5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/5
Дата28.11.2016
өлшемі0,8 Mb.
#2765
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-28.1.23/03-2013





ПОӘК

«12 жылдық білім беру жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2013 жылғы

№ 3 басылым





5 В 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

5 В 020500 «Филология»

«12 жылдық білім жүйесінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013

МАЗМҰНЫ

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны



4 Студенттердің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ

Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Білім беру мазмұны  - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.

Мемлекеттік білім беру стандарты – мемлекеттік нормалар деп танылған және қоғам сұраныстары мен тұлға қажеттігі мен мүмкіндіктеріне сай білім деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер жүйесі.

Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін анықтайтын нормативтік құжат.

Оқу бағдарламасы  - оқу пәніне  байланысты білім, іскерлік, дағдылардың мазмұнын ашатын нормативтік құжат. Оқу бағдарламасы оқу жоспары негізінде жасалады.

Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.

Дидактика didaktikas» - оқытушы, «didasko» -  оқушы) грек тілінен аударғанда оқыту мен үйрету деген мағынаны білдіреді,білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін оқыту теориясы, педагогика ғылымның саласы.

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын – ала жоспарланған іс - әрекет. Оқыту - қазіргі заман талаптарын ескере отырып, оқушы тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалаптастару мен дамыту процесі.

Оқыту процесі - бұл білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушыарасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс - әрекет.

Білім — адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы - талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады.

Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетінің іске асырылуы. Білімсіз қандай болса да іскерлік болуымүмкін емес.

Дағды - бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетте машықтандыру.

Заңдылық  дегеніміз құбылыстар мен процестер арасындағы объективті, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанап  отыратын өзара байланыс.

Дидактикалық принциптер – оқытудың негізгі мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдерін, әдістерін  мақсатына,  заңдылықтарына сай орындайтын қағидалар жүйесі.

Оқытуды ұйымдастыру формасы - оқыту процесінің мақсаттары мен міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс - әрекетінің сыртқы көрінісі.

Сабақ – мазмұны, уақыты, ұйымдастырылуына қарай аяқталған оқыту үрдісінің бөлігі.

Сабақ- ол  ұжымдық оқыту формасы, оған оқушылардың тұрақты құрамы, шектелген оқу уақыты (45 минут), алдын-ала құрылған сабақ кестесі, оқу жұмысын бір ғана материал төңірегінде ұйымдастыру тән.

Сабақ құрылымы -  сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуы.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсатты міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқу тәсілдері - оқыту әдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы “әдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым.

Оқу құрал-жабдықтары бұл білім алу, ептіліктерді қалыптастыру көздері. «Оқу құрал –жабдықтары» түсінігі кең және тар мағынада қолданылады. Тар мағынада бұл түсінік оқу және көрнекі құралдары, көрсетпе жабдықтар, техникалық саймандар және т.б. байланысты. Ал кең мағынада оқу құрал-жабдықтары деп білім мақсатын іске асыруға көмекші жағдаяттардың бәрі деп түсінеміз, яғни оқыту әдісі, формасы, мазмұны, сонымен бірге оқудың арнайы бұйымдарының бәрі осы оқу жабдықтарын құрайды.

Бақылау -  кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың шығармашылық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

  Бағалау -  оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу-таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.



Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.

Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.

Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.


2 ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1 модуль. Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері.

1 Дәріс. Әдебиет пәнін оқыту тарихы мен теориялық бастау көздері.



Мақсаты: 12 жылдық білім беру әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық – теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары. Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік беру

Жоспар:

1.Қазақ әдебиеті пәні – ғылыми әдістемесі

2. Қазақ әдебиеті әдістемесінің даму кезеңдері
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы орайда әдістемеліктің бай мазмұны мен оның сан түолілігін ашатын пікірлердің де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды.

«Әдебиет әдістемесі- педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның: қамтитын: объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың  өзара қарым-қыатынасы болып табылады,  ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев. Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістемеліктің қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып, алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан7

«Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәгдерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды.

Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын  бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.


Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  «Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу.Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен әдебметке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру  заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.

Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет пәні құрылымын құрайды.


Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.

Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.


Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне  сай әдебиет  пәнінің  бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар:

- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;


- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;

- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;


- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;

- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;


- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім  берудің жаңа технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің  бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
2 Дәріс. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі

Мақсаты: әдебиетті оқыту мәселесінің теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру

Жоспар:

1.Озық технологиялық әдістеме жүйесі пәні

2. Дәсүрден тыс оқыту және оның түрлері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың жалпыдидактикалық ұстанымдарына қоса, әдебиетті орта мектепте оқытудың жеке ұстанымдары да басшылыққа алынады:


  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті туындыларын Қазақстанның жаңғыруы, ата-бабалар аңсаған еркіндік пен бостандық, патриоттық идея бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық сөз өнері мен оның дамуының, қарыштап қанат қағуының жаңа дәуірі бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Тәуелсіздік орнағаннан бергі кезең тарихы және тұтас «Тәуелсіздік идеясымен» тығыз байланыстылығы бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі тарихы мен елдің мәдени даму барысы туралы ақпараттарды бірлікте ұстана отырып оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін қазақ ұлттық және жалпыадамзаттық адамгершілік-эстетикалық құндылықтар бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін нақты бір жазушының шығармашылығындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән ішіндегі проза, поэзия, драматургия, сын салаларының өзара тығыз байланыстылығын сақтау бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін пән тарихы мен теориясына байланысты негізгі ұғымдарды меңгерту бағытында оқыту ұстанымы;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін жаңа оқыту технологияларын кең арнада қолдана отырып оқыту ұстанымы.


Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту мазмұны қазақ әдебиетін мектепте оқыту бағдарламасымен анықталады. Ол бағдарлама мұғалімдердің Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінен білім берудің жетекші құралы болып табылады.

Осы ретте әдіскерлер шешуі тиіс маңызды мәселе бой көтереді. Ол – қазақ әдебиетінен берілетін білім мазмұнын түбегейлі жаңа Тұжырымдамалық негізде қайта жүйелеу. Осы кезге дейін мұндай маңызды мәселе шешімін таппай келе жатыр.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін, оның ішкі қалыптасу үрдістері мен даму үдерістері тәуелсіздік идеясына қалай негізделгендігі де жеткілікті деңгейде зерттелмей келеді. Бұл мәселенің алдағы уақытта қарастырылуы тиіс.
Дидактиканың үлкен саласы – білім мазмұнын іріктеу мен сұрыптау.
Сондықтан, қазақ әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы жинақталып келе жатқан қазынасын меңгерту, сұрыптау, мектеп бағдарламасына енгізу, талдау – әдіскерлік шеберлікті, мол тәжірибені қажет етеді.

Бұл мәселені әдебиеттануші ғалымдардың өздері де баса атап көрсеткені белгілі. «Әрине, жаңа кезең көркем кітабының бәрі бірдей қалам ұшына іліккен жоқ. Кейбір татымды туынды әртүрлі себеппен назарға түспей қалды да. Түспей қалуының бір себебі, әдебиет тарихы баспа жүзін көрген шығарманың құнын айырмай, шетінен тықпалай беруді көтермейді. Қазір не көп – қағаз топаны көп.

Проза әлеміне де, өлең өлкесіне де кіруге лайықсыз, әдебиетпен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын шалажансар шимайлардың бүгіндері қаптап кеткені жасырын емес. Қара нөпірім басылым арасынан ауыз тұшырлық кісі қызығарлық дүниені айырып алудың өзі бірталай жұмыс.

Дәмі жоқ, татуы жоқ сүреңсіздіктің насихатталуы бос әурешілдік. Сондықтан кітапта бүгінгі тәуелсіздік әдебиетінің әжетке жарайтыны, жілігі татиды дегендері ғана іріктеліп талданды» [5].

Мемлекет білім беру орындарына өзіне керекті азамат тұлғасын қалыптастыруға тапсырыс береді. Пәннің оқу бағдарламасы мемлекеттің сол тапсырысына сүйене отырып қажетті білім мазмұнын сұрыптайды. Осы бағдарлама негізінде іріктелген әдеби туындыларды оқыту арқылы оқушылардың саналы азаматтық тұлғасы мен эстетикалық талғамын қалыптастырып дамыту – қазақ әдебиетін оқыту әдіскерлері мен мұғалімдерінің басты міндеті.

Әдебиеттанушы ғалымдардың «қазақ халқының тарихындағы ең бақытты дәуірден, маңдайы жарқырап, тәуелсіздік туын желбіретіп, мерейі үстем болған және елімізді демократиялық жолға түсірген 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталған»[5] деп анықтаған тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін мектепте оқыту осындай биік пафосты, қазақ халқының терең де нәзік әрі шиыршық атқан иірімдері мол көркем қазынасын меңгерту деген жоғары рухтағы әдістемелік тіректен тұруы тиіс.

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің проза, поэзия, драматургия, сын салаларынан берілетін білім мазмұнын анықтау және оны оқыту әдістемесі бойынша алда тұрған екі міндет бар:


  • біріншіден, қазақ әдебиетінің 1991 жылдан бергі кезеңде дүниеге келген озық идеялық және эстетикалық құндылығы мен тілдік-танымдық қуаты зор көркем туындыларды сұрыптау; сол арқылы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның айқын бейнесі мен болмысын таныту, тәуелсіздік мазмұндағы әдебиетте таңбаланған қазақтық әлеуметтік мәдени кодтарды меңгерту;

  • екіншіден, тәуелсіздік мазмұнындағы қазақ әдебиетін меңгерту арқылы оқушыларға көркем әдеби талдаудың жаңа тұжырымдамасын, әдеби шығармаларды талдаудың жаңа ұғымдық аппараттарын қалыптастыру.

Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туындылары сол кездегі негізгі әдіс – социалистиік реализм әдісі арқылы талданып келгені белгілі. «Жағымды» және «жағымсыз» кейіпкерлердің оппозициялық талдануы арқылы кеңес заманының геройы туындап шығатын әдіс сол кездегі ең тиімді әдіс болып саналды. Ал қазіргі барынша шынайы, мүмкіндігінше өмірдің өзі алға қойып отырған тұрмыс күрмеулерінен шыға алатындай амал-тәсілдердің мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне кешеуілдеп келуі – әдіскерлер тарапынан уақыт оздырып алып жатқаны айқын да ашынарлық жағдай.
2 Модуль. Қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысындағы амал-тәсілдер

3 Дәріс. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдері.



Мақсаты: Қазақ әдебиетін оқыту әдістерінің түрлерін талдап көрсету. Дидактикалық әдістер және олардың топтастырылуы туралы мағлұмат беру

Жоспар:

1.Шығармашылық, эвристикалық оқу әдісі

2. Зерттеу, репродуктивті әдіс.
«Әдіс» – әдебиет сабақтарындағы мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын оқу-танымдық іс-әрекеті. Сабақ тақырыбына лайық дұрыс таңдалған әдіс арқылы оқушы жаңа блім мазмұнын игереді, жаңа білік-дағдыларға ие болады, қабілеті жетілдіріліп, белгілі бір дүниетанымдық көзқарасы қалптасады.

Қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын сапалы әдістер осы әдістің кішкене құраушы элементтері болып табылатын амал-тәсілдердің алгоритмдік қолданысы арқылы жүзеге асырылып қолданылады. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытуда қолданылатын әдістерді былайша жіктеуге болады:



  • эвристикалық әдіс;

  • ізденіс әдісі;

  • репродуктивтік әдіс;

  • продуктивтік әдіс;

  • шығармашылық әдіс.


Эвристикалық әдіс орта мектеп оқушыларына «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті» саласын меңгерту барысындағы негізгі әдістің бірі болуы дұрыс болады. Өйткені бұл тақырыптағы қазақ әдебиеті – оқушылардың осыған дейінгі меңгерген әдеби білімінің кеңейтілген, жоғарылаған, ғасырлар бойғы ата-бабаның мұрат етіп аңсаған арманының жүзеге асырылған кезеңінің бейнесін сомдаған әдебиет.

Эвристикалық әдіс арқылы көркем әдеби шығармаларды танып-талдау барысында оқушылардың сезімдік көркемдік қабылдауы санада терең иірімдерге бойлай түседі-дағы, олардың интеллектуалдық дамуы қарқындай түседі.

Осы ретте Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романын таныстыруда эвристикалық әдісті қолданудың беретін пайдасы мол екенін көрсетейік.

«Соңғы парыз» романын ғалымдар идеялық-көркемдік өрісі кең шығарма деп бағалайды. Бұл дилогияда «Адам-Қоғам-Табиғат» өрістерінің өзара алмасып отыратын керемет байланысы мен қатынасы гармониялық тізбек пен желіде суреттелген. Ә.Нұрпейісовтің роман-дилогияда оқырманына жеткіземін деген мақсатын анықтау үшін мұғалім мынадай проблемалық-эвристикалық сұрақтарды алдын ала оқушыларға таратып береді:



  1. Романдағы проблеманың деңгейі қандай деп ойлайсыз?

А) жеке проблема,

Ә) аймақтық проблема,

Б)ұлттық проблема,

В) жалпыадамзаттық проблема.

  1. Биосфера проблемасын туғызатындар:

А) табиғат,

Ә) ауа райы,

Б) адам,

В) жел.

  1. «Жәдігер» сөзінің мағынасын сөздіктерден анықтап келіңіздер.

Осындай және оған қоса жүргізілетін даярлықтардан соң, эвристикалық әдіс арқылы мұғалім оқушылармен роман-дилогияның түпкі проблемасын талқылау-талдау жүргізе алады. Мұндай әдістің тиімділігі туралы, әрине, көп айтуға болады.

Эвристикалық әдісті қолданған мұғалім алдына қойылған бірнеше міндет тұтастырылып бір мақсаттың көп қыры ретінде шешіліп жатады. Бұл әдіс жекелеген проблемалардың бір арнаға тоғыстырылып, үлкен мәселе ретінде қарастырылып, оқушылардың түрлі сұрақтардың шешімін тауып, оларды тұтастырып, жинақтап отыратын қабілетін қалыптастырады.

Ізденіс әдісі – білім беру үдерісінде ерекше мақсатты көздейтін әдіс түрі. Ізденіс әдісін қолданушы мұғалім тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің болмысындағы өзіндік белгілер мен жаңа қырларын ашатын және осы кезеңге дейінгі қазақ әдебиетінде болмаған жаңаша құбылыстар мен өзгешеліктерді танытатын амал-тәсілдерді қолдану екендігін жақсы түсінуі керек.

Қазақ әдебиеті тарихының осы кезеңге дейінгі даму барысындағы көркем туындылардағы еркіндік пен тәуелсіздік деген идеяның қолға бақыт құсындай қонғандығы оқушыларға ашық та еркін әңгіме барысында түсіндіріледі.


4 Дәріс. Сабақ- оқу- тәрбие жұмысының негізгі түрі.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет