және қала құрылысы, ақпараттандыру мен байланыс, орман және аңшылық шаруашылығы; Өскемен және Семей қалаларының қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері, он төрт сот және ШҚО соттар әкімшісі, тоғыз орта мектептер, «Казцинк» АҚ және оның кен байыту кешендері, «Наурызбанк» және «Темірбанк» АҚ Өскемендік филиалдары, «Қазақтелеком» АҚ ШҚ бөлімшесі, «Қазпошта» АҚ, ШҚМТУ және ШҚ аймақтық университеті, Семей қаласының үш колледжісі, Әуезов және Шәкірім атындағы университеттері және басқа заңды тұлғалар.

2 мемлекеттік емес ұйымдармен іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы келісім шарттар жасалды және мерзімі ұзартылды: Өскемен қаласының жеке нотриустары, «КЕГОК» Шығыс жүйеаралық электр торабы» ШҚ филиалы, «Санжар» экономика, бизнес және құқық колледжі, «Семей» колледжі, «Семей цемент зауыты» ЖШС.

Есепті кезеңде 324 істер номенклатурасы жасалды: Семей қаласының көгалдандыру және аббаттандыру бойынша КМҚК, «Семей», экономика және қаржы колледждері, Курчатов қаласындағы мемлекеттік тілді оқыту орталығы, Өскемен қаласының №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), жалпы орта білім беретін мектептер үшін үлгі номенклатурасы; «Курчатов қаласы бойынша салық комитеті» ММ, №7 орта мектеп. Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 172 істер номенктурасы келісілді, оның ішінде 31- құпия іс жүргізу, 1 – «Құпия» белгісімен, 8 – ҚБПҮ белгісімен. 18 мекеменің істер номенклатурасы жетілдірілді: «Бухгалтерлік колледж», «Бизнес және құқық колледжі» СФЭК, «Курчатов қаласының Ұлттық ядролық орталығы», «Облыстық биологиялық балалар орталығы», «Курчатов қаласының білім беру бөлімі».

Есепті кезеңде Сараптау комиссиялары құрылды, 13 ұйымның ведомстволық мұрағаттарында ведомстволық мұрағат және олар туралы ереже бекітілді: Өскемен қаласы Әкімінің аппараты, Олимпиядалық резерв дайындығы орталығы, Өскемен қаласының №3 Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), «Семей» цемент зауыты» ЖШС, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері, экономика, бизнес және құқық колледжі, Балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі және т.б. 35 заңды тұлғаның ұйымдық-өкімдік құжаттамала бланкілеріне келісілді: Өскемен қалалық мәслихаты, ШҚО Әкімі аппараты, департаменттерге: шоғырлану даярлығы, АҚ, авария және зілзала апаттарының алдын алду ұйымдастыру және зардаптарын жою, кәсіпкершілік және өнеркісіп, энергетика және коммуналды шаруашылық, денсаулық сақтау, құрылыс; ШҚ гидрометерологиялық орталығы, Өскемен қаласының кадастрлық бюросы, екі орта мектепке.

37 кәсіпорын мен ұйымға аудиобейне құжаттарын беру туралы, тәртіпке келтірілген ведомстволық сақтау мерзіім өтіп кеткен басқарма құжаттамаларын мемлекеттік сақтауға өткізу, ғылыми-техникалық құжаттамаларын тәртіпке келтіру қажеттігі туралы хаттар жасалды.

ҚР Ақпарат және мұрағат комитетінің 2008 жылғы 28 ақпандағы №35 «ҚР Төтенше жағдайлар бойынша министрілігінің жүйесіндегі ұйымдардағы іс жүргізу мен құжаттарды сақтау жағдайына тексеру жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік инспекция жүргізілді.

ҚР Қаржы министрілігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына 25 бақылаулы тексеру жүргізілді, бұл тексерулер барысында кешенді тексерулер барысында берілген кеңестерді орындау сапасы тексерілді.

Құжаттау және құжаттарды ведомстволық сақтау жағдайына 6 тақырыптық тексеру жүргізілді: «М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі», «Невзоровтар жанұясы атындағы ШҚО бейнелеу өнері мұрайжайы», «Шығыс әскери округінің әскери прокуратурасы, Қазақстанның халық банкі.

Облыс мемлекеттік мұрағатының филиалдары, ҚТҚО, аудандық мұрағатар ұсынған жинақтау көздер тізімдерінің негізінде облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын және әлеуметті жинақтау көздері мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың жиынтық тізім жасалды. Тізімге 1268 негізгі және 112 болуыға әлеуеті бар жинақтау көздері енгізілді. Жаңа тізімге сәйкес ұйымдармен жұмысты есепке алу карточкасы қайта жасалды, қадағалау ісі тұрақты түрде толықтырылып отырады.

18 заңды тұлғаға құжаттау және құжаттарды ведомстволық сақтау сұрақтары бойынша семинарлар жүргізілді. Өскем ен қаласының №3 халыққа қызмет көрсету орталығының Семей филиалына, Семей қаласы телекоммуникация дирекциясына, Семей гуманитарлық-заңгерлік колледжіне, «Қазақстанның Тұрғынүйжинақтаубанкі» АҚ, ауыл окуругтері әкімдері аппараттарының мамандарына.

Мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК отырысыында «ҮМЗ» АҚ және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден бақылау департаментінің ведомстволық мұрағаттарының жұмысы туралы ақпарат тыңдалды.

2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ ШҚ филиалымен бейнефонограммалары мен киноқұжаттарын мемлекеттік сақтауға беру бойынша ұйымдастыру жұмыстары атқарылды, «Студия Реал-Таймй ЖШС «Апатты басқар», «Шығыс Қазақстан», «Армения менің жүрегімде», «Жол сақшылары», «Шәкірім» фильмдері жазылған 5 дискіні берді. Телестудияның бұрынғы қызметкері Ю.Т. Богатырев облыс мемлекеттік мұрағатының сақтауына келесі фильмдері бар 3 диск пен 3 бейнетаспа берді: «Ра туралы аңыз», «Ұрыстарда Ильич жеңіске жетелген», «Славаның теңізі», «Алтай орманы», «Ерлік жалғасуда», «Ұшқан бұғы артынан», «Үшеу және теңіз», «Кемпірқосақтың ар жағында», «Салқын да нәзік көл», «Қар қайда кетеді» және т.б.

Есеп беру кезеңінде мұрағатшылар күшімен келесі іс шараларға 30 бейне және фототүсірім жасалды. Шығыс Қазақстан облысының әкімінің облыс активімен есепті кездесуіне, облыс мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісіне, Шығыс Қазақстан Халықтарының Достық Үйінің қабырғасында дивизия комиссары Е.П. Рыковтың құрметіне қойлыған мемориалдық тақтаның ашылуына, «29 тамыздағы Полигон» халықаралық қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы И.Н Половинкиннің қатысуымен және Орталық қалалық кітапхананың қызметкері А.К. Ахметжановамен жазушы А.С. Иванов туралы сұхбатқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі О.П. Маципулоның 60 жылдығына «Қызықты адамдармен кездесу» цикілнен «Адам жанының жасампазы» кешіне, келесі шығармашылық кештерге: «Ертіс жеріндегі із» (жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің 65 жылдығына, жазушы А.С. Ивановтың 80 жылдығына, Шемонаиха қаласында А.С. Ивановтың ескертікішінің ашылуына және оның жесірі Г.Л. Ивановамен кездесуге, ақын, философ, ойшыл Шәкірім Құдайбердіұлына 150 толуына арналғанісшараға, әйгілі қылқалам шебері Амангелді Шакеновтың дербес көрмесіне, КСРО суретшілер Одағының мүшесі Е.П. Долбилкинге, облыстық «Рудный Алтай» газетінің 90-жылдығына арналған іс-шараларға, «еркін музаларға қайырымдылық» атты өңірлік 4-ші конкурстың жеңімпаздарының парадына, соғыс ардагерлерінің кездесуіне, Кенигсберг қаласын алған қатысушыларға, ардагерлер кеңесінің Пленумына, Астана қаласының 10-жылдығына байланысты ҰОС ардагерлерін марапаттауға, «Аймақтың электрондық үкіметі: даму қорытындысы мен болашағы» 4 халықаралық конференциясының ашылуына, Қарағанды суретшілері суреттерінің көрме-тұсаукесеріне, «Жаңа заман романстарының кештеріне», «Алаш» партиясының 90 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға, ШҚО жастардың 8 форумының ашылуына және т.б.

Жеке бас текті қор ұстаушылармен облыс мемлекеттік мұрағатын ШҚМТУ доценті В.А. Егоровтың, халыққа білім беру ардагері, Риддер қаласының құрметті азаматы П.С.Тихоновскаяның, ҰОС қатысушылары И.И.Вилковтың, Н.И.Чуркинның, И.Абеновтың, «жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Рудный Алтай» газетінің фототілшісі В.В. Смирнов облыс мемлекеттік мұрағатына өзінің Алматыдағы дербес көрмесінің фотосуреттерін, көрме туралы пікірлер кітабын, дипломдар мен грамоталарын берді. Қ.О. Бітібаева, КСРО халық мұғалімі, КазСРО еңбек сіңірген мұғалімі, ағарту саласының үш съездің делегаты мемлекеттік сақтауға өзінің сабақтарының бейнежазбасы мен жеке құжаттарын өткізді. КазССР және КСРО ағарту үздігі, Қаз ССР еңбек сіңірген мүғалімі, еңбек ардагері, Өскемен қаласының құрметті азаматы В.М. Байделдинов жеке құжаттарын сақтауға берді.

ҚазССР еңбек сіңірген мұғалімі, халыққа білім беру үздігі, С.С.Карандашованың, еңбек ардагері, ҰҚК подполковнигі К.У.Әбілпановтың, ғалым-абайтанушы Г.Мұхамеджановтың жеке қорларының құжаттарының тізімдемелері бекітілді.
3. Ақпараттық-іздеу жүйесін құру, ғылыми ақпарат,

құжаттарды пайдалалану
2008 жылы облыс мемлекеттік мұрағатында «Интурист» ААҚ президенті Т.А.Володинаның (223 с.б.) жеке бас текті қорының құжаттарын тізімдемеледі, жазушы-журналист, ҰОС қатысушы М.Ш. Мусиннің (36 с.б.) және өзеншілердің көп тиражды газетінің редакторы, Жоғары-Ертіс және Батыс Сібір өзен параходтығы бастығының орынбасары И.С. Зыряновтың (53 с.б.) жеке бас текті құжаттары тізімдемелерін жасау бойынша жұмыстар (36 с.б.) жалғасуда. Зайсан филиалы ветеринарлық ғылымдардың докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академисяның академигі Тілеуберді Сайдуллиннің (11 с.б.), ҰОС қатысушылардың (40 с.б.) және 39 фотоқұжатты тізімдемеледі. Зырян филиалы Зырян қорғасын комбинатынң геология қызыметінің аға коллекторы, «Рудный Алтай» газеті бөлімінің меңгерушісі И.Ф. Ивановтың (42 с.б.) жеке бас текті құжаттарын және 52 фотоқұжатты, бейнеқұжаттардың 2 есеп бірлігін, фотоқұжаттардың 1 есеп бірлігін тізімдемеледі. Жарма филиалы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыына қатысушылары И.И. Вилковтың және Н.И. Чурктннің жеке бас текті құжаттарының 64 с.б. тізімдемеледі. Жиыны облыс мұрағат мекемелері басқарма құжаттамаларының 12751 с.б., жеке құрам бойынша 4296 с.б., фотоқұжаттардың 341 с.б., жеке бас текті құжаттардың 730 с.б., ҒТҚ 333 с.б., киноқұжаттардың 25 с.б., бейнеқұжаттардың 78 с.б., фоноқұжаттардың 1 с.б. тізімдемеледі.

Есепті жылы істер тізімдемелерін тәртіпке келтіру мақсатында Халық депутаттарының Верх-Березовка поселкелік советінің (304 с.б.), Төлеген Тоқтаров сельсоветінің (568), Азово сельсоветінің (275 с.б.), Қалалық электр қуатын қадағалау басқармасының Алтай өңірлік кәсіпорнының (299 с.б., 10 іс жеке құрам бойынша), №1 Горпромторг шаруашылық есептегі кәсіпорнының тізімдемелерін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Лениногор филиалы «Лениногорсксвинец-строй» (23 с.б.) трест жұмысымен қамту бөлімінің және «Шем-Азат» АҚ тізімдемелерін қалыпқа келтірді.

Зырян филиалы құжаттардың жағдайы картотекасымен және ҒАА есебімен жұмыстарды жалғастырды, 63 қордың карточкаларына өзгерістер енгізіліп, 14 карточка жасалды.

Облыс ҚТҚО Калини аудандық атқару комитетінің Жоспарлау комиссиясы мен білім беру бөлімінің қорларына жетілдіру жүргізді (104 с.б. және 97 с.б.), тарихи анықтамалар жасалды. Жарма филиалы «Ақсуат ауданының ауылшаруашылық артелдері (колхоздар) (400 с.б.) біріктірлген қорының тізімдемелеріне жетілдру жүргізді. Облыс мемлекеттік мұрағатның Зайсан филиалы «Шілікті», Кендірілік» совзоздарының, Зайсан нан комбинатының, май зауытының, заготконтораның, автобазаның жеке құрам істерінің тізімдемелеріне, жиыны 87 с.б. тізімдеме жасады.

Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалы Лениногор полиметалл комбинатының РМБ және оның рудниктері қорының, Риддер қаласының жеке нотариусы Т.В. Поначевнаның істер тізімдемелерін, басқарма құжатттарының 1915 ісінің, жеке құрам бойынша 4612 ісінің тізімдемелерін жетілдірді.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты Өскемен қаласы Октябрь (2146 с.б.) және Үлбі (2200 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдеді, Шемонаиха ауданының (3118 с.б.) және Лениногор қаласының (2007 ж. – 2014 с.б., 2008 ж. 11 с.б.) бастауыш партия ұйымдарының қорларын қайта өңдеуді аяқтады.

Облыстық мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы халық депутаттарының Үшарал ауылдық кеңесінің тізімдемесін (597 с.б.) қайта өңдеді.

Жұмыс процесінде істердің бет бойынша құндылығын сараптау жүргізіліп, іс атаулары редакцияланды, істердің жаңа тізімдемелері, тізімдемелердің алғысөздері, қайта өңдеу қорытындысы бойынша актілер, сақтауға жатпайтын істерді жоюға бөлу туралы актілер, қорлар істеріне анықтамалар жасалды.

Облыс мемлекеттік мұрағаттары каталогтау мақсатында басқарма құжаттамаларының 2823 с.б. қарап шықты, 3627 карточка жасалды. Бұлар Халық депутаттарының Өскемен қалалық кеңесі және оның атқару комитетінің, Аягөз қаласы әкімі аппаратының, Қазақстан компартиясының Зайсан қалалық халық депутаттары Кеңесінің, Киров, Ленин, Октыбрь аудандық комитеттерінің, Семей қаласының, Жаңа Семей ауаданының халық бақылау комитетінің, Халық шығармашылығыының Семей облыстық үйінің құжаттары. Сонымен қатар, «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечерка», «Вестник «Казцинка» газеттерінің тақырыптық әзірленіміне 165 карточка жасалды, жеке бас текті құжаттар қорында 176 іс қаралды, 180 карточка жасалды. Барлық карточкалар индекстеліп, жүйелі каталогқа қосылды.

Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттары 67 мақала жариялады: олар: «Майдан мен тыл бірге», «Алтай большевигі», «Құрылыста», «Сіздердің Леонид Кривощеков», «Асудан өту», «Мұрағат ісінің ардагері», «Алыс та жақын 30-шы қайта құру жылдары», «Бақытқа құштарлық», «Комсомол Ревчун сөйлеп тұр», «Өмір бойы фотомен бірге», «Никандр Александрович Петровский», «Мәдениет әлемі»-«Құрметті Анатолий Степанович», «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері», «Орыс жеке есімдер сөздігін құрастырушы», «Батыр атындағы көше», «Зауал», «Біздің қалада әлемге танымал жерлес-жазушы» (жазушы А.С. Ивановтың мерейтойына), «Тарихи байлықты сақтап қалу – біздің қолымызда!», сонымен қатар, Семей телевидениесінің мерейтойына арналған, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің 105 жылдығына, «Аягөз ауданына – 80 жыл», «Алаш» партиясының 90 жылдығына, Конституция күніне, «аягөз ауданына – 80 жыл», «Эмилия Викторовна Баум: бұл осылай болды», «Бір тамшы суда», Шемонаиха ауднының құрылуына 80 жыл толуына арналған «Алыс та жақын 30-шы қайта құру жылдары» және т.б.

«Қазақстан мұрағаттары» республикалық бюллетеніне облыс ҚТҚО құжаттары бойынша әзірленген Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған, Семей өлкетану мұражайның 125 жылдығына арналған, Семей қаласының 290 жылдығына арналған «Саудалы Семей», мемлекеттік мұрағаттың Зырян филиалы қызметкерлері әзірленген Шығыс Қазақстанға жер аударылған, қуғын-сүргінге ұшыраған еврей ұлтының азаматтары туралы мақалалар жолданды. «Қазақстанда іс жүргізу» журналына басқарма бастығының «Электронды және қағаз жүзіндегі құжат айналымдарының тіршілігі» атты мақала жолданды.

«Өлкетанулық оқулар» кітапшасын басуға арнап облыс ҚТҚО мұрағатшылары Семей губОНО және губатқару комитетінің құжаттары, ҚТҚО қорынан фотосуреттері негізінде 2 мақала әзірленді. Орыс география қоғамының Семей бөлімінің 105 жылдығына ҚТҚО қорларынан фотосуреттер жасалды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты «Шығыс Қазақстн өлкетанушылары» серисынан «Дидар» газетінің бұрынғы редакторы Т. Нұқаевтың өмірі мен қызметі туралы, «Ленинская смена» газетінің Шығыс Қазақстан бойынша меншікті тілшісі А.С. Розанов туралы «Өскеменмен бірге мен аса маңыздыны жоғалттым», «1939-2008 жылдар. Олар Шығыс Қазақстан облысын басқарды», өмірбаяндық анықтамалық, «Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары бойныша жолкөрсеткі» әзірленді.

Облыс мемлекеттік мұрағаты және облыс ҚТҚО «18 ғасыр-ХХ ғасырдың 40-шы жылдары. Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісін дамыту» құжаттар жинағын басып шығарды, оның тұсаукесері Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада болып өтті. «Мой город» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Өскемен қаласының құрметті азаматтары» анықтамалық басылымы жарияланды, оған Өскеменде тұрған және тұратын 54 құрметті азамат туралы мақалалар кірді, облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапханамен бірлесе отырып, «2009 жылға арналағн Шығыс Қазақстанның айтулы және естелікті күндерінің күнпарағы жасалыд».

Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар» Заңының қабылдануына 10 жыл толуына арналған «Біздің мамандығымыыз елеусіз, бірақ өте қажетті, өте сирек» атты кітапша шығарылды.

Облыс мемлекеттік мұрағмтның қызметкрлері «ХХ ғасырдығ бірінші жартсыынындағы қазақ зиялылыар және ұлттық мемлекеттілік: мұрағаттар, проблемалар, болашағы» және «Қазақстандағы құжаттарды ұзақ сақтау және пайдаланудың көкейтесіт проблемалары және жаңа заманның әлемдік бағыттары мен технологиясы» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің мұрағатында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты.

Облыс мемлекеттік мұрағаты жергілікті ақын Г.Н. Пуссептің «Достардың кездесуі» шығармашылық кешіне, А.С. Ивановтың туғанынан 80 жыл толуына арналған «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысты, онда «Отанның мәңгі шақыруы» баяндамасы жасалды. «Чистяков оқуы» өңірлік семинарында «Семен Михайлович Анисимовтың эпистолярлық мұрасы ШҚО мемлекеттік мұрағатының құжаттарында» баяндамасы жасалды, ал «Оралхан Бөкейдің рухапни әлемі» семинарында «Жазушының жеке қоры облыстық мұрағаттар» баяндамасы ұсынылды.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 3 мультимедиялық тұсаукесер рәсімін өткізді: Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелері басшыларының мәжілісі, «18 ғасырдың 30-шы жылдары, ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісін дамыту» құжаттар жинағының презентациясы, «Өңірдің электрондық үкіметі: даму қорытындысы және болашағы» 4-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

Зырян филиалы «Алтын Тұрғұсын» фестиваліне және «Әйелдер бизнесте, әйелдер саясатта» тақырыбына дөңгелек стол» отырсына қатысты, ҰОС қатысушы ақын Б.М. Мироедовпен кеш-кездесу өткізді.

Облыс мұрағатшылары Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-на университеттің құрылуына 50 жыл толуына байланысты, «Рудный Алтай» газетіне ШҚО аумағында алғашқы газеттердің пайда бола бастауына 90 жыл толуына байланысты, С. Аманжоллов атындағы ШҚМУдың география кафедрасына К.И. Попованың туғанынан 90 жыл толуына байланысты, облыстағы бірінші газеттің пайда болуына 90-жыл толуына байланысы, Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Шемонаиха ауданының құрылуына 80 жыл толуына, Зайсан қаласының құрылуына 140 жыл толуына және Зайсан қалалық халық депутаттары Кеңесінің құрылуына 90 жыл толуына байланысты, Семей қаласы құрылыс материалдары зауытының құрылуына 50 жыл толуына, Семей қаласының кеме жөндеу зауытының құрылуына 100 жылдығына байланысты 31 бастамалық-ақпараттық құжат жасалды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаты Күршім ауданының әкімі аппаратының қызметкерлеріне ауданның бірніші басшылары туралы құжаттарды анықтауға көмектесті, Шығыс Қазақстан аумақтық геология және жер қойнауын пайдалану басқармасына және ҚР Минералды ресурстар Академиясына Шығыс Қазақстанның еңбек сіңірген геологтары туралы ақпарат әзірленді.

2008 жылы облыстық мұрағатшылары 15 телехабары әзірленді: облыстық ҚТҚО директоры Г.Т. Қасымовамен сұхбат, Семей телевидениесінің мерейтойына арналған екі телехабар, Семейдің 290 жылдық тарихы туралы «Қайырлы таң» бағдарламасы, қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске түсіру Күніне 2 телехабар («Хабар», «Қазақстан-Өскемен» телеарнасы), ҚТҚО археографтары «Қайырлы түн» бағдарламасында Семей қаласының өткені туралы құжаттарды жариялау бойынша мұрағат құжаттарын жариялады.

Облыстық телевидение ШҚО ҚТҚО құжаттары негізінде Алаш-Орда партиясының 90 жылдығына арналған деректі фильм түсірді. Ш. Құдайбердіұлының 150 жылдығына арналған «Ұмытқан қалған өмір» телехабары әзірленді. ТВК-6 телеарнасында Сенташ руднигінде туралы («18 ғасырдың 30-шы жылдары, ХХ ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы тау-кен ісін дамыту» құжаттар жинағының материалдары бойынша), Л.И. Брежневтің отбасының соғыс жылдары Семей облысына болуы туралы телехабар берілді

Облыстық мемлекеттік мұрағаттары 18 фотоқұжатты көрме әзірленді: Семей қаласының тарихы бойынша, 1941-1945 жылдардағы ҰОС қатысушы А.А.Садықов (Жарма филиалы) туралы, «Біз өлке тарихын сақтаймыз» (ШҚО ММ Зырян филиалы), кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылу күніне арналған, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ақиқат ідеуде» және «Өмірбаян құжаттарда», Аягөз, Жарма, Зайсан аудандарының құрылуына 80 жыл толуына, Зырян бөлімшесінің 45 жылдығына «Біз өлке тарихын сақтаймыз» атты көрмелер.

Облыс мемлекеттік мұрағаты келесі тақырыптар бойынша мектеп сабақтарын өткізді: «Өлкетану. Ресей Федерациясының мұрағаттарынан мұрағат құжаттарын анықтау», «Мұрағат құжаты – Шығыс Қазақстан тарихын зерделеу көзі», «Кеңес Одағының Батыры – Т.Тоқтаров», «Тарихты адамдар жасайды, ал мұрағат сақтайды», «Өскемен қаласы мешіттерінің тарихы». ШҚО мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы 1941-1945 жылдардағы ҰОС қатысқан Е.Ф.Жұматаевамен мектеп оқушыларының кездесуін өткізді. Сәрсен Аманжолов атындағы DRUE 1 курс студенттеріне «Тарих» мамандығы бойынша оқу-мұрағат практикасы өткізілді.

Аягөз филиалы №3 орта мектептің оқушыларына Сталинград ұрысына қатысушы Е.Ф. Жұматовпен кездесу ұйымдастырылды. Жарма филиалы Георгиевка орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына арнап Абай атындағы орта мектептің оқушыларына мұрағат сақтауындағы жеке бас текті қорлар туралы экскурсия өткізді. Зайсан филиалы Зайсан қаласының тарихы бойынша 3 экскурсия ұйымдастырды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 715 зерттеуші жұмыс істеді, 1495 келу болды. Өлкетанушылар, оқытушылар және жоғары оқу орындарының, колледждің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер, жеке адамдар мынадай тақырыптар бойынша: облыстық елді мекендер, ұйымдар мен кәсіпорындардың тарихы, әйгілі жазушы-жерлестеріміздің, ғалымдардың өмірі мен қызметі, туған өлке тарихшылары, қырғыз миссиясының тарихы, Қарақаралы және Көкпекті округтерінің, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы, «Алаш» партиясының тарихы, Алматы темір жолының құрылысы, 1910-2008 жылдардағы автомобиль шаруашылығын дамыту, Жарма ауданының тарихы туралы және т.б. құжаттамаларды зерделеді.

2008 жылы облыстық мемлекеттік мұрағаттарына әлеуметтік-құқықтық сипаттағы 56262 сұраныс түсті, оның 56587 (Қазақстан азаматтарынан – 49018, ТМД елдерінен – 7569) орындалды: оның 50200 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 35 сұраныс, СІМ-нен тыс - 6 сұраныс түсті.

2008 жылы 2551 тақырыптық сұраныс орындалды. Бұл сұраныстар жергілікті атқару органдарының шешімдерінің көшірмелерін беру, жою туралы, заңды тұлғалардың қайта құрылулары мен қайта аталулары, тұрғын объектілерін сату-сатып алу туралы және т.б. туралы.

2008 жылдың наурызында облыстық мемлекеттік мұрағаттары «Мұрағат анқытамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты басшылыққа алынды. Бұл стандарт бойынша жұмыс істеуді енгізігенде оның мазмұны мен пайдаланылуы туралы көптеген сұрақтар туындады. Мемлекеттік мұрағаттардың және ҚТҚО директорларымен тікелей стандартта қарастырылған мемлекеттік қызмет көрсету туралы мұрағатшылардың пікірлерінің негізінде стандарт мазмұны туралы қызметтік хат әзірленді.



4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлар біліктілігін көтеру. Ұжымды әлеуметтік дамыту.
2008 жылы мұрағаттар және құжаттама басқармасында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Lotus Notes электрондық құжатайналым жүйесіндегі жұмыс жалғасты, «Шығыс Қазақстан облысы электрондық мұрағаты» бағдарламалық-аппараттық кешенін жасау мақсатында мемлекеттік мұрағат пен облыс ҚТҚО ғимараттарында локальді ішкі жүйені, электрторабын құру және ішкі мини-АТС орнату жұмыстары жүргізілді, мемлекеттік мұрағаттардағы мұрағат процесстерін компьютерлендіру жалғасты – облыстық мемлекеттік мұрағат және ҚТҚО үшін 2 «Элар Планскан» атты қуатты сканер, түрлі-түсті лазер принтер, 20 компьютер, сонымен қатар 5 – аудандық мұрағатқа, 19 принтер, сканерімен және принтерімен 2 көшірме аппараты (үшеуі біреуде), 2 сандық фотоаппарат, облыстық мемлекеттік мұрағаттың Аягөз филиалына телефакс, бейнекамера, сонымен қатар жұмыс бөлмесінің жиһаздары, күнперде және т.б. алынды. ШҚО ҚТҚО ғимаратының фасажына әрлеуші шам орнатылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттарында жалпы қызметкерлермен 2007 жылдың қорытындысы бойынша, 2007 жылдың ұжымдық келісім шартын орындау және 2008 жылға ұжымдық келісім шартты бекіту бойынша кәсіподақ жиналысы өткізілді. Облыстық мұрағаттар басқармасының бастығының қатысуымен директорлар отырыстары және мәжілістері өткізілді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу мен мемлекеттік тіл сабақтары жүргізілді. Басқарма қызметкерлері ШҚО әкімдігі ұйымдастырған компьютерлік сауаттылық курстарында оқыды.

ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыстық мемлекеттік мұрағатының және оның Зырян, Зайсан, Лениногор филиалдарының, Глубокое және Көкпекті аудандық мұрағаттарының қызметкерлері “Мұрағат ісі және іс жүргізу” мамандықтары бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарында оқиды.

Облыстық мұрағатшылар жұмыссыздық пен кедейлікті азайту, мүгедектерге қолдау көрсету жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында “Қайырымдылық жасау” атты облыстық қайырымдылық марафоны шеңберінде аз қамтылған азаматтарды қолдау қорына ақша қаражатын аударды.



Облыстық мұрағат мекемелері ұжымдарында Халықаралық әйелдер Күні 8 Наурыз бен Наурыз мейрамына арналған тақырыптық кештер өткізілді, 9-мамыр – Жеңіс Күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне мемлекеттік мұрағаттың және оның филиалдарының мұрағатшыларына сыйақы берілді.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет