2016 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы



Дата15.09.2017
өлшемі49,87 Kb.
#32774
2016 жылғы 1 мамыр жағдайы бойынша облыстағы мәдениет саласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

ақпарат

01.01.2016 жылғы жағдай бойынша облыста мәдениет және өнер ұйымдарының желісін 662 бірлік құрады, олардың ішінде: 305 (немесе өткен жылға қарағанда 3 бірлікке ұлғаюмен) клубтық мекеме, 322 кітапхана, 10 мұражай, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 8 Достық үйі және т.б.

Оның ішінде, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер ұйымдарының желісі 2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 20 бірлікті құрады, оның ішінде 10 мұражай, 1 тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мекеме, 2 театр, 2 концерттік қызметті жүзеге асыратын ұйым, 4 кітапхана, өзге 1 ұйым – «Өрлеу» КМҚК.

2016 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша мұрағат мекемелерінің желісі 13 бірлікті құрады. Облыста 1 облыстық, 11 аудандық мемлекеттік мұрағат, Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы және Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатының 6 филиалы қызмет етуде.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің саны 2016 жылғы 1 қаңтар бойынша барлығы 2490,75 бірлікті құрады, оның ішінде мәдениет және өнер ұйымдары 2131,75 бірлік, мұрағат мекемелері 359 штаттық бірлік.

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферттерді ескере отыра, 2016 жылғы нақтыланған бюджет 3 млрд. 461,557 мың теңгені, оның ішінде:



  • ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары (МТБН) - 4000,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:

  • «Шығыс Қазақстан облыстық драма театры» КМҚК (құрастырмалы еден төсеніші);

Бұдан басқа, «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру аясында 2016 жылы республикалық бюджет есебінен облыстың мәдениет саласындағы объектілеріне ағымдағы жөндеулер жүргізуге 40879,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді.

Барлығы 2 жобаның (2 мәдениет объектісін) іске асыруы, 21 жұмыс орнымен, жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам, оның ішінде 2 ағымдағы жөндеудің (2 объект) жүргізуі қарастырылған.

29128,0 мың теңге сомасына Глубокое ауданы Тарханка ауылындағы Мәдениет үйі ғимаратының, 11751,0 мың теңге сомасына Урджар ауданы Елтай ауылындағы Мәдениет үйінің ағымдағы жөндеулері жоспарланған.

Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес, жобалардың іске асырылуы 2016 жылдың мамыр айынан бастап қыркүйек айын қоса алғандағы мерзімге жоспарланды.

2016 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша ведомстволық бағынысты мәдениет мекемелерімен 159 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді, театрлармен 266 спектакль

ойналды, оның ішінде мемлекеттік тілде 146 бірл. (54,8 %), 10 жаңа спектакль қойылды. Театралдық өнер саласындағы жаңа қойылымдар үлесі 3,76 %-ды құрады. Театрлармен 64,7 мың көрермендерге қызмет көрсетілді.

2016 жылғы 1 мамыр жағдай бойынша Облыстық филармония және «Өрлеу» КМҚК 137 іс-шара (концерт) өткізді, обслужено 34,11 мың көрерменге қызмет көрсетілді.

Облыстық 4 кітапхананың кітап қоры 2016 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша 941,01 мың дананы құрады. Сатып алынған кітап қорының саны 4,29 мың дананы құрады. Облыстық кітапханалар оқырмандарының жалпы саны 42,60 мын адамды құрады, келушілер саны 516,3 мың адамды құрады.

Облыс бойынша мұражай қоры 2016 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша 433,19 мың дананы құрады, мұражай қоры 1,77 мың данаға толықтырылды, мұражай қорларымен жаңарту үлесі 0,41 %-ды құрады. Облыс мұражайларына келушілер саны 184,7 мыңнан астам адамды құрады.

Ағымдағы 2016 жылы облыста бірқатар ірі мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.

5 наурыз 2016 жылы Металлургтер мәдениет сарайында халықаралық әйелдер күніне арналған облыстық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің концерті болды. Концертті әр-түрлі жанрдағы шығармашалар өз орнын тапты.

7 наурыз 2016 жылы Металлургтер мәдениет сарайында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «In - Coro» тобының «Көктем шуағы» атты шығармашылық  концерті өтті.  Концерттік бағдарламада әртүрлі жанрдағы әуендер шырқалды: классикалық музыка, заманға сай өнделген, «Битбокс» қосылған қазақша әндер, сүйемелденіп және акаппелла орындалған әндер.


«Без женщин жить нельзя» жалынды канканы мен «Честно говоря» әні кеш қонақтарының көңілінен шықты. Кештің әсерлі сәтінің бірі «Ана» әнінің орындалуы болды.

10 наурыз 2016 жылы Металлургтер мәдениет  сарайында «Ұлы дала елі» атты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан композиторларының заманауи музыка фестивалі өтті. Құттықтау сөзімен қошеметтеп және естелік сувенирлерді фестиваль қонақтарына,  ШҚО мәдениет басқармасы, мұрағаттар және құжаттама басшысының міндетінің атқарушы  Нұрмұханова Раушан Қапасқызы тапсырды.

Концертке Қазақстан композиторлары қатысты: Б. Қыдырбек – Қазақстан композиторлар Одағының Төрағасы және Мемлекеттік сыйлығының Лауреаты (Астана), Б. Дәлденбай (Алматы), А.Тоқсанбай (Алматы), В. Стригоцкий – Пак (Алматы), Х. Сетеков (Алматы), С. Абдинуров (Астана), Е. Өміров (Алматы), М. Рахымбаев (Семей), А. Мамбетов (Алматы), Б. Аманжол (Алматы), М. Сютюшев (Караганда), С. Апасова (Өскемен), Л. Жуманова (Семей), О. Юлтыева (Өскемен), Б. Есдаулетова (Өскемен), А. Кәкиев (Өскемен).

Бірінші блокты Байжігіт атындағы ШҚО мемлекеттік  филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрі ашты. Концертті ШҚО әкімінің Симфониялық оркестірі жалғастырды. Концерттің дирижерлары: А. Галсанов, Ш. Рысханов, В. Зубов. Қонақ жәйлі қала тұрғындары ұнаған туындыларын тындап, концерт қатысушыларын  қошеметпен қарсы алды.

26 наурыз 2016 жылы халықаралық театр күніне орай, облыс театрларында 2015 жылы театр өнеріне ерекше үлес қосқан актерлерге «Маска» театр сыйлығы салтанатты түрде тапсырылды.

6 сәуір күні Металлургтер мәденит сарайында Роза Бағланованың еске алуға арналған «Сағындым апа даусыңды» атты концерт өткізілді.

Сәуір айының 13-15 аралығында Өскемен қаласында халық әртістері ағайынды Абдуллиндердің 100-жылдығы мерекеленді.

Мерекелеу барысында II республикалық вокалистер конкурсы өткізілді. Конкурса республикамыздың әртүрлі қалаларынан (Астана, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдыкорған, Өскемен) 42 үміткер – мәдениет саласын дамытуға үміт артқызар дарынды жас вокалистер, музыкалық өнер колледждерінің студенттері, барлығы – 42 қатысушы жиналған, олардың ішінде 33 қатысушы жеке орындаушы ретінде және 9 қатысушы дуэт ретінде қатысуға өтінім берілген.



15 сәуір күні облыстық драма театрында «Тағдыры бір-екі жұлдыз» аты еске алу кеші өтті. Мерейтойлық кеште олардың балалары – Абдуллина Галия Муслимовна, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері – Абдуллин Сагнай Муслимович, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ришат Абдуллиннің немересі – Абдуллина Карина Абрековна, «Жетіген» ансамблі болды. Сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР Мемлекеттік жүлдесінің лауреаты, Мәскеу қаласындағы Халықаралық өнер Академиясының Академигі, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры – Әбілов Шахимардан Қайдарович пен Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі және біздің жерлесіміз – Нұржан Бажекенов қатысты. Аталған қонақтар Өскемен қаласының тұрғындарының құлақ құрышын қандырып, бойын балқытып жанды дауыста ән шырқап берді. Сонымен қатар, мерейтойлық кеште Ткач Вячеслав, Утуленова Мафруза, Коваленко Валерий және «Инкоро» тобының жас солистері өнер көрсетті.

21 сәуір күні облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхананың 120-жылдығына арналаған салтанатты іс-шара өткізілді.
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет