2011 жылы «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағын алған азаматтардың тізімі



Дата04.11.2016
өлшемі120,41 Kb.
#253
2011 жылы «Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы» атағын

алған азаматтардың тізімі


1

Ибрагимов Төкен Смайылұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1938 жылы туған. Семей қаласындағы Абай қорық мұражайының директоры, Абай, Шәкәрім, М.Әуезов мұраларын зерттеуші, көптеген қазақтың төл өнерлерін зерттейтін монографилық еңбектер мен кітаптардың авторы, елімізге танымал ақындардың ұстазы, өнер саласындағы көптеген сыйлықтардың иегері, елімізге танымал өнертанушы.

2

Қабділрашид Қайымов

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1932 жылы 1 мамырда Көкжыра ауылында дүниеге келген. Жалпы білім беру мекемелеріне арналған оқулықтарының авторы. 40-тан астам кітап және 150 ғылыми мақалалардың авторы. «Қазақстанның халық ағарту ісінің үздігі», «Баспа және полиграфия ісінің үздігі», Педогог-ғалым, белігілі сазгер, журналист.

3

Ысқақов Хамит Ысқақұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

10.02.1951 жылы Көкжыра ауылы, Ақсуат ауданы, Семей облысында дүниеге келген. Күрестен самбо, дзю-до, еркін, қазақ күрес түрлерінен Қазақстанның 17 дүркін чемпионы, халық аралық дәрежедегі спорт шебері. «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері». Екі рет самбодан КСРО чемпионы, Қазақ кресінен Орта Азия мен Қазақстанның үш дүркін абсолют чемпионы. Тәжікстан, Чехия, Греция, Түркия, Өзбекстанда өткен спорт ардагерлері мен шеберлерінің арасында әлем чемпионатында екі дүркін чемпион. Еліміздің спорт саласына елеулі үлес қосқан.

4

Бекенов Амантай

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1942 жылы туған. 30 жылға жуық аудандық ауруханада дәрігер-хирург болып қызмет атқарды. Қазақстан Денсаулық сақтау Министірлігінің «Құрмет грамотасымен», ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалімен және көптеген облыстық, аудандық марпаттауға ие болған.

5

Игіснов Құсыман

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Ауданнан шыққан республикаға танылған радио-тележурналист. Қазақ радиосы мен телевидениесінде 40 жылдан астам уақыт редактор, бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Көптеген тарихи деректі фильмдердің және тарихи кітаптардың авторы.

6

Тұрлыбеков Ерлан Қабыкенұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1949 жылы туған. Еңбекті қорғау, Қаржы Министрліктерінде, Жоғары кеңесте, Министрлер кабинетінде, Парламент Мәжілісінде жауапты қызметтер атқарған. Аудандағы әлеуметтік нысандар салынуға атсалысқан.

7

Нұрғазин Жоламан

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

41 жылға ауданда ауылшаруашылық саласында жұмыс істеген. Ауданда ауылшаруашылықты дамытуға зор үлес қосқан. Қызмет атқарған кездерінде В.И.Лениннің 100 жыл толуына арналған ерен еңбегі үшін медальмен, ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл, ҚР Конституциясына 10 жыл мерекелік медальмен, тең игерудің 50 жылдық медальдарымен марапатталған

8

Нұрбеков Амангелді

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

40 жылдан астам ауданның басқару саласында жемісті еңбек еткен. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан. Аудандық партия комитетінің ұйымдастыру және жалпы бөлімдерінің меңгерушісі, аудандық партия комитетінің ІІ хатшысы, аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімінің бірінші орынбасары, аудан әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік құқық бөлімінің бастығы, аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерінде жұмыс істеген.Қызмет істеген жылдары көптеген аудан, облыс әкімдерінің «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Еңбек ардагері.

9

Оралов Мұратбек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1940 жылы туған. Ақсуат, Таскескен аудандарында ауылшаруашылық саласында қызмет еткен. «Құрмет белгісі» орденімен, «Ауылшаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері» атағына ие болған.

10

Омарбеков Сержан Көкенұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1963 жылы туған. Тарбағатай аудандық маслихаттың депутаты, ҚР құрметті қайраткері, Ақжар ауылындағы «Тұлпар» ұлттық спорт түрлері клубы мемлекеттік коммуналдық қазнашылық кәсіпорнының директоры. 1990 жылдан бері ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға үлкен үлес қосып жүр.

11

Рахметов Төлеубек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1941 жылы туған. Ауданда суармалы егін шаруашылығын дамытуда мемлекетке жоспарлы түрде астық өткізуде қажырлы еңбек сіңірген.

12

Кенжин Тоқтарбек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1967 жылы Ю.Гагатрин мектебінде мұғалімдіктен бастап, жоғарғы партия, совет органдарында жұмыс істеген. 1994 -2003 жылдар аралығында Тарбағатай ауданының маслихаттының хатшысы. Нұр Отан ХДП-ның аудандық филиалының төрағасы қызметтерін атқарған.

13

Оспанов Сансызбай Қожахметұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1948 жылы туған. Көп жылдар аудандық білім беру бөлімінде дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық пәндері бойынша қызмет атқарады. Білікті ұстаз оқыту және тәрбие методикасын жете меңгерген жоғарғы санатты маман іскер ұйымдастырушы. Облыс, аудан әкімінің грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті азаматы белгісімен марапатталған.

14

Ахметов Бейсенбай

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1946 жылы туған. 2005 жылы ҚР Президентінің «Құрмет» грамотасы, 2008 жыл облыс әкімі Ә.Бергеневтың «Үздік фермер-кәсіпкері» дипломымен марапаталған. Аудандағы балық шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан.

15

Қалықов Шәріпхан

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1950 жылы туған. 1975-1980 жылдары аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы, 1983-1992 жылдары аудандық совет атқару комитетінің төрағасының орынбасары,1992-1997 жылдары аудан әкімінің орынбасары қызметтерін істеген.

16

Қабдолла Жансұлтанұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Қызылкесік ауылы, Доланқора елді мекенінде 01.01.1923 жылы дүниегі келген. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына қатысқан Калинин, Ржевск, Великие Луки қалаларында Болған шыйқастарға қатысқан. Ұлы Отан соғысының II-ші дәрежелі ордені, «Соғыс және еңбек ардагері» медальдарының иегері. Соғыстан кейін 40 жылдай ел үшін еңбек еткен Ауылдық кеңестің хатшысы, «Серіктес», «Жаңақұрал» колхозында есепші, ферма меңгерушісі қызметтерін атқарған.

17

Дүйсенов Тұрсынхан Жарасбайұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1939 жылы туған.1961-1965 жылдары совхоз комсомол, 1965-1977 жылдары партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1977-1983 жылдары мамандандырылған шаруашылық бірлестігінің директоры, 1983 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық ауылшаруашылық қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, аудандық совет атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры қызметтерін атқарған.

18

Мағжаев Марат Халелұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1950 жылы туған. 30 жылдай ауданның денсаулық сақтау саласында басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан бастап аудандық мәслихаттың хатшысы болып қызмет істейді. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

19

Садықов Социал

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1938 жылы туған. 1955-1966 жылдары Қызыл кесік МТС –да тракторшы, МТМ меңгерушісі, ауылшаруашылық механигі, бақылаушы механиг. 1966-1974 дылдары жеке механикаландырылған отрядтың бригадирі 1974-1976 жылдары «Сүлутал» совхозының №1 фермасының меңгерушісі. 1976 жылдан 1993 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінде технолог, механикаландырылған отрядтың бастығы, зейнеткер

20

Смайлов Есмұханбет Сайдахметұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1946 жылы туған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің қолданбалы математика институтының директоры Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетіне еңбегі сіңген қызметкер. 1993 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Жоғарғы Аттестациялық комиссиясының бірінші шешімімен профессор атағын алған. Физика-математика ғылымдарының докторы. 1999 жылы Америка биографиялық институты «Жыл адамы» деп атап, өмірбаянын «Мыңжылдықтың кәсіби лидерінің биографиялық энцоклопедиясы» кітабына енгізген.

21

Капасұлы Мейрамбек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1951 жыл туған. Көп жылдар қаржы саласында қызмет атқарған. Су тасқыны кезінде қайырымдылық көмек көрсеткен.

22

Әпсалямов Нәдірбек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1941 жылы туған. 1966 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінде экономист қызыметін атқарған. 1972-1975 жылдары аралығында Жамбыл технологиялық институтында экономика және ұйым кафедра меңгерушісі 1975-1990 жылдары Семей технологиялық институтында проректор 1996 жылы мемлекеттік қаржы инстутында ректор 120- дан астам ғылми еңбетері Республикалық және шетелдік баспаларда жарық көрген.

23

Сафаров Қалихан Елғазыұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Аудандық маслихаттың депутаты. Жас орындаушылардың сегізінші Республикалық конкурсынның бас жүлдегері. «Жастар шұғыласы» конкурсының дипломанты, Мәскеудегі Букілодақтық фестивалъдің лауреаты

Ауданның өнері мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан. А.Байқыдров атындағы саз мектебінің директоры



24

Шәкенов Мырзахан

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Қаржы саласында үздіксіз 40 жыл бойы қызмет атқарған Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан. Аудандық салық басқармасының бастығы

25

Тәңірберген Тоқтаров

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан. ЖСШ «ГРК SAT көмір» бас директоры

26

Мусин Жеңіс

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Көп жылдар ауданда ауылшаруашылық саласында жұмыс істеген. Ауданда ауылшаруашылықты дамытуға зор үлес қосқан. Зейнеткер Облыс әкімінің қоғамдық кеңесшісі

27

Әбішов Ислам Алмаханұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1956 жылы туған.
1980 жылы Өзбек ҒӨБ-нің «Кибернетика» институтының ғылыми қызметкері.
1981 жылдың Шымкент облысы Киров ауданы ХХ партсъезд совхозы комсомол комитетінің хатшысы.
1982-1983 жылдары Шымкент облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы. Шымкент облысы Шардара аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
1986 жылы Шымкент облысы Шардара ауданы «Ақ-Алтын» совхозы партия комитетінің хатшысы.
1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы «Юбилейный» совхозының директоры.
1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара электр желісі кәсіпорыны директорының орынбасары.
1994 жылы «Мақсат» ЖФ-ның директоры, 1995 жылы «Абай» ЖФ-ның директоры, 1997 жылы «Тұран» ЖТАҚ-ның директоры, 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында «Батсу-энергосату» ЖШС-тің бас директоры,.
1999 жылы «Батсу Корпорациясы» қауымдастығының президенті,.
2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданынің әкімі.
2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкмінің бірінші орынбасары;
2009 жылдан Өскемен қаласының әкімі.

28

Жұматов Серік Зейнетайұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1953 жылы туған. Абай атындағы мәдени-ағарту училищесін режиссер мамандығын бітірген. Қарғыба ауылында мал санитары, киномеханик болып бастаған. Семей ет комбинаты жанындағы «Жастық» халық театорында режиссердың көмекшісі болып қызмет істеген. 1982 жылдан бастап Ақсуат мәдениет үйінде директор, режиссер қызметтерін атқарған. Қазіргі күні Ақсуат халық театрының бас режисері

29

Иманбеков Бахтығали

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1938 жылы туған. 1970-1981 жылдар аралығында Ойшілік-Екпін ауылдардында бас мал дәргері, 1982-1986 жылдары Киров-Кіндікті кеңшарында директор болып жұмыс істеген. Армандастар шаруа қожалығының төрағасы, зейнеткер. Қазіргі уақыта Кіндікті ауылында лицензиат мал дәргері.

30

Жұмаханов Ергали Қалиоллаұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1951 жылы туған. 1970 жылы аудандық газетте корректор, әдеби қызметкер. 1974-1982 жылдар аралығында аудандық «Еңбек туы» газетінде тілші 1982-1991 жылдары Ақсуат аудандық партия комитетінде лектор, нұсқаушы, парткомиссияның төрағасы 1991-1992 жылдары аудандық кеңестің аппарат басшысы 1992-2002 жылдары аудандық әкімшілікте ұйымдастыру, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушісі. 2002 жылдан Аудандық «Тарбағатай» газетінің редакторы.

31

Қожахметов Қайрат

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1968 жылы туған. 1996 жылы жеке кәсәпкер. 2005 жылдан «Бота» ЖШС-нің құрылтайшысы. «Жігер» командасының демеушісі

32

Набиев Қайрат Қасымұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1963 жылы туған. 1986-1987 жылдары ДЭУ-85 мекемесінде инженер 1988-1990 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1990-1992 жылдары «Восток Застройщик» мекмесінде технадзор. 1992-2002 жылдары Ақжар «Су арнасы» МК директоры 2004 жалдан бастап ПМК «Құрлыс» ЖСШ-ның директоры

33

Базарханов Тоқан

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1941 жылы туған.1967 жылы «Қайрат» еркін спорттық бірлестігінің чемпионы. 1968 жылы қазақша күрестен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының спорт қайраткері

34

Ильясов Назар Ашкенович

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1959 жылы туған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жатықтырушысы 1981-1998 жылдары Ақсуат орта мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі. 1998 жылдан осы уақытқа дейін Семей қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы. Боксқа боулыған шәкірттері облыстық, Республикалық, халықаралық дәрежедегі сайыстардың жеңімпазы.

35

Жанболатов Молдабек

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

Көп жылдар бойы ауданның мәдени ағарту саласына ерекше үлес қосқан. Ауданда партия кеңес органдарында басшылық қызметтер атқарған.

36

Сапарғалиев Манарбек Қадылғұмарұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1953 жылы туған. 2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі, 2010 жылы болған су тасқынының зараптарын жоюда ерекше еңбек сіңірген.

37

Жалғасов Жеңіс Нұрбекұлы

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1948 жылы туған. «Тарбағатай-Мұнай» компаниясының вице президенті

38

Жүнісов Тұрсынхан

Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы»

1944 жылы туған Көп жылдар аудандық ішкі істер бөліміндегі жол полиция бөлімінің бастығы. Қазіргі күні зейнеткер.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет