5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет6/7
Дата05.11.2016
өлшемі1,34 Mb.
#481
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1.Өзіндік жұмыс түрлері

2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары

Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

29-30 дәрістер Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары



Жоспар:

1. Дамыта оқыту туралы ұғым

2.Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары

1.Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту

Бастауыш сыныптарға арналған стандартта білім мазмұны оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен берілетіндігі айтылған:



  1. оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі;

  2. оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі.

Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс. Бірақ, бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.

Іс жүзінде осы екі деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.

Оқушылардың меңгерген білімі мен біліктерінің міндетті деңгейдегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады.

Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы білімі мен біліктерінің объективті жағдайын көрсетеді.

Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.

Алдымен «деңгей» және «деңгейлік» ұғымдарының семантикалық ауқымын анықтап алайық.

Қазак тілінің түсіндірме сөздігінде бұл ұғымдарға мынадай түсінік берілген:

Деңгей. Зат. 1. Тұспатұсы, нақ шегі. 2. Белгілі бір шамада, көлемде. 3. Қатар, мөлшер. 4. Дәреже (шыгармашылық мүмкіндік).

Деңгейлік. Зат. Сын. 1. Өлшеуіш (құралы). 2. Жұмыс түріне қарай деңгейін, ауқымын көрсетеді.

«Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралы», «шама» деген ұғымға саяды. Бұл жерде аталған анықтама өзінің бастапқы және нақты «өлшем» мағынасында қолданылып отыр. Сонымен қатар берілген түсініктің жалпыға ортақ, әмбебап қасиетке ие екенін де байқау қиын емес. Олай болса, бұл ұғым математикаға ғана емес, адам әрекетінің барлық саласына жататын мәселелерді камтиды. Деңгейлік идеясы басқа ғылым салаларына математикадан енді. Сөйтіп, психология, физика, химия, тағы басқа ғылымдарда кеңінен қолданады. Деңгейлік идеясы шетелдердегі педагогика ғылымына 1920 жылдардың басында енген. Мысалы, жалпы кеңестік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін Лошнова О. Б. «Деңгейлік саралап оқыту», Фирсов В. В. «Міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту», Беспалько В. П. «Тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу әрекетінің төрт деңгейі», Лернер И. Л., Пидкасистый П. И. «Білімді меңгеру мәселелері» ретінде қарастырған. Сондай ақ бұл мәселе В. В. Фирсовтың, В. М. Монаховтың, Ж. А. Қараевтің еңбектерінде зерттеліп келді.

Педагог ғалым В. П. Беспалько өзінің «Слагаемые педагогические технологии» деген 1989 жылы шыққан еңбегінде былай дейді: «Педагогикалық технология негізгі педагогикалык жүйе, алдын ала ойластырылып жасалған жоспар, оны жүзеге асыру жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты, мақсатты бағыттағы тәжірибеде қолданылатын жоба». Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен дайындап бітіруі мүмкін. Ал егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының біліктілігін, шеберлігін, белсенділігі мен қабілеттілігін көрсетеді. Осындай жұмысты ұйымдастыру және деңгейлік тапсырмаларды дайындау үшін де мұғалімнің шығармашылығы қажет.

Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің әрі терең, әрі шығармашылық арақатынасы ескеріледі. Оқушының өзін-өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік- мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясы тек 1995 жылдан бері ғана толық қолға алынғанын айтсақ, оның зерттелу тарихына тереңірек үңілген ғалым академик В. М. Монаховтың «Оқытудың модульдік технологиясы», Б. Блумның «Білімді толық меңгеру технологиясы», A. В. Талызина мен Г. Я. Гальпериннің «Ойлау қызметінің сатылап қалыптасу теориясы» еңбектерінде оқытудың деңгейлік жүйесін әркім өзінше зерттейді.


В. П. Беспалько деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін (сабақтың мақсаты: мазмұны, оқытудың түрі мен құрамы) дәстүрлі түрде оқушының даму процесіне бағыттайды.

Ал В. М. Монахов деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін модульдік оқыту процесі бойынша блокқа бөліп оқыту арқылы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп істейтін жұмыс түрлері үлгісінде көрсетеді. Американдық ғалым Б. Блум «Білімді толық меңгеру технологиясы» еңбегінде оқыту технологиясын үш топқа бөлген:


1) түсіндірмелі-бейнелі;
2) жеке бағдарлау;
3) дамыта окыту.
Дифференциациялап окыту. 1. Бұл - жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әр түрлі деңгейлі оқу талабына арналады. 2. Бұл - оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ деңгейлі оқушылармен жұмыс істейді.

Дифференциациялап оқыту. 1. Бұл - әр түрлі мектеп, сынып, оқу тобы үшін оқытудың әр түрлі деңгейлі жағдайын жасау. 2. Бұл - әр түрлі омогенді топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені, оның негізгі ұстанымы - саралай окыту.


Деңгейлік окыту технологиясын іске асыруда қазақстандық ғалым Ж. А. Қараев үш өлшемді әдістемелік жүйені ұсынады. Оның әдістемесі бойынша барлық тақырыпты алдымен модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не? Модуль - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше па-раграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:
- деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) -ішкі бақылау, бағасы журналға қойылмайды;

- коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);

- деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы - сыртқы бақылау, бағасы журналға қойылады.
Бұл үш сабақ не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа сағат бөліне бермейтін. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша бақылау жұмысына дайындық ретіндегі өзіндік жұмысқа бір сағат және коррекциялық жұмыстарға бір сағат міндетті түрде бөліну керек. Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шыға-руға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмыска бөліну керек.

Біз үлгі ретінде ұсынып отырған күнтізбелік жоспарда модульдік тақырыптар ретінде - бөлімдердің аттары, өзіндік жұмыс ретінде - бөлімді қайталау, коррекциялық жұмыс ретінде - тіл дамыту сағаттары, ал бақылау жұмысының негізгі түрлері ретінде шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары таңдап алынды.

Ж. А. Қараевтің үш өлшемдік технологиясы сабақты өткізуді үш кезеңге бөледі:
1-кезеңге 5-7 минут уақыт бөлінеді. Бұл кезеңде ұйымдастыру, үй жұмыстарын тексеру, өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар орындалады (мысалы, «Әдебиеттік оқу» оқулығындағы жаңа сабақ басталған беттегі 1-тапсырма көбіне осылай өткен сабақпен «көпір» (байланыс) жасау үшін орындалады).
Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа берілетін жауапты білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уакыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім өткенді жүйелі түрде пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.

2-кезең Қараевтің технологиясында синектикалық бөлім деп аталады, яғни жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту жұмыстары 20-25 минут жүргізіледі: мәтінді оқиды, мәтін бойынша жұмыстар орындалады.


Деңгейлік тапсырмаларды орындау осы 2-кезеңде іске асады.
Оқушыларға төрт деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.
1-деңгей - оқушылық (өнімсіз - репродуктивтік) деңгей. Ол мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды. Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттер жасайды:
1) жаңағы өткен 2-кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды, т.б. фактілерді білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не? қашан? қай жылы? қайда? ... құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады;

2) үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы біліктілігі анықталады. Бірінші деңгейдің қорытындысы: зачет алады (есептелді), ол 5 балмен баға-ланады.



2-деңгейде оқушылардан 1-деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау біліктілігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Сұрақтар түрі: неге? неліктен? себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда, классификация жаса, т.б.

3-деңгейде оқушылар танымдык-ізденушілік сипаттағы білімнің тереңдеуіне, қорытындылауға бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, зертте, қорытынды шығар, жетістіктерін сипатта, сәйкес келе ме?,... дұрыс па? т.б.

Аталған үш деңгейдің тапсырмалары, демек, ол - екінші кезеңнің мазмұны (ол жаңа тақырыптың мазмұны болып есептеледі).



4-деңгейдің тапсырмалары оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін негізгі калыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді (шығармашылық тапсырмалар, ре-ферат жазу, т.б.).
Кейінгі жылдары білім беру жүйесі өз қызметінің барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Кеңестік білім беру саласында орын алған білім беру жүйесінің шектен тыс идеологияландырылуы, өмірден және әлемдік тәжірибеден алшақ болуы, тарихи-мәдени этнопедагогикалық құндылықтарды ескермей, т.б. кемшіліктерге жол бермей, бұрынғы қол жеткізген жетістіктерді сақтай отырып, білім жүйесін әрі қарай дамыту жолдары белгіленді. Білім берудің мазмұны мен мәнін ашуда, соңғы онжылдықта білім беруді ізгілендіру барысында жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды.
Ғалымдар JL В. Занков, Д. Б. Элконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта окыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты. Л. В. Занковтың жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінуі оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында ғана емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д. Б. Элконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері де оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталған. Дамыта отырып окытудың психологиялық негізін Л. С. Выготский жасаған. Көрнекті психологтің пікірінше, оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу даму аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі актуальді даму аймағына көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Біз дамыта отырып оқытудың осы теориясына сүйене отырып, жаңа «Әдебиеттік оқу» пәнінде оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға бағыттап, төрт деңгейге бөліп бердік.

1. Міндетті деңгейдің тапсырмалары: 1) шығарманы кабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады; 2) жаттап алуға лайықты болып келеді.
Мысалы, оқулықтағы «Өз бетіңмен орында» деген айдармен берілген тапсырмалардың көпшілігі - осы, яғни міндетті деңгейдің тапсырмалары. Олар: өлеңді жаттап ал, шығарманы дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқы, шығармадағы оқиға қалай басталады, т.б. сияқты мәтіннің мазмұнына байланысты болып келеді.
2. Алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады. Бұлар бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін оқушылар бұрыннан меңгерген іс-әрекеттерін өздігінен жаңғыртып қолдана білулері қажет. Бұл тапсырма-сұрақтарда (өлеңге және өзің білетініңе сүйеніп «Отан» сөзінің мағынасын ашып көрсет, каланың «Алматы» аталуының себебі неде деп ойлайсың? Күз мезгілін бейнелеу үшін қандай бояуларды көбірек қолданар едің? Неліктен? Сенің туған жерің қандай? т.с.с. болып) оқушы-ның ойы тек мәтін төңірегінде ғана емес, одан өрі тереңдетіліп, шығарманы ұғынуға қарай бағытталады.
3. Эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушыны «Әдебиеттік оқу» пәнінен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды. Белгілі бір үлгі бойынша жұмыс істей отырып, оқушы берілген мәліметтерді пайдаланудың өз нұсқасын ұсынады.
Оқулықтағы «Мәтіндердің барлығына қандай тақырып ортақ? Қожанасырдың кылығына қандай баға берер едің? Мысалдан өзіңе кандай сабақ алдың? Балалардың іс-әрекетіне өз ойыңды білдір. Сенің ойыңша байлық деген не? Қазыбек биді әділ қазы дей аламыз ба? Жауабыңды үлгіге сүйене отырып дәлелде» (оқулықта үлгісі берілген) деген сияқты сұрақ-тапсырмалар - эвристикалық деңгейдің тапсырмалары.
4. Шығармашылық деңгейдің тапсырмалары оқушыны өнімді әрекет жасауға бағыттайды. Энциклопедияда шығармашылық «... ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы қызмет» ретінде қарас-тырылған. Балалар үшін бұл міндетті емес. «Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С. Л. Рубинштейін «оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» дей келе, «шығармашылық шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.
Шығармашылық жұмыста әсіресе бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М. Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «...Баланың атаға тартуы рас болса, сикырлы дала-ның баласы - казақ баласы киялқұмар болуға тиісті». Педагог-ғалымның айтқанының сөз өнері - әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М. Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».
Оқулықта 2-сынып оқушысы үшін шығармашылық жұмыс түрлері іріктеліп алынады.

1. Өлең қүрастыру.

Бұл жұмысты екі тәсіл арқылы ұйымдастыруға болады.

а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.

Мысалы, Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінде қайталанып тұрған

«Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем» деген жолдар бар.

Оқушыларға осы дайын өлең жолдары ұсынылып, оны әрі қарай жалғастыру тапсырылады. Тапсырма дұрыс орын-далу үшін, ең алдымен оқушылар қүрастыруға тиісті өлеңнің сызбасы (модулі) түсіріледі:

«Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем» - ұсынылған жолдар.

«Сарыарқадай ұлан-байтақ,

Өз өлкемді сүйіп өтем» - оқушының аяқтауы, яғни бұл - жоспар, өлең ұйқасқа құрылады және бұл сызба бойынша өлеңнің бірінші, екінші, төртінші жолдары ұйқасуға тиісті. Оқушы басқа сызбаны да басшылыққа алуы мүмкін. Мысалы,

«Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем» - ұсынылған жолдар.

«Асқар шыңды таулары бар,

Жасыл жайлау, баулары бар» - оқушының аяқтауы.

Бұл сызба бойынша өлеңнің алғашкы екі жолы және соңғы екі жолы өзара ұйқасады. Сондай-ақ өлеңнің барлық жолдары ұйқасуы да мүмкін:

«Неткен сүлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем» - ұсынылған жолдар.

«Бар байлық кеп орын тепкен,

Өз өлкемді мақтан етем» - оқушының аяқтауы.

ә) Дайын ұйқастар ұсынылады. Мысалы, «Күз» тақырыбына арнайы төмендегідей ұйқас бойынша өлең құрастыру тапсырылады:

... байлық,

... алдық.

... құс біткен

... қалдық.

Оқушының тапсырманы орындауы:

Күз - береке, күз - байлық,

Күзде өнім мол алдық.

«Қош» айтысып құс біткен

Кеткен ұшып, біз қалдық.
2. Әңгіме қүрастыру.

Оқулықта әр түрлі тақырыпта әңгіме құрастыруға арналған тапсырмалар көптеп берілген. Бұл жұмысты орындау үшін ең алдымен оқушыға нақты тақырып беріледі, оқушы сол тақырыпқа жоспар құрады. Жоспардағы тақырыпшалардың мазмұнын ашатындай көркем сөздер, яғни тірек сөздер қоса беріледі (нақты шығармалардан алынады).



Мысалы, тақырып: «Менің ауылым».

Жоспар:


I. Ауылымның кешкі көрінісі.

Тірек сөздер: қас қарайды, қоңырсыған сүт, кайнатқан қаймақ иісі, қой келді, сиырлар сүйкеніп.

II. Ауылымның адамдары.

Тірек сөздер: қарапайым, ақжарқын, тыным таппай еңбек етеді, туған жердің түлектері.

III. Әркімге өз мекені ыстық.

Тірек сөздер:

а) Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.
ә) Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Тірек сөздерді пайдалана отырып, құрастырылған оқушы әңгімесі:


Менің ауылым

Қас қарайды. Өрістен малдар қайтты, Маң-маң басып қойлар келді. Арбага сүйкеніп сиырлар тұр. Ауыл адамдары қарбалас үстінде. Мұрныңа қоңырсыган сүт, қайнатқан қаймақ иісі келеді.

Менің ауылымда ақжарқын, қарапайым адамдар тұрады. Олар туған жерді гулдендіру үшін тыным таппай еңбек етеді.

Мен туган жерімнің адамдарында, тауында, даласында жақсы көремін.

Ақын М. Мақатаев айтқандай,

«Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем».
Әңгіменің сәтті шығуы үшін тірек сөздермен қатар көрнекілік те пайдаланылғаны дұрыс. Оқушының әңгімесі жазбаша орындалуы да мүмкін. Мұндай кезде жоспардың әрбір тақырыпшасын азат жолдан бастау керектігі ескертіледі.
Жалпы, азат жол мәтіннің фразадан тыс күрделі тұлға бірлігі ретінде қарастырылады. Мәтінді азат жолдарға мүшелеу субъективті сипатқа ие, өйткені азат жол мәтін авторының алдына қойып отырған прагматикалық мақсатымен тікелей байланысты.
Азат жолдар - мәтін авторының көлемдік-прагматикалык мүшелеуінен туындайтын мағыналық, логикалық тұлға бірлігі. Бұл, әрине, мұғалімге қажетті мағлұмат, ал бастауыш сынып оқушысы үшін азат жолдар жаңа бір ойдың басталуымен түсіндіріледі.
3. Мысалдарды, ертегілерді сахналау.
Оқулықта мысалдарды, ертегілерді, аңыздарды сахналауға арнайы тапсырмалар берілген. Мұндай жұмыстар бастауыш сынып оқушысы үшін қызықты, танымдық әрі шығармашылық әрекет болып табылады. Шағын көріністерді өздері жасай отырып, оқушы кейіпкердің көңіл күйін, мінез-құлқын, ой-әрекетін таниды. Сөздің саздылығымен соны бейнелеуге тырысады, сөйтіп баланың сезіміне көркем сөздің әсер етуі арта түседі.

Сонымен, 4-шығармашылык деңгей тапсырманың 2-сынып оқушылары үшін негізгі түрлерін қалай ұйымдастыруға болатындығына тоқтала отырып айтарымыз: деңгейлік тапсырмалар дегеніміз балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.


Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат - сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп әр түрлі жасанды жолмен бөлуді болдырмау. Бұл жағдайда ізгілендіру ұстанымы басшылыққа алынып, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, «міндетті», яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижесінде барлық оқушы бағдарламадағы талаптарды орындайды, олардың бұл көрсеткіштері есепке алынып отырады. Мұндай есепке алу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар кем дегенде «міндетті» деңгейге сәйкес білімді толык меңгеріп алатынын тәжірибеден байқап жүрміз. Алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс орындамайынша, олар келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгерген оқушы әрі карай ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады.
Бақылау сұрақтары:

1. Дамыта оқыту туралы ұғым

2.Дамыта оқытуды жүзеге асыру бағыттары

Әдебиеттер:


  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

1-тәжірибе. «Әдебиеттік оқыту» пәнінің мазмұны, мақсат, міндеттері

Жоспары:

1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсат, міндеттері

2. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұны, әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Пән жайлы алған білімдерін нақтыландырып, тереңдету.

Әдебиеттер:


  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

2- тәжірибе . Әдеби білім берудің алғашқы сатысы

Жоспар:

1. Әдеби білім берудің алғашқы сатысы

2.Әдеби білім беру ұғымы

Сабақтың мақсаты: еліміздегі әдеби білім беру саласының алғашқы сатылары туралы мағұлматтар беру.

Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991

3-тәжірибе. Әдебиеттік оқыту сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Жоспар:

1. Әдебиеттік оқу сабақтарында

2. Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Сабақтың мақсаты: Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне тоқталу

Әдебиеттер:


  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


4-тәжірибе. Оқудың түрлері

Жоспар:

1. Дауыстап оқу

2. Іштен оқу


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет