2013 жылдың 1 жартыжылдығында орындалу барысы туралы ақпарат



Дата26.08.2017
өлшемі77,01 Kb.
#28755


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Жолдауының маңызды бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының

Павлодар облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасында

2013 жылдың 1 жартыжылдығында орындалу барысы туралы ақпарат
Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 31/1 қаулысын орындау мақсатында басқарманың 2013 жылғы 11 наурыздағы № 19 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси курсы» Жолдауының маңызды бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Үшінші бағыт. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

75-тармақ. «Мұрағат ісінің жол картасы» бағдарламасының келесілерге қол жеткізу бойынша жұмыс механизмін дайындау:

- «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген «Интернет арқылы қол жетімді мұрағат қорларының үлесі, соның ішінде электрондық нысанға аударылған дыбыс-, бейнемұрағаттардың қоры» мақсатты индикаторларға. Облыс мемлекеттік мұрағаты электрондық форматқа көшіруді қажет ететін қолда бар дыбыс-, бейнеқұжаттарының талдауын жүргізді.

- мұрағат құжаттарын цифрлау бойынша технологиялық жабдықтарды пайдалану үшін бағдарламаларды әзірлеуге бірыңғай амалдарды қалыптастыру.

Басқарма технологиялық жабдықтар рыногының талдауын жүргізді. Жабдықты сатып алу үшін облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2013 жылдың 31 қаңтарында № 18/2-02.80 бюджеттік тапсырыс жіберілді.



- бірінші кезекте цифрлық форматқа көшіруді қажет ететін құжаттар категориясын таңдап алуға бірыңғай талаптарды анықтау.

Облыс мемлекеттік мұрағаты цифрлық форматқа көшіруді талап ететін құжаттардың категориясы мен тізімін анықтады. Аса құнды құжаттарды сканерден өткізу кестесі құрылды.



- цифрланған құжаттарды қарқынды пайдалану мақсатында оларды пайдалану бағдарламаларын әзірлеу.

Арнайы бағдарламалардың болмауынан аса құнды құжаттар тек ғылыми мақалаларды, бастамашыл хаттарды дайындағанда, фотоқұжаттық көрмелер мен ақпараттық іс-шараларды ұйымдастырғанда пайдаланылады.



76-тармақ. Құжаттық ақпаратты жүйелік каталогтарда бірыңғай санаттарға бөлудің жаңа схемасын және «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорының электрондық каталогы» бағдарламасын әзірлеу

Жыл басынан облыс мұрағат мекемелері басқару құжаттамасының 1000 с.б., ғылыми-техникалық құжаттаманың (ҒТҚ) 220 с.б. каталогтады. Тақырыптық каталогтарға басқару құжаттамасының 1842 карточкасы, ҒТҚ 228 катрочкасы енгізілді.

«Құжаттардың электрондық каталогы» бағдарламасы қаржы қаражатының жоқтығына байланысты дайындалмай жатыр.

77-тармақ. Облыс мұрағат мекемелерінің азаматтар мен ұйымдардың, олардың заңды құқықтары мен міндеттерін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерін уақытында және сапалы орындауын қамтамасыз ету, қоғамның осал азаматтарына ерекше көңіл бөлу (зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар, Семей полигонындағы сынақтардың зардабын шеккендер, Ұлы Отан Соғысына қатысқандар, қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар).

Облыс мұрағат мекемелері 2013 жылдың І жартыжылдығында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы (Семей полигоны аймағында тұрған фактісі туралы – 7 %, жұмыс істеген фактісі туралы – 42 %, жеңілдік еңбек өтілі мен еңбек ақысы туралы – 23 %, жекешелендіру және нотариалдық әрекеттер туралы – 13 % және т.б.) 8955 сұранымды заңнамамен белгіленген мерзімде және сапалы орындады.
Төртінші бағыт. Білім мен кәсіби дағдылар – қазіргі заманның білім беру, кадрларды дайындау және қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.

95-тармағы. Онлайн-жүйесін дамыту мақсатында облыс мұрағат мекемелері мамандарын Құжаттану және мұрағат ісінің Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтында (ВНИИДАД) «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша кәсіби дайындау және қайта даярлау бойынша жұмысты жалғастыру.

Облыс мемлекеттік мұрағаты 2012 жылдың 29 ақпанында Құжаттану және мұрағат ісінің Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтымен 2 маманды Мәскеу қаласына баруымен сырттай оқыту туралы № 86 шарт жасасты. Бүгінгі күні облыс меммұрағатының мамандары «Система мер по обеспечению сохранности архивных документов» тақырыбы бойынша қашықтықтан оқытудан өтіп жатыр.


Жетінші бағыт. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның жетістігінің негізі

133-тармағы. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын облыс тарихы жөніндегі құжаттармен сапалы қалыптастыруды, олардың сақталуын қамтамасыз етуді және Қазақстан халқының мәдениетін одан әрі дамыту мақсатында пайдалануды қамтамасыз ету.

Облыстық сарптау-тексеру комиссиясы (ОСТК) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорына жататын 63 мемлекеттік мекеме құжаттарының тізімін жасап, бекітті – басқару құжаттамасының 9277 с.б. және жек құрам жөнінде құжаттардың 2641с.б.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сақтауға әр тұрлі құжаттаманың 11042 с.б. алынды. 2013 жылдың 16 қаңтарында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы облыс мұрағатшыларының Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары А. Е. Базарбаев, Н.А. Жазылбеков, М.А. Казбекова, Т.К. Омурзаковпен кездесулерін ұйымдастырды. Кездесуде аумақтағы мұрағат саласының мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мұрағат құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевтің атына хаттар жіберілді: 2013 жылғы 19 ақпандағы № 18/4-06.126 мұрағат қоймаларының толымдығы туралы, 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 18/1-06/258 облыстық мұрағат үшін ғимарат салуға қаражат бөлу туралы.

Мұрағаттық құжаттардың қарқынды пайдаланылуы келесі іс-шаралар арқылы қамтамасыз етілді: «Павлодар облысы: жаңа тарих беттері. 1991-2012» кітабын шығары, оның тұсаукесерін өткізу. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және пайдаланушыларды ретроспективті ақпаратпен қанағаттандыру үшін «Павлодар облысының мұрағат қызметі» сайтында өткізілген ақпараттық іс-шаралар орналастырылды, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген іс-шаралар шеңберінде «Есімдердің оралуы» атты акциясын өткізу үшін облыс мемлекеттік мұрағаты қорынан жазаланғандар тізімі ұсынылды, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 68-жылдығын атап өту шеңберінде облыс меммұрағаты пайдалану қорынан Павлодар қаласының әкімдігіне «Мәңгілік өлмейтін полк» парады үшін соғысқа қатысқан павлодарлықтардың мың фотографиясын берді.



134-тармағы. Павлодар Ертіс өңірінің шығармашылық интеллигенция өкілдерінің, атақты жерлестеріміздің тарихи-мәдени құндылығы бар құжаттарын зерттеуді және жинақтауды жалғастыру

2013 жылдың І жартыжылдығында «Ұлы Жеңіс», «Ашаршылық жылдары», «Ешқашан ұмытылмайды» тақырыптары бойынша облыс тарихына қатысты фоно және бейне жазбалар жинақталып, тізімдері жасалды: Социалистік Еңбек Ерлері туралы; опералық өнер туралы; композитор Сүгіра Әлимұлы туралы.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында, Финляндияның Ұлттық мұрағатында, Қазақстан Республикасының мұрағаттарында, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің мұрағаттарында табылған құжаттар мен олардың көшірмелерінің тізімдері жасалып Жиынтық құрылды.

135-тармақ. Облыс мұрағат мекемелерінің қорларында сақталатын ретроспективті құжаттардың негізінде қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері туралы, павлодарлықтардың облыстың құрылуына, дамуына қосқан үлесі туралы баяндайтын ақпараттық іс-шараларды (фотокөрмелер, мақалаларды жариялау, мектеп сабақтары) ұйымдастыру.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және пайдаланушыларды ретроспективті ақпаратпен қанағаттандыру үшін бір қатар ақпараттық іс-шаралар өткізілді.

2013 жылдың 20 ақпанында облыс әкім Е.Арнының тұрғындармен есептік кездесуі өткен күні облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен мемлекеттік мұрағаты облыс мерейтойына арналған «Павлодар облысына – 75 жыл. Павлодарской области – 75» фотоқұжаттық көрмені ұйымдастырды. Көрменің 6 бөлімінде 241 экспонат қойылды.

Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Павлодар облысы қорғаныс ісі жөніндегі департаменті мен оның қалалық және аудандық бөлімдерінің жеке құрамына басқарманың павлодарлықтар туралы мәліметтерді іздеп-табу, ҚМОМ-ға, Беларусия мен Финляндияның Ұлттық мұрағттарына барған мұрағаттық-іздестіру экспедиясы туралы, «Боздақтар» кітабын шығару бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндап берді. Облыс мемлекеттік мұрағатының директоры Қ.Ғ.Мақажанова көрме бойынша экскурсия өткізді

Сонымен қатар, есеп беру мерзімінде облыс мұрағат мекемелері 25 фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды, 18 телебағдарлама, 14 радиобағдарлама шығарып, республикалық «Казахстанская правда» және облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» және аудандық газеттерде 77 мақала жариялады, облыс мемлекеттік мұрағаттарына 38 экскурсия және оқушыларға арналған қазақ және орыс тілдерінде 28 сабақ ұйымдастырды. .

Жартыжылдық ішінде деректер базасы мен ақпараттық ресурсқа жүгінгендер:



50 зерттеуші, 75 респондентке кеңес берілді, зерттеушілерге 2985 с.б. берілді, құжаттардың 825 парақ көшірмесі жасалып, берілді.

136-тармағы. Соғыстан оралып, бейбіт еңбекке кіріскен павлодарлық жауынгерлердің есімдерін мәңгілік ету мақсатында «Боздақтар» кітабын шығару үшін Ұлы Отан Соғысына қатысқандар туралы мәліметтерді, материалдарды іздеу және жинақтау бойынша жұмысты жалғастыру.

Басқарманың 2013 жылғы 19 маусымдағы Алқа отырысында (№1 хаттама) «Боздақтар» және «Жеңімпаздар» кітаптарын шығару бойынша редакциялық комиссиялар құрамы мен іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың облыс және қала тұрғындарына Ұлы Отан Соғысына қатысқандардың құжаттарын мемлекеттік сақтауға тапсыру туралы үндеуі жарияланды. 2013 жылдың 1 шілдесінде басқарма басшысы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын атап өтуе дайындық туралы брифинг өткізді. 2013 жылдың 5 шілдесінде облыс мемлекеттік мұрағатының директоры «Ирбис» телеарнасындағы тікелей эфирде осы мәселе бойынша көрермендердің сұрақтарына жауап берді.



137-тармағы. Келесі мұрағаттық-іздестіру экспедицияларын жалғастыру:

- Беларусь Республикасының Мемлекеттік мұрағаты мен Украинаның Орталық мемлекеттік тарих мұрағатына «Қазақстандық-павлодарлықтардың Белорусия мен Украинаны неміс-фашистік басқыншылардан азат ету және партизан қозғалысына қатысулары» тақырыбы бойынша:

Жақын шетел мемлекеттерінің Ұлттық мұрағаттарына экспедициялар 2013 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланды.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет