5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған



Дата04.11.2016
өлшемі219,72 Kb.
#161
    Бұл бет үшін навигация:
  • Кур с

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК




ПОӘК

«Абайтану» пәнінің оқытушыға арналған оқу-әдістемелік кешені



№ 1 басылым

«__» _09____ 2013жыл


ПОӘК 042-18-29-1.18/01-2013








5 В 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

«Абайтану» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ


2013
Кіріспе
1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ

Құрастырған __________ Еспенбетов А.С.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының докторы, профессор

«___» ______2013жыл



2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Қазақ әдебиеті кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама №___ «___» ___________2013жыл
Кафедра меңгерушісі_______________А.С.Ақтанова

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді

Хаттама №___ «___» ___________2013 жыл
Төрайымы_________________Мұқанова Қ.Қ.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік бюросында бекітілді

Хаттама №___ «___» ___________2013жыл

ОӘК төрағасы _________________Искакова Г.К.
4  «____» __________ 20___ж. шыққан ПОӘК-нің
1 БАСЫЛЫМ






Мазмұны

1 Қолданыс аясы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасының мазмұны

5 СӨЖ-ның тақырыптары

6 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

7 Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

8 Әдебиеттер






1 ҚОЛДАНУ АЯСЫ

«Абайтану» пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған



2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы «Абайтану» пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- 5В011700 -«Қазақ тілі мен әдебиеті»» мамандығының бекітілген элективті пәндер каталогы;

- СТУ 042-ГУ-4-2013 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.01.-2013 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жосығы.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғарғы оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

3.2 Осы курстың мақсаты:

Арнаулы курс Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.

3.3 Курстың негізгі міндеттері:

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

3.4 Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:



  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.

3.5 Курстың пререквизиттері:

- Әдебиеттануға кіріспе;

- Халық ауыз әдебиеті;

- Ежелгі дәуір әдебиеті

- Әлем әдебиетінің тарихы

3.6 Курстың постреквизиті:

- Әдебиет теориясы;

- Қазақ әдебиетінің сынының тарихы

Кесте 1 – Оқу жұмыс жоспарынан көшірме
кесте 1

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

Лаб. (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ

Бар

(сағ)


Бақылу түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

4

8

3

30

15

-

22,5

67,5

135

емтихан



4 ПӘННІҢ ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Кесте 2 – Пәннің мазмұны. Сабақтардың түрі бойынша сағаттарды бөлу



Тақырыптардың атауы мен мазмұны




Сағат саны

2


1




Дәріс сабақтары

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай - жазушы, ақын, философ, тарихшы, композитор. Абайдың озат ойымен ерекшеленуі, өмірінің қилы кезеңдері, сыршыл да лирикалық өлеңдерінің ой тұңғиығымен ерекшеленуі.

3

2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері. Ақынның шығармашылық мұрасы арқылы өмірбаянын нақтылау, ғылыми айналымға түсіру Абайтану ғылымының өзекті мәселелері екендігі. Ақынның өмір жолын өнернамасы арқылы түзу оның өмірі мен өнері тығыз бірлікте екенін танытады. Бүгінгі күнге дейінгі зерттеулер мен естеліктердегі Абайдың шығармашылық ғұмырнамасын жүйелеу, қалыпқа келтіру мәселелері. Ақын поэмаларының жанрлық бітімі, көркемдік әлемі жайлы деректер толық қамтылуы қажет. Ол жайындағы зерттеулер. М.Әуезовтің акынның шығармашылық ғұмырбаянын бірінші болып ғылыми айналымға түсіруі.

4

3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірінен саналады. Өзі түрлі себептермен кешеңдеу болса да, сусап келіп орыс тілі мен мәдениетіне қатты ден қойған, үнемі іздену, оқу арқылы білімділік пен парасаттылықтың биігіне көтеріліп, "көкірек көзі ашылған" Абай көптеген өлеңдерінде оқу, білімді ардақтауға, халқы үшін озық білімнің пайдасын түсіндіруге күш салады. "Шығысым Батыс боп кетті" деген Абай сөзінің бір сыры оның осы өлеңдерінен де танылады. Бұл тақырыптағы "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдері Абайдың ақындыңқа біржола бет бұрған кезеңінде - 80-жылдар ішінде жазылған.

3

4. Абайдың эстетикалық тағылымы. Халықпен біте қайнасып, заманының дерті мен қуанышын онымен бөліскен Абай озық көзқарас, жаңа өмірдің иесі болатын. Орыстың ерікшіл, озық мазмұнды поэзиясынан нәр алу да Абайды рухани қанағаттандырып, оның өнерге деген жаңаша көзқарасының орнығуына ықпалын тигізді. Өленді өнер, өнер болғанда да өмір танытудың, сөйтіп, көпке тағылым айтып, жол көрсетудің құралы деп түсінді Абай.

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" 1886 атты өлеңінде ол поэзияға қоятын өзінің көркемдік-суреткерлік талабын тұжырымдай келе, ақынның, поэзияның қоғамдық қызметін айқындап береді.



3

5. Сатиралық лирикасы. Абайдың 80-жылдардың аяғына қарай жазған бірсыпыра өлеңдерінде сатиралық сипат басым. Заман шындығы мен замандастарының бойындағы сорақы мінездерді ақын енді жекелеген нақты адамдардың - ел билеушілердің образдары арқылы айқын бейнелеп береді. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері әлеуметтік өткірлігімен, қоғамдың құбылыстарды батыл әшкерелеушілік пафосымен Абайдың сыншыл реалист ретінде қалыптасқан ақындық биігін танытатын белгілі туындылары.

3

6. Табиғат лирикасы. Абайдың ақындық мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал еткен өнеге мектебінің бірі — орыстың реалистік әдебиеті екені мәлім. Бұл әсер-ықпалдың ақынның ағартушылық, саяси әлеуметтік, сатиралық тақырыптағы шығармаларынан байқалатыны жоғарыда айтылды. Осын­дай игі әсер Абайдың табиғат мезгілдерін жырлаған туындыларынан да танылады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының кең өрісте қалыптаспағанын ескерсек, ақынның бұл саладағы өлеңдерінің тек тақырыптық тұрғыдан ғана емес, көркемдік, шынайылық жағынан да үлкен жаңалық, жетістік екені көрінеді.

3

7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері. Абай поэмаларының саны үшеу. Олар 1887 жылы жазылған "Масғұт", "Ескендір" және "Әзімнің әңгімесі" аяқталмаған атты туындылар.Поэмалардың көлемі шағын және олар түгелдей шығыс тақырыбына арналған. Бұл үш эпикалық туындының барлығы да идеялық түйіні жағынан ақын өлеңдерінде жырланып-дәріптелген, қарасөздерінде де айтылған адамгершілік, ізгілік ойлармен тығыз байланысып жатыр.

4

8. Қарасөздері. Абай мұрасының және бір қомақты саласын оның 90-жылдарда жазған қарасөздері қүрайды. Қарасөздерінің жалпы саны - кырың бес. Өмірде көрген-білгені, көңілге түйгені көп Абай өзінің осы даналық тәжірибе-тағылы-мын жүртымен - "қалық елі, қазағымен" бөлісу мақса-тымен қарасөздерін жазған. Бұл шығармаларында яғни, қарасөздерінде (СМ.) - деп жазады М.Әуезов - Абай өзінің оқушыларымен әңгімелесіп, жүзбе-жүз кездесудегі мас-лихат, кеңес қүрып отырған ойшыл ұстаз тәрізді".

3

9. Абай шығармалары — замана айнасы. Ақын лирикалық туындыларында да, поэмалары мен қарасөздеріне де ең басты әлеуметтік-қоғамдық мәселелер етіп халық тағдырын, ел бірлігі, ізгілік, адамгершілік, өнер-білім таңырыптарын қозғады. Ол қай мәселені көтерсе де, оларды халықтық, гуманистік түрғыдан бейнеледі. Заманның әділетсіздігі мен замандастарының жағымсыз қасиеттерін сыншылдықпен шынайы суреттей отырып, ол осы әділетсіздікті, халқының өзі көксеген биіктікке бет алуына кедергі болған надаңдықты, алты бақан алауыздықты батыл айыптайды.

4

Семинар сабақтары




30



1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.

1. Абай өмірбаяны.

2. Ақындығының алғашқы кезеңі.

3. Ақынның толысу жылдары



1

2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

1. 1. Абайтану ілімінің жүз жылдық тарихы

2. 20-30 жылдарда Абай мұрасы жөнінде өрістеген айтыс

3.30-жылдардағы Абай шығармашылығы жөніндегі іргелі зерттеулердің тууы


2

3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

1. Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы

2. 2. "Жасымда ғылым бар деп ескермедім", "Ғылым таппай мақтанба", "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін талдау.

3. 3.Абайдың ағартушылық қызметі

4. Ұлы Абайдың гуманизмі



2

4. Абайдың эстетикалық тағылымы.

1.Ақынның эстетикалық көзқарастары

2.Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары

2"Өлең – сөздің патшасы,сөз - сарасы" атты


өлеңіндегі мазмұн мен түр туралы ұғым

3. Абайдың махаббат лирикасының ұлттық


поэзиямызда алатын орны

4. Абайдың махаббат тақырыбына арналған


өлеңдерінің тәрбиелік мәні

2

5. Сатиралық лирикасы.

1.Абай шығармалары -ақын заманының


шежіресі

2. 2. Абай шығармаларында қазақ даласын


отарлаудың бейнеленуі

3.Абайдың әлеуметтік тақырыпқа арналған


шығармалары

4. "Мәз болады болысың", "Болыс болдым мінеки" өлеңдері



1

6. Табиғат лирикасы.

1. Абайдың табиғат лирикасы

2. Абайдың жыл мезгілдері туралы толғаныстары

3Табиғат лирикасының көркемдік ерекшелігі

4. Ақынның философиялық лирикасы

5. Абайдың адам, өмір,өлім, дін, жан мен тән,
ақиқат туралы өлеңдері

6. Абайдың дүниетанымындағы Батыc пен Шығыс ж/е ұлттық мәдениеттің


бірлігі

2

7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

1. "Ескендір", "Масғұт" ж/е"Әзімнің әңгімесі"


поэмаларының жалпы мазмұны, көркемдік
ерекшелігі, жазылу тарихы

2. "Масғұт" поэмасының тарихилық белгілері

3"Әзім әңгімесі" атты дастанның жарыққа
шығу тарихы.


2







8. Қарасөздері. 1. Қара сөздерінің ұлттық
көркем прозаны дамытудағы маңызы

2.Қара сөздерінің көркемдік, жанрлық ерекшелігі

3.М.Әуезовтің қара сөздерді жіктеуі


2

9. Абай шығармалары — замана айнасы.

1. Абайдың көркем аударма саласын дамытудағы
еңбектер 2. "Евгений Онегин"романынан үзінділер
аударудағы Абайдың көздеген мақсаты

3.Ақынның табиғатына жақын Лермонтов


поэзиясының ерекшелігіне тоқталу

1




15


5СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

Абай - өз заманының жаршысы

5.2 Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

5.3 Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы.

5.4 Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы

5.5 Абай лирикасындағы азаматтық сарын

5.6 Абайдың қара сөздері

5.7 Абай және Толстой

5.8 Абай шығармаларындағы ауыз әдебиеті үлгілері

5.9 Абай және мысал жанры

5.10 Қазақ өлең жүйесін түр жағынан дамытудағы Абай ізденістері

5.11 Абайдың шығармашылық ғұмырбаянының зерттелу тарихы

5.12 Абайдың көркем аудармалары

5.13 Абайдың адамгершілік лирикасы

5.14 Абай өлеңіндегі даналық дәрістері

5.15 Абайдың поэмалары

5.16 Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы


  1. 5.1Абай өлеңдерінің төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жайы.

  2. Абайдың мұрасын зерттеуші, насихаттаушылар

  3. Абай мұрасының орыс тілінде танылуы.

  4. Абайтану тарихы. Оның басты кезеңдеріне сипаттама.

  5. Абай мұрасы 1918-1926ж.ж аралығында.

  6. Абай мұрасы 1926-1940ж.ж. аралығындағы

  7. Абай мұрасы туралы пікір талас, айтыстар.

  8. Абай мұрасының 1940 жылдардан кейінгі зерттелуі.

  9. Абай шығармаларын насихаттау, дерек мағлұматтарды жинастыру.

  10. Абай дүниетанымы пікір таласында.

  11. Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде.

  12. Абайдың әдеби мектебі. Абайдың ақындық мектебі айналасындағы айтыс-тартыстар.

  13. Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі.

  14. Текстологиялық жағынан зерттелуі

  15. Архив материалдары.

  16. Рухани қазына көздері.

  17. Абайдың Шығысқа қатысы .

  18. Абай дүниетанымы мен салалары

  19. Абай және әлем әдебиеті.

  20. М. Әуезов және Абайтану проблемалары. Абайтанушы ғалым М.Мырзахметұлы еңбегі негізінде.

  21. Абай мұрасы М.Әуезов туындыларында

  22. Абай өлеңдері мен қарасөздері М. Әуезов шығармаларында

  23. Абай сөздерінің М.Әуезов шығармаларындағы түрлену жолдары

  24. Абай поэзиясындағы психологизм Әуезов шығармашылығында

  25. Абайтану ғылымының бүгінгі белестері. Өзекті мәселелері.



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

Кесте 3 - Пәннің оқу-әдістемелік картасы



Дәріс сабағының

тақырыбы


Семинар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.



1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.



Слайдтар Дыбыстаспалар портреттер, кітап көрмесі, карточкалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

М.О.Әуезов Монография.

талдау


2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.


2. Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.


Слайдтар Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Ғылыми

Зерттеу


лерді конспектілеу

3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.


3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.


Бейнетаспалар, кадаскоп, портреттер, суреттер, карточкалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және өлең жаттау, әдеби-көркемдік талдаулар жазу.

Өлең жаттау

4. Абайдың эстетикалық тағылымы.


4. Абайдың эстетикалық тағылымы.


Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар

Интерактивтік сұхбат сабағы және мәтіндерді мазмұндау, әдеби- көркемдік талдаулар жазу.

Әдеби теориялық талдау

5. Сатиралық лирикасы.



5. Сатиралық лирикасы.



Фотоматериал-дар, портреттер, кітап көрмесі, таблицалар, суреттер, карточкалар

Конференция сабағы және әдеби-көркемдік, әдеби- тарихи сараптамалар, рефераттар жазу.

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру. Ғылыми талдау мақала жазу

6. Табиғат лирикасы.



6. Табиғат лирикасы.



Слайдтар, кітап көрмесі, суреттер, бейне, дыбыстаспалар, карточкалар

Панорамалық сабақ және әдеби талдау мақалалар мен әдеби шолулар жазу.

Шығармаларына реферат жазу.

7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.


7. Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.


Интерактивті тақтамен жұмыс

Дыбыстаспаларпортреттер, кітап көрмесі, карточкалар



Проблемалық сабақ және әдеби- теориялық зерттеу рефераттарын жазу

Кейіпкер-лерге әдеби мінездеме беру.

8. Қарасөздері.


8. Қарасөздері.


Суреттер, бейнетаспалар, перфокарталар, альбомдар, портреттер

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби – теориялық талдаулар жазу.

Мәтіңдерді мәнерлеп мазмұндау ,жаттау

9. Абай шығармалары — замана айнасы.


9. Абай шығармалары — замана айнасы.


Слайдтар Баспасөз материалдары, таблицалар, суреттер, дыбыстаспалар

Дебат сабағы және өлең жаттау, әдеби- тарихи, әдеби-көркемдік сараптамалар жазу.

Әдеби теориялық талдау


7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
Кесте 4 – Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Базарбаев, М. Таңдамалы. Т.1. Әдебиет және дәуір / М. Базарбаев.- Астана: Нұра-Астана, 2009.- 391 б.

3

17

17%

Тұрысбек, Р. Ақиқат айнасы: мақалалар, зерттеулер / Р. Тұрысбек.- Алматы: Таймас, 2008.- 222 б.

4

17

23%

Нұрғали, Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл/ Р. Нұрғали.- Алматы: Үш қиян, 2009.- 303б.

1

17

5%

8 ӘДЕБИЕТТЕР
8.1 Негізгі әдебиеттер

8.1.2.Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(1945,1954,1957,1977 және 1995 ж.ж толық жинағы)

8.1.3 . Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

8.1.4 Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.

8.1.5 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.

8.1.6 Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу, мақалалар 20 томдық.- Алматы: Жазушы,1987.

8.1.7 Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б.

8.1.8 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. – 448 б.

8.1.9.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004.

8.1.10.Мұхаметханов Қ.Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993-224 б.

8.1.11.Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б.

8.1.12. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 1988.

8.2 Қосымша әдебиеттер

8.2.1 Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

8.2.2Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

8.2.3 Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

8.2.4 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны

8.2.5 Бөкейханов Ә. Абай(Ибраһим) Құнанбаев.

8.2.6 Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1 т,1959.

8.2.7 Жиреншин Ә Абай Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны және ойшылы.- Алматы: Қазмембас,1950-222 б

8.2.8 Қасқабасов С Абай және фольклор.-Алматы:Білім, 1995.-64 б.

8.2.9 Машанов А. Әл- Фараби және Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994.-192 б.

8.2.10 Нұрқатов А. Абайдың ақындық дәстүрі.-Алматы:Жазушы,1996.

8.2.11 Өмірәлиев Қ. Абай афоризмі.-Алматы:Қазақстан,1993-128 б

8.2.12 Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

8.2.13.Сыздықова Р Абай шығармаларының тілі. - Алматы, Ғылым,1968-736 б.

8.2.14. Тоғжанов Ғ. Абай- Алматы:Қазмембас, 1935-16 б

8.2.15. Ысқақов А. Абай тілі сөздігі.-Алматы:Ғылым,1968-736 б.

8.2.16.Ысмағұлов Ж. Абай ақындық тағылымы.-Алматы:Ғылым, 1994-280 б.



8.2.17.Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 2005.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет