29 қараша күні 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мектепте «Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» тақырыбында сынып сағатының әзірлемесі



Дата02.07.2018
өлшемі0,65 Mb.
#45962
29 қараша күні 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай мектепте «Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» тақырыбында сынып сағатының әзірлемесі


Мақсаты: Елбасы өмірбаянымен,еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жарияларымен таныстыру.
Тақырыбы: Тәуелсіздік Қазақстанның дамуының қалыптасуындағы рөлі.

Мақсаты: Елбасы өмірбаянымен,еңбек жолымен, шығармаларымен, Елбасы туралы жарияларымен таныстыру.

Көрнекілігі: портреті, слайдтар, Елбасының кітаптары, Елбасы туралы жазылған кітаптар.
Тәрбиеші: Құрметті оқушылар бүгін өздеріңмен»Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздік Қазақстанның дамуының қалыптасуындағы рөлі» тақырыбында сынып сағатымызды бастайық.

Оқушы: Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашыласың да,халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Тұманбай Молдағалиев.

Тәрбиеші:Бүгін біз еліміздің сан жылдар бойы армандаған,сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен ,ерлеріміздің ерен ісімен,кешегі дүниені дүр сілкіндірген.

Егемен еліміздің ең ұлық,ең қастерлі мерекесі-Тәуелсіздік күні.Тәуелсіздік алғанымызға міне 25 жыл толып отыр.1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Президенті сайлауы болды.Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасы тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.


Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.



Жүргізуші:

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің ақтаған.

Жүргізуші :

Қиялы ұшқыр ойлы адам,

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман-сау жүрші, Атамыз.

Мадина: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.

Жүргізуші: -Н.Ә.Назарбаев кім?

Жүргізуші: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Абылай: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

Жасынан зерек, алғыр азамат өскенде металлург мамандығын алып жұмыс жасаған. Ол халық қалауымен 1991 жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Содан бері 25 жыл өтті.



Жүргізуші: Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.

Ал енді біз білетін Н.Ә.Назарбаев кім?





ЖүргізушіНұрсұлтан ата-ақ пейілді, сезімтал жан және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.

Жүргізуші:  Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

Зарина: Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі-Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен. Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.

Диана:2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.

Бекжан:

Әнге толсын барлық қала ауыл бар


Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Диана:

Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім,

Отаным Қазақстан.

Аида:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына

Бекжан:

Туды ұстап тура жолға түсіріп, 


Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ұлдар тобы: Хор: «Жаса, Қазақстан» әні орындалады.

ЖАСА! ҚАЗАҚСТАН!

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің қазағым

Артта қалды қыйындық пен азабың

Жаса! Қазақстан!

Жаса, менің ұлы елім

Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса! Қазақстан!

Алаш жұртым ардағым

Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым

Жаса! Қазақстан!

Ата мекен тұрағым

Көк аспанда желбіресін байрағың

Жақын көңіл жайсаң ел қазағым

Өз ұраның айтылсын, өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап

Болсын таза дін!

Батыр ұлдар ел көшін бастаған

Жасымасын жас ұрпақ, жас бала

Ашық аспан астында мәртебең

Артсын басқадан

(Қайырмасы)

Даламызға мұрагер халқымыз

Даламызда мақтаныш даңқымыз

Ұмытылмай ұрпаққа ұлассын

Дәстүр салтымыз

Ару қыздар аяулым, ақ гүлім

Шаңырақтың шырағын жақ бүгін

Думандатып тойласын әрқашан Елім, шаттығын

(Қайырмасы)

Жүргізуші: Н.Ә.Назарбаевқа арнайы оқушылардың жаттаған өлеңдеріне кезек берейік .

Батырхан:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!



Дильназ:

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

Отаны бірдің-тілегі бір, жүрегі бір.

Гулназ:
Руслан Ш:

Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.


Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары тек ұлт болашағы үшін.

Айбар:

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.



Дастан:

Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн


Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші : 

Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,

Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.

Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,



Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе  «Ұлт көшбасшысы-Нұрсұлтан Әбішқлы Назарбаевтың Тәуелсіздік Қазақстанның дамуының қалыптасуындағы рөлі»» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.



Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет