5 сынып Тест жинақшасы (Е. А. Вьюшкова, Н. В. Параскун, Б.Қ. Әбенов)



Дата12.03.2018
өлшемі140,93 Kb.
#38394


5 сынып

Тест жинақшасы
(Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов)


§ 3. Ақпаратты өңдеу (стр 21)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

1.WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск →Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар (9 сурет).

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3.Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
В деңгейі

1.WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. (Пуск →Все программы → Стандартные → WordPad).

2. «Түйін» бқліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.
С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бқліміндегі 6 – тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.
Түйін

  • Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады.

  • Ақпаратты тасымалдау үдерісіне әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы қатысады.

  • Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.



Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
6.Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.

§ 4. Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері (стр 26)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

Компьютерде сақталған ақпараттың көлемін қарап шығыңдар.

1.Пуск →Компьютер батырмалсын таңдаңдар (12 сурет).

2. «Пайда болған терезедегі дискілердің бірін тышқанның оң батырмасымен шертіп, Свойства батырмасын басыңдар (13 сурет).

3.Дискідегі толған және бос орындардың көлемін қарап шығыңдар (14 сурет)

4.Дәптерге дискідегі бос орынның байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және Гбайтпен өлшенген көлемін жазып алыңдар. Санау үшін калькуляторды қолдануға болады.
В деңгейі

1.А деңгейінің тапсырмасын орындаңдар.

2. Документы бумасын ашыңдар (15 сурет)

3. 1 Гбайт көлемді флешкаға қандай файлдардың сиятынын анықтаңдар.
С деңгейі

Сыныптағы барлық балалар туралы ақпараттың сендердің компьютерлеріңнің қай дискісіне сиятынын анықтаңдар. Көлемі 376 Кбайт мөлшерлі суреттер мен 10 беттік (әрқайсысы 64 символдық 48 жолдан тұратын) ақпарат мәтіндік файлда сақталған. Санау үшін калькулятор программасын пайдаланыңдар.

§ 5. ІІ Тарау. Компьютер.Компьютер – әмбебап есептеуіш машина

(стр 36)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

Интернет желісінен суперклмпьютерлер туралы ақпаратты тауып, оқып – біліңдер.
В деңгейі

Мәтіндік редакторда берілген тақырыптың біріне хабарлама жазыңдар («Компьютерді қолдану», «Компьютердің түрлері»)
С деңгейі

Өздеріңе белгілі программалардың бірінде «Компьютердің түрлері» сызбасын сызыңда.

§ 8. ІІІ Программалық жабдықтама.

Программалыө жабдықтаманың сыныптасы мен жалпы сипаттамасы

(стр 59)

Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс

А деңгейі

Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет екенін көрсетіңдер (тиісті бағанға «+» белгісін қойыңдар)

Жағдай

Жүйелік ПЖ

Қосымшалар

Программалау жүйелері

1-нұсқа

Сәулетші жаңа тұрғын үй кешенінің пішінін жобалайды










Банк қызметкері банк желісі үшін жаңа қосымша жазады










Фотограф қала көріністерін түсіру нәтижесінже алған суреттерді өңдейді










2-нұсқа

Тілшілер жақында өткен мереке туралы ақпарат жинайды










Жасөспірім Интернеттегі сүйікті ойынын қолдайтын сайт құрады.










Бірінші сынып оқушысы әріптерді компьютерлік программа көмегімен үйренеді










3-нұсқа

Супермаркет сатушысы сатылған тауар туралы деректер енгізеді










Дәрігер электрондық деректер қорына жаңа түскен науқастың ауыру тарихын жазады.










Жаңа көпір салушылар компьютерде құрылған модель көмегімен оның беріктігін зерттейді.










Тапсырманы компьютерлік программаның бірінде орындаңдар
В деңгейі

Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс.

1.Жұмыс үстелінде орналасқан белгішелердің ретін өзгертіңдер. Ол үшін экранның бос жерінде тышұанның оң батырмасымен қалқыма мәзірді шақырып, Вид бұйрығы үлгілерінің бірін таңдаңдар.

2.Жұмыс үстелндегі белгішелердң жасырыңдар

3.Белгішелерді қайта шығарыңдар.

4.Жұмыс үстеліндегі белгішелерді тышқанның көмегімен жылжытыңдар .

Белгішелерді бастапқы қалпына келтіріңдер.
С деңгейі

Қандай кәсіп иелері символдық графикалық және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істейді? Кестені мысалдармен толтырыңдар. Кестені құру үшін өздеріңе қолайлы программалық жабдықтаманы қолданыңдар.

Кәсіп

Қызмет нәтижесі

Программалық жабдықтама




Символдық ақпаратты өңдеу







Символдық ақпаратты өңдеу







Графикалдық ақпаратты өңдеу







Графикалдық ақпаратты өңдеу







Дыбыстық ақпаратты өңдеу







Дыбыстық ақпаратты өңдеу





§ 9. Операциялық жүйенің негізгі нысандары мен оны басқару

(стр 68)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

1.Жұмыс үстелінің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.

2.Персонализация бұйрығын таңдаңдар.

3.Жұмыс үстелі тақырыбын өзгертіңдер.

4. 5 минуттан кейін бетперде пайда болатындай етіп баптаңдар.
В деңгейі

1.Тілдер тақтасында контекстік мәзір шақырыңдар.

2.Параметрлер бұйрығын таңдаңдар

3.Жаңа тіл қосыңдар.

4.Жаңа тілдің Тілдер тақтасында пайда болғанын тексеріңдер.

5.Жаңа тілді алып тастаңдар.

6.Тілдер тақтасында тілдерді өзгерту пернелерінің әртүрлі тіркесімдерін баптау мүмкіндіктерімен танысыңдар.

7.Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгертіңдер.
С деңгейі

  1. В деңгейінің тапсырмасын орындаңдар

  2. Есептер тақтасның қасиеттерін шақырыңдар.

  3. Есептер тақтасының қасиеттерін баптау мүмкіндіктері туралы әңгімелеуге дайындалыңдар.


§ 10. Терезелер (стр 77)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

1.Компьютер нысанасының терезесін ашыңдар.

2.Терезенің мөлшерін айналдыру жолақтары көрінетіндей етіп өзгертіңдер.Айналдыру жолақтарымен жұмыс істеп машықтаныңдар. Терезенің оңтайлы (өз қалауларымен) мөлшерін таңдаңдар.

3.Терезенің бос жеріне контекстік мәзір шақырыңдар.

4. Әртүрлі белгішелерді табыңдар.

5.Терезедегі белгілердің орнын жылжыту арқылы өзгертіңдер.

6.Анықтама терезесін шақырыңдар.

7.Есептер тақтасын пайдаланып, ашық терезелердің бірінен екіншісіне ауысыңдар.

8.Пернетақтаны пайданалып, терезелерді жабыңдар.
В деңгейі

1. Компьютер терезесін ашыңдар.

2.Paint графикалық редакторы программасын іске қосыңдар.

3.Дөңгелектің суретін салыңдар.

4.екі терезенің екеуі де толық көрінетіндей етіп орналастырыңдар.

5.Екі терезені де жиырыңдар.

6.Терезелердің біріншісінен екіншісіне пернетақтаның көмегімен ауысыңдар.

7.Компьютер терезесінде белгішелердің түрлерін әртүрлі тәсілмен өзгертіңдер.

8.графикалық редакторды жабыңдар.

9.Жұмыстарыңды сақтаңдар.
С деңгейі

  1. Компьютер терезесін ашыңдар. Терезені кейін оның негізгі элементтерінің атын жаза алатындай етіп орналастырыңдар.

  2. Print Screen пернесімен компьютер экранының фотографиясын жасаңдар.

  3. Графикалық редакторды ашыңдар.

  4. Кірістіру бұйрығын таңдаңдар. Графикалық редакторы экранның бейнесін алыңдар.

  5. Алынған суреттегі негізгі нысандардың аттарын жазып шығыңдар.

  6. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіп, оны Құжаттар бумасында өз тектеріңді көрсетіп сақтаңдар.

§ 11. Файлдар, бумалар және жарлықтар (стр 85)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

1.Кез келген файлдар үшін (өз қалауларың бойынша) жарлық құрыңдар.

2.Жұмыс үстеліндегі жарлықтың 4 тәсілмен реттеңдер.

3.Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

4. Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

5.Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.

6.Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
В деңгейі

1. Бірінің ішіне бірі салынған бірнеше бума құрыңдар.

2.Бумалардың бірінде мәтіндік құжат құрыңдар.

3.Жұмыс үстелінде қздеріңнің бумаларың үшін жарлықты құрыңдар.

4.Құрылған жарлықтардың аттарын алмастырыңдар.

5.Құрылған жарлықтардың белгішелерін алмастырыңдар.

6.Құрылған бір жарлықты Қоржынға апарыңдар.

7.Қажетсіз жарлықтарды жойыңдар.
С деңгейі

  1. Мәтіндік редакторда жарлық құрудың барлық мүмкін тәсілдерін сипаттаңдар.

  2. Алынған құжатты Жарлық құру деген атпен сақтаңдар.

  3. Тура осылай Бума құру деген құжат құрыңдар.

  4. Осы екі файлды Жұмыс үстелінде өз аттарыңмен аталған бума құрыңдар.

  5. Осы бума үшін жарлық құрыңдар

  6. Буманың атын Жұмыс деген атауға алмастырыңдар.

  7. Жұмыс бумасын жасырын етіңдер

  8. Жұмыс бумасын жойыңдар

  9. Жұмыс бумасы Қоржыннан қайта қалпына келтіріңдер.


§ 12. Нысандармен жұмыс істеу (стр 106)
Компьютердегі тәжіриебелік жұмыс
А деңгейі

1.D: дискісінде Оқыту пәндері атты бума құрыңдар.

2.Оқыту пәндері бмасының ішінде Информатика, Әдебиет, Математика бумаларын құрыңдар

3.Оқыту пәндері бумасының мөлшерін анықтаңдар

4. Өздеріңнің бумаларының ішіндегі бірнеше файлдың аттарын өзгертіңдер.
В деңгейі

1. Дискіде бумалардың ағашын құрыңдар: D:\Оқыту\Сынып\Оқушылардың тегі.

2.Дискіде SOL.EXE файлды тауып, оны өз бумаларыңа көшіріңдер. Осы файлдың қасиеттерін тексеріңдер.

3.Жұмыс үстелінде осы программаны іске қосатын жарлық құрыңдар.

4.Жұмыс үстелінде осы жарлықтың көшірмесін алыңдар.

5.Өздерің құрған барлық нысандарды Қоржынға жойыңдар.

6. Барлық жойылған файлдарды қайта қалпына келтіріңдер

7. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер

8. Өздерің құрған нысандарды Қоржынға орналастырмай, бірден жойыңдар.

С деңгейі

  1. Менің құжаттарым бумасында Children бумасын құрыңдар

  2. Children бумасында 1 – мысал және 2-мысал бумаларын құрыңдар.

  3. 1 – мысал және 2-мысал бумаларының көшірмесін алыңдар.

  4. 1 – мысал және 2-мысал бумаларының көшірмелерінің атауларын Lessol1 және Lessol2 деп өзгертіңдер

  5. 1 – мысал және 2-мысал бумаларын жылжытыңдар

  6. Өз бумаларыңның мөлшерін анықтаңдар.

  7. Кез келген екі файл үшін жарлық құрыңдар және оларды (жарлықтады) Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

  8. Жарлықтың көмегімен файлдың бірін қосыңдар.

  9. Жұмыстарыңды мұғалімге көрсетіңдер

  10. Өз бумаларың мен файлдардың жарлықтарын жойыңдар.

  11. Қоржынды тазалаңдар.



Садвакасова Ырысты Турсынбековна 5 сынып тәжіриебелік жұмыстары


Каталог: uploads -> doc -> 03fd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03fd -> Сайыс кезеңдері: “Бәйге” I кезең
03fd -> Сабақтың тақырыбы: Вектордың ұзындығы. Векторлардың теңдігі. Сабақтың мақсаттары
03fd -> Сабақтың мақсаты: Қазақстанның қалалары туралы мәлімет беру, қалалар жайлы айта білуге, картамен жұмыс істеуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет