4 МӨж рахымбаева Ж. С. Тақырыбы: «Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері.»



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі27,67 Kb.
#110243
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 МӨЖ Рахымбаева Ж
123456.жаныл docx, pptx 20221226 121647 0000

4 МӨЖ Рахымбаева Ж.С.

Тақырыбы: «Когнитивті лингвистиканың негізгі бірліктері.»
Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.

Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады

Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл", "есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.

"Қоршаған шындық өмірді саналы түрде тану мен адам тәжірибесін категориялау тілмен байланысты болып келеді, өйткені адамның когнитивтік қызметі барысында алынған мазмұндық ақпарат тіл мен тілдік формаларда көрініс тауып, сөйлеу арқылы білдіріледі. Диалектикалық формадағы когнитивтік процестер тілмен тығыз байланысты, оның себебі тіл адамдардың қоғамдық тәжірибесі мен дүние туралы білімдерін бекітіп отырады. Ал біздің сана құрылымы туралы білгендеріміз тек қана тілге байланысты, тіл осы құрылымдар туралы хабарлауға және оларды кез-келген табиғи тілде суреттеуге мүмкіндік береді" [1,21].

Осымен байланысты назар аударатын жағдай: тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді.

Дәлірек айтқанда, когнитивтік лингвистика дәстүрлі лингвистиканың тар аумақта шектелуін болдырмауды және тілдік "сыртқы" көріністері арқылы танылатын терең әрі жан-жақты заңдарын көріп білуді мүмкін етеді. Қазақ жалқы есімдерін зерттеуге арналған когнитивтік әдіс кезінде тілдік таңбаларда, жалқы есімдерде берілген білімдерді концептілеу мен категориялау процестері ескерілуі керек, суреттелуі тиіс. Дүние туралы ғаламның тілдік бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау тәсілдері тұрғысында карастыру керек.

Е.С.Кубрякованың пікірінше: "лингвист объективтік шындық туралы түсінік соңында жеке, лингвистикалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен қалай байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2,37].??

Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.

XXI ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын имманентті зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен және адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туып отыр. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның, негізінде қалыптасқан антропоцентристік парадигманың дамуын талап етті. Демек, бұл-тілді зерттеудің мүддесін обьектіден субьектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы -және керісінше тілді адам арқылы анықтау болып табылады.

Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез-келген тілдік бірліктердің астарынан көруге болады. Мәселен қазақ тіліндегі мақал-мәтел, фразеолизимдер, қанатты сөздер қазақ халқының сан ғасырлық дүниетанымы негізінде туындаған тілдік бірліктер болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет