5. Талдамалық жазба 1-бағыт: Экономика



бет1/5
Дата25.12.2016
өлшемі0,71 Mb.
#4772
  1   2   3   4   5
5. Талдамалық жазба
1-бағыт: Экономика
Өнеркәсіп

Мақсат: Ұлттық және аймақтық экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізіндегі өнеркәсіптегі құрылымдық жылжулар

2015 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнім шығару көлемі 259467,2 млн. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 88,3% құрады, НКИ -92,2%.

Өнеркәсіптік өнім НКИ көрсеткіштерінің төмендеуі ірі және орта кәсіпорындарының көлемдерінің төмендеуімен байланысты. Оның негізгі себебі дағдарыстық үрдістердің әсерінен шығарылатын өнімге сұраныстың төмендеуі.

2014 жылдың соңында рубль бағамының төмендеуі, оған қатысты баға саясатында ресей өндірушілерінің жағынан жоғары бәсекелестік және экспорталатын тауарға сұраныстың төмендеуі келесі ірі кәсіпорындардың көлемдеріне әсер етті: «ИП Эфес Казахстан» АҚ (НКИ үлесі – 9,6%), «Евразиан Фудс» АҚ (НКИ үлесі – 8,5%) , «Сантехпром» ЖШС (НКИ үлесі – 1,5%), «Эгофом» ЖШС (НКИ үлесі – 1,7%) және т.б.

Сонымен қатар, жылдың басынан бастап, «Гефест» КТ («Батыр» ЖШС, «Кировск» шахтасы) тұрақты жұмыс істемеді, ағымдағы жылдың шілде айынша Орталық байыту фабрикасының концентратын жүктеу тоқтатылды («Лад Көмір» ЖШС, 2015 жылға өндіріс көлемі – 2,1 млрд. теңге, ол 2014 жылдың көрсеткішінен 2 млрд. теңгеге аз, НКИ үлесі– 4,1%).

Көрсеткіштердің төмендеуінің тағы бір себебі 2014 жылдың көрсеткіштерін нақтылау болып табылады, 2013 жылдың көлемдері шағын кәсіпорындар есебінен 37,3 млрд. теңгеге артты.

Сонымен қатар, қалада шағын кәсіпкерлік дамып келеді, оның үлесі жалпы өндіріс көлемінде жыл сайын артуда. Олардың көлемі статистикамен өткен жылдың тоқсандық есептерінің негізінде қайта есептеулермен саналады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру өндірісінің көлемі 8834,4 млн. теңге немесе 2014 жылға 38,9% немесе 2015 жылдың жоспарына 64,8% , НКИ 73,4% құрады.

Өндіріс көлемдері төмендеуінің себептері "Гефест" КТ шахталарының(«Батыр» ЖШС, «Кировск» шахтасы) тұрақсыз жұмысымен және ағымдағы жылдың шілде айында Орталық байыту фабрикасының ("Лад -Көмір" ЖШС) көмірді тұтынуға тапсырыс берушілердің болмауынан концентрат жеткізуді уақытша тоқтатуымен байланысты.

Сонымен қатар, «Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығару НКИ» жоспарлы көрсеткіштері орындалмады - 93,6%, өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 153568,2 млн. теңгені немес 2015 жылдың жоспарына 106,7% және 2014 жылға 94,8% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша келесі көрсеткіштеріне қол жетпеді:

- «Маргарин және оған ұқсас өнімдерді өндіру көлемі» (жоспар – 51000 тонна, нақты – 50875 тонна). «Евразиан Фудс» АҚ (97,8%) өндіріс көлемінің төмендеудің негізгі себебі - шет елдік кәсіпорындар жағынан бәсекелестік;

- «Шоколад өндірукөлемі» (жоспар – 3500 тонна, нақты – 3277 тонна). «Қарағанды кәмпиттері» АҚ өнімдерін сату көлемінің негізгі себебі – шет елдік кәсіпорындардың жағынан жоғары бәсекелестік;

- «Сыра өндіру көлемі» (жоспар– 94063,9 мың. литр, нақты – 92714,3 мың. литр). Өндіріс көлемдерінің төмендеуінің себебі бәсекенің жоғарылауына байланысты өнімге сұраныстың төмендеуі болып табылады, оған қоса салауатты өмір салты әлеуметтік роликтердің көп таратылуының көп болуыда әсер етеді.

-«Химия өнеркәсібінің өнім шығару НКИ» (жоспар – 104,0%, нақты – 97,8%). Төмендеу себебі "Эгофом" ЖШС өнімдеріне тапсырыстардың төмендеуі, өйткені Ресей федерациясындағы экономикалық дағдарысқа байланысты тапсырыстар төмендеді, кәсіпорын өнімінің (парралон) 50% Ресейге сатылады.

- «Құрылыс мақсаттары үшін бетоннан бұйымдар өндіру көлемі» (жоспар– 90580 тонна, нақты– 87616 тонна).

- «Тауарлы бетон өнім шығару» (жоспар – 138900 тонна, нақты – 125052 тонна).

Негізгі себебі - құрылыс жұмыстарының көлемінің азаюы және бәсекенің жоғарылауы (монолиттік құрылыс), сонымен қатар «Power beton» ЖШС, «Карагандастройконструкция» ЖШС, "ЖБИ-Караганда" ЖШС өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың төлеуге қабілетсіздігі.

- «Легірленбеген болаттан қабырғалы табақшаларды өндіру көлемі» (жоспар – 24500 тонна, нақты – 23523 тонна). Негізгі себебі – экономикалық дағдарыстан сыртқы және ішкі нарықта "Завод Металл Профиль" АҚ өніміне сұраныстың төмендеуі.

- «Машина жасау өндірісінің НКИ» (жоспар – 85%, нақты – 84%). Негізгі себебі - «Камкор Локомотив» ЖШС ҚФ өндіріс көлемініңтөмендеуі ("ҚазақстанТеміржолы ҰК" АҚ бойынша жүктасымалдауының төмендеуімен байланысты және локомотивтердің көптеп резервке қойылуынан локомотивтерді жөндеу көлемі төмендеді) және «Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС (келісімшарттардың болмауы және ресей тауар өндірушілерінің жағынан бәсекенің жоғарлығы).

2015 жылы электрменқамту, газ, бужеткізужәнеәуеліксалқындатуөндірісініңкөлемі 89368,1 млн. теңгенінемесе 2015 жылдыңжоспарына 88,1% және 2014 жылға 88,3% құрады, НКИ - 97,5%. Көлемдердің төмендеуінің негізгі себебі "Караганда Энергоцентр" ЖШСжұмыс істеп тұрған жабдықтар құрамының өзгеруі және турбиналардың қосынды жүктелуінің төмендеуі, ол 5-ші турбоагрегатында жөндеу жұмыстарының жүргізілуі. Сонымен қатар, көрсеткіштердің төмендеуі өткен жылмен салыстырғанда ауа райының жақсы болуымен ескертіледі

Су өндіру, қалдықтарды жинау және бөлу көлемі 7996,4 млн. теңге немесе 2015 жыл жоспарына 100% және 2014 жылға 96,4%. НКИ - 94,3%.



Қорытынды:

Мақсат: Ұлттық және аймақтық экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізіндегі өнеркәсіптегі құрылымдық жылжуларға қол жеткізілмеді.

3 жоспарланған индикаторлардың 3 индикатор көрсеткіштеріне қол жеткізілмеді.

101,5% жоспар кезінде өнеркәсіптік өнім НКИ 92,2% құрады.

91,2% жоспар кезінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру НКИ 73,4% құрады.

101,5% жоспар кезінде өңдеу өнеркәсібінің НКИ 94,8% құрады.



Мақсат (Өнеркәстің әртараптануын және бәсекелестікті арттыратын өнеркәсіптің басым секторларының дамуы» орындалмады.

4 жоспарланған көрсеткіштердің 3 көрсеткішіне қол жеткізілген жоқ.

Өнеркәсіптің өнім көлемі қайта есептеулерді есептегенде 266 653,8 млн. Ттеңге жоспар кезінде 259 467,2 млн. теңгені немесе жоспарға 97,3% құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру көлемі қайта есептеулерді есептегенде 13639,7 млн. теңге жоспар кезінде 8834,4 млн. теңгені немесе 2015 жылдың жоспарына 64,8% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі қайта есептеулерді есептегенде 143901,7 млн. теңге жоспар кезінде 153568,2 млн. теңгені немесе 2015 жылдың жоспарына 106,7% құрады.

Ірі және орта кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өнім көлемі 193300,8 млн. теңге жоспар кезінде 186273,1 млн. теңгені немесе жоспарға 96,4% құрады. 100,5% жоспар кезінде НКИ 91,2% құрады.

2016 жылдың маусым айында 2015 жылдың көрсеткіштері нақтыланады, нәтижесінде бағалық көрсеткіште өндіріс көлемінің артуы және шағын кәсіпорындардың өндіріс көлемдерінің қайта есептеулер есебінен артуынан жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда.


Агроөнеркәсіп кешені
2 мақсат: Агроөнеркәсіп кешешінің бәсекеге қабілетілігі
Қарағанды қаласында 2015 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жиынтық көлемі 3649,1 млн. теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 239,5 млн. теңгеге немесе 7% артық. Саланың нақты көлем индексі 100,5% жоспар кезінде 102,8% құрады.

Оның ішінде:

- өсімдік шаруашылығы – 2964,2 млн. теңге немесе 2014 жылдың деңгейіне 103,1%, НКИ – 103,1% жоспар 100,9%;



- мал шаруашылығы – 671,5 млн. теңге немесе 2014 жылдың деңгейіне 101,7%, НКИ – 101,7% жоспар 100,1%.

Қала тұрғындарын етпен, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы бюджеттік емес қаржыдан 98,0 млн. теңгеге 3 жоба қосылды, соның ішінде:



  1. «Шек» ДК шұжық цехы «Мецгер» ТМ – тек еттен, алмастырғыштар мен ГМО-сыз жасалатын шұжық өнімдері өңдірісі. Жоба құны 40 млн. теңге. 50 жұмыс орны ашылды. Жоба қуаттылығы тәулігіне 1 тонна. Жоба қуаттылығына шығу мерзімі – 2016 жыл.

  2. «Акбердиев» ЖК - 0,35 га жылыжайы бар, бірінші егіс айналымында 50,0 тонна қызанақ жинады. 3,0 га жерге жылыжай аумағын кеңейтуге қосымша өтінім берілді. Өтінім қарастырылуда. Жоба құны 8 млн. теңге.

  3. «Сангуаж» ЖШС - «Көкөніс қоймасы мен көкөністерді терең қайта өңдеу құрылысы». Жоба құны – 50 млн. теңге. Жоба қуаттылығы айына 36 тонна. Жылдық өндіріс көлемі 432 тонна немесе 864 мың қаптаманы құрайды.

Қорытынды:

Мақсатқа қол жеткізілді. Жоспарланған индикатор, көрсеткіштер мен іс-шаралар орындалды.


Шағын және орта бизнес, сауда
Мақсат: Бизнес-ортаны көтеру, кәсіпкерлікті дамыту және ішкі сауданың тиімділігін арттыру
2015 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 475 998 млн. теңгені немесе 2014 жылдың көрсеткішіне 106,2% және жоспарға 100,1% құрады. Жалпы бұл көрсеткіш ШОК субъектілері санының тұрақты артуымен және жаңа өндірістер ашу, жаңғырту және кеңейту жұмыстары үшін мемлекеттік қолдау шараларын жүргізуге байланысты оң динамикаға ие.

2015 жылдың қортындысы бойынша Қарағанды қаласының бөлшектік тауар айналымның көлемі 447 млрд. 191,2 млн. теңгені немесе жоспарға 99,8% құрады (жоспар – 448 млрд.194,4 млн. теңге).НКИ 96,6 %.

Қарағанды қаласы бойынша бөлшек сауда айналымы көрсеткіштерінің төмен болуының басты себептері:

- азық түліктік және азық-түліктік емес тауарлар тобына құнсыздану пайызының жоғарлығы (11,6%) және барлық тауар және қызмет түрлеріне тұтынушылар сұранысының төмендеуі;

- ұлттық валюта бағамын түзету, нәтижесінде тұрмыстық техникаға, көлікке және өзге азық-түліктік емес тауарларға сұраныстың төмендеуі;

- тұтынушылық мүмкіндіктің төмендеуі, ол импорттық өнімнің және импорттық шикізаттан ҚР өндірілетін өнімдерге бағаның қымбаттауы.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОК әрекеттегі субъектілерінің саны 41398 немесе 2014 жылдың көрсеткішіне 99,4% (41646) және жоспарға 101,1%.

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылдың көрсеткішінен 4,8% артық және 117 мың 154 адамды құрайды (2014 жылы жұмыспен қамтылғандар саны – 11 мың 779 адам) немесе жоспарға 100,1%.



Жаңа сауда объектілерінің ашылуы, барлығы: көрсеткішке қол жеткізілді, қалада сауда және қызмет көрсету саласының 23 объектісі ашылды немесе жоспарға 255,6% (9 объекті).

2015 жылдың басынан бастап қалада сомасы 5 млрд. 677 млн. теңгеге, 594 жаңа жұмыс орындарын құрумен сауда және қызмет көрсету саласының 23 объектісі ашылды. Оның ішінде, тізімге енгізілмеген қаланың 3 базары ("Орбита", "Шыгыс" и "Слат")жаңғыртылуы (мәліметтер жаңа объектілер бойынша ұсынылады).

Барлығы қалада 4 жаңа супермаркет ашылды: - «Норма», «Южный», «Ежик» и «Аян», қонақ үйлер: «MissMari», «Карагай», мейрамханасы бар қонақ үйлер: «LaVilla» и «NewFlayer», жаңа блокты қонақ үйі «Космонавт» - «Зума» жазғы мейрамханасымен, мейрамханалар «Империя», «BurgerKing», «Vogue», «KFC» & «Hardee’s», «Граффити Ж» сауда үйі және өзге сауда және қызмет көрсету саласындағы объектілер.

Ауданы 2000 м2 кем емес сауда объектілерінің ашылуы: көрсеткішке қол жеткізілді, 2000 м2 артық 3 сауда объектілері ашылды немесе жоспарлы көрсеткіштен 3 есе артық (жоспар 1 объект).

2015 жылы сауда және қызмет көрсету саласында сауда аумағы 2000 м2 артық 3 объекті ашылды. Бұлар "Норма" супермаркеті, "Граффити Ж" СҮ және "Шыгыс" СҮ.



Іс-шаралар:

Жоспарланған іс-шаралар орындалды. 2015 жылы іске қосуға жоспарланған 9 объектінің 7 объектісі іске қосылды (жоспарға сәйкес). «Apart Hotel» («Соты» ЖШС) қонақ үй кешенінің және «Renault» ( «Кристал Авто» ЖШС) автосалонының ашылуы бойынша жобаларда іске қосу жұмыстарырың аяқталмауына байланысты, 2016 жылға ауыстырылды.

Сонымен қатар, жоспарға қосылған 7 объектіден басқа қосымша 16 жоба іске қосылды. Барлығы сомасы 5 млрд. 677 млн. теңгеге 23 объекті іске қосылды.

3 Мақсат: «Бизнес-ортаны көтеру, кәсіпкерлікті дамыту және ішкі сауданың тиімділігін арттыру» бойынша қорытындылар.

Бағдарлама аясында жоспарланған 2 индикатордың бөлшек сауда айналымының НКИ орындалмады, жоспарланған 101,5% орнына, бөлшек сауда айналымының НКИ 96,6% құрады. Бөлшек сауда айналымының көрсеткішінің НКИ төмендеу себебі жоғары баға құнсыздануы, ұлттық валюта бағамын түзету және жалпы халықта сұраныс мүмкіндігінің төмендеуі.

«Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өнім шығару» индикаторы 2015 жылы жоспарға 100,1%құрады.

Бизнес-ортаны жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілді.


Инновация және инвестицилар

Мақсат. Инвестициялар тарту және қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі НКИ көрсеткішіне жетті, 101,0% инвестиция НКИ жоспарында, 101,9% құрады.



Инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі жоспар деңгейінде немесе жалпы кәсіпорындар саннан 9% деңгейінде күтілуде.

Инновационды-белсенді кәсіпорындар туралы ақпарат Қарағанды облысының статистика Департаментінің бюллетендерінде есептік жылдың келесі жылының 6 айының қорытындысы бойынша басылынып шығады.

Жалпы сатып алулар, тауарлар және қызметтердің көлемінен қазақстандық қамту үлесін арттыру: көрсеткіш орындалды, қазақстандық қамту үлесі 82,0% жоспар кезінде, ірі және орта кәсіпорындардың тауарлар және қызметтерді, жұмыстарды сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 82,9% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 79006 млн. Теңге жоспарында, 88524,0млн. теңгені немесе 2014 жылдың көрсеткішіне 104,7% құрады. НКИ 101,9% құрады. НКИ 101,9% құрады. Есеп беру кезеңінде ірі инвестициялар келесі кәсіпорындамен игерілді:

-«Қарағанжы Энергоцентр» ЖШС – 17 млрд. 447,7 млн. теңге – құрылыс-жөндеу жұмыстары.

- «Қарағанды Жарық» ЖШС - 1 млрд. 872,7 млн. теңге желіліреді жаңғыртуға;

- «Жазира Люкс» ЖШС - «Ариста» мейрамханасының құрылысына 1,0 млрд. теңге;

- «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС - өндірістік цех құрылысы - 2 млрд. 327,2 млн. теңге.

Өңдеу өнеркәсібіне нақты капиталға инвестициялар НКИ: көрсеткіш орындалмады, 101,1% жоспар кезінде, НКИ 77,0% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіне нақты капиталға инвестицияларкөлемі: 11232,1 млн. теңге жоспар кезінде, 2015 жылы көрсеткіш 7866,0 млн. теңгені құрады. Көрсеткіштерге қол жеткізбеудің негізгі себебі – «Қарағанды кәмпиттері» АҚ сомасы 18 млрд. 881,6 млн. теңге инвестиция игермеуі, қаражаттарды тарту үшін «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингімен жұмыстар жүргізілуде, қаржыландыруды жобалық-сметалық құжаттардың дайын болуына қарай 2016 жылы ашу күтілуде.

Жалпы негізгі капиталға инвестициялар көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі: көрсеткіш орындалмады, жалпы негізгі капиталға инвестициялар көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі - 17,7% құрады (жоспар – 18%) 2014 жылмен салыстырғанда 0,3% артты. Жоспарлы көрсеткіштерге жетпеудің негізгі себептері: әлемдегі және еліміздегі экономикалық дағдарысқа байланысты шет елдік инвесторлармен инвестиция салу көлемі төмендеді.

Қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту.

Өндірілген инновациялық өнім көлемі: Көрсеткіш статистикамен есептік жылдың келесі жылының 6 айының қорытындысы бойынша басылынып шығады

Жалпы сатып алулар, тауарлар және қызметтердің көлемінен қазақстандық қамту үлесін арттыру: көрсеткіш орындалды, 76,0% жоспар кезінде, ірі және орта кәсіпорындардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 82,9% құрады.

Ірі және орта кәсіпорындардың тауар сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін арттыру: көрсеткішке қол жеткізілді, 76,0% жоспар кезінде, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ірі және орта кәсіпорындардың тауар сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 76,0% құрады.

Ірі және орта кәсіпорындардың жұмыстар және қызметтерінің сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін арттыру: көрсеткішке қол жеткізілді, 96,0% жоспар кезінде, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ірі және орта кәсіпорындардың жұмыстар және қызметтерінің сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 99,8% құрады.



«Инвестициялар тарту және қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту» мақсат бойынша қорытындылар:

Негізгі индикаторлар және мақсаттарға қол жеткізілді.

3 жоспарланған индикаторлардың 2 индикаторына «Негізгі капиталға инвестициялар НКИ» және «Жалпы сатып алулар, тауарлар және қызметтердің көлемінен қазақстандық қамту үлесін арттыру» қол жеткізілді, 2015 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық-белсенді кәсіпорындар үлесі индикаторлары жоспар деңгейінде күтілуде.

Көрсеткіштер – өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар көлемі, негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялар көлемі және өңдеу өнеркәсібінде негізгі капиталға инвестициялар НКИ қол жеткізілмеді.

4 жоспарланған көрсеткіштің барлығы 1 ғана қол жеткізілді.


2 бағыт: Әлеуметтік сала
Білім беру
Мақсат 1. Білім беру сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтарын сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.

Берліген мақсатқа қол жеткізу үшін 4 индикатор жоспарланған.



Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту- 98,3% ға жеткізу жоспарланған.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қалада 8 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді,олардың ішінде:



  • жеке меншік – 17, бұл мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 21% құрайды;

  • мемлекеттік – 63, оның ішінде:

  • балабақшалар саны – 40;

  • шағын орталықтар –20 (барлығы толық күн бойы болу);

  • «мектеп-балабақша» кешендері - 3 (№ 33, 68, 77 МББК).

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 2015 ж. бастап 4 бірлікке көбейді:



  • 4 жеке меншік балабақша ашылды: «Растём вместе», «Баспалдақ», «Ақжарқын», «Әсем-ай»,

  • 9 жеке меншік балабақшада мемлекеттік тапсырыс орналастырылды: «Лесок», «Гвоздичка», «Ақерке», «Әділет», «Киндерленд», «Растём вместе» «Баспалдақ», «Ақжарқын», «Эрфольг», «Әсем-ай», «Алтын бесік».

Мектепке дейінгі ұйымдардағы барлық тәрбиеленушілер саны – 14904, балабақшаларда – 12995, шағын орталықтарда – 1909.

3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту:

94%. Индикатор орындалмады.Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі Басқарманың санитарлық тәртіп нормаларына сәйкес ( топта 25 бала болуы керек) балалардың санын азайту туралы ұсынымын орындау мақсатында, былтырғы жылға қарағанда балабақшаларға 1000 бала кем жолданды.



Үш ауысымды және апатты жағдайлардағы мектептердің санын өткен жылмен салыстырғанда 0% деңгейіне түсіру жоспарланған.

Оқу үдерісі үш ауысымда №101 МЛ жүргізіліп отыр, бұл мектепте жоба ауқымдылығы 1200 оқушыға арналған, оқып жатқан оқушылар саны-2494 оқушы. Бұл екі есеге көп, яғни 200%. 2015 жылы Кендала шағын ауданында 1200 орынды мектептің құрылысы басталды. Бұл №101 МЛдің екі ауысымда жұмыс істеуге көшуге мүмкіндік береді. Индикатор жоспарланған деңгейде.

Жаратылыстану - математика және қоғамдық гуманитарлық бағыт бойынша мектеп бітіруші түлектер арасында білім бағдарламасын табысты (үздік/жақсы) меңгергендер индикаторы орындалған.

2014-2015 оқу жылындағы барлық оқушылар саны-54604, оның ішінде 33581 (61,5%) оқушы математика, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, информатика пәндері бойынша «4» және «5» деген бағаларға, қоғамдық гуманитарлық пәндер (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих, әдебиет) бойынша 37949 (69,5%).

Шағын аудандарға бекітілген мектептердің деректерінің есебі бойынша мүмкіндігі шектелген балалардың саны – 1264, оның ішінде инклюзивті білім берумен қамтылғандар саны -151(1,2%).Мүмкіндігі шектеулі жалпы балалар санынан инклюзивті білім берумен қамтылғандар саны қатысты индикаторға қол жеткізілді.

1. Міндеттер аясында «Мектепте білім беруді ұйымдастыру бойынша білім сапасын арттыруға» байланысты 5 көрсеткіш жоспарланған.

Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау және олардың өмірге бейімделуіне жағдай жасауға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Инклюзивті білім беруді енгізуге төмендегі мектептер №№27,25,54 және «Алмагүл» балабақшасы пилоттық алаң болып табылады.

Барлық білім беру ұйымдарының саны -118(78 мектеп пен 40 балабақша), 5 мектепте және 1 балабақшада инклюзивті сыныптар мен топтар бар. Көрсеткіш 5,1% құрады.

Мектептердегі барлық педагогтар саны-5100, оның ішінде жоғары білімді 4722,яғни, 92,2% бойынша 92,6%. Көрсеткіш орындалған жоқ.

Білім бөлімі дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді. Қала оқушылары әртүрлі олимпиадаларға және зияткерлік конкурстарға белсенді қатысады. 22014-2015 оқу жылында 15 жалпы білім беретін пәндерден Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздары: қалалық турдан -198; облыстық турдан -39; республикалық турдан - 6. Халықаралық олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздары - 40. Көрсеткішке қол жеткізілді.



2.Міндеттер.Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының көбеюі және қызмет көрсету сапасының артуы.

2015 жылы келесі жекеменшік балабақшалар ашылды:Асемай» (65), «Растем вместе» (200), «Алтын бесік» (40), «Ақ жарқын» (288), «Баспалдақ» (12). 23 орын әрекетегі жекеменшік балабақшаларда ашылды. Барлығы 773 жаңа орын ашылды. Көрсеткішке қол жеткізілді.

Мектептерді қазіргі заманғы құрылғылармен және пән кабинеттерімен жабдықтауға басты назар аударылады.

2013 жыл мен 2015 жыл аралығында 55 пән кабинеті, 48 технология кабинеті, бес мектеп үшін автокөліктер және жаттығу құралдары (51, 100, 5, 13, 101) сатып алынды. Осылайша, білім беру ұйымдарында 219 пән кабинеті бар. Алғаш рет 2015 жылы 5 робототехника кабинеті сатып алынды. Мамандандырылған пән кабинеттерімен (мультимедиялық, физика, химия, биология) қамтамасыздық көрсеткіші - 63%.

Мектеп жиһаздары кезең-кезеңмен жаңартылып жатыр, жаңа жиһазбен жабдықталу 86% құрайды.

Барлық мектептерде интерактивті жабдықтар орнатылды. Интернет желісіне 100% қосылған. Барлық білім ұйымдарының жеке сайттары бар. 43 (54,4%) білім ұйымында электронды оқыту жүйесі (e-learning) енгізілуде. Интерактивті тақталар – 446, оның ішінде 16 подиум. Қала мектептерінің компьютер паркі 9496 машинаны құрайды, 1 компьютерге 6,2 оқушыдан келеді. 77 мектепте бейнебақылау бар. Барлық мектептерде дала жаттығу құрылғысы, 32 мектепте корттар орнатылған, спорттық құрал-жабдықтар – шаңғылар мен доптар сатып алынды - барлық мектептер үшін.

Білім беру ұйымдары білікті кадрлармен жабдықталған: 7413 педагогтың 6849 жоғары білімді.

Жасалып жатқан жағдайлар оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері (математика, жаратылыстану, алгебра, геометрия, физика, химия, география) бойынша білім сапасы 1-11 сыныптарда 61,2% құрайды. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері (қазақ, орыс, шетел тілдері, әдебиет, тарих) бойынша 1-11 сыныптардағы білім сапасы 69,2% құрайды.

2015 жылғы ҰБТ орташа баллы 82,6 құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2,2 баллға жоғары. «Алтын белгі» белгісіне 46 үміткердің 28 өз білімдерін растады, бұл 61 % құрайды. Үздік аттестатқа 19 үміткердің ішінде 7 түлек өздерінің білімдерін растады, бұл 36,8% құрайды. ҰБТ қорытындысы бойынша 2015 жылы қала облыс аймақтарының арасында 4 орынға ие болды (2014 жылы -5 орын).

Қарағанды қаласының командасы 9 жыл бойы оқушылардың Республикалық олимпиадасы облыстық кезеңінің жеңімпазы болып келеді. 40 оқушы халықаралық олипиадалар мен ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары болып табылады.

Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларды қоғамда бейімдеу бойынша нақты жұмыстар жүргізіледі. 27, 25, 54 мектептер, «Алмагүл» балабақшасы инклюзивті білім беруді енгізу бойынша пилоттық алаңдар болып табылады.

Балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қорғаншылықтағы және қамқорлықтағы балалар – 725, олардың ішінде 717 жәрдемақы алады, бұл 99,1 % құрайды.

Тегін ыстық тамақпен әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан 2161 оқушы қамтамасыз етілген.

2015 жылғы жаз мезгілінде «Салют» БСО 4 демалыс маусымы ұйымдастырылды, онда 1300 бала, оның ішінде әлеуметтік-қорғалмаған отбасылардан 1268 бала қамтылды.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет