§49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары



Дата08.02.2022
өлшемі181,62 Kb.
#123578
Байланысты:
§49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары
§49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары, §49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары, §49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары, §49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары, §18. Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет

§49. Мүшелер жүйесінің дамуы – эмбриогенездің сатылары 

Оқушы Сейтқазы Саида 8 в

Мұғалім Ақтоты Скендирова

Ұрықтың даму сатылары

  • Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:
  • Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).
  • Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.
  • Ұрықтың даму сатылары
  • 1. Ең алдымен аталық жыныс жасушасы аналық жыныс жасушасына сперматозоидпен қосылып зигота түзеді . Одан соң даму сатылары жүреді.
  • 2Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластула сатысында ұрық ұсақ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық.Бұл кезеңде ағзада жыныс мүшесі дамиды. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.
  • Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіп гаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.
  • 4. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.

Ұрық жапырақшасы

  • Ұрық жапырақшасы (folіa embryonal) — көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезеңінде денесінің сыртында (гаструлация процесі кезінде) тіндер мен органдар пайда болатын қабаттар. Ұрық жапырақшасын кейде ұрық тақташалары деп те атайды. Көптеген көп клеткалы жануарларда негізінен 3 түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі. Оның сыртқы қабаты — эктодерма, ортаңғысы — мезодерма, ал ішкі қабаты — энтодерма. Қағанақты жануарларда ұрықтық және ұрықтан тыс эктодерма, мезодерма және энтодерма қабаттары ажыратылады. Эктодерма қабатынан түзілген ұрық жапырақшасы жабын және сезгіш қызметтер атқарады. Мезодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қозғалтқыш, тіректік және қоректік қызмет атқарып, ұрықтың дене бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Ал энтодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етеді. Әр түрлі жүйелік топтарға жататын біркелкі ұрық жапырақшасының көптеген ұқсас белгілерімен қатар, даму ерекшеліктеріне байланысты бірталай айырмашылық белгілері де болады. Ұрық жапырақшасы туралы ілім биология ғылымының тарихында үлкен рөл атқарып, эмбриологияда қорытынды тұжырымдаманың қалыптасуына әсер етті. Белгілі ғалым К.Ф. Вольф (1734 — 1794) тауық ұрығының ұрық жапырақшасы түзілуін сипаттап жазып (1768 — 1769), эпигенез теориясының негізін салды. 1817 ж. Ресей ғалымы Х.И. Пандер (1794 — 1865) 3 түрлі ұрық жапырақшасының түзілетінін ашты. Ал К.М. Бэр әр түрді топқа жататын омыртқалы жануарлардың ұрық жапырақшасының түзілуін толық сипаттап, ұрық жапырақшасы ұрықтың дамуының басты белгісі екенін анықтап берді. Ұрық жапырақшасының түзілу процесінің ашылуы — барлық жануарлардың шығу тегі мен эволюциясының біртұтастығының дәлелі.

11 сызба

Эктодерма (грек. Ektos – тыс, сыртқы және тері) – гаструлалану кезінде түзілетін сыртқы ұрықтық қабат. Эктодерма бластомерлері екі қабат болып жарылған ұрықтың сыртқы жасушалық қабатынан қалыптасады. Ұрық денесінің ұзына бойына Эктодерма клеткалары бөлініп көбейіп, жүйке тақташасына, кейін жүйке түтігіне айналады

Мезодерма (мезо... Және грек. Derma — тері) — көп клеткалы жануарлар (губка мен ішекқуыстылардан басқа) мен адамның ортаңғы ұрық қабаты. Гаструла сатысында мезодерма сыртқы ұрық қабаты эктодерма мен ішкі ұрық қабаты энтодерманың арасында орналасады. Алғашқы ауыздыларда мезодерма, эктодерма мен энтодерма қабаты аралығында жетілген клеткалардан — телобластан дамиды.

Эндодерма (грек. Endon – ішінде және тері) – өсімдік сабақтары мен тамырларының орталық цилиндрлерін қаптап тұратын алғашқы қабықтың ішкі клеткалар тобы. Өсімдік сабағында Эндодерма аз дифференцияланып, құрамында екіншілік крахмал болады. Өсімдік тамырында Эндодерма қоректік заттарды тамырдың өткізгіш тіндеріне өтуін қамтамасыз етіп, оларды реттеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет