4 4A «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата16.01.2022
өлшемі20,02 Kb.
#112184
Байланысты:
4 4A �������������� ����������� ����� ��������. ����������


4 8.4A «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Мақсаты 8.3.4.7 Оксидтердің жіктелуін және қасиеттерін білу, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру 8.3.4.8 Қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру 8.3.4.9 Негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру 8.3.4.12 Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу

Орындалу уақыты 20 минут



  1. Оксидтерді жіктеп, химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз. Тұз түзетін оксидтерді сәйкестендіріңіз.

Оксид

Оксидтердің түрлері



1. Na2O




2. SO2

І. Негіздік

3. P2O5




4. CrO3

ІІ. Қышқылдық

5. AI2O3




6. CaO

ІІІ. Амфотерлі

І. __________________ ІІ. __________________ІІІ. ____________________

2. Берілген оксидтердің Na2O, P2O5, AI2O3 химиялық қасиетін сипаттайтын реакция теңдеулерін сумен, сұйылтылған тұз қышқылымен, натрий гидроксиді ерітіндісімен жазыңыз.

(і) реакция теңдеуі ( Na2O-нің сумен реакция теңдеуі) _______________________________________________________

(ii) реакция теңдеуі (Na2O-нің сұйытылған тұз қышқылмен реакция теңдеуі_______________________________________________________

(ііі) реакция теңдеуі (P2O5 -нің натрий гидроксидімен реакция теңдеуі)______________________________________________________

(iv) реакция теңдеуі ( P2O5-нің сумен реакция теңдеуі) _______________________________________________________

(v) реакция теңдеуі (AI2O3-нің сұйытылған тұз қышқылмен реакция теңдеуі)_______________________________________________________

(vi) реакция теңдеуі (AI2O3-нің натрий гидроксидімен реакция теңдеуі) __________________________________________________

3(a) Сөйлемді толықтырыңыз. Қышқылдарды құрамындағы сутек атом санына байланысты: ___________ және _______________, ___________ деп, ал оттектің болу /болмауына байланысты: ____________ және ___________________ деп жіктейді.

(b) Мына металдардың: Zn, Cu, Ag, қайсысы H2SO4 ерітіндісімен әрекеттеседі, мүмкін болатын реакция теңдеуін жазып, теңестіріңіз. ________________________________________________________________________________________________________________________________4(a) Суда еритін негіздерді (сілтілер) бөліп көрсетіңіз. Cu(OH)2, NaOH, Ba(OH)2, AI(OH)3. ________________________________________________________________(b) Реакция теңдеуін аяқтап, түзілген тұзды атаңыз: AI(OH)3 + HCI →

5. Оқушы сабақта төмендегідей тәжірибелер жасады. Мыс ұнтағын қыздырып қара түсті мыс оксидін алды. Осы қара түсті ұнтаққа күкірт қышқылын құйып, қыздырғанда көк түсті мыс сульфатының ерітіндісіне айналды. Бұл ерітіндіге калий гидроксидінің ерітіндісін құйғанда көк түсті мыс гидроксидінің тұнбасы түзілді. Осы түзілген тұнбаны қыздырып, қара түсті мыс оксидін алды. Оқушының іс- әрекетінде аталған заттардың химиялық формулаларын қолданып өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазып, теңестіріңіз.

Сu → .......… → CuSO4 → …… … → СuO 1. Сu + → CuO______________________________________________ 2. CuO + ..… → CuSO4 + _______________________________________ 3. CuSO4 + KOH → … + … ____________________________________ 4. Cu(OH)2 → СuO _____________________________________




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы




Оксидтердің, қышқылдардың және негіздердің жіктелуін, қасиеттерін анықтайды, реакция теңдеулерін жазады

1-2

оксидтерді номенклатура бойынша жіктейді;

1

Na2O-нің сумен реакция теңдеуін жазады;

1

Na2O-нің сұйытылған тұз қышқылмен реакция теңдеуін жазады;

1

P2O5 -нің натрий гидроксидімен реакция теңдеуін жазады;

1

P2O5-нің сумен реакция теңдеуін жазады;

1

AI2O3-нің сұйытылған тұз қышқылмен реакция теңдеуін жазады;

1

AI2O3-нің натрий гидроксидімен реакция теңдеуін жазады;

1




3

сөйлемді толықтырып аяқтайды;
мырышты күкірт қышқылымен реакция теңдеуін жазады;

1
1




4

суда еритін негіздерді ( сілтілерді) теріп жазады;
реакция теңдеуін аяқтап жазады, түзілген тұзды атайды;

1

1


Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты анықтайды

5

1-реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

2-реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

3-реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;

4-реакция теңдеуін жазып, теңестіреді;



1

1

1



1

Барлығы







15


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет