3 тақырып Тақырыбы: Ревматизм, артериялық гипертензия, миокард инфаркты этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністің негізгі белгілері. Диагностикасы



бет1/6
Дата04.01.2022
өлшемі23,79 Kb.
#109126
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стом есеп 3
Документ Microsoft Word, CkYb3vaYOeGeCfx6eT4CIQ, 1981769608, kokoro, Кесте Қосмекенділер мен жорғалаушылар, 580714199, Matematika formula, Ас мәзірі, 6, 13, 20, 27, 5 Sport and Equipment, ҚИЫН БАЛАМЕН ЖҰМЫС, А2- РК3 - орыс тл ответы, Ас мәзірі, ПМК 55-60

3 тақырып

Тақырыбы: Ревматизм, артериялық гипертензия, миокард инфаркты этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністің негізгі белгілері. Диагностикасы.

1 есеп

Науқас И., 12 жастағы ер бала, ауруханаға әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температуратураға шағымданып түсті. Ауру тарихынан: 2 жыл бұрын ревматизмдік шабуыл байқалған: полиартрит, митральды қақпақтың зақымдануы, нәтижесінде митралбды қақпақтың жетіспеушілігі дамыған. Қазіргі жағдайының ауырлауы суықтаудан кейін байқалған. Түскен кезде тері түсі бозғылт, тыныштық күйде ентігу 26рет минутына. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тұсы қарағанда өзгермеген. Пальпацияда: жүрек ұшы түрткісі жайылған, күшейген, IV-V қабырға аралығында сол жақ орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа ығысқан. IV-V қабырға аралығында сол жақтан систолалық діріл. Перкуссияда: жүректің оң жақ шекарасы – төстің оң жақ қырында, жоғарғы - II қабырға аралықта, сол жақ – орта бұғана сызығынан 2 см сыртқа ығысқан. Аускультацияда: І тонмен байланысты және систоланың 2/3 алып жататын жүрек ұшындағы үрлеуші систолалық шу; шу қолтықастына және арқаға беріледі, тұрғанда сақталып, сол жақ бүйірге жатқанда күшейеді. Төстің сол жақ шетінде II-III қабырғааралықта протодиастолалық шу естіледі, ол төстің сол жақ бойымен толық естіледі. ЖСЖ - 100 рет/мин. АҚ 105/40 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, терең пальпацияланады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Қанның жалпы анализі: НЬ - 115 г/л, Эр - 4,Зх1012/л, Лейк - 10,0x109, т/я -4%, с/я -54%, э -3%, л -36%, м -3%, ЭТЖ -35 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі - 1015, белок - іздері, лейкоциттер - 2-3 көру аймағында, эритроциттер -жоқ. ЭКГ: синусты тахикардия, жүректің электрлік өсінің солға ығысуы, PQ интервалы 0,16 мм, сол қарынша мен жүрекшеге күш түсу белгілері. Миокардтың субэндокардиальды ишемия белгілері.


  1. Синдромдарды анықтаңыз

  2. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

  3. Қандай ауру деп ойлайсыз?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет