5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы



бет1/6
Дата13.02.2020
өлшемі2,36 Mb.
#57974
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фак 5-9-сынып
фак 5-9-сынып
Орал қалалық білім беру бөлімі

5-9 сыныптарға арналған математика пәнінен гимназия сағаттары, факультатив және гимназия үйірмелерінің бағдарламаларының жинағы

(математика пәні мұғалімдеріне арналган нұсқаулық)




Орал – 2014 жыл

Қалалық эксперттік кеңестің шешімімен қала көлемінде таратуға ұсынылды.

Хаттама №2 «26» желтоқсан 2014 жыл.

Құрастырған:

Тулеуова Н.Х., Ергалиева А.С., Есенгалиева Н.Б.,

Оразгалиева Г.М., Тулегенова М,Г. – №42 «Ақ ниет» гимназиясының математика пәні мұғалімдері

Пікір жазғандар:

Альсейтов А.Г. – «Альсейтов» білім беру орталығының директоры, математика пәнінің аға оқытушысы

Адылгазина Г.С. – Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты математика пәні мұғалімі

5-9 сыныптарға арналған бағдарламалар мектептегі математика пәнінің стандарт бойынша бағдарламасына қосымша берілетін үйірме, факультатив, гимназия сағаттарына арналған.

Бұл жинақ математика пәні мұгалімдеріне көмек ретінде, сонымен бірге оқушылардың нақты математикалық білімдерін тереңдету, оқушыны өзіндік білім алуға бағыттау мақсатында пайдалануға тиімді деп қала деңгейінде таратуға ұсынылады. Әр мұғалім оқушылардың деңгейіне байланысты есептер мен тапсырмаларды таңдай алады.

Мазмұны:


  1. 5,6-сынып «Қызықты математика» .....................................................4

  2. 5 -сынып «Логикалық есептер» .......................................................... 17

  3. 5-сынып «Математикалық логика»................................................... 20

  4. 5-сынып «Бөлшектерге амалдар» ....................................................... 39

  5. 6- сынып «Теңдеулер мен теңсіздіктер» ............................................... 47

  6. 7-сынып «Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу» .............................. 52

  7. 7,8-сынып «Қоспа, ерітінді, пайызбен берілген есептер» .................. 57

  8. 8-сынып «Мазмұнды есептер».............................................................. 65

  9. 9-сынып «Прогрессия»......................................................................... 69

  10. Пайдаланған әдебиеттер тізім................................................................ 77


Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика

(5,6-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)



Түсінік хат

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Мақсаты:

Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.

Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.

Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.

Математиканың өмірмен байланысын көрсету.

Пәнаралық байланыс: тарих



Күтілетін нәтиже:

Логикалық есептерді шығару;

Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;

Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;

Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;

Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;

Математикалық білімін толықтырады.

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: Сағат саны 34, аптасына 1 сағат

Пәнаралық байланыс: алгебра, геометрия

Сабақты өткізудің формалары: Математикалық ойындар, интеллектуалдық ойындар, практикалық сабақтар, ізденіс сабақтар.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, жұппен, топпен.

Қорытындылау формасы: Сыныптан тыс іс-шара өткізу, шығармашылық сабақтар, «Жас математиктер» газетін шығару, тест өткізу, математикалық олимпиада өткізу.

Оқушылардың математикалық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.


  • Қызықты математика жөніндегі ғылыми, көпшілік кітаптардан мәліметтер , материалдар жинақтау;

  • Теорияны меңгеріп, нәтижесін талдап ала білу;

  • Оқушылар есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;

  • Жинақтаған материалдардан реферат жазып дағдылану, оқушы презентациясын жасау;

  • Игерген білімдерін өмірде пайдалана білу керек;


Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған

Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.

  1. Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау емтиханына

дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.

Мұғалімге ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Логикалық сұрақтар, есептер, ойындар мен құрастырмалар. Құрастырған Рамазан Омаров.-Алматы: «Өлке».2012ж.

  2. Я.И.Перельман. Жанды математика. Алматы «Мектеп» баспасы 1978ж.

  3. Тердікбай Күшай. Олимпиадалық математика және ой дамыту V-VIII.Оқу әдістемелік құрал.- Астана, 2012ж.

  4. Т.И.Қуанышқалиев. Негізгі мектепте олимпиада есептерін шығару арқылы оқушылардың математикалық қабілеттерін дамыту. Орал, 2008 ж.

  5. Логикалық сұрақтар. Қазақ-түрік лицейлерінің қабылдау қабылдау емтиханына дайындыққа арналған. Рамазан Баяр. Алматы: Шың кітап 2011ж.


«Қызықты математика » 5-сынып пәнінің базалық мазмұны:

І-бөлім. «Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер» -11сағат

Әзіл –есептер, есеп-жұмбақтар.Саны бар мақал- мәтелдер.

Шырпымен жаттығулар.Ертедегі математикалық тарихи есептер.

Ғажайып шаршы. Математикалық фокустар. Математикалық ребустар, санды басқатырғылар, шифрлаулар, құпия оқиғалар.



ІІ-бөлім. «Логикалық ойлау қабілетін арттыратын есептер» -11 сағат

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.Орналастырулар.Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.Өлшеуіш сызғышсыз.Теңдеу құрмай шығар.Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау. «Жас математиктер» газетін шығару.



ІІІ-бөлім. «Ойлау қабілетін арттыратын ойындар» 4-сағат

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы. Тоғызқұмалақ ойыны.

Шахмат ойыны.

ІV- бөлім. « Шығармашылық тапсырмалар»

Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері.Математикалық олимпиада

Зейінді байқау (тест).Қорытындылау сабағы. Марапаттау.

«Қызықты математика » 6-сынып пәнінің базалық мазмұны:

Байырғы есептер .Сандарды орналастыру. Қатынастарға берілген есептер. Геометриялық бақылағыштық.Кеңістік кескіндері.Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер. Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері.Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер. Евклид алгоритмі. Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика. Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару. Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару.Дирихле принципі. Математикалық олимпиада.Танграм ойыны.Судоку шешу.Қорытындылау сабағы.


Математика пәнінен қосымша курс жоспары

(34 сағат) 5- сынып



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты (нені білу керек?)

Күні




Математикалық қызығушылығын арттыратын есептер

11







1-2

Әзіл–есептер, есеп-жұмбақтар.

Саны бар мақал- мәтелдер.

2

Логикалық ойлау негізінде әзіл- есептер мен жұмбақ есептерді шеше білу.




3-4

Шырпымен жаттығулар

2

Шырпымен шығарылатын қызықты есептер ойлап шығару.




5-6

Ертедегі математикалық тарихи есептер.

2

Математиканың қажеттілігін қоршаған ортадан көре білу.




7

Ғажайып шаршы

1

Тез есептей білу.




8

Математикалық фокустар

1

Математикалық фокустар жасай алу.




9-11

Математикалық ребустар, санды басқатырғылар, шифрлаулар, құпия оқиғалар

3

Әр түрлі цифрлармен өрнектелген есептерді шешудің жолдарын түсіндіру, құпия оқиғалы есептерді шешуде оқушыларға дұрыс ойлай білу дағдыларын қалыптастыру.







Логикалық ойлау қабілетін арттыратын есептер

11







12-13

Өткелдер. Өткелдермен өткендер.

2

Ой – өрісін шыңдау.




14-15-

Орналастырулар.

2

Есептерді шығарту арқылы шешу жолдарын меңгерту.




16-17

Таразы. Өлшеу. Сұйықтар.

2

Математикалық интуициясын дамыту.




18

Өлшеуіш сызғышсыз

1

Сызғызсыз өлшеуге берілген есептерді шешуді үйрену.




19

Теңдеу құрмай шығар

1

Логикалық ойлауын дамыту.




20-21

Лабиринт. Бір жүрген жерді қайталамай орындау.

2

Есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту.




22

«Жас математиктер» газетін шығару

1

Өзінің болашағына сенімін арттыру. Қиялын, қабілеттін шыңдау.







Ойлау қабілетін арттыратын ойындар

4







23-24

Тоғызқұмалақ ойынының шығу тарихы. Тоғызқұмалақ ойыны.

2

Қазақ халқының ұлттық ойыны туралы білу. Тоғызқұмалақ ойынын үйрену.




25-26

Шахмат ойыны

2

Шахмат фигураларымен танысу.Шахмат ойынын үйрену.







Шығармашылық тапсырмалар

8







27-29

Күнделікті өмірдегі логика. Пиза есептері

3

Алған білімін өмірде пайдалана білу.




30-31

Математикалық олимпиада

2

Өзара бәсекелестік туғызу арқылы шын мықтыны анықтау.




32-33

Зейінді байқау (тест)

2

Зеректігін, қиялын, зейінін дамыту.




34

Қорытындылау сабағы. Марапаттау.

1

Оқушылардың жыл бойы жүргізген жұмыстарында жеткен жетістіктерін ескеру, марапаттау.





Математика пәнінен қосымша курсының жоспары

(34 сағат) 6- сынып



Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мақсаты (нені білу керек?)

Күні

1-2

Байырғы есептер

2

Логикалық ойлау негізінде есептерді шеше білу.




3-4

Сандарды орналастыру

2

Белгілі бір заңдылықты анықтап анықтап санды табу




5-6

Қатынастарға берілген есептер

2

Қатынастар арқылы есептер шығару.




7-8

Геометриялық бақылағыштық

2

Шапшаң шешім қабылдай білуі қерек.




9-10

Кеңістік кескіндері

2

Математикалық интуициясын дамыту.




11-12

Соңынан кері қарай шығаруға ыңғайлы есептер

2

Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін білу.




13-14

Күнделікті өмірдегі логика.

Пиза есептері.



2

Ақыл – ойы шыңдалады.




15-16

Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттер

2

Бөлінгіштік белгілері мен қасиеттерді білу.




17-18

Евклид алгоритмі

2

Евклид алгоритмі арқылы ЕКОЕ, ЕҮОБ – ны табу.




19-20

Мүмкіндіктер есебі немесе Комбинаторика

2

Комбинаторика ұғымымен танысу.




21-23

Қосу ережесі. Қосу ережесін пайдалана отырып есептер шығару.

3

Қосу ережесін пайдалана алу.




24-26

Көбейту ережесі. Көбейту ережесін пайдалана отырып есептер шығару.

3

Көбейту ережесін пайдалана алу.



27-28


Дирихле принципі

2

Дирихле принципіне сүйене отырып, есептер шығару.




29-30

Математикалық олимпиада

2

Өзара бәсекелестік туғызу арқылы шын мықтыны анықтау.




31

Танграм ойыны

1


Ой – өрісін және құрастырғыш қабілетін дамыту.




32-33

Судоку шешу.

2

Ойлау дағдысын

жаттықтыру.






34

Қорытындылау сабағы.

1

Оқушылардың жыл бойы жүргізген жұмыстарында жеткен жетістіктерін ескеру, марапаттау.




Тақырыбы:  Математикалық логика есептері.

Мақсаты: Математикалық логикалық есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.
б) Логикалық ойлау, алгоритмдеу дағдыларын, математикалық тілде сөйлеуін, зейінін, есте сақтау қабілетін, өзін-өзі тексеру дағдалырын дамыту;
в) Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өзін-өзі басқарып, білімін тиянақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада презентация, үлестірмелі қағаздар.

Типі: білім, білік дағдыларын кешенді пайдалану

Түрі: ойын, сайыс

Пәнішілік байланыс: натурал сандарға амалдар қолдану.

Сабақ барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Кім жылдам?

1.есеп
Кез келген үш таңбалы сан жаз. Оған өзіндей үш таңбалы санды тіркеп жаз. 
Осы шыққан алты таңбалы санды өзіндей алты таңбалы санға қос. Нәтижені 2002-ге бөл. Бөліндіні байқап қара, қандай сан?
Шешуі: 365
365365+365365 =730730
730730:2002 =365 365-бірінші жазылған сан. 
2-есеп
Баласы әкесіне: -Әке;маған жұмбақ үйретші, -дейді. Сонда әкесі:-Сенің жасыңды үш есе көбейтсе менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін, өзің нешедесің?
Шешуі: баласы-х жаста дейік; әкесі- 3х жаста;
Теңдеуі:3х-х=20 х=10
3*10=30
Жауабы:баласы-10 жаста, әкесі-30 жаста
1. “Эстафеталық ойын”

Сынып екі топқа бөлініп отырғызылады.


Екі топқа тапсырмалар беріледі. Топтан бір оқушы бірінші есепті шешіп, жауабын және қасына фамилиясын жазып келесі оқушыға жалғастырады. Осылайша қай топта дұрыс жауаптар көбірек болса, сол топ жеңіске жетеді.

Қызықты есептер

1. Қай нұсқа тиімді?

Жұмыс беруші қарамағындағы жұмысшыдан оның жалақысын көтеру туралы пікірін сұрап, екі түрлі ұсыныс айтты.



Бірінші нұсқа. Алғашқыда 20000 теңгеге әрбір 12 айдан кейін 1000 теңге қосылады.

Екінші нұсқа. Алғашқыдағы 2000 теңгеге әрбір алты ай сайын 250 теңге қосылады.

2. Бес жәшіктің әрқайсысындағы алма саны бірдей. Егер әр жәшіктен 60 алмадан алсақ, барлық жәшікте қалған алмалардың саны бастапқыдағы екі жәшітегі алмалардың санымен бірдей болады. Әр жәшікте қанша алма болған еді.

3. Шешесі мен қызының жасын қосқанда 28 жас. Шешесі қызынан 22 жас үлкен. Қызының жасы нешеде?

4.Қазыбек алдыңғы күні 17 жаста еді. Келесі жылы ол 20 жасқа толады. Бұл қалай сонда?

5.Ақ тақия, көк тақия

Димаштың басында – ақ тақия, ал Ілиястың басында көк тақия бар. Димаш – оңтұстікке, ал Ілияс солтүстікке қарап отыр. Алайда, олар бір-бірінің басындағы тақияның түсін біліп отырды. Қалайша?



6.Қант пен шай

Ыдыстағы шайға салынған қант еріген жоқ. Неліктен?



7.Бұл қалай?

Бір қап бидайды дирменге тартқанда,екі қап ұн шықты.

Қалайша?

8. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды.

Неше стакан қалды?




ІІ. Мағынаны тану

Логикалық есептер және оларды тез есептеудің жолдары.


Арнайы формуланы қолдануға келмейтін әрқайсысына өзінше талдау жасауды қажет ететін есептерді логикалық есептер деп атаймыз.
• Логикалық есептерді таблицалық тәсілмен шешу
• Ребус түрінде шешу
• Сіріңке шырпысын қолданып шешу
• Әр түрлі есептер
Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Тапсырмаларды орындау барысында неге үйрендіңдер? Тағы қандай осы бағыттағы есептерді білесіздер?

Сұрақтарға жауап алғаннан кейін мына қорытындыға келеміз.

Логикалық есептерді шешу арқылы оқушылар:

 Қисынды ой-қабілетін дамытады;
 Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
 Зейіні қалыптасады;
 Байқампаздығы артады;
 Сабаққа қызығушылығы артады.

ІІІ. Толғаныс

1. Арифметикалық амалдарды қолдану арқылы есептеу.

Амалдарды дұрыс орналастыр, қажет болса жақшаларды қойып шық. Теңдеулер дұрыс шығуы тиіс.


6 6 6 6=0

6 6 6 6=1

6 6 6 6=3

6 6 6 6=5

6 6 6 6=6

6 6 6 6=7

6 6 6 6=8

6 6 6 6=12

6 6 6 6=24

6 6 6 6=30

6 6 6 6=36

6 6 6 6=48



2. Логикалық есеп

10 литрлік бөшкеде су бар және 7 литрлік , 2 литрлік бос ыдыстар бар. Екі ыдысқа 5 литрден суды қалай тең бөлуге болады? Шешімі:10-7=3 7-2=5 2+3=5



6. Қорытындылау

-Логикалық есептер дегеніміз қандай есептер ?

-Логикалық есептерді қалай шешеміз?

7. Үйге тапсырма:

3 логикалық тапсырма жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: « Ең үздік ойыншылар » атты интеллектуалдық ойын.

Мақсаты:



Білімділік мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін қалыптастыру

және математиканың басқа пәндерімен байланысын көрсету.



Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде дұрыс

жеткізе білуін қалыптастыру , логикалық ойлауын дамыту және есептерді

жылдам , әрі қатесіз шығаруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табандылыққа , шапшандылққа ,

ұқыптылыққа , адамгершілікке , сыйластықта жұптаса өнер көрсетуге баулу.



Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

« Ең үздік ойыншылар » атты қызықты математикалық факультатив сабағын қорытындылау үшін 5,6 сыныптар арасында өтетін интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, 5-6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған « Ең үздік ойыншылар » атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға « Ең үздік ойыншылар » ойынына қатысушыларды шақырамыз. Сайысқа 5 сыныптан 1 оқушы, 6 сыныптан 1 оқушы жұптаса қатысады. 5-6 сыныптар арасынан осындай алты жұп сайысқа қатысады.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.



І бөлім – «Бәйге»

ІІ бөлім – «Тіл - өнер»

ІІІ бөлім – «Дода»

ІV бөлім – «Тапқырлық»

V бөлім – «Жорға»

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

І бөлім «Бәйге».

Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай жұп қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншылар жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:


  1. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды ...... сандар деп атайды.

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.

  1. Егер сан 2-ге де,3-ке де бөлінсе ,онда ол сан ...... да бөлінеді.

Егер сан 2-ге де,3-ке де бөлінсе ,онда ол сан .. 6-ға да бөлінеді

  1. Алымы бөлімінен кіші бөлшек ...... бөлшек деп атайды.( дұрыс)

Алымы бөлімінен кіші бөлшек дүрыс бөлшек деп атайды

  1. Бөлімдері бірдей бөлшекті қосқанда......

Бөлімдері бірдей бөлшекті қосқанда олардың алымдарын қосып,алым етіп,ал бөлім етіп,сол бөлімнің өзін қалдыру керек.

  1. Шеңбердің ең үлкен хордасы ....... деп аталады

Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр деп аталады

6. Ең үлкен теріс сан ... -1

7. Қатаң емес теңсіздіктің қатаң теңсіздіктен айырмашылығы қандай?

8. Екі қатынастың теңдігі(пропорция )

9. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан?

Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан 1.

10. Интервал дегеніміз не?--------------- аралық

ІІ бөлім «Тіл - өнер».

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

Осы бөлімнен кейін ұпайы аз бір жұп ойыншылар ойынмен қош айтысады.



  1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң,қанша екен тез есепте

Алдында екеу,екеу келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде. (4 , * , * )


  1. Табақтағы жемісті

Былай ғана бөлісті

Екі анасы,қос баласы

Әжесі мен немере

Бір-бірден тиді алмасы

Айтшы қанша жан басы? (3 , * , * )


  1. Қанша қалтам?

Өзімде бар сан қалта

Арт жағында қос қалта

Жейдеде екі төс қалта

Пиджакта екі іш қалта

Бір төс қалта және бар

Сонда есепте, кәне ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы айтпақшы пальтом бар

Онда да төрт қалтам бар? (15 ,* ,* )


  1. Ит мысықты, ал мысық тышқанды қуалап келеді. Қайсысы бірінші келеді?

(1-тышқан, 2-мысық, 3-ит).

  1. жұмадан кейін 19-тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келетінін анықта? (сәрсенбі, среда, )

Ұпайы аз жұп ойыннан шығады.

ІІІ бөлім. «Дода»

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір жұп көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

1

Қазақтың байырғы есептері

20

30

40

2

«Ақбота» есептері

20

30

40

3

«Кенгуру» есептері

20

30

40

4

Викториналық сұрақтар

20

30

40


  1. Қазақтың байырғы есептері:

  1. 20-ұпай. Бұтақта қарға отыр. Бірі оңтүстікке, бірі солтүстікке қарап отыр, бірақ бірін-бірі көріп отыр. Бұл қалай? (Екеуі қарама-қарсы отыр).

30-ұпай. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап: қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - деді.

  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,

  • Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, - дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық? (1 бала-4, 2 бала – 18, 3 бала - 8)

40-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады?

(7 күнде)



  1. Ақбота» есептері:

20-ұпай. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды? ( )

30-ұпай. Оқушы кітаптың бөлігін, кейін тағы да бөлігін оқығандағы көлемі жарты кітаптан 18 бетке кем болып шықты. Кітапта неше бет болған?

А) 210 б) 200 с) 190 д) 180

40-ұпай. Біздегі барлық түйелер мен түйеқұстарды бірге санағанда 60 көз және 86 аяқ бар. Хайуанаттар паркінде қанша түйе бар? ( (17 түйеқұс, 13 түйе).

А) 11 б) 9 с) 13 д) 16


  1. «Кенгуру» есептері:

20-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?

А) 27 б) 28 с) 31 д) 33 е) 56

30-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32

40- ұпай. Компьютерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір бөлігін зақымдайтыны белгілі. Бірінші күні ол дискінің бөлігін зақымдаған, екінші күні зақымданбаған жерінің бөлігін, үшінші күні қалған бөлігінің бөлігін, ал төртінші күні қалғанының . Дискінің қандай бөлігі зақымданбай қалған?

А) б) с) д) е)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет