2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі



Дата31.12.2019
өлшемі16,91 Kb.
#54102
2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
Тілдер апталығы 05.09.2018 жылы «Қазақстан халықтарының Тілдер күні» салтанатты жиынымен ашылды, жауапты ұстаздары: ағылшын пәнінің мұғалімдері С.И. Иманбай, Л.Е. Балабекова, бұл атаулы шара «Ұлт мақтанышы-Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығымен» тұспа-тұс келуіне байланысты болғандықтан салтанатты шарада мектептің 5,6,10 сынып оқушылары үш тілде өлең оқып, ән шырқап, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектеріне үш тілде мәліметтер беріп өтті.

Мектептің кіре беріс фойесіне «Үштілділік-заман талабы» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ, орыс, ағылшын пәндерінің мамандары сол тілдің әдебиеті, ұлттық мақтаныштары, тіл туралы мақал-мәтел жинақтары туралы мәліметтер көрмесін ұйымдастырды. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.Б. Анашевтің ұйымдастыруымен 5,6,7 сыныптар суретші балаларының арасында «Тілім менің-асыл қазынам суреттер» көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар тіл туралы мақал-мәтел мағынасын сурет түрінде ашып берді.

Кітапханашы А.У. Сулейменованың жетекшілігімен достығы берік туыстас елдер мәдениеті мен әдебиеті үндестігіне айналған «Абай және Пушкин екі жүректің үндестігі» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Пушкиннің кең көлемді Абай аударған шығармалары, аударма айырмашылықтары және қазақ елінің ерекшелігіне сай кейіпкерлер бейнесі туралы еңбектер қойылды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А. Инкарбекова, Н.С. Бухабаеваның жетекшілігімен 5-6 сыныптар арасында «Алаштың асыл арыстары» тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар 20 ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларын оқып, өлеңдерін талдады, топқа бөліну арқылы, жылдар бойынша мәліметтер тауып жазды. Өздерінің әдебиет өкілдері туралы өмірбаяндық, шығармашылық альбомдарын қорғады. Кеш соңында оқушылар Міржақып Дулатұлының «Абақтыда айт күні», «Таза бұлақ», «Жас қазақтар, қайдасың?» т.б. өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып шықты.

7-8 сынып оқушылары арасында «Ұлт зиялылары» тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Онда пән мұғалімдері Н. Амангелді «Елім деп жырлаған ер-Сәкен», Ж. Тутан «Ұлт мақтанышы-Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты танымдық сағаттар өткізілді. «Елім деп жырлаған ер-Сәкен» танымдық сағаты барысында оқушылар «Сәкен өмірі мен шығармашылығы», «Ақын мұрасының зерттелуі» тақырыптарында ой қозғап, Сәкеннің «Мен келем тау ішінде түнделетіп» әнін шырқап, «Жас қазақ марсельезасы» өлеңін жатқа оқып берді.

«Ұлт мақтанышы-Сұлтанмахмұт Торайғыров» атты танымдық сағатында оқушылар «Ақын өмірінің бастауы» атты видео тамашалап, өмірбаянынан мәліметтер алды. «Гүл», «Алғыс», «Мен қазақпын» өлеңдерін жатқа оқып, «Адасқан өмір» поэмасынан үзінді түрінде сахналық қойылым көрсетті.

«Ақын өмірінің соңғы сәттері» бейнефильмі көрсетіліп, «Не білдік» ойыны арқылы ақын туралы бейнефильмдегі мәліметтерге жауап алынды.

9-10 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Қ. Сатыбаеваның ұйымдастырумен «Алты алаштың ақиық ақыны-Мағжан» атты дөңгелек үстел түрінде тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

11-сынып оқушылары арасында «Алашшыл әдебиеттің белді өкілі-Жүсіпбек Аймауытов» конференциялық сабағы өткізілді. Ұйымдастырушылары Ы.А. Тұранов, Е.Ж. Сәрсенов.

Шара барысында облыстық ғылыми жоба жеңімпазы Ержан Жансерік «Жүсіпбек ағартушы-демократ» баяндамасын оқыды. Баяндама соңында оқушылар ой қозғау бөлігінде өмір жолы туралы сұрақтарға жауап берді.

11 сынып оқушысы Жарқын Дәннар «Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы әлеуметтік теңсіздік әйел теңсіздігі» тақырыбында баяндама оқыды. Оқушы «Ақбілек» романындағы тікелей өмірден алынған мәселелерге дәлелдемелер жүргізді.

11-сынып оқушысы Жүнісқожа Назерке публицист ретіндегі еңбектерінен үзінділер келтіріп мәліметтер берді.

11-сынып оқушысы Сұраған Дәуіт ең алғаш психологияны зерттегені туралы баяндама оқыды. Кеш соңында оқушылар А. Байтұрсыновтың, М, Дулатұлының, М. Жұмабаевтың өлеңдерінен үзінділер жатқа оқып, неліктен осы өлеңді ұнататындарын ортаға салды.

Тарих пәнінің мұғалімдері Н. Съезхан, Л.К. Нұрмағамбетованың ұйымдастырумен «Ұлы билер өміріне саяхат» ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Конференцияда 9,10,11 сынып оқушылары топқа бөлініп, 9-сынып «Саққұлақ» би, 10 сынып «Нияз би», 11 сынып «Байдалы би» туралы мәліметтерді ортаға салды, екінші кезеңінде оқушылар билер туралы сахналық қойылым көрсетіп жарысқа түсті. Әр топқа баллдық бағалар қойылып, дипломдар табыс етілді.

Орыс тілі мұғалімдері А.Ж. Абилхаирова, Л.Б. Баянованың ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында «Забавные басни И.А. Крылова и Ахмета Байтурсынова» тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар орыс тілінде екі ақын өмірінен слайд көрсетіп, өмірбаяндарын айтып шықты.

«Продолжи строки из басни» тапсырмасында оқушылар сөйлемдерді аяқтады, «Найди свою пару» тапсырмасында оқушылар Крылов мысалдарынан тақтада тіркесті жұптар тауып ойнады. Кроссвордтар шешіп, «Шегіртке мен құмырсқа», «Қарға мен түлкі», «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу шортан һәм шаян» мысалдарынан көріністер көрсетілді.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі О.Т. Тусупбекованың ұйымдастыруымен «Пушкин-Лермонтов-Абай» шығармашылық кеші өткізілді. Кеште оқушылар орыс ақындарының өлеңдерін Абай аудармасында оқып, әндерін шырқады.

9-11 сыныптар арасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері З.С. Кенесбаева, С.Б. Коркытбаева, Ж.М. Кабылбекова «Лирика М. Макатаева и С. Есенина» әдеби кешін ұйымдастырды. Кеш М. Мақатаевтың «Әй, Сергей, Сергей...» өлеңімен ашылды. Оқушылар екі ақын үндестігі бар рухани жақын өлеңдерін жатқа оқып, екі ақынның лирикасынан әндер шырқады. Кеш соңында ұйымдастырушы мұғалімдері Есениннің «Отговорила роща золотая» әнін орындады.

Ағылшын пәнінің мұғалімдері Б.К. Жиеналина, Г.М. Жагипарованың ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Polyglot» ойыны өткізілді. Оқушылар топтарға бөлініп, ағылшын тілінде тапсырмалар орындады. Қазақша сұрақтарға ағылшын тілінде жауап берді Ағылшын тіліндегі мәтіндердің суретін салып қорғады.

9-11 сыныптар арасында ағылшын пәнінің мұғалімі А.Е. Тохметованың ұйымдастыруымен «Чарльз Диккенстің шығармашылығы» әдеби кеші ұйымдастырылды. Оқушылар таза ағылшын тілінде жазушы өмірін баяндап, шығармаларын талдады.

Биология пәнінің мұғалімдері Б.Б. Кадырова, А.С. Мырзабекова, З.К. Сағидуллина белгілі алашшы, ұлт мақтанышы «Халел Досмұхамедов, Жұмағали Тлеулин» туралы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушылар бұл шара барысында белгілі қоғам қайраткерлерінің саяси тұлғасынан басқа, дәрігерлік еңбектерінен де мәліметтер берді.

Мектебіміздің тәлімгері, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.О. Бекенованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында мекендейтін ұлттар (орыс, поляк, неміс, корей, татар, армян, чуваш, еврей, ингуш, өзбек) мәдениеті, дәстүрі, өнері, ұлттық мақтаныштары туралы «Тілі басқа-тілегі бір, жүзі басқа-жүрегі бір» көріністер фестивалін ұйымдастырды. Оқушылар әр ұлт киімдерін киіп, сол ұлттың мәдениетін, мақтанышын, әдеби шығармаларымен жарысқа түсіп, кеш соңында достық әнін шырқады.



Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің «Шежіре» әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлт зиялылары» әдістемелік бірлестік ұстаздары арасында тағылымдық кеші ұйымдастырылды. Кеш «Рухани жаңғыру» және «Тілдер күні» мерекелеріне тұспа-тұс ұйымдастырылып, бірлестіктер әр алашшыл зиялы тұлғаны таныстырып өтті. Атап айтсақ, «Шежіре» әдістемелік бірлестігі «Міржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы», бастауыш сыныптардың «Кәусар» әдістемелік бірлестігі «Мағжан Жұмабаев», математика, физика пәндерінің МИФ» бірлестігі «Сәкен Сейфуллин», орыс тілі пәндерінің «Лингвист» бірлестігі «Ахмет Байтұрсынов», еңбек, дене шынықтыру пәндерінің «Өнер» әдістемелік бірлестігі «Мұхтар Әуезов», ағылшын пәндерінің бірлестігі «Мұстафа Шоқай», география, биология, химия пәндерінің «Рауан» бірлестігі «Халел Досмұхамедов» шығармашылығынан көріністер, слайдтар таныстырды, сайыстың келесі шартында бірлестіктер ұстаздары өнерлерін ортаға салып, кешті қорытындылады.


Ғылыми іс жөніндегі орынбасары: Т.Б. Еменова
Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет